ӘОЖ 7.048

 

ЖАСАНДЫ КИІЗ МАТАДАН ӘЗІРЛЕНГЕН ӘЙЕЛДЕР ЖИНАҒЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

 

техника және технология магистрі, аға оқытушы Р.А.Пернебаева

М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті,Тараз қаласы

техника және технология магистрі, аға оқытушы А.Б. Муслимова

Тараз инновациялық-гуманитарлық университет,Тараз қаласы

ЖӨБТҚ» мамандығының 2 курс студенті Ыслам А.

М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті,Тараз қаласы

 

 

 Бүгінгі жаһандану кезінде, қазіргі жер жүзіндегі халықтардың көпшілігі ұлттық көркем ерекшеліктерімен айқындалады. Демек, қазақ этносының тілі мен діні, ұлттық психологиясы мен дүниетанымы, мәдениеті, оның ішінде киім пішінінің озық үлгісінің сақталуы, дамуы қазіргі кезеңнің кезек күттірмейтін мәселесінің бірі болып табылады.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев бекіткен «Мәдени мұра» бағдарламасының басты міндеттері ретінде «...қазіргі таңдағы ұлттық мәдениетті, ауыз әдебиетін, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерделеу бүгінгі күннің негізгі мақсаттарының бірі болып келетінін» атап көрсетті.

Еліміздің тәуелсіздік даңғылындағы дәстүрлі қазақ мәдениетіндегі киімдердің мән-мағынасын айқындаудың өзектілігі қазіргі өркениет мәдениетінде туындап жатқан объективті-әлеуметтік және субъективті-психологиялық қайшылықтар жағдайынан көрініс табады. Өркениет жағдайында ұлттық киімнің дизайны көркемдік, мәдени-рухани, әлеуметтік тарихи заңдылығы, ерекшілігі өзіндік маңыздылығы мен өзектілігі қазіргі жаһандау дәуірінде арттыра түсуде. Демек, халықтың рухы мен мәдени дәстүрінде жинақталған ұлттық ерекшеліктер әр ұлттың бейнесіне қарай, оның бейнелі тұрақты нақыштарының дара қасиеттері рәміздік белгі категорияларының ұлттық ойлау жүйесімен игеріледі.

  Киімнің өң бойындағы ұлттық нақыштың бейнелі кесінін біртұтастық және пәнаралық тәсілдеріне қарай талдау және жіктеу, қазақ мәдениетіндегі қазақ киімінің өмір сүру кезеңдеріндегі тарихи ерекшелігін, әлеуметтік жағдайын қазіргі өзекті мәселелерде айқындауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, киімнің тарихын оқыту, бағалау және ұғыну кезеңдері де жеке тұрғыдан алғанда маңызды үрдісті құрайды. Киімнің пайда болуы мен дамуы дәуір тарихымен өзара байланысты екендігі зерделеп, сол уақыттың өзіндік феномені – адам мен мәдениет феномендері тарихи принцип тұрғысынан талдау. Киім адамның өмір сүруіне аса қажетті негізгі құралдардың бірі бола отырып, белгілі дәрежеде олардың жас айырмашылығы, әлеуметтік жағдайы мен эстетикалық ортасы туралы мағлұмат беретін этномәдени белгі екендігін дәстүрлі мәдениеттегі ұлттық үлгілерінің дүниетанымдық белгі қырларын семиотикалық тұрғыдан ажырату арқылы құндылықтық маңызын анықтау. Киім – адамның сыртқы келбетін оның бөлшектерінде анықтап, жасанды өзгерте алатын немесе дененің сәйкестік бірлігін құрайтын жалғыз жүйе.

Киім адамның өмір сүруіне аса қажетті негізгі құралдардың бірі бола отырып,белгілі дәрежеде олардың жас айырмашылығын,әлеуметтік жағдайы мен этникалық ортасы туралы мағлұмат беретін этномәдени үлгі.

       Адамдар табиғат жағдайы мен әртүрлі жәндіктердің шағуынан қорғану үшін денелеріне саз балшық, батпақ, май жаққан. Кейін бұларға өсімдік бояулары-жоса,кармин (шымқай қызыл бояу), құрым, индиго (қара көк бояу), ізбес қосып эстетикалық мақсатта әртүрлі тәсілмен денеге сурет салынған.Уақыт өте келе осал бояулар терінің астына өтетін бояу әдісімен –таңбалау(татуировка) ауыстырылған. Нақ осылай бастарына құстардың қауырсынын, аңдардың терілерін, тістерінде қорғаушы элемент және киімнің символдық бөлігі ретінде таққан. Адамзат палеолит-тас дәуірінде тігіссіз байланатын лыпа киімдерді пайдаланумен қатар сүйек ине, сүйек бізді қолданып тері және тоқыма киім-кешек жасап, киіну мәдениетінің  басқа да түрлерін қалыптастыра бастаған.Алғашқы қарапайым киімдер  жай ғана байланатын немесе түйрелетін болған.Тас дәуірінің соңын ала адамдар қолға үйреткен мал жүнін, аң терілерін жабайы өсімдіктердің жапырақтарын, қабықтарын пайдаланудың жолын тауып ,жабайы кендір сияқтыларды есіп, мал жүндерін иіріп, сүйектерден ине жасап, бастарына бүркеніш, үстілеріне жаға, жеңсіз тері киім, белге орайтын алжапқыш, аяққа тартатын тері шақай сияқты біршама тұтас тері киімдерін тіге білген.

Неолит дәуірінде өру, иіру және тоқу кәсібі дамып, иықтан мыққыннан киілетін киім түрлері пайда болды.

Еңбек бөлінісі күшейіп,адамдар мал, аң терілерін илеп мәнерлеу,жүн иіру,тоқыма тоқу, бояу жасау, тас күйдіріп металл өңдеуге қол жеткізген заманаларда киім-кешек түрлері де кемелдене, түрлене түсті.

Қазіргі кезде киіздің орнына жасанды киіз қолданылып жүр.Жасанды киіз ені енді, енсізде және біртұтас ақ немесе түрлі- түсті де болып келеді.Жасанды киізден тігілген әйелдер жинағының ерекшелігі  киіз қалың болғандықтан пішінді жақсы сақтайды.Бұйымға ерекше сән береді. Жасанды киізден тігілген әйелдер жинағының тігістері торланбайды, себебі мата сетінемейді. Әйелдер жинағын тігуде көбнесе жапсырмалы бастырма және түйістіру тігістері қолданылады.

 Әйелдер жинағының негізін ақ, ал ою-өрнектерін түрлі-түсті болса, бұйым сәнді болып көрінеді.

Сонымен қатар жасанды киізден ұлттық стильде бас киімдер, тұрмыстық бұйымдар, сыйға тарту ететін кәделер жасалынады.

         Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу дәуірінен бергі ұлттық киім үлгілерін танып-білу арқылы мәдени құндылықтармен, халықтық дәстүрлер және жаңашылдық белгілерімен тереңірек таныстырып, насихаттау; Ұлы Дала жеріндегі мәдени ықпалдастықтың тарихи тамырларын ашып көрсету.

     Оюмен өрнектеліп, жасанды киіз матадан әзірленген әйелдер жинағының жасаудың міндеті қазақ жеріндегі этностардың мәдени дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына қызығушылық пен құрмет қалыптастыру; ұлттық киім үлгілерінің теңдессіздігіне, халықтың этникалық ерекшелігі мен сан алуандығына назар аударту; Қазақстанның тарихи-мәдени мұраларының қайталанбас ерекшеліктерін паш ету; жастардың күнделікті киім үлгілеріндегі этникалық белгілері насихаттау.

Сонымен, ұлттық киім - көне мұралардың құндылығын ұлттық сипатта дәріптейтін дәстүрлі қазақ мәдениетінің көрсеткіші. Қазіргі заманауи кезінде ұлттық киім үлгілерінің дизайнын жаңа үлгіде – материалды мәдениеттің құрамдас бөлшектері ретінде айқындап, этномәдениетінің тұрақтылығын сақтау. Қазақ киім үлгілерінің конструкциясын, бейнелі ұлттық нақышын, рухани-әлеуметтік болмысын, ерекшеліктерін, көркем эстетикалық құндылығын мәдени-өнертанулық тұрғыдан талдап, жүйелендіру қазіргі болашақ ұрпақ тәрбиесінде дәстүрлі тұрғыдан паш ету.

 

Қолданылған әдебиеттер

1. Асанова С., Птицына А. История казахского народного костюма и прикладного искусства - Алматы, Тауар, 2005 – 220 с.

2.  Асанова С.  Қазақтың ұлттық киімдері Оқулық / С. Асанова.- 2008.

3. Асанова  С. История казахской национальной одежды и прикладного искусства [Текст]: Учебник / С. Асанова.- 2008.

4. Буткевич  Л.М. История орнамента [Текст] / Л.М. Буткевич.- М., 2008.