Экономические науки/ 12. Экономика
сельского хозяйства
Студент Нұржан Н., аға
оқытушы Ахметова Л.М.
С. Аманжолов атындағы
Шығыс-Қазақстан мемлекеттік университеті,
Қазақстан
Азық-түлік қауіпсіздігін
қамтамасыз ету мәселесі
Қазақстан нарығындағы терең
өңдеуден өткен азық-түлік тауарларының
тапшылығы импорттық өніммен өтелуде, оның
үлес салмағы тұтынудың жалпы көлемінде
азық-түлік қауіпсіздігінің белгіленген деңгейінен
37 %-ға жоғары. Импорттық өнімді тұтынудың
ғылыми ұсынылған шекті деңгейі 20,0 %, ал оның
60,0 %-дық мәнінде салалар толық бұзылады, және
азық-түліктің әлемдік нарығына толық
импорттық тәуелділік пайда болады. Міне сондықтан
импорттық өнімдерді отандық өндірістің
өнімдерімен алмастыру арқылы, оны қысқарту
мақсатына бағытталған саясатты жүргізу қажет.
Әрі азық-түлік тауарларымен өзін-өзі
қамтамасыз ету тұтынудың жалпы көлемінің 80,0
%-нан кем болмауы керек. Осыған байланысты азық-түлік
қауіпсіздігін реттеудің тиімді тәсілдерін іздеу ерекше
маңызға ие болады.
Сонымен, азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі
төңірегіндегі әртүрлі көзқарастардың
мазмұнын қарастырып, біз азық-түлік
қауіпсіздігінің мәні салауатты тіршілікті қамтамасыз
ету, импорттан мемлекеттің тәуелділігін реттеу кезіндегі
алғашқы қажеттіліктің өнімдері бойынша
мемлекеттік резервтерді және тұрақтылық қорларын
құру үшін жеткілікті деңгейде азық-түлік
тауарларын өндіру және ішкі нарыққа шығару,
отандық АӨК қабілеттілігінен тұрады деп санаймыз. Азық-түлік
қауіпсіздігінің маңыздылығы адам
қажеттіліктерінің құрылымында, тамаққа
деген қажеттілік ең алғашқы қажеттілік болып
табылады.
ШҚО
азық-түлік қауіпсіздігінің қазіргі жағдайын
талдау, бағалау және болжау.
Есептік
деректер бойынша ағымдағы жылғы үш айда ауыл
шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметінің) жалпы
шығарылымы 27654,8 млн. теңгені құрады; нақты
көлем индексі (НКИ) 105,7% шамасында қалыптасты. Ауыл
шаруашылығы жалпы өнімінің жалпы көлемінде мал
шаруашылығы өнімдері 99,6%-ды, өсімдік шаруашылығы
өнімдері 0,4%-ды құрады.
Мал
шаруашылығындағы өсім қарқынына (105,7%)
барлық негізгі өнім түрлері: ет (2013 жылғы
сәйкес кезеңнің деңгейіне қатысты алғанда
107,8%), сүт (102,4%), жұмыртқа (119,0%)
өндірудің артуы әсер етті. Құс өсіру (НКИ
113,6%-ды құрады), жылқы өсіру (113,2%), мал
өсіру (105,8%) және қой өсіру (104,2%) белсенді
түрде дамып келеді.
Саладағы
НКИ өсімі шаруашылықтардың әрбір санатында өнім
өндірудің артуына байланысты орын алды: өткен жылғы
сәйкес кезеңнің деңгейіне қатысты алғанда
ауыл шаруашылық кәсіпорындарында 109,3%-ды, шаруа
қожалықтарында тиісінше 119,3%-ды, жұртшылық шаруашылықтарында
100,2%-ды құрады. Өндірістің жалпы көлеміндегі
жұртшылық шаруашылықтарының үлесі 59,8%-ды, шаруа
қожалықтары – 23,7%-ды, ауыл шаруашылық кәсіпорындарының
үлесі 16,5%-ды құрады.
Облыстың
ауыл шаруашылығы өнімдері көлемінің жартысы 6
өңірдің: Ұлан (12,5%), Аягөз
(8,0%), Үржар (7,5%), Көкпекті (7,3%),
Катонқарағай (6,9%) аудандарының және Семей
қаласының (7,9%) шаруашылықтарымен өндірілді.
Облыстың
5 өңірінде мал шаруашылығы өнімдерінің
нақты көлем индексі орташа облыстық көрсеткіштен
жоғары (105,7%) қалыптасты. НКИ-дің ең жоғары
шамасы (117,4%) Ұлан ауданының шаруашылықтарында
байқалды; Абай ауданы мен Өскемен қаласының
шаруашылықтарында (тиісінше 113,0 және 110,2%) көлемдердің
айтарлықтай өсімі тіркелді. 13 өңірдің
шаруашылықтарында НКИ 102-105% аралығында қалыптасты, олардың
қатарында: Зайсан (102,2%), Шемонаиха (102,5%), Зырян (103,1%)
Тарбағатай (103,2%), Үржар және Бесқарағай
(103,4%) аудандарының, Курчатов (103,5%), Семей (103,8%)
қалаларының, Глубокое (103,9%), Аягөз (104,1%)
аудандарының, Риддер (104,2%) қаласының, Жарма (104,4%) мен
Көкпекті (104,7%) аудандарының шаруашылықтары
бар; 100%-дан төмен НКИ Бородулиха ауданының
шаруашылықтарында қалыптасты.
2014 жылы
ШҚО ауыл шаруашылығының жалпы өнім
көлемі 294 млрд. теңгені құрады. Бұл
2013 жылғы деңгейден 2,2% артық. Бұл көрсеткіш
бойынша өңір республика облыстары арасында үшінші орында.
Ауыл
шаруашылығы басқармасының мәліметінше, ауыл
шаруашылығындағы көлем индексі 101,9%-ды құрады.
Өткен жылдың нәтижесі бойынша, егіс алқабы 16,7
мың га, дәнді дақылдардың алқабы 27 мың га
ұлғайды. Сонымен қатар, 438 мың га алаңда
ылғал үнемдейтін технология енгізілді, осылайша 2013
жылдың көрсеткішінен 18% асты.
Аймақта
суармалы жер аумағын арттыру және суарудың озық
тәсілдерін енгізу шаралары жалғасын тапты. Суармалы жер
аумағы 5 мың га артып, 90 мың га-ны құрады.
2014 жылы
жаңбырлатып суарылған аумақ 8900 га, тамшылатып
суарылған аумақ 850 га жерді құрады, бұл 2013
жылмен салыстырғанда екі түр бойынша 14 % және 6,2 %
артық.
Мал
шаруашылығында да көрсеткіш жақсарды. 2014 жылы ет өндіру
көлемі 2013 жылмен салыстырғанда 6,6 %, сүт 2,4 %,
жұмыртқа 7,4% артты.
«2013
жылғы көрсеткіштен ірі қара мал саны
2,3%, жылқы- 5,7%, құс 4,4%, қой мен ешкі
саны 99 % артты.
Етті
бағыттағы 1696 бас импорттық ірі қара сатып алынды.
Соның ішінде 1026-сы ҚазАгро ҰБХ АҚ
қаржыландыруымен алынған. «Сыбаға» бағдарламасы аясында
облыста жалпы сомасы 1 млрд. теңге болатын 5,3 мың бас
ірі қара сатып алынды. Жоспар 114 % орындалды.
Ет
бағытындағы ірі қара мен ет экспорты әлеуетін арттыру
үшін облыста асыл тұқымды репродукторлар саны 2014
жылы 8 бірлікке дейін жеткізілгені туралы айтылған.
Қатон-Қарағай ауданында («Әмір» ШҚ) тағы
бір асыл тұқымды репродуктор құрылды.
Сонымен
қатар ШҚО-да сүт-тауарлық фермаларға көп
көңіл бөлінетініп отыр. Сүт пен сүт
өнімдерінің көлемін арттыру үшін облыс
әкімінің бастамасымен 2014 жылы сүт-тауарлық фермалар
мен сүт қабылдау пунктерінің желісін құру
және кеңейту бойынша бағдарлама жүзеге аса бастады.
Сүт-тауарлық фермаларды дамыту аясында 2016 жылдың
соңына қарай жалпы облыста 37 сүт-тауарлық ферма (СТФ)
құру және қалпына келтіру көзделген. Онда
12,8 мың бас сауын сиыр ұстау жоспарланған.
Азық-түлік
қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қазіргі орын
алған экономикалық дағдарыс кезінде одан әрі шиеленісе
түсуі мүмкін. Сондықтан да алда шешуін күтіп
тұрған ең күрделі мәселе – бұл
агроөнеркәсіп кешенінің бүгінгі даму деңгейін
төмендетпей, одан әрі тұрақты даму үдерісін қамтамасыз
ету үшін мемлекет тарапынан қолдауды күшейту.
Әдебиеттер:
1.Программа по развитию агропромышленного
комплекса в Республике
Казахстан на 2013-2020 годы (Агробизнес - 2020) . - 23.09.2012
2. А.Б. Молдашев, Г.А. Никиина, Л.И. Луецкий, Г.Я. Гусева. Концептуальные основы продовольственной
безопасности Казахстана. –Алматы, 2009ж. 28б
3 .Статистические данные //Экономист. 2011. №2.
4. Алтухов А.И. Продовольственная безопасность как
фактор социально-экономического развития страны // Экономист, 2008. №5.
5. Сейдахметов А.
Азық-түлік қауіпсіздігі де бір асқар бел// Егемен
Қазақстан 27
мамыр, 2009 жыл