ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫН ОҚЫТУДА ТАРИХИ
КӨРКЕМ ФИЛЬМДЕРДІ ҚОЛДАНУ
Қаржаубаева Гульнара Аристанбековна
Тарих және география пәні
оқытушысы
Маағыстау энергетикалық колледжі
Қазақстан, Маңғыстау облысы,
Ақтау қаласы
Тарихқа
қатысты пәндерді оқыту жүйесінде көркем
фильмдерді пайдалануға үлкен мүмкіндіктер бар. Әлемдік
кинематографияда дүниежүзілік тарихтың кез-келген дәуірі мен әрбір маңызды
оқиғаларына байланысты кинотуындылар жеткілікті. Оған
көркем фильмдерден басқа, деректі фильмдер, анимациялық
туындыларды жатқызуға болады. Мысалы, Тюдор әулетінің
билеуіне туралы ағылшын сериалы, Спартак көтерілісі мен Екінші
Ұлы Отан соғысы туралы сериалдар мен фильмдер жеткілікті. Алайда,
Қазақстан тарихын оқыту барысында мұндай фильмдер
саусақпен санарлық. Оқытушылар осы тарихи фильмдерді
жинақтап, студенттермен бірге талқылап, тарихи анализ жасауға
үйретуге болатын көрнекі құрал ретінде пайдалануына
болады.
«Қазақфильмнің»
тарихында Қазақстанның тарихына тікелей байланысты, тарихи
детальдар жақсы көрсетілген бірнеше фильмдер бар.
Фильм атауы |
Жылы және режиссері |
Қазақстан тарихындағы оқиға |
«Көшпенділер» |
2005 жыл Сергей Бодров |
Абылайдың хан болуы, автобиографиясы, жоңғар
шапқыншылығындағы Қазақ хандығыынң
жағдайы мен ішкі тартыстары |
«Артымызда Мәскеу» |
1967 жыл Мәжит Бегалин |
Ұлы Отан соғысы |
«Отырардың күйреуі» |
1999 жыл Ардақ Амирқұлов |
Монғол шапқыншылығы,
ортағасырдағы қалалардың жағдайы |
«Мұстафа Шоқай» |
2008 жыл Сатыбалды Нарымбетов |
Ұлт қайраткерінің өмірбаяны
арқылы қазақ халқының сол
кезеңдердегіжағдайы баяндалады |
«Амангелді» |
1938 жыл Моисей Левин |
«Қазақфильмнің»
тұңғыш дыбысты фильмінде 1916 жылғы
ұлт-азаттық көтерілістің себептері мен дамуы туралы
көрсетіледі |
Кесте 1. «Қазақфильм» студиясының ірі тарихи фильмдері
Әрине
жоғарыдағы кестеде тарихи көркем фильмдердің бірнешеуі
туралы ғана сипатталды. Сонымен қатар ірі-ұсақты
деректі фильмдерді қосатын болсақ оқытушының Қазақстан
тарихы пәнінде көркем фильмдерді қолдана отырып,
сабақты оқытуға үлкен мүмкіндіктері барын
көреміз.
Пәнаралық
байланыста тарихи көркем фильмдердің маңызы өте
жоғары. Мысалы
«Көшпенділер» фильмін талдау барысында студенттер Ілияс
Есенберлиннің кітабын оқып, қазақ әдебиетінен де
білімін молайтады. Көптеген тарихи фильмдер қазақтың
ұлы жазушыларының атақты кітаптары мен туныдыларына
негізделген. Мысалы:
·
Бауыржан Момышұлы: «Артымызда Мәскеу»
·
Мұхтар Әуезов: «Қараш-Қараш оқиғасы»
·
Мұхтар Шаханов: «Отырардың күйреуі»
·
Әбдіжәміл Нұрпейісов: «Қан мен
тер»
Әрине,
тарихи-танымдық мақсатта «Мұстафа Шоқай»,
«Құнанбай», «Біржан сал» сынды қазақ фильмдерін көргеніміз әдеби
көкжиегімізді кеңітіп қана қоймай, қазақ
киносы туралы ойымызды байыта түсері анық. Тарихи шығарманы экрандау –
кинематографияда кең етек алған тәсілдің бірі екені
белгілі. Қазақ киносындағы экрандалу фольклорлық
шығармалар мен қазақ әдебиетінің заңғарлары М. Әуезов, С.Мұқанов,
Ғ.Мүсіреповтермен байланысты. Одан беріде Ә.Нұрпейісов,
О.Сүлейменов, Ә.Тарази, Д.Исабеков, С. Елубаев сынды
ақын-жазушылардың шығармалары экранда көрініс тапты.
Осы аталып отырған есімдер қазақ киносының даму
үдерісіне, бүгінгі деңгейіне жетуіне зор үлес
қосқаны анық.
Қазақ
киностудиясы алғашқы ұйымдасқан кезінен бастап 100-ден
астам көркем фильм және 500-дей деректі фильм шығарды.
Бұл фильмдер тақырыбы жағынан әр алуан. Экранға
қазақ халқының өткен өмірін
көрсететін,“Абай әні” (1946), “Шоқан Уәлиханов” (1957),
“Қыз Жібек” (1972), “Сұлтан Бейбарыс” (1989), “Отырардың
күйреуі” (1992), “Жамбылдың жастық шағы” (1996), т.б.
картиналар «Қазақстан тарихы»
пәнінде кеңінен қолдануға болатын танымдық
материалдардың ролін атқара алады
Жалпы, кино 4 салаға бөлінеді:
көркем фильм, деректі, мультипликациялық және
ғылыми-көпшілік кино. Көркем фильм кино өнерінің
негізгі және кең таралған түрі. Ол әдеби
шығарма желісі немесе арнайы жазылған сценарий бойынша
актерлердің қатысуымен жасалады. Мұндай фильмдерге
жоғарыда аталған кинолардың барлығы кіреді. Деректі
киноға тарихта, өмірде болған мәні зор
оқиғаларды баяндайтын фильмдер мен киножурналдар жатады.
Кез
келген қоғамда деректі киноның орны ерекше. Себебі бұл
кинолар-сол қоғамның тарихы. Өткені мен бүгінін,
мәдениеті, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыпын
келешек ұрпаққа қалдыру. Әр деректі кино бір
оқиғаның куәсі. Мәселен, «Ұлылардың
ұрпағы». Туындыда ғалым Құдайберген
Жұбановтан бастап Ажар Жұбановаға дейінгі бір
әулеттің тарихы көрсетілген, «Қазақтың
Бауыржаны», фильмді үкімет тапсырысымен Бауыржан Момышұлының
100 жылдық мерейтойына арнап режиссер Қалила Омаров түсірді,
«Қазақстан Ұлы Отан соғысында»(1985), «Қарасаздан
шыққан мұңлы ақын»(1991) және т.б.
«Қазақфильмның» соңғы деректі киносы
Қазақтың біртуар ақыны Қасым Аманжоловтың
100 жылдығына арнаған туындысы. Қазіргі таңда жас
ұрпаққа ХХІ ғасыр деңгейінде жан-жақты
білім беру күн тәртібінде тұрған өзекті
мәселелердің бірі болып отыр. Елбасының білім беру
жүйесіне жасап отырған нақты қамқорлығы
өз кезегінде бізге нақты міндеттерді де
жүктейді.Мұғалім тек өз пәнінің білгірі
болып қана қоймай, оқытудың инновациялық
әдістерін меңгеріп, әлемдік интернет жүйесін пайдалана
отырып күнделікті сабақта ақпараттарды пайдалануды
дағдыға айналдыруы қажет. Оқу орындарында оқышыларға немесе студенттерге
патриоттық тәрбие беру мен дүниетанымын қалыптастыруда
тарихшы мұғалімдердің орны ерекше.
«Қазақстан тарихы» оқу пәні ретінде жалпы негізгі білім беретін
барлық гуманитарлық және қоғамтанушылық
курстардың негізін құрайды. Сондықтан осы пәнді оқытуда
жаңашылдық пен өнерді байланыстыруда тарихи көркем
фильмдердің алатын орны ерекше болып табылады.
ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. А. М. Оңғарбай Тарих
сабағында сыни тұрғыдан ойлау стратегиясын қолдану.
«Қазақстан тарихы» 03.03.2006 №3 14-15 б.
2. Б. Әбдіғұлова
«Тарих сабағында оқытудың инновациялық әдістерін
қолдану жолдары». Қазақстан тарихы. 2009, №6
3. «Қазақстан»:
Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл