Тоқтыбаева Гүлжахан Сәулебекқызы
Академик Е.А.Бөкетов
атындағы Қарағанды мемлекеттік универитеті,
аға оқытушы,
педагогика ғылымының магистры
Сызу пәнін оқытудағы
мультимедиялық көрсетілім
ХХІ ғасырда ақпараттанған
қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін
білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр:
компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық
және телекоммуникациялық құралдарды, интерактивті
құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу
үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.
Білім
жүйесінің сапасын арттыру, бүгінгі болашақ
жастардың оқу орындарының қабырғасынан бастап
бәсекелестікке белсенді, өз бетімен шешім қабылдай алатын,
өз тағдырына және отбасымен қоғамның алдында
жауапкершілікті сезінетіндей тұлғаны дайындап шығару болып
табылады.
Бүгінгі
бітіруші түлек – ол құзіреттілік кілтіне ие
тұлға. Олардың құзіреттілігін қалыптастыру
кез-келген оқу орнының басты тапсырмасы.
Сондықтан
тек қана дәстүрлі оқыту тәсілдерін қолдану
арқылы бұл мәселені шешу мүмкін емес. Оның
шешімін табуда оқыту барысында ақпараттық-коммуникативтік
технологияларды қолдану болып табылады.
Құзіреттілік
– бір нәрсені меңгерген білімімен, жан-жақты ойлауымен
таразылау. Бұл тұлғаның бірнеше
сұрақтарға өмірлік ұстаныммен жетістікке жетуді
меңгертеді [1].
Құзіреттілік
кілті – кәсіби және кәсіби емес саладағы адамның
жан-жақты қажеттілігін шешудегі жаңаша заманауи
көзқараста оның «жетістікке жету кілті» .
Сызу
сабақтарында оқушылардың құзіреттілігін
қалыптастыруда мынаған көңіл бөлу керек:
Әлеуметтік
құзіреттілік – қоғамның даму стратегиясын
қалыптастыруда тұлғаның білімін, дағдысын,
іс-әрекеттерін күнделікті жеке және кәсіби
әлеуметтік тапсырмаларды тәсілдерін қолданып шешу.
Ақпараттық
құзіреттілік – бұл ақпараттық
технологиялардың көмегімен өз бетімен іздену, сараптау,
таңдау, өңдеу және қажетті ақпаратты беру.
Өзін-өзі
дамыту құзіреттілігі – бұл тұлғаның
өзін-өзі басқару, дайындау қабілеттілігі.
Техника
тілін түсіну - қазіргі заман талабы. Заман талабына сай
білімнің сапасын арттыру үшін, алға қадам
жасауға, толыққанды білім алуға қол жеткізуге
үлесімізді қосуымыз керек. Қазіргі нарықтық
экономикадағы табыстар мамандардың біліміне, біліктілігіне
байланысты. Сондықтан біздің негізгі мақсатымыз, тек
Қазақстанның ішінде ғана емес, әлем
деңгейінде бәсекеге қабілетті жаңа мамандарды дайындай
білуіміз керек. Осы тұрғыда біліктілікті заман ағымының
жаңа технологияларын белсенді түрде жете меңгерсек,
жаңа егемен еліміздің ұрпағын жаңа білім
нәрімен сусындатып, саналы тәрбие, сапалы білім алуына айқара
жол ашамыз [2].
Мультимедиялық құралдарды
компьютерлік техникамен сызуды
оқыту үдерісіне пайдалануда оқытудың мынадай
жалпы ұстанымдарын қолдануға тура келеді:
- өзара тығыз байланыстағы
материалдарды этаптарға бөлу (қадамдарға). Ал
мұғалімнің оқу материалдарын тиянақты талдауды,
этап бөліктері арасындағы өзара байланыстың
ерекшеліктері мен мазмұнын анықтауды талап етеді.
- заттардың сызбасын тұрғызу кезінде оқушылардың
белсенділігін арттыру, яғни оқушылардың терең де,
жан-жақты талдаулар машығын қалыптастыруға
бағытталады.
- оқушының
әрбір жауабына мұқият баға беру және ол жауаптың бағасын тез хабарлап,
дұрыс жауап берген болса келесі қадамға көшу.
- оқудың
қарқыны мен мазмұнын арттыру, яғни оқу
қарқынын дараландырып отыруды қамтамасыз ету.
- оқушылардың
этап бойынша кеңістіктік графикалық ойлау қабілеттерін
дамыту, сенімділігін тексеру, яғни әрбір оқушының
мүмкіндігіне қарай тапсырманың қиындық
дәрежесін реттеуді қарастыру.
Сызба
жұмыстарын орындауда слайд-презентацияны қолдану
оқушылардың білім сапасын арттырады, көрнекі
құралды пайдалана отырып, мұғалімнің жетегімен,
оқушылар өздігінен оңай қорытындылар жасай алады.
Оқылатын
материалды слайд-презентацияны қолдану арқылы иллюстрациялау, баланың санды үйренудегі бірінші адымы сурет қараудан
басталғандай, оқушылардың көз алдынан заттардың
сызбасын бірізділікпен орындай отырып, логикалық ойлауларын дамытумен
қатар, графикалық білімдерін, дағдыларын,
іс-әрекеттерін қалаптастырады [3].
Қазақстан
Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру
жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы
адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және
кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін
қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа
технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру,
халықаралық ғаламдық
коммуникациялық желілерге
шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін
көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін, әрбір білім беру
мекемедегі ұжымының, әрбір мұғалімнің
күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен
қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық
жаңа практикаға, жаңа қарым-қатынасқа
өту қажеттігі туындайды.
Қазіргі
кездегі жоғары білім беру қоғам талаптарын
қанағаттандырудың бірнеше жүйелерін қарастырады,
яғни ғылымды, білімді және өндірісті интеграциялау
түрі ретінде ғылыми оқу-өндірістік кешендер
құру; оқытуды және студент еңбегін дараландыру,
білім беруді ізгілендіру; оқытушылардың кәсіби
даярлығына жоғары талап қою, жоғары оқу орнында
болашақ мұғалімдерді даярлау мен олардың кәсіби
деңгейін көтеруде педагогикалық мұғалімдерді
жаңа технологиялар негізінде көтеру. Мұндай үдеріс
әлемнің түрлі елдерде өздерінің
ұлттық ерекшеліктеріне, экономикалық жағдайына, білім
беру жүйесінің дәстүрлеріне қарай
әртүрлі деңгейде көрініс тапқан.
Жеке
тұлғаны жан-жақты дамыту шеңберінде білім берудің
мақсаты мен мәнінің өзгеруі «білім беру технологиясы»
деп алатын жаңа ұғымның пайда болуына ықпал етті.
Бұл ұғымның мәнін білім беру үдерісін
өздігінше дамытатын жүйе деп түсінуге болады, онда білім
алушылардың қызметі жетекші фактор болып табылып, оқыту
мұғалім мен білім алушының субьектаралық өзара
әрекетін қарастыратын және олардың мүмкіндіктерін
қамтамасыз ететін рефлексиялық басқару ретінде
көрінеді.
Біз
бейбіт елде, мемлекеттік білімді жетілдіруге аса мән берген елде
тұрамыз. Жалпы білім берудің мақсаты – терең
білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін
бағдарлай білуге, өзін - өзі дамытуға адамгершілік
тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті
жеке тұлғаны қалыптастыру, яғни жеке
тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпаратты
технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға
лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру [4].
Бәсекеге
қабілетті болу тікелей білімге байланысты. Біз жаңа
технологияға, жаңа өркениетті дамуға байланысты
басқа өркенді елдердің көптен бері пайдаланып келе
жатқан нитерактивті құралдарды қолданып отырмыз.
Бұл – біздің Қазақстаннның алға
қарай жылжуының нышаны
болып табылады. Ғылыми білім беруде интерактивті тақтаның
мүмкіндігі мол. Интерактивті құралдарды қолдану
арқылы оқушы білім кеңістігіне еркін бойлай алады.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1
Педагогика. Дәріс курсы. Алматы: «Нұрлы Әлем», 2003.
2 Потемкин А. Е. Твердотельное моделирование в
системе КОМПАС – 3D. –
СПб.: БХВ-Петербург, 2004. – 512 с.,
3 Гершунский
Б. С. Компьютеризация в сфере образования: Проблемы и перспективы. – М.:
Педагогика, 1987. – 264 с.
4. Кудрявцев Е.М. КОМПАС 3D проектирование в
архитектуре и стройтельстве . –
Москва: Изд-во ДМК, 2008.