Мырзахмет Ғ.К.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті,
Қазақстан
ҚАЗАН
ТӨҢКЕРІСІНЕ ДЕЙІНГІ СЫР ӨҢІРІНІҢ
ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ АХУАЛЫ
Киелі
Сыр елі атам заманнан адамдар көптеп қоныс тепкен жер. Сырдария
өзенінің арқасында бұл жерлерде ондаған
қалалар орналасып, ондаған мың гектар жерлерде егіс егілген.
Бір ғана мысал, Арал теңізі тартылып, Барсакелмес аралына дейінгі
жерлер құрғап қалғанда оның табанынан
бұрын игерілген орны айқын көрініп жатқан ондаған
мың гектар жерлер, ол жерлерге су апаратын ені он метрден асатын бірнеше
каналдардың орны көрінді. Бұған қоса осы
жерлерден табылған қала орнында ені 90 сантиметрдей болатын
көптеген диірмендер табылды. Бұл дегеніміз осы жерде
мыңдаған, тіпті ондаған мың адамдар өмір
сүргенін көрсететін дәлел. Бұл Сырдарияның ең
төменгі ағысындағы жағдай, ал археологиялық
зерттеулер нәтижесінде Сырдың барлық бойында көптеген
қалалар, ауылдар орналасып, онда суармалы егіншілікпен айналысқан
ондаған, жүздеген мың адам тұрғаны
анықталды. Кейін ол қалалардың көбісі тарихтың тәлкегіне
қарай қирап, халықтың біразы көшпелі мал
шаруашылығымен айналысса да, Сыр бойынан халық арылған емес.
Сыр бойы Ресей
қоластына көшкеннен кейін бұл жерлерге Ресей
империясының басқа аймақтарынан қоныс алмастырушылар
көбейді. Патша үкіметінің қазақ жеріне
қоныс аудару саясатын үш кезеңге бөлуге болады: 1)
60-шы жылдар – бұл кезеңде казактардың қоныс тепкен
Орал, Сібір жерлеріне және Қоқандар қуылған
Сырдария, Жетісу жерлеріне Ресейдің ішкі аймақтарынан қоныс
аудару патша үкіметінің қолдауымен жүргізілді. 2) 70-ші
жылдар – бұл кезеңде қазақ жеріне қоныс
аударуға үкімет тарапынан тиым салынды. Алайда қоныс аудару
бәсеңсігенмен тоқтаған емес. 3) 80-90-шы жылдар –
бұл кезеңде Ресей шаруаларына өз бетінше
үкіметтің көмегінсіз қазақ жерлеріне
қоныстануға рұқсат етілді.
1866 жылдың 12
маусымында Сырдария облысына Ресейдің ішкі аймақтарынан қоныс
аударушыларды жайғастыру мәселесі бірінші рет көтерілді.
«Қанша адамды қоныстандыра аласыз» деген сұрауға
Сырдария облысындағы форттардың ішінде тек Жөлек
фортының басшысынан ғана «100 жанұяны қабылдаймыз» -
деген жауап келді. Басқалары мүмкіндігіміз жоқ деп жауап
берді. 1867 жылы Кауфман генерал-губернатор қызметіне кіріскеннен Сыр
өңіріне сырттан келушілер
саны көбейді.
Патша үкіметі
Орынбор-Ташкент жолын қамтамсыз ету үшін жол бойында
отставкаға шыққан солдаттармен шаруалардан селолар тізбегін
салуға тырысты, алайда шаруалар жер шаруашылығына
құнарлы жерлер іздеп Сыр бойына келуге аса
құлықты болған жоқ. Осының салдарынан ХІХ
ғасырдың 70-80 жылдарына қарай Қазалы уезінде селолар
болған жоқ, ал Перовск уезінде 174 жанұя 4 селоға
қоныстанды.
Астық шықпай
қалған 1891 жылы Ресейден ретсіз көшіп келушілер
көбейген кезде Сырдария облысында оларды қоныстандыратын 6
уақытша қоныстандыру комитеттері құрылды. Олардың
екеуі Перовскі мен Қазалыда орналасты. ХІХ ғасырдың
соңында Сыр өңірін мекендеген жанұяларда бала туу
деңгейінің қазақтар арасында көп болуына
байланысты қазақтардың үлес салмағы жоғары
болды. Мысалы 1867-1876 жылдары Сырдария облысындағы табиғи
өсім 7,8℅ құраса, Орал қазақтары
көптеп қоныстанған Оралда 5℅ құраған.
1877-1886 жылдары Сырдарияда – 14,4℅; Оралда 6,2℅; 1887-1896
жылдары Сырдарияда – 4,6℅; Оралда 6,2℅ құраған.
Соңғы мәліметтегі ара-қатынастың өзгеруіне
себеп – мал шаруашылығындағы жұт және эпидемиялық
аурулардың көбеюі. Казактар қоныстанған жерлерде
әскери госпитальдардың көп болуы денсаулық
жүйесінің жоғары болуына әкелді, ал көшпенді мал
шаруашылығымен айналысатын қазақтар ауылында
медициналық көмектің болмауы қазақтардың
көптеп өлуіне әкелді. Өлкеде 1 жасқа дейінгі
балалардың өлімі өте жоғары болып, бір
мыңға шаққанда 240-340 нәресте өлетін.
ХХ
ғасырдың 70 жылдары Перовск уезінде 100.090 адам тұрса,
оның 100℅ қазақтар болған; Қазалы уезінде
62 266 адамның 99,23℅ қазақтар, 200-і орыстар
болған екен. Екеуін қосқанда 162.356 адам. [1,124 бет]
Байқап отырсаңыздар Сыр өңірінің ыстығынан
қашқан болу керек, орыстар я басқа ұлттар, бұл
жерлерге қоныстануға әсіре ынта білдірмеген. Алайда, орыс
әкімшілігінің нығаюы, Орынбор мен Ташкент арасындағы
жол қатынасының орнауы бұл жерге орыс тілдес басқа
ұлт өкілдерінің көптеп келуіне жағдай жасады. 1897
жылғы Бүкіл Ресейлік санақ өткенде Перовск уезіндегі
халық саны 133.663-ке, Қазалы уезіндегі халық 140.541-ге
жетіп, қазіргі Қызылорда облысының шекарасындағы
халық саны 274.204-ке жеткен. Перовскіде 1000 орыс 0,75℅; 100
украин 0,09℅; Қазалыда 2 800 орыс, 2℅; 100, украин
ұлтының 0,07℅ өкілдері тұрған.
1916 жылғы
Қазақстандағы көтеріліс қарулы формада ғана
емес, патша әкімшілігінің бұйрығын орындамау,
көшіп кету түрінде де байқалды. Осының себебі болу
керек, көтеріліс ошақтары қатты байқалмаған Сыр
өңірінде де халық санының күрт кемуі
байқалды. 1916-1917 жылдары
Перовск уезінің қазақ ұлты халқы 178,5
мыңнан 151,5 мыңға, яғни 27 мың адамға,
Қазалы уезіндегі қазақтар 240,5 мыңнан 122,6
мыңға, яғни 117,9 мыңға кеміді. Тарихта
көтеріліс ошақтары белгіленбеген 2 уездегі қазақтар
саны 1 жылда 144,9 мыңға кеміп кетті.
Қазақстанның басқа
өңірлерінде бұндай жағдай Қытаймен
шекаралас аймақтарда ғана және Орта Азиядағы
қазақ диаспораларында байқалды.
Бұлда патша
әкімшілігінің ішкі саясатына наразылық білдірген Сыр өңірі
халқының қарсылық акциясы болды. Патша әкімшілігі
қазақтарды «тыл жұмысына аламыз» деп қазақ
айтқандай «артық қыламын деп тыртық қылып алды».
Тыл жұмысына қазақтарды алғанды былай
қойғанда І-ші дүниежүзілік соғыс кезінде
майданға әскер жетпей жатқанда, қазақ
даласындағы көтеріліс қайта көтеріле ме деп
қорқып патша үкіметі қазақ жерінде ондаған
мың әскер ұстауға мәжбүр болды.