ОТАНДЫҚ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫН МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ
Утебалива Д.Б.
«Экономика» кафедрасының аға оқытушысы,
ЭК-14-1 тобы студенті
Тәстен А.
Ш.ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК
ТЕХНОЛОГИЯЛАР
ЖӘНЕ
ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
Мемлекет
әлеуметтік-экономикалық үдерістерде маңызды рөл
атқаратын елдерде мемлекеттік реттеудің, оның ішінде
инновациялық секторды ынталандырудың тікелей әдістері
қолданылады. Ал басқарудың либералды үлгісін
ұстанатын мемлекеттерде мемлекеттік реттеу жүйесі керісінше жанама
әдістерге негізделеді. Бұл екі әдістің арасындағы
басты айырмашылық мынада: тікелей әдістер шаруашылық
субъектісінің таңдау еркіндігін жиі шектесе, ал мемлекеттік реттеудің жанама
әдістері кәсіпкерлік таңдау еркіндігін кеңейтеді.
Мысалы, кәсіпкерлікке салынатын салықтар мөлшерлемесін немесе
пайыздың есептік мөлшерлемесін төмендету өндірістің
өсуіне және компанияның инновациялық
белсенділігінің күшеюіне әкеледі. Инновациялық
үдерістерді мемлекеттік ынталандырудың тікелей әдістері көбінесе екі нысанда жүзеге
асырылады:
1)
әкімшілік-ведомстілік;
2)
бағдарламалық-мақсатты
(1-сурет).

![]()

![]()
![]()




1 сурет. Инновацияны мемлекеттік ынталандыру
құралдары
Инновациялық
үдерістерді мемлекеттік реттеудің әкімшілік-ведомстілік
нысаны – бұл инновациялық дамуға тікелей ықпал ету
мақсатында қабылданған арнайы заңнамалық
құжаттарға сәйкес жүзеге асырылатын тікелей
қаржыландыру.
Инновацияны мемлекеттік
реттеудің бағдарламалық-мақсатты нысаны – бұл
жаңалықтар табуды, оның ішінде шағын бизнес
саласындағы жаңашылдықты мемлекеттік қолдаудың
мақсатты бағдарламаларының көмегімен инновацияларды
арнайы жасақталған келісім-шартпен қаржыландыру. Бұл
жағдайда жаңа тауарларды, жаңа технологиялық
үдерістерді ойлап табуға мемлекеттік келісімдер жүйесі
құрылады және компанияларға несие жеңілдіктері
ұсынылып, мемлекеттік тапсырыстар беріледі.
Инновациялық
қызметті мемлекеттік тікелей ынталандыру келесі нысандарда жүзеге
асырылады:
-
инновациялық қызметпен байланысты ғылыми-зерттеу,
тәжірибелік-құрастыру және технологиялық
қызметтерді қаржыландыру;
-
инновациялық инфрақұрылым қызметін қамтамасыз
ететін инновациялық бағдарламалар мен жобаларды қаржыландыру;
Инновациялық
үдерістерді мемлекеттік ынталандырудың
қазақстандық және шетелдік тәжірибесінде
неғұрлым кеңінен тараған құралдарына:
келісім-шарттық қаржыландыру, гранттар және мемлекеттік
тапсырыстар жатады.
Көптеген дамыған
және дамушы елдерде мемлекеттік реттеудің жанама
әдістерінің ішінде
салық пен несие жеңілдіктері кеңінен қолданылады.
Салық
жеңілдіктері келесі жағдайлардан көрінеді:
-
кәсіпорынның инновациялық зерттеулерді жүргізуге
және ғылыми-техникалық әзірлемелерді дайындауға
бағытталатын пайдасы салық салудан босатылады;
-
ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарының
ғылыми-техникалық өнімді өткізуден алынған
және арнайы құрал-жабдықтарды сатып алуға
бағытталған пайдасы салық салудан босатылады;
-
ғылыми-зерттеу ұйымдары үшін қосылған
құнға, мүлік пен жер салықтарының
мөлшерлемесін төмендету;
-
кәсіпорынның өнертабыстан және басқа да
жаңашылдықты пайдаланудан алатын пайдасы белгіленген уақыт
аралығында салық салынатын табыстан шегеріледі.
Инновацияны мемлекеттік
реттеудің жанама құралдарының ішінде несие
жеңілдіктері де тиімді болып саналады, яғни бұл
инновациялық зерттеулердің нәтижелерін әлеуетті
тұтынушыларға – кәсіпорындарға, акционерлік
қоғамдарға жеңілдетілген пайыздық
мөлшерлемемен несиелер беру болып табылады.
Инновациялық
қызметті жанама қолдау сонымен бірге қаржылық лизинг
(заңды және жеке тұлғаларға берілген ақымен
уақытша пайдалануға беру үшін өндірушіден машиналар мен
құрал-жабдықтарды сатып алу үшін қаржы беру) пен
франчайзингті (келісімде көрсетілген белгіленген мерзімге берілетін
инновациялық кәсіпорындарды құру
құқығы) мемлекеттік қолдау есебінен де
жүргізіледі.
Шағын және
орта инновациялық бизнесті қолдау үшін қажетті
инвестициялық базаны құруға мүмкіндік беретін
венчурлік кәсіпкерлікті мемлекеттік сақтандыру да мемлекеттік
қолдаудың жанама құралдарының бірі болып
табылады.
Елдегі инновациялық
үдерістерді мемлекет тарапынан ынталандыруда келесі шараларды
жүзеге асырудың маңызы зор:
-
ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат
қызметін, патенттеу мен лицензиялауды, стандартизациялау мен
сертикаттауды қамтитын ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді
қамтамасыз ететін экономика мен инфрақұрылымда қолайлы
инновациялық ахуалды қалыптастыру;
-
шетелдік тәжірибені зерттеу үшін, ғылыми-техникалық
даму болжамдарын дайындау және олардың негізінде ұлттық
ғылыми басымдылықтар жүйесін қалыптастыру үшін
аналитикалық-талдау орталықтарын құру;
-
инновацияның мүмкін болатын жағымсыз зардаптарын
бағалау.
Экономикасы дамыған
шет елдердегі ғылым мен технология салаларын мемлекеттік қолдау
құралдары басты үш түрге бөлінеді:
1)
Мемлекеттің білім саласына
арнайы мемлекеттік зертханалар мен институттарды қалыптастыру жолымен
тікелей араласуы және оларды бюджеттен қаржыландыру;
2)
Қолданбалы және іргелі ғылыми-зерттеулерді жүзгізу
үшін мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдарда
қызмет ететін ғалымдарға қайтарымсыз субсидия, гранттар
беру;
3)
Ғылым мен технология салаларына жеке инвестициялардың келуіне
қолайлы жағдай жасау, жеке сектордағы зерттеулер мен
сараптауларды, инновациялық белсенділікті ынталандыру.
Қазақстан Республикасының «Инновациялық
қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Заңында инновациялық қызметті мемлекеттік
қолдаудың келесі негізгі бағыттары көрсетілген:
- Мемлекеттік инновациялық саясатты іске
асыру үшін ұйымдық және экономикалық, соның
ішінде инвестицияларды тартуды қамтамасыз ететін қолайлы ахуал
қалыптастыру арқылы инновациялық қызметті ынталандыру;
- Елдің инновациялық даму
басымдылықтарын айқындау;
- Ұлттық инновациялық
инфрақұрылымды қалыптастыру және дамыту,
мемлекеттің инновацияларды құруға және енгізуге
қатысуын шектеу;
- Отандық инновацияларды сыртқы
нарықтарға шығару;
- Технологиялар трансфертін қоса
алғанда, инновациялық қызмет саласындағы
халықаралық ынтымақтастық.
Өнеркәсібі дамыған мемлекеттерде инновациялық
қызметті мемлекеттік қолдау үлгілерінің жанама
құралдарын келесі 2-суреттен көруге болады.
Ғылым мен технология салаларындағы
инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыру
құралдары
.

![]()

2 сурет. Инновациялық
қызметті мемлекеттік қолдаудың жанама құралдары
ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ
1.Купешова С.Т.
Инновационный менеджмент. – Алматы: Қазақ университеті, 2011. – 265
б.
2.Тургинбаева А.Н. Инновации и риски: Учебное пособие. –
Алматы: Қазақ университеті, 2008. – С.118.
3.Развитие инновационной политики в современной
экономике: монография / Л. П. Гончаренко [и др.]; М-во обр. и науки РФ, ФГБОУ
ВПО "РЭУ им. Г. В. Плеханова". Тамбов: Издательский дом ТГУ им. Г.
Р. Державина, 2012. С. 70.