С.Д.Темирова  аға оқытушы кафедра «Менеджмент»

 

С.Б.Жұмағазиева МЕН-13-01тобының студенті

 

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және     инжиниринг университеті,

Менеджмент кафедрасы

 

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ

 

 

Қазақстанда қазіргі жаңа экономиканың қызмет етуі жағдайында, салаларды дамыту стратегиялық мінезге ие болады, болжау мәні бірден өседі, әлеуметтік, экономикалық және сыртқы экономикалық приоритеттерінің қалыптасуы негізінде қоғамдық ұдайы өндірістің барлық процестерін реттеуге алғышарттар жасалады. Республикада соңғы жылдары туристік саланы дамытуға бағытталған және мемлекет жағынан оны жан-жақты қолдау шараларының кешені жүргізілді. Сондықтанда жүргізілетін шаралардың күшті және әлсіз жақтарын анықтау және жүргізілген талдау негізінде туристік қызметтің жақсаруын қамтамасыз ететін шаралар ұсыну қажеттілігі туды. Елімізде туризмді дамытуға арналған бірқатар шаралар саланың деңгейін жақсартуға мүмкіндік береді, экономикалық тиімділік көрсеткіштерін көтереді, туристік белсенділік дәрежелері көрсеткіштерін жоғарлатыды, ішке кіру туризмін дамытады, шетелдік туристерді тартады. Сол сияқты туризмді дамыту үшін, Маңғыстау облысының туризм дамуындағы көрсеткіштерін зерттей отыра шараларды қолдану арқылы, шетелдік немесе елдегі туристтердің қызығушылығын арттыру басты мақсат болып саналады.

Қазіргі таңда әлемдік экономикада туристік сала – аса жанды және перспективалы салалардың бірі, кейбір елдерде туризм мемлекет кірісінің бірден-бір көзі болып табылады. Бүкіләлемдік туристік ұйымның болжамы бойынша, Қазақстан тұрақты туризмді дамыту үшін болашағы бар елдер сапында. Барлық туристік нарықта Қазақстанның табиғатына, ландшафтарына және ұлттық мәдениетіне үлкен қызығушылық білдіреді. Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытуда үлкен мүмкіндігі бар аймақ – Маңғыстау облысы арттыру басты мақсат болып саналады [1].

Каспий теңізі – Қазақстан, Ресей, Әзiрбайжан, Иран және Түркіменстан – бес мемлекетті бiрiктiретiн үлкен тұйықталған су қоймасы. Сондықтан Маңғыстау облысында теңіз туризмін дамыту жобасы мақұлданды. Мамандар өлкеде туризмді дамытудың басым бағыттарының бірі круиз (кемеге отырып саяхат жасау) және желкенді қайық спортын ұйымдастыру керек деп есептейді. Асау Каспийдің жағасындағы демалыс ұмытылмайтын әсер қалдырады. Жағаға соққан толқынның мейiрiмдi сыбдыры тыныштық орнатады. Теңіз суы тәулік бойында сұр түстен жасыл түске дейін өзгеріп отырады. Қарақия ойпаты – әлемнiң ең терең ойпаттарының бірі. Оның шұңқыры үлкен болып келеді. Ең терең жері – әлемдік мұхит деңгейінен 132 метр төмен. Бұл жерде ойпаттың түбін Батыр деп аталатын көлемдi сор жапқан. Ойпат өткен замандағы мұхит өмірінің қалдықтары бар ашылып қалған қабаттармен молайып отырады. Сонымен қатар Шопан ата, Масат ата, Қараман ата, Шақпақ-ата, Бекет-ата, Темір баба киелі орындары, Форт-Шевченко мұражай қалалары, Үстірттегі Бозжыра шыңы, Марс тәріздес Көкесем жері, Көкала үңгір тауы, Шоманай таулары, Түпқараған жазығы, Сұлтан-үпі сайы, Қаракөл көлі т.б әлі сыры ашылмаған керемет жерлер жетерлік [2].

Маңғыстау облысы еліміздегі табиғи теңіз жағалауы бар бірден-бір өңір. Мұнда тарихи-мәдени ескерткіштер шоғырланған. Табиғаттың сұлу көріністерін тамашалауға жыл сайын көптеген экотуристер келеді. Өңірде туристік әлеуетті дамытудың негізгі бағыттары еліміздің туристік ай­мағын дамыту тұжырымдамасы аясында жасақталған Маңғыстау облысының туризмді дамытудың 2020 жылға дейінгі іс-шаралар жоспарында көрсетілген. Олардың ішінде Ақтау қаласы теңіз жағалауында туристік нысандар үшін инженерлік инфрақұрылымды дамыту, туристік нысандарға дейін жолдар мен паркингтер салу, Кендірлі курорттық аймағын дамыту мәселелері бар. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Кендірліні дамытуға айрықша назар аударылуда. Қазіргі таңда «Rixos» компаниясы инвестор ретінде таңдалды. Техникалық-экономикалық негіздеме және жобалау-смета құжаттары жасалып, инженерлік инфрақұрылым жұмыстары жүруде. Әуежай және жол салу мәселесі назарда тұр. Нақтырақ айтсақ, Кендірлідегі жұмыстар оны республикамыздың осы саладағы жетістігі ретінде көрсетеді деп сенеміз және Кендірлі болашақта алқалы жиындар өтетін тамаша орын болатындығы күмәнсіз. Біздің өңірде инвесторлар үшін туристік жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік мол. Бірлескен жобаларды жүзеге асыру өңірде жаңа жұмыс орындарын ашуға қол жеткізеді [3].

Маңғыстау облысының болашағы мұнда туризм саласын дамытуға тікелей байланысты. Сондықтан қазір аймақта осы бағытта үлкен жұмыстар жасала бастады. Облыс әкімі Алик Айдарбаев айтқандай, «Болашақта Маңғыстау тек мұнайымен ғана емес, заманауи туристік кешендерімен де мақтанатын болады». Бүгінде Туризм саласын дамыту институты «Кендірлі» демалыс аймағын дамытудың 2020 жылға дейінгі мерзімді қамтитын жүйелік жоспарын жасады. Болашақ демалыс аймағының сыртқы инженерлік инфрақұрылымын жасау үшін арнайы жобалар жасалып, оларды іске асыруға қатысты шаралар қолға алынды. Сондай-ақ туризм саласын дамыту жоспары аясында облыс орталығы Ақтау қаласын дамытудың да бас жоспары жасалған.

Маңғыстау облысында туризмді дамытуға кедергі келтіретін мәселелерге тоқталсақ:

-            инфляцияның өсуі, әлемдік қаржы нарығының тұрақсыздығы;

-            табиғи апат факторлары;

-            бағдарламаның толыққанды орындалмауы, стратегиялық құжаттардың сапасыз іске асырылуы;

-            білікті мамандардың аздығы;

-            инфрақұрылымның жеткілікті дамымауы;

-            жергілікті атқарушы биліктің жеткілікті дәрежеде көңіл бөлмеуі;

-            маркетингтік шаралардың жеткіліксіздігі және т.б

Осы кемшіліктерді жою мақсатында бірнеше бағдарламалар қабылданды. Туризм индустриясы комитетінің қабылдауы бойынша, Кендірлі демалыс орыны Маңғыстауды Қазақстанның батыстағы туристік орталығына айналдырып қана қоймайды. Маңғыстау – әлемдік нарықтағы туристік сектордың маңызды бөлігін жаулап алуы тиіс. Сонымен қатар, Каспийде Қазақстан, Ресей, Иран, Түркменстан, Әзірбайжанның қатысуымен халықаралық теңіз круизын ұйымдастыру да қолға алынбақ.

Теңіздік инфрақұрылымнан басқа облыстың транзиттік, көліктік-логистикалық және инфрақұрылымдық-сервистік әлеуеті де өте мол. Облыстың құрлықта және теңізде бірнеше мемлекетпен шектесуінен басқа, облыс аумағымен «ТРАСЕКА» және «Теріскей-Оңтүстік» атты Шығыс Еуропа мен Орталық Азия және Солтүстік Еуропаны Парсы шығанағы елдерімен байланыс­ты­ратын екі халықаралық жол торабы өтеді. Осы транзиттік әлеуетті тиімді пайдала­ну үшін бүгінде облыс аймағында жүк тасудағы арақашықтықты азайту мақсатына арналған біршама инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда. Мысалға, жақында ғана пайдалануға берілген «Өзен-Түркіменстанның мемлекеттік шекарасы» теміржол учаскесі Қазақстанды және біз­бен бірге Қытай Ресей және Беларусь елдерін Парсы шығанағына, Иранның теңіз порттарына шығарады. Қазақстан және Түркіменстан Президенттері салтанатпен ашқан жаңа теміржол учаскесі еліміздің экономикалық байланыстарының нығаюына, экспорттық әлеуеттің артуына жол ашып отыр. Сарапшылар бұл жол айрығының жылдық тауар айналымы 8-10 млн тоннаға жете алады деген болжам айтуда [4].

Сол сияқты қазір салына бастаған «Жезқазған-Бейнеу» теміржолының құрылысы да еліміздің орталығы мен батыс өңірлерінің тікелей байланысына жол ашады деп күтілуде. Бұл жол салынып біткен жағдайда Қазақстанның кез келген нүктесінен Ақтау портына дейінгі қашықтық ең кемі 600 шақырымға қысқарады. Яғни кез келген тауардың бір тоннасының тасымалдау құны кемі 600-750 теңгеге төмендейді. Ал бұл тасымалданатын тауардың бәсекелестікке қабілеттілігін арттырып, нәтижесінде Қытай, Еуропа және Кавказ елдері арасындағы жүк айналымының 50 пайызына дейін осы жолға қарай тартады деген болжам бар.

Осындай киелі Маңғыстаудағы тарихта өзінің ізін қалдырған әлі күнге дейін сақталып келе жатқан туристік объектілері мен мекендерін жан жақты жетілдіріп, инфрақұрылымын дамытсақ, осы жерлерге арнайы турлар дайындап, алғашқыда арзан бағадды тұңғыш тұтынушыларды жинау мақсатында, сосын кемшіліктер болса түзеп, ұсыныстарды орындап, жетілдіре білсек туристер тартып, одан әрі көркейтсек және Маңғыстау облысы туризмінің брендін ұсынып, соны жарнамалап туристер шақырсақ бұл өлкедегі туризм дамымауына себеп жоқ.

Жартыаралдың бойына бүккен құпиялары, Қапамсай, Шақпақтысай жергілікті каньондары, Торыш және Түпқарағанның табиғи-ландшафттық аймақтары, Көкаланың алуан түске боялатын топырағы, Шерқала тауы, Самал, Жылшы бұлақтары мен Қаратау табиғи-ландшафттық аймағындағы Айрақты-Шоманай тау сілемі, Үстірттегі Қарынжарық, Көгесем, Бозжыра қырлары да жатады.Туристік бағытта сауатты, мұқият жасалған қадамдар өңірге жаңа экономикалық мәрте сыйлауы мүмкін.

Маңғыстау облысы бойынша туризді дамыту арқылы:

-           республиканың туристiк әлеуетiн арттыру;

-           тарихи-мәдени және табиғи-рекреациялық ресурстарды сақтау және ұтымды  пайдалану;

-           халықтың барлық жiктерiнiң туристiк ресурстарға қол жеткiзуiн  қамтамасыз ету, туристiк қызмет көрсетуге деген сұранысты барынша  қанағаттандыру; тұрғындардың жұмыспен қамтылуын ынталандыру;

-           мемлекеттік және жеке құрылымдардың туризм саласындағы өзара  бiрлескен iс-қимылының тиiмдiлiгiн арттыру;

-           шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытуға мүмкіндік мол.

Туризмдегi мемлекеттiк реттеу жүйесiн жетілдiру туристiк қызметтi жүзеге асырудың өзгерген әлеуметтiк-экономикалық жағдайларға толық жауап беретiн мақсаттарына, қағидаттарына және міндеттеріне сай жаңа көзқарастарды талап етедi. Бүгiнгі таңда атқарушы билiк органдары мен туризм саласында әрекет ететiн ұйымдардың арасындағы өзара iс-қимылды реттеудегi мемлекеттiң рөлiн арттыру қажет.  

Туризмдi кешендi дамытудың табысты iске асырылуын қамтамасыз ету саланы мемлекеттiк басқару әдiстерiн дұрыс таңдауға тiкелей байланысты. Қазiргi уақытта, саланы мемлекеттiк реттеу мынадай шараларды жүзеге асыруға бағытталуға тиiс [5].

-       республикалық және аймақтық деңгейлерде туризмдi дамыту саясаты мен жоспарлауды үйлестiру;

-       туристiк индустрия саласындағы қарым-қатынасты ретке келтiру мен жетiлдiруге бағытталған заңнамалық және нормативтiк құқықтық базаны қамтамасыз ету;

-       сапалы туристiк өнiмнiң ажырамас бөлiгi ретiнде туристердi қорғауды және олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;

-       статистиканы және зерттеу қызметiн жетiлдiру;

-       бiлiм және оқу стандарттарын қоса алғанда, туризмге арналған кадрларды кәсіптік даярлау;

-       туризм саласында мүдделi министрлiктер мен ведомстволар, сондай-ақ мемлекеттiк және жеке секторлар арасында жоғары деңгейдегi үйлестiруді қамтамасыз ету;

-       туризмдi дамытудың нақты аудандарында жердi пайдалануды және құрылыс салу нормаларын қолдануды бақылау;

-       тарифтердi, туристiк ұйымдардың, тасымалдаушылардың қызметiн лицензиялауды, туристiк объектiлердiң сапасын және қызмет көрсетудiң стандарттарын бақылау;

-       ел беделiн қалыптастыру, Қазақстандық туристiк өнiмнiң маркетингi және жылжытылуы жөнiндегi басым шараларды белгiлеу, оның iшiнде туристiк көрмелердi және басқа iс-шараларды ұйымдастыру;

-       халық арасында туризм құндылықтарын және қоршаған ортаны қорғауды насихаттау;

-       халықтың түрлi әлеуметтiк-демографиялық санаттары мен топтары арасында әлеуметтiк туризмдi дамыту үшiн қолайлы жағдай жасау;

-       визалық және кедендiк рәсiмдердi барынша оңайлату;

-       мемлекеттiң туристiк көрнектi орындарын құру және қорғау;

-       туризм инфрақұрылымының аса маңызды базалық компоненттерiн жасау.

Туризмді дамытудың тағы бір  жолы ретінде, қонақ үй бизнесін дамыту. Нәтижесінде шетелдік қонақтарымыздың саны артып еліміз туризмді дамытуға мүмкіндік алады. Бұл менің ойымша, бәсекелестіктің қарқындауына және қонақ үй нөмірлерінің қолжетімділігін қамтамасыз етуі тиіс.

Менің ойымша, танымал шетел желілерін Қазақстанға өз қонақ үйлерін салдырғаннан гөрі, отандық компанияларды дамытып қонақ үй желісіне айналдырған жөн. Мысалы Ақтау қаласындағы «Renessance, Holiday Inn, Nur Plaza, Caspian Riviera» сияқты қонақ үйлерді, қонақ үй желісіне айналдыру, яғни дәл сондай отельдерді Қазақстанның басқа жерлерінде салу. Нәтижесінде отандық желілер шетел желілерімен бәсекеге түседі, кейін бағалар арасындағы түсім байқалатын болады. Нәтижесіне «бір оқпен екі қоянды» ата аламыз. Біріншіден, отандық брендтің нарыққа шығуы, екіншіден бағалардың қолжетімді болуы.

Қорытындылай келе, қонақ үй шаруашылығы өте маңызды шаруашылық түрі болып саналады, және ол жоғарыда айтып өткендей туристік саламен тығыз байланысты. Ал туризм бұл ешқандай шикізатты қажет етпейтін, экологияға зиян көп келтірмейтін экономика саласы. Нәтижесінде, бұл жалпақ тілмен айтқанда «ауадан ақша жасау». Қонақүй бизнесі экономиканың ерекше облысының бірі деп мойындасақ, мемлекет қонақүй қызметке көмектеседі, оның ерекше бағыттарын анықтайды және қолдайды, жалпы туризм индустриясының дамуы үшін жағымды жағдай жасайды. Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасындағы қонақ үй бизнесінің даму деңгейі жоғары деңгейде емес, бірақ ол әлі өзінің шарықтау шегіне жеткен жоқ, яғни болашағы алда. Оның дамуы туризмнің дамуымен тығыз байланыста. Ал туризм біздің болжауымызша 2017 жылдан кейін, яғни EXPO-2017 соң қарқынды түрде дамиды. Бірақ 2017 жылға дейін Қазақстан үшін платцдарм орнату қажет, яғни жоғарғы деңгейдегі қонақ үйлер салынуы тиіс, себебі 3 миллион адамды күтіп алатындай қазіргі кезде Астана қаласының күші жоқ. Нәтижесінде жаңа қонақ үйлер салынуы тиіс. Жоғарыда көрсетілген дамыту жолдарын қолдана отырып Қазақстанның тек қонақ үй бизнесін ғана емес сонымен қатар жалпы туризмді дамытуға септігін тигізеді деген үміттемін.

Әдебиеттер тізімі:

 

1.      Вopoнкoвa Л.П. Иcтopия туpизмa и гocтeпpиимcтвa. Уч.пocoбиe. – М.: ФAИP-ПPECC, 2008 – 304c.

2.      Epдaвлeтoв C.P. Гeoгpaфия туpизмa: иcтopия, тeopия, мeтoды, пpaктикa. – Aлмaты, 2005 – 336c.

3.      Мaңғыcтaу oблыcы бoйыншa Кeндepлi xaлықapaлық куpopтын дaмыту бaғдapлaмacы, 2010

4.      Қaзaқcтaнның Aзия eлдepiмeн экoнoмикaлық ықпaлдacтығы // Caяcaт, 2011 - 15б

5.      Қaзaқcтaн Pecпубликacының туpиcтiк caлacын дaмытудың 2020 жылғa дeйiнгi тұжыpымдaмacы

6.      Мaзбaeв O.Б., Oмapoв К. М. Қoнaқ үй шapуaшылығы жәнe туpиcтiк бизнec, Acтaнa - 2003ж