Л.Т.Малаева
Е.А.Бөкетов атындағы
Қарағанды Мемелекеттік Университеті
Қазақстан Республикасының экономикалық
аудандарындағы жалпы ішкі өнім бойынша аумақтық
өзгерістер
XX
ғасырдың басында эконом-географтар көптеген
географиялық мәліметтер мен мағлұматтарды
жинақтау және бір жүйеге келтіруге ұмтылды.
Осының нәтижесінде экономикалық аудандардың
құрылуын, дамуын зерттеу қалыптасты.
Бұл бағытта географтар:
Р.Хартшорн, Н.Н.Баранский, И.Г.Александров, Н.Н.Колосовский еңбек
етті.Мысалы, Н.Н.Баранский, Н.Н.Колосовский экономикалық аудандастыру
теориясы негізін салды. Экономикалық аудандастырудың негізіне
географиялық еңбек бөлінісі, яғни белгілі бір
аумақтың арнайы өнім шығаруға мамандануы болады
деп тұжырымдады. Энергиялық-өндірістік циклдың – дамуы
арқылы (өндірістің технологиялық кезеңдері),
экономикалық аудандардың салалық және
аумақтық құрылымының дамуын негіздеді [1].
Экономикалық аудандастыру дегеніміз –
белгілі бір елдің өзара қатынастығы маманданған
тұтас шаруашылық бөлігінің кеңістік жүйесін
анықтау арқылы, белгілі бір елдің өндіргіш
күштерінің аумақтық құрылымын бөліп
шығару (Саушкин Ю.Г.) Аудандастыруға әсер ететін факторлар:
аумақтық еңбек бөлінісі, техникалық база
(өндіріс), шаруашылықтың техникалық деңгейі,
еңбек ресурстары, табиғат жағдайы мен табиғат
ресурстары (табиғи-ресурстық потенциал). Экономикалық
аудандастыру принциптері: экономикалық, энергетикалық,
ұлттық, кешендік даму, болашақтық, әкімшілік
болып келеді [2].
Аумақ
(территория) – белгілі бір табиғаттық және антропогендік
құрылымдар мен қасиеттері бір бөлігі.
Аумақтық-географиялық
орнымен, өзіне тән табиғи ресурстық, әлеумет-
демографиялық және шаруашылық (әлеуметтік-экономикалық)потенциалдан
тұрады, яғни геожүйенің үш компонентінен
тұрады: табиғат-халық-шаруашылық.
Аумақты
экономикалық-географиялық зерттеу – оның
физико-географиялық ерекшіліктерін, экономикалық-географиялық
ерекшіліктерін анықтау арқылы өндіргіш күштерінің
белгілі бір салаларын орналастыруға керекті ресурстар базасын сараптап,
сандық жіне сапалық
баға беріледі.
Аумақтың басты
қасиеттері:
а) географиялық орны;
б) көлемі;
в) табиғат жағдайы
мен ресурстары, олардың табиғат кешенін және өзара
қатынасын құрау;
г) шаруашылық және
оның дамуы, өзгеру динамикасы;
д) атқаратын функциялары.
Аумақтың ресурсы:
отын-энергетикалық, минералдық-шикізат, биологиялық,
агроклиматтық, су, топырақ, жер ресурстары,
рекреациялық,өндірістік, инфрақұрылым.
Аумақтық ресурстардың
элементтері:
а) аумақтың
көлемі;
б) аумақтың
байлығы;
в) ландшафтың
тұрақтылығы.
Аумақтың
көлемі, оның материалдық байлығымен қосып
экономикалық сиымдылықты құрайды, ал
тұрақтылығы экологиялық сиымдылықты
құрайды.
Қазақстанның
экономикалық аудандарының дамуын 1990 жылдардан 2009 жылдар
аралығындағы ЖІӨ көрсеткіштерінен көруге болады
(1,2,3,4,5 –суреттер)[1].
«Жалпы
ішкі өнім» дегеніміз мемлекет территориясындағы барлық
өндірушілердің белгілі бір кезең ішінде өндірген
түпкі тауарлары мен көрсеткен қызметтерінің
нарықтық құнын білдіретін жиынтық
көрсеткіш.
1,2,3,4,5
–суреттерге талдау жасап көрсек барлық
өнеркәсіптің дамуы басым екені көрініп тұр [3].
Сондықтан барлық экономикалық аудандардың
индустриялдық - аграрлық аймақтар деп атауға болады.
Өндіргіш күштердің дамуы бойынша әр
әкономикалық аудандардың мамандануына айырмашылықтарды
байқаймыз. Мысалы: Батыс Қазақстан экономикалық аудан
бойынша мұнай - газ өнеркәсібі өндіріс
құрлымында басым болып келеді. Орталық Қазақстан
бойынша пайдалы қазбаларды өндіру, қара және
түсті металлургия өнеркәсібінің үлесі алда
келеді. Солтүстік Қазақстан ауданы бойынша ауыл
шаруашылығы және оның өнімдерін өңдеу салалары
жақсы дамыған. Шығыс Қазақстан бойынша
түсті металлургия және энергетика салалары жақсы
дамыған. Оңтүстік Қазақстан экономикалық
ауданында аграрлық өндірістік кешеннің салаларына
маманданған. Сондықтан әрбір ауданның
табиғаттық және экономикалық - әлеуметтік
ерешеліктерін ескере отырып болашақтағы экономиканың негізгі
даму бағыттарын және аумақтық ерекшеліктерін зерттеу,
талдау және белгілі бір ғылыми ұсыныстар жасау,
Қазақстанның экономикалық географиялық
ғылымының басты бағыттары болып есептеледі. Кейінгі кезде
бұл бағытта Республика бойынша зерттеу жұмыстары баяулап
кеткенін көреміз. Біздің ұсынысымыз бойынша тәуелсіз
Қазақстанның экономикасының дамуы, әсіресе
өндіргіш күштерінің орналасуындағы аумақтық
ерекшеліктерді зерттеу баяулап кетті. Оның басты себептері Республикадағы
экономикалық -географиялық бағыттағы мамандардың
дайындығының аздығы, ғылыми еңбектердің
баспаханадан аз шығуы, халықаралық, республикалық,
ауданаралық ғылыми конференциялардың азаюы себеп болды деп
ойлаймыз.
Қазақстанның
тәуелсіз жылдардағы экономикалық дамуы, әсіресе
оның аумақтық дамуы (облысаралық, ауданаралық,
қалааралық) бойынша ғылыми еңбектердің және
мамандардың азаюы себеп болды.
Кәзіргі
уақытта Қазақстанның экономикасының
дамуындағы аумақтық өзгерістерді зерттеу және
ғылыми ұсыныстарды жасау экономикалық география
ғылымының басты бағыты деп ойлаймыз. Бұл бағытта
халықаралық. республикалық, ауданаралық ғылыми
конференциялар өткізу кәзіргі заманның талабы деп
есептейміз.
1-сурет
Орталық Қазақстан
экономикалық ауданы бойынша ЖІӨ(процент %)
2-сурет
Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданы бойынша
ЖІӨ(процент %)

3-сурет
Батыс Батыс Қазақстан
экономикалық ауданы бойынша ЖІӨ(процент %)

4-сурет
Солтүстік Қазақстан
экономикалық аудан бойынша ЖІӨ(процент %)

5-сурет
Шығыс
Қазақстанэкономикалықауданыбойынша ЖІӨ(процент %)

Әдебиеттер тізімі
1.А.Ю. Скопин. Введение в
экономическую географию. М./ВЛАДОС.2001-С. 25.
2. М.Кожахмет.
Қазақстан Республикасының экономикалық және
әлеуметтік географиясы.Қарағанды –2006.С 185-188.
3. Смайлов О.Тәуелсіздік
жылдардағы Қазақстан статистика агенттігі 1990- 2009 жж.