УДК 330.
Кәсіпорынның
негізгі құралдарын бағалау, жіктеу
Жарылқасынова
Ж.М., Өксікбай А.Қ., Аман Т.
Қазақстан, Шымкент
қаласы
Бухгалтерлік есепте негізгі
құралдар деп өндіріс үдерісінде ұзақ
уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын,
өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай
отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған
жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген
амортизациялық аударым мөлшерішегінде біртіндеп ауыстырып отыратын
еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді
айтады [1].
«Негізгі құралдарға» -
қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен
ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар,
өлшеуіш және реттеуіш аспаптары мен құралдары, есептеуіш
машиналары мен техникалары және олардың бағдарламалық
құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық
құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары,
көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы,
тағы да басқалар жатады.
Көлеміне немесе бағасына
(арзанды-қымбаттылығына) қарамастан пайдалану мерзімі бір
жылдан аспайтын өндіріс құралдары негізгі
құралдардың қатарына жатпайды.
Сонымен қатар негізгі құралдардың
құрамына кәсіпорынның қоймаларындағы дайын
бұйымдар (тауарлар) болып саналатын жабдықтар мен машиналар,
күрделі құрылыс құрамында есептелетін монтаждауды
(құрастыруды, орнатуды) қажет ететін жабдықтар,
сондай-ақ құрылыс монтаж жұмысының өзіндік
құнының құрамында қаралған
үстеме шығындардың есебінен салынған титулдық тізімге
кімеген ғимараттар мен тетіктер, сонымен бірге жас малдар, яғни мал
төлдері де жатпайды.
Барлық «Негізгі құралдар»
өздерінің өндіріске қатысуына қарай
өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді.
Өндірістік негізгі құралдар
деп - өндірісте қызмет ететін, яғни өнім өндіру
орындарында пайдаланатын негізгі құралдарды айтады. Оларға: өндіріске арналған
үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс
машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әр түрлі
станоктар, двигательдер, құрал-жабдықтар, өлшеуіш
аспаптар және басқалары
жатады.
Өндірістік емес негізгі
құралдардың қатарына шаруашылықтың өндірістен
басқа салаларында пайдаланатын негізгі құралдар жатады.
Оларға тұрмыстық үй-жай (коммуналдық)
шаруалығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік
қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында
пайдаланатын негізгі құралдар және тағы басқа да
негізгі құралдар жатады. Халық шаруашылық салаларына
істейтін қызметтерінің түрлеріне қарай барлық
негізгі құралдар: өнеркәсіп, ауылшаруашылығы,
орман (тоғай) шаруашылығы, тасымалдау, байланыс,
құрылыс, материалдық-техникалық жабдықтау
және сату-өткізу ұйымдары, қоғамдық
тамақтандыру, басқару органдары, әлеуметтік сақтандыру,
ғылым және білім беру, ғылыми көмек көрсету
және тағы да басқа салалар бойынша топталады.
«Негізгі құралдарды» халық
шаруашылығының салаларына қарай топтастырған кезде
олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің,
болмаса орындалған жұмыстар мен қызметтердің
шаруашылықтың қай түріне жататындығы негізге
алынады.
Егер кәсіпорындар мен
ұйымдардағы негізгі құралдардың барлығы
түгелімен сол кәсіпорынның атқаратын қызметі
саласындағы топқа жатады.
Өнеркәсіптік ұйымындағы
өнеркәсіп өнімдерін өндіру үдерісіне тікелей байланысты негізгі
құралдардың барлығы халық шаруашылығының
өнеркәсіп саласына жатады.
Егер кәсіпорынның балансында осы
ұйымның негізгі қызметінен басқа салаларында
қызмет атқаратын өндірістері мен бөлімшелері болса,онда
осы бөлімшелер мен өндірістің атқаратын
қызметтерінің сипатына сәйкес келетін халық
шаруашылық саласы қызметі түріндегі топқа жатады.
Кәсіпорынның
балансындағы тұрғын үй шаруашылығы және
халыққыа тұрмыстық қызмет көрсету саласына
жатады.
Негізгі құралдар
алдына қойған мақсатына және атқаратын
қызметіне қарай мынадай топтарға бөлінеді:
а) үйлер (тұрғын үй,кеңсе
үйі,қойма және т.б.) - еңбек етуге, тұруға,
халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету
және материалдық қорларды
сақтауға жағдай жасау үшін белгіленген
архитектуралық құрылыс объектілері. Әрбір жеке
тұрғын үй тереңдеу объектісі болып саналады;
ә)
ғимараттар (көпірлер, аспалы жолдар, жасанды су
қоймалары,эстокадалар, скважиналар және т.б.) еңбекке керек
жарақтардың емес өзгеруіне байланысты емес міндетті
іс-қызмет аясын атқару жолымен өздіріс процесін жүзеге
асыруға арналған инженерлік құрылыстың
объектілері;
б)
өткізгіш тетіктер (жұмыс машиналары, энергия бөлетін
тетіктер, құбырлар және т.б.);
в)
машиналар мен жабдықтар (бумен жұмыс істейтін двигательдер, іштен
жанатын двигательдер, электроаппараттық трансформаторлар, экскаваторлар, грейдерлер,
бульдозерлер, бетон араластырғыш машиналар, көтергіш крандар,
жүк көтергіш шығырлар, су өлшегіш құралдар,
монометрлер, таразылар, кассалық аппараттар мен т.б.) - әрбір
машина егер ол басқа мүліктік объект болып табылады;
г)
тасымалдау құралдары (жолаушылар мен жүк таситын
көліктер, жеңіл көліктер, көлікке тіркемелер,
тракторлар және т.б.);
ғ) құрал-саймандар мен
жабдықтар (шкафтар, бактар, контейнерлер және т.б.);
д)
шаруашылық құрал жабдықтары кеңселік және
шаруашылық мүлік (жиһаздар, креслолар, кілемдер, сейфтер
және т.б.);
е)
жұмыс және өсімтал малдары-жұмыс малы- аттар,
өгіз, түйе және
тағы басқа да жұмыс малы. Өсімтал мал - ірі
қара мал, тұқымдық айғырлар және
тұқымдық бие, тұқымдық нар мен аруана,
бұғы, марал, ұрғашылары мен еркектері, қабан
шошқа, ешкі, саулық және қошқар. Мүліктік
объект - әрбір үлкен мал.
ж)
көп жылдық өсімдіктер мен көшеттер - қолдан
егілген, жасына қарамастан көпжылдық егістер;
з)
жер (ұйымның сатып алған жер көлемінің
құны) - субъектінің меншік құқығымен
алынған жерінің саны мен бағасы;
и)
жерді жақсартуға (өңдеуге) жұмсалған
күрделі шығын;
к)
басқа да негізгі құралдар (кітапхана қорлары және
тағы басқалары).
Иелігіне
қарай негізгі құралдар меншікті және жалға
алынған болып бөлінеді.
Меншікті
дегеніміз - субъектіге тиесілі және оның балансында көрініс
табатын негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша
басқа субъектіден алынған негізгі құралдар, жалға
алынған құралдар болып саналады. Оларды жалға
берушінің балансында есептейді, жалға алушы 001 - ші «Жалға
алынған негізгі құралдар» баланстан тыс шотында есептейді.
Жалға алу мерзімі аяқталған соң немесе ол
аяқталмай тұрып, жалға алушы келісілген бағамен сатып
алуына болады [2].
2411-ші
«Жер»,
2412-ші
«Үйлер мен ғимараттар»,
2413-ші «Машина
мен құрал жабдықтар, өткізгіш қондырғылар»,
2414-ші
«Көлік құралдары»,
2415-ші «Басқа да негізгі құралдар»
шоттарының тиісті аралық шоттарында есептейді [3].
Пайдалану сипатына қарай негізгі
құралдар жұмыс іс теп тұрған, істемей
тұрған (тоқтатылып қойған) және қор
ретінде тұрған болып бөлінеді. Қолданыстағы
жұмыс істеп тұрған негізгі құралдар, әрекет
етіп тұрғандар болып саналады. Жұмыс істемей
тұрғандар - бұл жұмысы тоқтатылған немесе
басқа жағдайларға байланысты уақытша пайдаланбайтын
негізгі құрал - жабдықтар. Қорда тұрғандар
болып жұмыс істеп тұрған құрал -
жабдықтарды жоспарлы түрде олардың запас бөлшектерін
ауыстыру үшін тоқтатылған объектілер есептеледі.
Заттық құрамына қарай
негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес
болып бөлінеді. Мүлікке (заттай) көрінісі бар, яғни
санауға және өлшеуге болатындар (үйлер,
ғимараттар, машиналар, жабдықтар) жатады. Мүліктік еместерге
пайдаланатын жер, орман алқабы, су ресурстары (ғимараттардан
басқа күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны
жоқ шығындар жер учаскелерін, егістік үшін пайдаланатын жерді
өңдеу, жалға алынған негізгі
құралдарға күрделі қаржы жұмсау, т.б.) жатады.
Әдебиеттер тізімі
1.
В.Л. Назарова, Шаруашылық жүргізуші субъектілеріндегі
буухгалтерлік есеп: В.Л.Назарова, 2005 ж.
2.
Әбдіманапов Ә., «Бухгалтерлік есеп теориясы және
принциптері», Алматы 2001 ж.
3.
Мырзалиев, Б.С. Бухгалтерлік есеп теориясы және тәжірибесі:
оқу құралы / Б.С. Мырзалиев, А.А. Сәтмырзаев, Р.С.
Әбдішукіров; Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ. – Алматы:
Экономика, 2008 ж.