ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ
ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ
ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
|
|
БЕКІТЕМІН Кафедра
меңгерушісі
Жұмабаева Ә.Е. ___________________________ «____»____________2013ж. |
«Мектеп
жасына дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі»
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
5В010100 - Мектепке дейінгі оқыту және
тәрбиелеу
Алматы, 2013ж.
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
5В010100 - Мектепке
дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы
бойынша жоғары кәсіби білім берудің Мемлекеттің
жалпыға міндетті стандарты;
«__»______ 2013ж. бекітілген «5В010100 - Мектепке дейінгі
оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша жұмыс
оқу жоспары негізінде дайындалды.
Дайындағандар:
Қызметі Еркебаева
С.Ж.
Кафедра меңгерушісі Жұмабаева Ә.Е.
«____» _________________ 2013 ж.
Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің
мазмұнының тізімдемесі
|
№ |
Құжаттаманың атауы |
Беті |
1
|
Силлабус
|
|
3
|
Пәннің жұмыс
оқу бағдарламасы
|
|
4
|
Дәрістер тезистері
|
|
5
|
Семинар, практика,
зертханалық және студиялық сабақтардың
жоспарлары және қысқаша сипаттамасы
|
|
6
|
Зертханалық және
студиялық сабақтарды орындаудың әдістемелік
нұсқауы
|
|
7
|
Пәннің
оқу-әдістемелік жабдықтау картасы
|
|
8
|
Білім алушылардың
өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру және
басқаруға арналған материалдар:
СОӨЖ-на арналған
тапсырмалар;
СӨЖ-на арналған
тапсырмалар;
|
|
9
|
Білім алушылардың білімін
(пәндік біліктілігінің қалыптасу деңгейін)
мониторингілеуге және бақылауға арналған
материалдар:
тестілік тапсырмалар,
ағымдық, рубеждік және аралық
бақылауға арналған тапсырмалар
|
|
10
|
Оқытушылардың ресми
дайындалған оқу және оқу-әдістемелік
құралдары (жарияланған жағдайда)
|
|
11
|
Тізім:
қажетті жабдықтар
(зертханалық, лингафондық, ОҚТ,
мультимедиялық және
т.т.),
программалық
қамтамасыздандыру,
көрнекі
құралдар.
|
|
12
|
Оқу әдебиеттері
және/немесе электрондық тасуыштардағы материалдар, интернет
көздері
|
|
13
|
Глоссарий
|
|
14
|
Тағы басқалары
|
|
|
|
СТУДЕНТТЕРГЕ
АРНАЛҒАН ПӘН СИЛЛАБУСЫ |
1. Пән туралы
ақпарат
|
Пән атауы Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту
әдістемесі |
Пән
коды MZhDBTDA 1302 |
Кредит саны 2 |
1-курс,
2ж 1-семестр |
|
Мамандық аты Мектепке дейінгі
оқыту және тәрбиелеу |
Мамандық
шифры 5В010100 |
Мектепке дейінгі
және бастауыш білім беру теориясы мен әдістемесі кафедрасы |
Педагогика
және психология институты |
|
Оқыту
формасы сырттай, ЖБ |
Оқыту
тілі қазақ |
||
|
Пәнді
өткізу уақыты және орны: |
|||
|
Консультация
уақыты: |
|||
|
Рубеждік
бақылау кестесі: |
|||
|
Оқытушының
аты-жөні, лауазымы, дәрежесі, атағы оқытушы Еркебаева С.Ж. |
Контактілік ақпарат(телефон, e-mail) 8777- 317-18-47, |
||
|
Оқытушы қолы |
Кафедра меңгерушісі Жұмабаева Ә.Е. |
||
2. Пәннің қысқаша сипаттамасы.
«Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі»
пәні мәнерлеп оқу практикумы бөліміне арналады.
Пәнді оқытудың мақсаты мәнерлеп оқу туралы
теориялық білімді, сөйлеу техникасы, тілдік мәнерлеу
құралдары туралы білімдерді, ана тілінің
лингводидактикалық және психофизиологиялық негіздерін
терең ұғындыру, балалармен ұйымдастырылатын
жұмыста тиімді қолдана білуге төселту болып табылады.
«Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту
әдістемесі» пәнінің
негізгі міндеттері:
- студенттердің
мәнерлеп сөйлеу техникасы мен мәнерлеу екпінін арнаулы
жаттығулар барысында үйрету;
- мәнерлеп
оқу дағдыларына, түрлі жанрдағы көркем
шығармаларды орындау, талдау, дағдыларын қалыптастыру;
- әдеби жанр
ерекшеліктерін терең түсінуге баулу, әдеби танымдарын дамыту;
- әр топ бойынша берілген көркем
шығармалардың мазмұнын талдау;
- сөйлегенде, оқығанда дауысты
құбылта білуге дағдыландыру;
- ғылыми-педагогикалық негізде мәнерлеп
оқудың тиімді әдістері мен тәсілдерін таңдай
білу;
- студенттердің тіл мәдениетін жетілдіру;
«Мектеп
жасына дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі» пәнін оқу негізінде
студент:
- дыбыстау мүшелері, олардың қызметін;
- мәнерлеп оқудың
амал-тәсілдерін;
- шағын фольклор жанр шығармаларын (ертегі,
мысал, өлең. т.б.) оқып, талдауды;
- көркем шығарманы кейіпкерлендіре білуі
және талдауды білуі керек;
-
ғылыми-педагогикалық негізде мәнерлеп оқу мен бала
тілін дамытудың тиімді әдіс-тәсілдерін таңдай білу;
-
сөйлегенде, оқығанда дауысты құбылта білу;
- әр топ
бойынша берілген көркем шығармаларды талдай білу дағдыларын меңгеруі керек.
3.
Пән пререквизиттері: Әдебиет,
Қазақ тілі,
Мамандыққа кіріспе.
4.
Пән постреквизиттері: Қазіргі қазақ тілі,
Тіл дамыту практикумы, Балалар әдебиеті, Қазіргі
заманғы білім беру технологиялары, педагогикалық практика.
5. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар.
|
№ |
Пән тақырыптарының
аталуы |
апта |
Аудиториялық
сабақтар |
Тапсырма түрі (сипаттамасы) |
Барлығы (90 сағ) |
|||
|
Дәріс
(сағ.) |
Сем. |
СОӨЖ |
СӨЖ |
|||||
|
1 |
«Мәнерлеп
оқу практикумы» тіл дамыту әдістемесі курсының
маңызды бөлімі. Мәнерлеп оқу курсының мақсаты, міндеттері мен
маңызы |
|
1 |
1 |
Көркем сөз оқу мен мәнерлеп
оқудың
айырмашылығын түсіндіру. Мәнерлеп оқудың
ерекшеліктерін талдау. |
Мәнерлеп оқу, көркем сөз
ұғымдарына берілген анықтаманы педагогикалық
сөздіктен жазып келу. Мәнерлеп оқу туралы ғалымдар
пікірлерін конспектілеу. |
9 |
|
|
2 |
Сөйлеу
техникасы. Сөйлеу
мүшелері. Сөйлеу техникасы туралы түсінік.
Мәнерлеп оқудағы сөйлеу техникасының
маңызы. |
|
1 |
- |
Сөйлеу мүшелері, оның дыбыстаудағы қызметін
нақтылау. Сөйлеу мүшелерін жаттықтыру жолын
түсіндіру. |
Дыбыстау мүшелері жөнінде конспект жазу.
Көркем сөз оқу кезінде оқушының өзін
ұстауы, тұрысы. |
9 |
|
|
3 |
Тыныс алу.
Үн реңкі. Орфоэпия,
оның мәнерлеп оқудағы маңызы. Тыныс алу оның сөйлеудегі мәні. Тыныс
алудың түрлері. Үн реңкі және оның
мәні. Орфоэпия заңдылықтары. |
|
1 |
1 |
Сөйлеу техникасы. Үн реңкінің
жақсы шығуына қойылатын талаптарды талқылау.
Орфоэпияның басты ережелерін талдау. |
Тыныс алу, олардың түрлеріне жаттығу
жасау. Орфоэпия заңдылықтары бойынша реферат
жазу. |
9 |
|
|
4 |
Мәнерлеп
оқудың құралдары . Көркем туындыны оқу мен әңгімелеп берудегі дауыс
сарынының ролі. Интонация (сөз сазы) және оның
мәнерлеп сөйлеудегі мәні. Екпін және оның
түрлері. |
|
1 |
- |
Екпін және оның түрлеріне сипаттама беру. Ой екпіні
міндетті түрде қойылатын жағдайларды түсіндіру. |
Көркем шығарманы оқуда
логикалық екпінді анықтау (өз қалауларымен). Мәтіннен екпін түспейтін
буындарды тауып, сөйлемін жазып келу. |
9 |
|
|
5 |
Мәнерлеп
оқудың амал-тәсілдері. Кідіріс және оның түрлері. Сөйлеу
қарқыны, дауыс биіктігі, күші. Көркем сөз
оқушының өзін ұстауы, тұрысы. |
|
1 |
- |
Кідіріс және оның түрлеріне сипаттама беріп,
мысалдармен түсіндіру. |
Көркем шығармадан логикалық кідісті
анықтау. Өлеңді оқып, қандай кідіріс
қойылатынын анықтау. |
9 |
|
|
6 |
Көркем
шығарманың тілі. Шығарманы
желісіне қарай талдау. Көркем шығарманың тектері мен
түрлері Дауыс сарынын айқындау, көркем туындыны дұрыс
оқудың ерекшелігі. Көркем шығарманың тілі. |
|
1 |
- |
Көркем шығарманы желісіне қарай талдау. Дауыс сарынын
анықтау, көркем шығарманы дұрыс оқу ерекшелігін
түсіндіру. |
Көркем
шығарманың құрылымын талдап келу. «Мен анамды
қалай жақсы көремін» тақырыбына шығарма жазып,
талдау. |
9 |
|
|
7 |
Мектеп жасына
дейінгі балаларға арналған әңгімелерді оқу
ерекшелігі. Көркем
шығармаға, картинаға, суреттерге түсініктеме
әңгіме жасау. Балаларға шығарма оқу ерекшелігі. |
|
1 |
1 |
Картина,
сурет, көркем шығарма бойынша шығармашылық
әңгіме құрылымын түсіндіру. |
«Төлдер», «Жыл мезгілдері», Қысқы
ермек», «Үй хайуанаттары» тақырыптарындағы сурет бойынша
әңгіме құрастыру және мазмұны
жағынан талдау. |
9 |
|
|
8 |
Шағын фольклор жанры шығармаларын
оқу.
Шығармаларды жанр жағынан талдау. Прозалық
шығармаларды оқу ерекшелігі. |
|
1 |
- |
Прозалық шығармаларды оқу ерекшелігін
айту. Балаларға арналған әңгіме, мысалдарды
оқу. |
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған
әңгіме, мысалдар жазып келу. |
9 |
|
|
9 |
Ертегі айту.
Ертегінің түрлері мен құрылысы. Ертегі айтудың маңызы. Ертегінің түрлері. Жұмбақ,
мақал-мәтел, жаңылтпаш, нақыл сөздерді
балабақшада пайдалану. |
|
1 |
1 |
Кейіпкерлендіруге болатын ертегілер, оларға
талдау жасау. Ертегілерді рөлдерге бөліп айту. Әртүрлі
тақырыптарға байланысты мақал-мәтел,
жұмбақ, жаңылтпаштардың мазмұнын талдау |
Балабақшаның әр тобына арналған
ертегілер іріктеу. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған
мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштарды іріктеу |
9 |
|
|
10 |
Өлең
оқу. Өлеңнің оқылу ерекшелігі. Өлең құрылысы. Қазақ поэзиясында
ең көп қолданылатын өлең өлшемдері.
Өлең оқудың ерекшелігі. Әдеби шығарма образдарын кейіпкерлендіру. Көркем шығарманы кейіпкерлендіру мазмұны мен
құрылысы. |
|
1 |
1 |
Өлеңді мәнерлеп оқу. Өлеңді өлшемдеріне қарай
талдау. Театрдың түрлері, оларға сипаттама.
Кейіпкерлендіру дегенді түсіндіріңіз. Сценарии құру,
талдау. |
М.Әлімбаевтың «Кемпірқосақ»
өлеңін оқу, талдау. «Саусақ», «көлеңке» театры туралы
мағлұмат жазып келу. Сценарий құрастыру. |
9 |
|
|
Барлығы: |
|
10 |
5 |
10 |
65 |
90 |
||
6.
Оқытуға арналған әдебиеттер
Негізгі
әдебиеттер:
1.Баймұратова Б.Б. Мектеп жасына дейінгі
балалардың тілін дамыту методикасы. (2-6 жас аралығы). – Алматы,
Рауан, 1990.
2. Қожахметова Қ. Мәнерлеп оқу.
Алматы, Мектеп, 1982.
3.Желдербаева С. Мәнерлеп оқу. Алматы,
Қазақ университеті, 1992.
Қосымша әдебиеттер:
1. Ахметов З. Өлең сөздің
теориясы. –А., 1983.
2.Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. –А.,
1984.
3.Никифорова О.И. Психология восприятия художественной
литературы. М.,1972.
4.Короткова Э.П. Обучение детей дошкольного возраста
рассказыванию. М., 1982
5.Біз мектепке барамыз. Хрестоматиялық жинақ.
Авторлар ұжымы.-А., 2001.
6.Бөбектерге байғазы. –А., 2000.
7.Горбушина Л.А., Николайчева А.П. Выразительное чтение.
М., 1978.
8.Дмитриев Е.Д. Практикум по выразительному чтению. М.,
1981
9. Жұмағожина Р. Ауыз әдебиеті
үлгілерін балалар бақшасында пайдалану. –А., 1981.
10. Карпинская Н.С. Художественное слова в воспитании
детей. Ранний и дошкольный возраст. М., 1982
7. Бағалау критерийі
|
Жұмыс
түрі |
Баға (ең
үлкен пайыз) |
Саны |
Қосындысы |
|
СОӨЖ |
5 |
14 |
70 |
|
СӨЖ |
5 |
14 |
70 |
|
Ағымдық бақылау |
4 |
15 |
60 |
|
Сабаққа қатысу |
2 |
15 |
30 |
|
Ағымдық тапсырма |
15 |
2 |
30 |
|
Қорытынды емтихан |
40 |
1 |
40 |
|
Қорытынды |
|
|
300 |
8. Оқытушы талабы.
1. Деканат тарапынан жасалған сабақ
кестесінің лекциялық және СОӨЖ сабақтарына
студенттің барлығы
қатысуы, сабаққа дайындықпен, кешікпей келуі тиіс.
2. Студент университеттегі оқу ережелерін
сақтауға: сабақтан қалмауға, кешікпеуге,
оқу материалын түсіндіріп жатқан кезде сөйлеспеуге,
ұялы телефонын қоспауға, сабаққа дұрыс
киініп келуге тағы басқа міндетті.
3. Егер студенттердің курс бойынша қандай да
бір сұрақтары болса, олар түсінік алу үшін
оқытушымен байланыстылық сағаттар кезінде сөйлесе
алады.
4. Әрбір үй жұмысы сабақ кезінде
келісілген белгілі бір мерзімде тапсырылуға тиіс. Белгіленген мерзім
өткен соң тапсырылған жұмысқа баға бір балл
төмендетіле қойылады.
5. Аралық бақылау уақытында коллоквиумға қатыспаған
студентке аралық бақылаудың бағасы шығарылмайды.
ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
|
|
БЕКІТЕМІН Педагогика
және психология институты директоры п.ғ.д.,
профессор Кенесбаев С.М. ___________________ (қолы) «______»
_______2013ж. |
«Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі»
пәні бойынша
5В010100 – Мектепке дейінгі оқыту және
тәрбиелеу мамандығы
үшін
ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Оқыту формасы _ сырттай, _____ЖБ___
Кафедра __ Мектепке дейінгі және бастауыш білім
беру теориясы мен әдістемесі
Курс __________1
___________________________
Семестр ____1_______________________________
Кредит саны
_________2 _____________________
Барлық
сағат саны_________90_________________
Дәріс
_____________10__
_____________________
Зертха
сабақтар_______ 5________________
СОӨЖ______________________________1____
СӨЖ
_______________________65 _____________
Емтихан ___1____ семестр
Алматы,
2013 ж.
Жұмыс
оқу бағдарламасы:
5В010100 – «Мектепке дейінгі оқыту және
тәрбиелеу» мамандығы бойынша жоғары
кәсіби білім
берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
«5В010100 – Мектепке дейінгі оқыту және
тәрбиелеу» мамандығы бойынша «_26_». 08. 2013 ж
бекітілген жұмыс оқу
жоспары негізінде жазылды.
«Мектеп
жасына дейінгі балалардың тіл дамыту әдістемесі» пәнінің жұмыс оқу
бағдарламасын оқытушы С.Ж. Еркебаева дайындады және Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру теориясы мен
әдістемесі кафедрасының мәжілісінде ұсынылды, « 27»
.08. 2013 ж., хаттама № 1
Бағдарламаны жазған ____________________ Еркебаева
С.Ж.
Кафедра меңгерушісі _____________________
Жұмабаева Ә.Е.
Жұмыс оқу бағдарламасы Педагогика
және психология институтының
Ғылыми кеңесінде мақұлданды «29_» 08. 2013ж.
хаттама №_1_
1. Пәннің мақсаты мен міндеті
«Мектеп жасына дейінгі балалардың
тілін дамыту әдістемесі» пәнінің мақсаты
болашақ маман кадрларға мектеп жасына дейінгі балалар тілін
дамытудың әдіс-тәсілдері мен жолдарын үйрету және
балалармен ұйымдастырылатын жұмыста тиімді қолдана білуге
дағдыландыру болып табылады.
«Мектеп жасына дейінгі балалардың
тілін дамыту әдістемесі»
пәнінің негізгі міндеттері:
-
ғылыми-педагогикалық негізде бала тілін дамытудың тиімді
әдістері мен тәсілдерін таңдай білу;
- балалардың ауызша сөйлеу тілін,
өзінің жолдастарымен, үлкендермен сөйлесе білу
дағдыларын қарастыру;
- бала тілін дамытуға, ауыз екі сөйлеуге
үйрету әдістемесінің ерекшеліктерін ашу;
-
теориялық білімді тәжірибеде қолдана білу біліктілігін
жетілдіру.
«Мектеп
жасына дейінгі балалардың тілін
дамыту әдістемесі» пәнін оқу негізінде студент:
- тіл дамыту
әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттерін,
мазмұнын;
- әр топ
балаларының тіл ерекшеліктерін;
- “Балабақшада білім беру және
тәрбиелеу”, “Балбөбек” «Алғашқы қадам», «Зерек
бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламаларының мазмұнын;
тіл дамытудың әдіс- тәсілдері мен
жолдарын;
тіл дамыту сабақтарын ұйымдастыру формаларын;
мектепке дейінгі мекемедегі оқу-әдістемелік
кешендерді
әдістемелік жұмыстың формаларын білуі керек;
балалардың тілін дамыу әдіс-тәсілдерін
тиімді пайдалана білуді;
балабақшадағы тіл дамыту сабақтарын
жоспарлауды, перспективті және күнтізбелік жоспарларды жасауды;
тіл дамыту бағытындағы жұмыс
түрлерін (әр топ бойынша дидактикалық ойындар, балалармен жүргізілетін тәрбиеші
әңгімесінің ұйымдастырылу түрлері)
сабақ жүргізуді, талдауды;
әдістемелік папка жасауды меңгеруі керек.
ПРЕРЕКВИЗИТТЕР ТІЗІМІ
|
№ |
Пән атаулары,
олардың бөлімдері (тақырыптар) |
|
1 |
Қазақ әдебиеті |
|
2 |
Қазақ тілі (Фонетика, Лексика,
Сөзжасам, Морфология, Синтаксис) |
|
3 |
Педагогикалық мамандыққа кіріспе |
|
4 |
Педагогика |
|
5 |
Мектепке дейінгі педагогика |
ПОСТРЕКВИЗИТТЕР ТІЗІМІ
|
№ |
Пән
атаулары |
|
1 |
Тіл дамыту
практикумы |
|
2 |
Мектепке дейінгі жастағы балаларға
арналған оқу пәндерінің ОӘК |
|
3 |
Қазіргі заманғы білім беру технологиялары |
|
4 |
Педагогикалық практика |
2. Пән мазмұны
2.1.Дәрістік
курс
|
Тақырып № |
Тақырып, дәрістер аттары |
Тақырып мазмұны |
Барлығы (10 сағ) |
|
||
|
|
1
–бөлім. Бала тілін дамыту
әдістемесі және курс міндеттері. |
|||||
|
1-тақырып |
Тіл дамыту әдістемесі пәні және курс
міндеттері |
Тіл дамыту әдістемесі – педагогикалық
ғылым. Мектепке дейінгі ұйымдарда тіл дамыту
жұмысының мақсаты мен міндеті. Тіл дамыту
әдістемесінің зерттеу әдістері. |
1 |
|
||
|
2 –бөлім. Тіл
дамыту әдістемесі ғылымының қалыптасуы мен дамуы |
||||||
|
2- тақырып |
Тіл дамыту әдістемесінің даму тарихы |
Тіл дамыту әдістемесінің ғылым болып
қалыптасуы, дамуы. Б. Баймұратованың тіл дамыту
әдістемесіне қосқан үлесі. Ресейдегі
әдістеменің дамуы |
1 |
|
||
|
3 –бөлім.
Балабақшадағы балалар тілін дамыту әдістемесінің
мазмұны, міндеттері мен әдіс-тәсілдері |
||||||
|
3- тақырып |
Тіл дамыту
әдістемесінің мазмұны, міндеттері,
әдіс-тәсілдері |
Балаларды жан-жақты тәрбиелеудегі ана
тілінің маңызы. Тіл дамыту әдістемесінің негізгі
міндеттері. Әдіс-тәсілдерінің түрлері, мәні.
Сабақтарда сөздік, көрнекілік әдістерін
қолдану. Балабақшадағы тәрбиелеу, білім беру
бағдарламасы. |
1 |
|
||
|
4-бөлім. Балаларды байланыстырып сөйлеуге
үйрету әдістемесі |
||||||
|
4-тақырып |
Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып
сөйлеуге үйрету- тіл дамытудың басты міндеті |
Байланыстырып
сөйлеу туралы жалпы түсінік. Тіл мен ойдың адам
өміріндегі маңызы. Байланыстырып сөйлеуге
үйретудің психологиялық-педагогикалық негіздері.
Әр топтағы байланыстырып сөйлеуге үйрету
жұмысының мазмұны. Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудің
түрлері, олардың ерекшелігі. Балаларды байланыстырып
сөйлеуге үйретудің әдістері |
1 |
|
||
|
|
5 –бөлім.
Балалардың сөздік қорын молайту әдістемесі |
|||||
|
5- тақырып |
Баланың сөздік қорын дамытудың
мазмұны, міндеттері, әдіс-тәсілдері |
Балабақшада балалардың жас мөлшеріне
қарай сөздік қорын молайту жұмысының
мазмұны. Бала тіліндегі актив және пассив сөздер.
Балалрдың сөздік қорын жаңа сөздермен
толықтыру, сөздік қорын нақтылау, сөздік
қорды жандандыру, бала тілінің тазалығын сақтау. Жаңа сөздің айтылу үлгісін
беру, дидактикалық ойындар мен жаттығулар. Бақылау мен
топсаяхаттың ролі. |
1 |
|
||
|
|
6 –бөлім. Сөздің грамматикалық
құрылысын қалыптастыру әдістемесі. |
|||||
|
6– тақырып |
Балаларға тілдің грамматикалық
құрылысын меңгерту әдістемесі |
Балалардың грамматикалық дағдыларын
қалыптастыруда арнаулы сабақтарды, грамматикалық жаттығуларды, дидактикалық
ойындарды қолдану және өткізу әдістемесі.
Грамматикалық жаттығулардың түрлері,
олардың ерекшеліктері |
1 |
|
||
|
7 –бөлім.
Сөздің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеу
әдістемесі |
||||||
|
7- тақырып |
Сөздің дыбыстық мәдениетін
қалыптастыру мазмұны, міндеттері, әдіс-тәсілдері |
Дыбыстың тазалығын және
мәнерлілігін қалыптастыру. Балалардың фонематикалық
есту қабілетін дамыту. Дыбыстарды дұрыс айтуды қалыптастыру.
Үн реңкін жетілдіру. Сөзді тыңдай білуге
дағдыландыру. Сөздерді қатесіз айтуға жаттықтыру.
Сөз мәнерлілігін меңгерту. Дұрыс тыныс алуға
үйрету. |
1 |
|
||
|
3–бөлім.
Көркем әдебиетпен жұмыс істеу әдістемесі |
||||||
|
8 -тақырып |
Мектеп жасына
дейінгі балаларды көркем әдебиетпен таныстыру әдістемесі |
Мектеп жасына дейінгі балаларды көркем әдебиетпен
таныстырудың маңызы мен міндеттері. Көркем әдебиетпен
таныстырудың әдіс-тәсілдері. |
1 |
|
||
|
4-бөлім.
Балалардың сауатын ашу |
||||||
|
9 -тақырып |
Мектеп жасына дейінгі балаларды сауат ашуға
даярлау |
Балабақшадағы балалардың сауатын ашу
және мектепке даярлаудың мақсаты мен міндеті,
мазмұны. Сауат ашу кезеңдері, әдіс-тәсілдері. Сауат
ашу сабақтарына қойылатын талаптар. |
1 |
|
||
|
|
5 –бөлім.
Мектепке дейінгі мекемелерде тіл дамыту жұмысын жоспарлау және
есепке алу, тіл дамыту жұмысына әдістемелік басшылық |
|||||
|
10- тақырып |
Тіл дамыту
жұмыстарын жоспарлау және есепке алу. Әдістемелік
жұмыс формалары |
Балабақшада тіл дамыту жұмысын жоспарлау және есепке
алудың мәні. Жоспар түрлері. Жоспарлаудың
принциптері. Тіл дамыту жұмысын есептеудің маңызы. Балабақшада
әдістемелік жұмысты ұйымдастыру. Тәрбиеші білімін
көтеру. Консультация, семинарлар өткізу. |
1 |
|
||
2.2. Семинарлық сабақтар
|
№№ п.п. |
Сабақтардың аттары және мазмұны |
Жұм. жүргізу құралдары |
Сағат саны |
|
1 -тақырып |
Тіл дамыту әдістемесі пәні және курс
міндеттері. Тіл дамыту әдістемесінің методологиялық негізі.
Курстың мазмұны, міндеттері. Тіл дамыту әдістемесінің
ғылыми-зерттеу әдістері. Тіл дамыту әдістемесінің
әдіс-тәсілдері. Ұйымдастырылған оқу
іс-әрекетіне қойылатын талаптар. |
Стандарт, бағдарлама, оқулық Сызбалар, слайд |
1 |
|
2-тақырып |
Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету
әдістері. Тәрбиеші тілі бала тілін дамытудың негізгі
көзі. Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету
әдістері (баяндау, бақылау, топсаяхат, әңгімелесу
т.б.) |
технологиялық карталардың үлгісі,
көрнекіліктер |
1 |
|
3-тақырып |
Сөздік қорды дамыту бойынша
ұйымдастырылған оқу-іс-әрекетінің
ерекшеліктері. Балалардың сөздік қорын дамытудың
тәсілдері. М.ж.д. балалардың сөздік қорын дамытуда картинаның
алатын орны. Ұйымдастырылған оқу-іс-әрекетінен тыс
кезде жүргізілетін жұмыстар. |
технологиялық карталардың үлгісі,
көрнекіліктер |
1 |
|
4– тақырып |
Балаларға тілдің грамматикалық
құрылысын меңгерту әдістемесі. Балалардың
грамматикалық дағдыларын қалыптастыруда арнаулы
сабақтарды, грамматикалық
жаттығуларды, дидактикалық ойындарды қолдану
және өткізу әдістемесі. Бала тілінің дыбыстық мәдениетін
қалыптастыру әдістері. Әр жас тобындағы балалармен
жүргізілетін жұмыс түрлері. |
грамматикалық жаттығулар үлгісі,
буклет, бағдарлама, айна, ойын- жаттығулар |
1 |
|
5-тақырып |
Сабақта балаларды кітаппен таныстыру
әдістемесі. Бала тілін дамытуда көркем әдебиеттің
алатын орны. Кітаппен жұмыс істеу. Тәрбиешінің
мәнерлеп оқуға даярлығы. Балаларды мектепке даярлау жұмысының
мазмұны. Балабақша бағдарламасынан балаларды сауат
ашуға даярлық жұмыстарын талдау. |
балаларға арналған кітаптар,
көрнекіліктер «Сауат ашу және жазу» жұмыс дәптері |
1 |
|
Барлығы: |
|
10 |
|
2.3.
Студенттердің оқытушы жетекшілігімен жасайтын өзіндік
жұмыстары
|
№№ п.п. |
СОӨЖ тақырыптардың аттары және
тапсырмаларының мазмұны |
Жүргізу
түрі |
Сағат саны |
|
1 |
Тіл дамыту әдістемесінің басқа
ғылымдармен байланысы |
тақырыпты таныту |
1 |
|
2 |
«Балбөбек» бағдарламасы және оны іске
асыру жолдары. «Балбөбек» бағдарламасының байланыстырып сөйлеу бөліміне
талдау жасау. Диалогты және монологты сөйлеу, олардың
ерекшеліктері. |
талқылау |
1 |
|
3 |
Сөздік жұмысын жүргізгенде
тәрбиеші басшылыққа алатын принциптері. Әр
топтағы балалармен жүргізілетін сөздік жұмыстың
ерекшеліктері |
пікірталас |
1 |
|
4 |
Бір топтағы бала тілінің
грамматикалық құрылысының бір деңгейде болмау
себептерін түсіндіру. Балалардың білімін бекіту мақсатында
жүргізілетін жаттығуларға қойылатын талаптардың
мәнін ашу. |
пікірталас |
1 |
|
5 |
Дыбыстардың жасалу жолдарын түсіндір. Тіл мәдениеті мен дыбыстау
мәдениетіне түсініктеме бер. Дыбыстарды дұрыс айтуды
қалыптастыру кезеңдерін талдау |
карточкамен жұмыс |
1 |
|
6 |
Балалардың жас ерекшелігіне сай дыбыстық
мәдениетін қалыптастыру әдістерін талқылау, ересек
және мектепке даярлық топтарында сабақ жоспарларын құрып,
өткізу, талдау. |
іскерлік ойын |
1 |
|
7 |
Балаларды көркем әдебиет арқылы
тәрбиелеу жолдарын талқылау. Көркем әдебиетпен
таныстыру тәсілдерін мысалдармен түсіндіру. |
пікірлесу |
1 |
|
8 |
Сауат ашу жұмысының даму тарихына
үлес қосқан педагог-ғалымдардың еңбектері.
Сауат ашу жұмысының кезеңдеріне сипаттама беру. Сауат ашу
сабағына қойылатын талаптарды талдау. |
тақырыпты таныту |
1 |
|
9 |
Жоспарлау принциптерін талдау. Күнтізбелік,
апталық жоспарлардың үлгісін жасап, талдау. |
топпен жұмыс |
1 |
|
10 |
Тіл дамытуға байланысты меңгерушінің
міндеттері. Педагогикалық кеңес ұйымдастыру Ата-аналар жиналысына арналған
«педагогика білгірлері» клубының іскерлік ойынын ұйымдастыру. |
іскерлік ойын |
1 |
|
Барлығы: |
|
10 |
|
2.4. Студенттердің өзіндік жұмысы
|
№№ п.п. |
СӨЖ тақырыптардың аттары және
тапсырмаларының мазмұны |
Бақылау
формасы |
Сағат саны |
|
1 |
Балабақшадағы балалардың тілін дамыту мен
мектептегі сауат ашу жұмыстарының арасындағы
сабақтастық |
пікірлесу |
3 |
|
|
2 |
Бала тілін
дамытуға байланысты ғалымдар пікірлерінен эссе жазу |
тақырыпты таныту |
3 |
|
|
3 |
Қазіргі кездегі тіл дамыту әдістемесі.
Соңғы жылдары жарыққа шығып жатқан
ғылыми мақалалар мен оқу-әдістемелік
құралдарға талдау жасау. |
топпен жұмыс |
3 |
|
|
4 |
К.Д.Ушинскийдің «Балалар әлемі және
хрестоматиясы», «Ана тілі» еңбектерін оқып, талдау. |
іскерлік ойын |
3 |
|
|
5 |
«Балбөбек» бағдарламасын талдау. |
өзара
сұрау |
3 |
|
|
6 |
Байланыстырып сөйлеу туралы ғалымдар
пікірлерінен эссе жазу. |
жазба жұмысын тексеру |
2 |
|
|
7 |
Балалардың жас ерекшелігіне байланысты оларды
байланыстырып сөйлеуге үйретудің міндеттерін талдау. |
талдау |
3 |
|
|
8 |
Ойлау әрекетінің ерекшеліктері бойынша
материалдар жинау. |
тексеру |
2 |
|
|
9 |
Картина бойынша әңгіме
сабағының жоспарын құру |
жазба жұмысын тексеру |
2 |
|
|
10 |
Кешенді сабақ жоспарын құру,
өткізу. |
жазба жұмысын тексеру |
2 |
|
|
11 |
«Балбөбек»
бағдарламасының сөздік қорын дамыту бөліміне
талдау жасау. |
өзара сұрау |
2 |
|
|
12 |
Күнделікті өмірде және сабақта
балалардың сөздік қорын активтендіру тақырыбына
реферат жазу. |
реферат |
3 |
|
|
13 |
Баланың сөздік қорын дамытуға
байланысты дидактикалық ойындарды іріктеу. |
материалдарын тексеру |
2 |
|
|
14 |
Бақылау сабағына жоспар құру,
өткізу. Әр топ бойынша
сабақ жоспарын дайындау, өткізу. |
сабақ талдау |
3 |
|
|
15 |
“Балбөбек” бағдарламасы бойынша
тілдің грамматикалық құрылысын қалыптастыру
бөліміне талдау. |
ауызша сұрау |
3 |
|
|
16 |
Фонетикалық, синтаксистік морфологиялық
жаттығулар жазып, талдау. |
реферат |
2 |
|
|
17 |
“Балбөбек” бағдарламасының сөз
дыбыстарын дұрыс айту
бөліміне талдау. |
өзара сұрау |
3 |
|
|
18 |
Сәбилер мен естиярлар тобына технологиялық
карта құру, талдау, өткізу. |
технологиялық карталарды талдау |
3 |
|
|
19 |
“Балбөбек” бағдарламасы негізінде
балалардың жас ерекшелігіне сай
дыбыстық мәдениетін қалыптастыруды конспектілеу. |
өзара тексеру |
3 |
|
|
20 |
Балабақшаға арналған әдеби
шығармаларды жинақтау. |
аннотация ны тексеру |
2 |
|
|
21 |
“Балбөбек” бағдарламасы бойынша әдеби
шығармалар оқып беру бөлімін талдау. Технологиялық карта дайындау. |
қорғау |
3 |
|
|
22 |
“Балбөбек” бағдарламасының сауат
ашу бөліміне талдау. Технологиялық карта
құру, талдау, өткізу. |
ауызша тексеру |
3 |
|
|
23 |
Отбасында баланы мектепке дайындау. Ата-анамен
жүргізілетін жұмыс түрлері. |
Өзара тексеру |
3 |
|
|
24 |
Бір топқа күнтізбелік жоспар
құру. Әдіскер жұмысының жоспарын
құру |
Жазбаша тексеру |
2 |
|
|
25 |
Озат тәжірибені таратудың жолдарын
анықтау |
ауызша сұрау |
2 |
|
|
Барлығы: |
|
65 |
||
3. ПӘН БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
3.1.Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі
әдебиеттер:
Баймұратова Б.Б. Мектеп жасына дейінгі
балалардың тілін дамыту методикасы. (2-6 жас аралығы). – Алматы,
Рауан, 1991.
Федоренко Л.П. Мектеп жасына дейінгі балалар тілін дамыту
методикасы. -А.,1981.
Максаков А.И.
Воспитание звуковой культуры речи у дошкольников. Пособие для педагогов
дошкольных учреждений.2-е изд –Москва, 2005.
Алексеева М.М.,
Яшина Б.И. Методика развития речи и обучения родному языку дошкольников.-- 3-е изд., –Москва, 2000.
5. Ушакова А.С. Методика
развития речи детей дошколного возраста. –М., 2004.
Қосымша әдебиеттер:
Әмірова Ә.С., Анартаева К. Тіл дамыту.
Әдістемелік құрал. – Алматы, “Алматыкітап”, 2006.
Баймұратова Б.Б. Мектеп жасына дейінгі
балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. А.,1976.
Бородич А.М. Методика развития речи.- М., 1981.
Фомичева М.Ф. Воспитание у детей правильного
произношения. –Москва, 1989.
Дүкенбаева Г.Қ. Сауат ашу методикасы.
(методикалық нұсқау). А., 1989
Методика обучения грамоте (составитель Т.П.Сальникова). М., 2000.
Карпинская Н.С. Художественное слова в воспитании детей.
Ранний и дошкольный возраст. М., 1982.
Короткова Э.П. Обучение детей дошкольного возраста
рассказыванию. М., 1982
8. Соловьева О.И. Методика развития речи и обучения
родному языку в детском саду.-М., 1996.
9. Развития речи детей дошкольного возраста. Под ред.
Ф.А. Сохина. – М., 1981.
10. Ушакова О.С. Развитие речи детей при ознакомлении с
художественной литературой. - М., 1984.
11.
С.С.Аяпбергенова, Қ.А. Тұрғынбаева, С.Б.Жекенова.
Көркем әдебиет.
(Мектепке даярлық тобына
арналған әдістемелік құрал). –А., 2008.
12. Бондаренко А.М., Поздняк Л.В., Шкатулла В.М.
Заведующая дошкольным учреждениям. - М., 1984.
13. Демурова
Е.Ю., Островская Л.В. О руководстве детским садом. -М., 1983.
Нормативті
әдебиеттер
Қазақстан Республикасының тіл туралы
Заңы. А., 1999.
Балабақшада оқыту және тәрбиелеу
бағдарламасы. А., 1989.
«Балбөбек» бағдарламасы. А., 2006.
«Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз
мектепке барамыз» бағдарламалары. –А,2009.
Интернет көздері
irbis.pushkinlibrary.kz/.../cgiirbis
www.oouk.vko.gov.kz/kz/files/conference
3.2. Емтиханға дайындалуға арналған сұрақтар
1. Мектепке дейінгі ұйымдарда тіл дамыту
жұмысының мақсаты мен міндеті.
2. Тіл дамыту әдістемесінің зерттеу
әдістері.
3. Тіл дамыту әдістемесінің ғылым болып
қалыптасуы, дамуы.
4. Б. Баймұратованың тіл дамыту
әдістемесіне қосқан үлесі.
5. К.Д. Ушинский, Е.Н. Тихеева, А.М.Бородич және
т.б. мектеп жасына дейінгі бала тілін дамыту әдістемесіне байланысты
еңбектері.
6. Балаларды жан-жақты тәрбиелеудегі ана
тілінің маңызы.
7. Тіл дамыту әдістемесінің негізгі
міндеттері.
8. Тіл дамыту әдістемесінің
әдіс-тәсілдері.
9. Сабақтарда сөздік, көрнекілік
әдістерін қолдану.
10. Балабақшадағы тәрбиелеу, білім беру
бағдарламасы.
11. Байланыстырып сөйлеу туралы жалпы
түсінік.
12. Байланыстырып сөйлеуге үйретудің
психологиялық-педагогикалық негіздері.
13. Әр топтағы байланыстырып сөйлеуге
үйрету жұмысының мазмұны.
14. Байланыстырып
сөйлеуге үйретудің түрлері, олардың ерекшелігі.
15. Тіл мен ойдың адам өміріндегі
маңызы. Ойлау әрекетінің ерекшелігі.
16. Балабақшадағы әр жас
тобындағы балалармен әңгімелесудің мақсаты.
17. Монологты сөзге үйрету әдістері.
Ойыншыққа, затқа, картинаға қарап
әңгіме құрастыру және олардың маңызы.
18. Көркем шығарманың мазмұнын
қайталап айтуға үйретудегі тәрбиешінің
басшылығы.
19. Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде
лексикалық жаттығу, логикалық сөздік тапсырмалар
орындату және дидактикалық ойындардың ролі.
20. Балабақшада балалардың жас
мөлшеріне қарай сөздік қорын молайту
жұмысының мазмұны.
21.Бала тіліндегі актив және пассив сөздер.
22. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік
қорын дамытудың міндеттері
23. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік
қорын дамытудың тәсілдері
24. Сөздік қорды дамыту сабақтарының
ерекшеліктері
25. Жалпылама сөздерді меңгерту.
26. Балабақшадағы балалардың тілін
дамыту мен мектептегі сауат ашу жұмыстарының арасындағы
сабақтастық.
27. Күнделікті өмірде және
сабақта балалардың сөздік қорын активтендіру
жұмыстары.
28. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік
қорын дамытуда картинамен жұмыстың алатын ролі.
29. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік
қорын дамытуда бақылау мен топсаяхаттың ролі.
30. Әр жас топтарына байланысты жалпылама
сөздерді меңгертудің ерекшеліктері.
31.Сөздің грамматикалық
құрылысын қалыптастырудың мазмұны мен міндеттері.
32. Бір топтағы балалардың
грамматикалық құрылысының бір деңгейде болмау
себептері
33. Грамматикалық жаттығулардың
түрлері, олардың ерекшеліктері
34. Дыбыстау мәдениеті деген не?
35. Дауысты және дауыссыз дыбыстар
36. Тілдің дыбыстық мәдениетін
қалыптастыру мазмұны
37. Тілдің дыбыстық мәдениетін
қалыптастыру міндеттері.
38. Дыбыстарды дұрыс айтудың кезеңдері
39. Бала тілінің үн реңкін жетілдіруде
жаңылтпаш айтқызудың мәні.
40. Сөзді тыңдай білуге дағдыландыру
жолдары
41. Сөздің дыбыстық мәдениетін
қалыптастырудың әдіс-тәсілдері
42. Дыбыстардың айтылу үлгісін беру
43. Балаларға шығармашылық тапсырма
орындату
44. М.ж.д. балалардың дыбыстық
мәдениетін қалыптастыру балалардың жас ерекшелігіне
қарай жүргізілуі
45. Бала тілін дамытуда көркем
әдебиеттің алатын орны
46. Көркем әдебиетпен таныстырудың
әдіс-тәсілдері.
47. Балалардың жас ерекшелігіне қарай
көркем шығарманы оқытудың ерекшелігі.
48.
Сабақтан тыс кезде көркем әдебиетпен таныстыру жолдары
49. Мектепке дейінгі балаларды сауат ашуға даярлау.
50. Сауат ашудың мақсаты, міндеттері.
51. Сауат ашудың кезеңдері.
52. Сауат ашу сабағына қойылатын талаптар
53. Балабақшада тіл дамыту жұмысын жоспарлау
мен есепке алудың мәні.
ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ
Дәріс
тақырыбы:
Мәнерлеп оқу практикумы бөліміне кіріспе
Жоспары:
1.
Мәнерлеп оқу курсының мақсаты.
2.
Көркемсөз
оқу өнері жайлы
мәлімет.
3.
Көркемсөз
оқу мен мәнерлеп оқудың
ұқсастығы, айырмашылығы.
Баланың
ой-өрісін
кеңейту,
ақыл-ойын дамыту, мінез-құлқын, еркін
тәрбиелеу
тәрбиешінің сөзі
арқылы іске асырылады.
Балабақшадағы
тәрбиеленетін
балалардың
сөздік қоры, сөйлеу мәнері
тәрбиешіге еліктеу арқылы қалыптасады.
Сөз
мәнерінің
қалыптасқан
үлгісі тілдік тәсілдермен сөз шеберлігін дәл
орнымен қолдана білу деген
сөз. Халық ауыз әдебиетінің қай
үлгісі болсын мектеп жасына дейінгі балаларды ана тілінде дұрыс мәнерлеп сөйлеуге
тәрбиелейді. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған
халық ауыз әдебиетінің үлгілерінің бірі
"Бесік жырында"
айтылған тілек, ақыл-қасиеттер, халықтың нені
аңсағанын айқын
көрсетеді. "Бесік жырының" уақыт
өтісімен заман талабына сай мазмұны толықтырылып,
өнегелі шумақтар да қосылып отырылады. Сондықтан да
"Бесік жыры" халық ауыз
әдебиетінің алтын дәні
бола тұрып сәби
құлағына
ең
тұңғыш
рет ана сүтімен енген тілінің әуезді үні болып есептелінеді. "Бесік жырынан" кейінгі
басты орын алатын тәрбиелік
мәні үлкен жыр "Тұсау кесу" жыры. Сәби
есейген сайын оған қойылатын талап-тілектер де күрделене
түседі. Мысалы, "Бөбектің тілегі" деген халық
жырында игі тілекті баланың
өзіне айтқызу арқылы баланы
еңбекқолыққа тәрбиелейді.
Мәнерлеп оқу дегеніміз – көркемсөз
өнерінің бір тармағы. Көркем сөз оқу
өнері мен мәнерлеп
оқудың ұқсастығы екеуінің де
шығарманың тақырыбына, айтайын деген ойына көңіл
бөліп, автордың
көзқарасын тыңдаушыға түсінікті етіп
жеткізе білу. Яғни
шығарманың толық мазмұнын ұғындыру. Бұлардың
айырмашылығы: көркем сөз
оқу өнерінің
мақсаты - сахнада көркем сөз оқитын артист даярлау
болса, мәнерлеп оқудың
мақсаты-жас бїлдіршіндерге эстетикалық тәрбие беру
құралы болып қызмет атқару.
Жалпы
көркем сөз оқу 3
бағытта дамып келеді:
1.
Халық ауыз әдебиеті арқылы;
2.
Жазушылардың,
ақындардың
өз шығармаларын көпшілікке
оқып
беру арқылы;
3. Көркем
шығарманы өнер адамдарының орындауы арқылы.
Өздігінен
дайындалуға
арналған
сұрақтар:
1. Мәнерлеп
оқу, көркем сөз ұғымдарына берілген
анықтаманы педагогикалық сөздіктен жазып келу.
2. Мәнерлеп
оқу туралы ғалымдар
пікірлерін конспектілеу
Негізгі әдебиеттер:
1.
Қожахметова Х. Мәнерлеп оқу. А., 1982ж
2. Дмитриев Е.Д.
Практикум по выразительному чтению. М.,1981г.
3. Горбушина Л.А. Выразительное чтение. М., 1978г.
Қосымша әдебиеттер:
1. З.
Қабдалов. Әдебиет теориясының негіздері. А., 1970ж
2. С.Ф.
Иванова. Речевой слух
и культура речи.
М., 1970г.
Дәріс
тақырыбы: Сөйлеу техникасы
Жоспары:
1.Сөйлеу техникасы туралы түсінік
2. Мәнерлеп оқудағы сөйлеу
техникасының маңызы.
3.Дыбыстау мүшелері және олардың
қызметі, дыбыстау мүшелерін жаттықтыру жолы.
4.Тыныс алу және оның түрлері.
5.Үн ренкі және оның мәні.
6.Орфоэпияның басты ережелері.
Бұл
күнде қазақ тілі білім мен ғылымның,
әдебиет пен мәдениеттің барлық саласына қызмет
ете алатын мейлінше жетілген тілге айналып отыр. Оның сөз
байлығы орасан қолайлы, жазуы орнықты. Әр алуан
заңдылықтары нормаға айналды. Қазақ тілінің
де өзге тілдер сияқты екшеліп тұрақталған
заңдылықтары бар. Ол заңдылықтар сөздерді
дұрыс таңдау, орнымен жұмсау, яғни лексикалық
заңдылықтар. Сонымен қатар сөздерді бір-бірімен
дұрыс байланыстырып, сөйлемдер құрастыра білу немесе
грамматикалық заңдылықтар, дұрыс айту
заңдылықтары: сауатты жазу заңдылықтары секілді бірнеше
салаларды қамтиды. Мәнерлеп сөйлеу өнері болашақ
тәрбиешіден сөйеу техникасын толық меңгеруді талап
етеді.


Сөйлеу техникасы дыбыстау мүшелерінің қызметімен
тығыз байланысты. Сөйлеу техникасына жақсы
жаттықпаған адам шығарма мәтінін тыңдаушысына
мәнерлеп жеткізе алмайды. Мәнерлеп сөйлеп оқи білу
үшін тілдің дыбыс шығаратын мүшелерінің
қызметін жақсы білу қажет. Сөйлеу дыбыстарын
шығарудағы, жасаудағы дыбыстаушы мүшелердің
қызметін артикуляция деп атаймыз. Дыбыстау мүшелері немесе
сөйлеу аппаратына өкпе, тамақ, көмей, дауыс
шымылдығы, тамақ қуысы, ауыз қуысы, мұрын
қуысы, тіл, кішкене тіл, тіс, ерін, иек жатады. Дыбыстау
мүшелерінің ішіндегі ең негізгісі - өкпе. Тіліміздегі
дыбыстар өкпедегі ауаның сыртқа шығуымен байланысты
жасалады. Сөйлеу процесінде ауа өкпеден баяу шығып,
өкпеге бірден тез енеді. Келесі дыбыстау мүшелерінің бірі
тамақ. Ол кеңірдектің жоғарғы тұсында
орналасқан. Ал, дыбыстар жасауда басты рөлді атқаратын дауыс
шымылдығы көмеймен байланысты. Дауыс шымылдығының
керіліп тұруынан діріл пайда болып, үн шығады. Дауысты дыбыстар
осы дауыс шымылдығындағы дірілден жасалады. Ал үнді дауыссыз
дыбыстар мен ұяң дауыссыз дыбыстар айтылған кезде дауыс
шымылдығы сәл ғана керіліп діріл өте аз болады.
Қатаң дауыссыздарды айтқанда дауыс шымылдығы жиырылып
тұрады да ешқандай діріл пайда болмайды. Сондықтан ол
дыбыстардың құрамында үннің ешқандай
қатысы жоқ. Ал кейбір дыбыстардың айтылуында ауыз
қусымен мұрын қуысы жаңғырық қосады.
Сөйтіп кейбір үнді дауыссыз дыбыстар мұрын қуысы
арқылы жасалады. Ал дыбыстардың басым көпшілігінде ауыз
қуысы айрықша қызмет атқарады. Дыбыстау
мүшелерінің ішіндегі ең негізгілерінің бірі және
жылжымалысы тіл. Тілдің бірде ілгері, бірде кейін жылжуынан, бірде
жоғары көтеріліп, бірде төмен түсуінен, сондай-ақ
оның ұшының, ортасының, артқы шенінің
қимылынан әртүрлі дыбыстар жасалады. Дыбыс шығаруда
астыңғы ерін мен үстіңгі ерін де басты рөл
атқарады. Екі еріннің жымдасуынан Б,П дыбыстары пайда болса,
астыңғы еріннің тіске қақтығысуынан Ф, В
дыбыстары жасалады. Ал еріннің бірде дөңгеленіп, бірде
тартылуы арқылы О,Ө,Ұ,Ү дыбыстары жасалады. Келесі
дыбыстау мүшелерінің бірі – таңдай.
Таңдай жұмсақ, қатты болып екіге бөлінеді.
Қатты таңдай үстіңгі күрек тіс тұрған
қызыл иекпен басталып, ең соңғы тістің
тұсынан бітеді. Ал жұмсақ таңдай соңғы
тістен басталып, кішкене тілден аяқталады. Келесі дыбысау
мүшесінің бірі – иек. Иек төмен түссе ауыз қуысы
кеңейеді, ашық дауысты дыбыстар пайда болады. Ал иек жоғары
көтерілсе, ауыз қуысы тарылады да, қысаң дауысты дыбыс
пайда болады. Сөйлеу техникасына төселу жолдарына мыналар жатады:
Дұрыс тыныс ала білу.
Дауысты жаттықтыру.
3. Үн реңкін
қалыптастыру.
Сөйлер алдында ауаны ішке жұту керек, демді
ішке тартқанда өкпе ауаға толады да, көкірек
қуысы кеңейеді, қабырға көтеріледі. Ал көк
ет төмен түседі.
Тыныс алудың үш түрі бар:
Көк ет арқылы
Көкірек арқылы
Қабырға арқылы
Ал сөйлеу
кезінде тыныс алу ерікті және еріксіз болып екіге бөлінеді. Еріксіз
тыныс алу дегеніміз – демді ішке жұту, дем шығару,
шұғыл кідіріс жасау. Бұл кәдімгі күнделікті
сөйлеу процесінде болады.
Ерікті тыныс алу
дегеніміз – демді ішке тарту, кідіріс жасау және дем шығару. Тыныс
алудың бұл түрі көркем шығарманы мәнерлеп
оқуда, айтуда қолданылады. Тыныс алудың осы түрлерін
меңгергеннен кейін тәрбиеші дауысты дұрыс
сақтаудың төмендегідей ережелерін білуі керек:
Әркім өзінің табиғи дауысымен
сөйлеуі тиіс, айқайлап қатты сөйлеуге болмайды.
Ұзақ сөйлеуге немесе өлең айтуға болмайды.
Тамақты суықтан сақтау керек.
Мұрын жолының ауруларынан сақтау керек.
Әр адамның өзіндік даусы болады.
Соған байланысты әр адамның даусының өзіндік
айрықша ерекшеленуі дауыстың биіктігі немесе ырғағы деп
аталады. Ал дауыстың мәнерлеп сөйлеу кезінде жоғары,
орташа, төмен ырғаққа жеңіл ауыса алуын
дауыстың икемділігі деп атайды.
Тәрбиеші өз сөзін анық,
айқын балаға түсінікті болуына көңіл бөлуі
тиіс, өйткені тәрбиеші сөзі балаларға басты үлгі
болып есептелінеді. Сондықтан тәрбиеші мәнерлеп
сөйлеудің тәсілдерін, орфоэпияның ережелерін
мұқият білуі керек. Әр тілдің өзіне ғана
тән дыбысталу
заңдылықтары сол тілді дербес етіп тұратын белгілердің
бірі. Мысалы, алдыңғы сөз А,Е,Ы,І дауысты дыбыстарына
аяқталып тұрса, сол сөзбен жалғасып айтылатын келесі
сөздің басқы Қ,К дыбыстары айтқан кезде
ұяңдап Ғ,Г дыбыстарына айналады. Мысалы, бала кезде,
меңді қыз. Ұ,Ү,О,Ө еріндік дауыстылары
айтылған кезде өзінен кейінгі буындағы Ы,І,Е дыбыстарын
өздеріне икемдейді. Мысалы, үміт-үмүт,
үлгі-үлгү, күміс-күмүс,
құлын-құлұн.
Орфоэпиялық заңдылықтарының ішіндегі басты
ережелердің бірі - элизия. Қатар келген екі дауыссыз дыбыстардың
бірінің түсіріліп айтылуы осы құбылысқа жатады.
Мысалы, Сарыарқа – Сарарқа т.б. Редукция – сөз
ортасындағы кейбір дауысты дыбыстардың айтқан кезде
көмескіленуі. Мысалы, әділет,
дәрігер сөздерінде байқалады. Протеза – айтқан
кезде сөздің алдына дыбыс қосылып естілуі. Мысалы, Риза
–ыриза, рең-ірең т.б.
Дәріс тақырыбы:
Мәнерлеп сөйлеудің құралдары
Жоспары:
1.
Көркем туындыны мәнерлеп оқу мен әңгімелеп
берудегі дауыс сарынының ролі.
2.
Интонация және оның мәнерлеп сөйлеудегі
мәні.
3.
Екпін және оның түрлері.
Тәрбиешінң мәнерлеп оқуы дегеніміз –
оқылған ккөркем шығарманың бар әсерін балаларға түгел жеткізу және
олардың көркем шыығармаға деген сезімдерін жетілдіру
және дамыту.
Кез
келген шығарманы оқу барысында негізгі дауыс сарыны
шығарманың мазмұнына сай болуы керек. Ал негізгі дауыс сарыны
дегеніміз – көркем шығарманың ауызша естілу әуені. Негізгі дауыс сарыны
көркем шыығарманың мазмұны мен түріне байланысты
болады. Яғни оқылған шыығарма өлең
түрінде жазылған ба деген мәселеге байланысты. Шығарманың түріні байланысты негізгі дауыс қарқынын
құбылтып, өзгертіп балаларға жеткізуге тәрбиеші мәнерлеп
сөйлеудің бірнеше тәсілдерін пайдалануы қажет.
1.
Мәнерлеп сөйлеуде басты роль атқаратын тәсіл – интонация. Осы қазақ
тіл білімінің ғалымы
Құдайберген Жұбанов сөз сазы деп атаған.
Интонация немесе сөз сазы
дегеніміз -
сөйлеудің
мәндік эмоциялық нақышы болуы.
Интонация көркем сөз орындаушының немесе
мәнерлеп сөйлеген адамның ішкі сезімін, ойын білдіретін
көркем образды бейнелеуге көмектесетін дауыстың алуан
түрлі құбылысы. Интонация арқылы тәрбиеші
балаларға адамның көңіл-күйіне байланысты болатын
құбылыстарды түгел жеткізуі керек. Сол құбылысқа
байланысты дауыстың реңкі кейде ызалы, кейде күлдіргі, кейде
дөрекі, кейде қызба, кейде назды болып шығуы мүмкін.
2. Мәнерлеп сөйлеудегі басты
тәсілдерінің бірі – екпін. Қазақ тілі лебізді - динамикалық екпін қатарына
жатады. Лебіз – динамикалық екпіннің ерекшелігі сөздегі
буындардың ішінен бір буын ерекше көтеріңкі дауыспен
айтылады.
Қазақ тіліндегі екпін соңғы буынға
түседі және сол екпін түскен буын созылыңқы
айтылады. Бірақ қазақ тілінде екпін қабылдамайтын
қосымшалар да бар.
1.
Жіктік жалғау екпін
қабылдамайды /-мын,-мін,-ды, -ді ,-ты, -ті,т.б./
2. Болымсыздық мағына тудыратын
-ма, -ме, -па, -пе, -ба, -бе жұрнақтары екпін қабылдамайды.
3.
Есімдерге жалғанып теңеулік ұғым тудыратын –дай,
-дей,-тай, -тей жұрнақтары
екпін қабылдамайды.
4.
Етістіктің түбіріне жалғанып тілек, өтініш
ұғымын тудыратын -шы,-ші жұрнақтары екпін
қабылдамайды. Мысалы, берші, көрші, жазшы т.б.
Қазақ тіліндегі екпін сөз
мағынасын айқындау қызметін атқармайды. Өйткені
екпін үнемі сөздің
соңғы буынына түседі. Қазақ тіліндегі екпін үш түрге бөліінеді:
1.
Сөз екпіні
2.
Сөз тіркесі немесе фразалық екпін
3.
Сөйлем немесе логикалық екпін
Қазақ тілінде бір екпін, бір ырғақпен
айтылатын сөздер тобы бар. Осы сөздер басқа сөздермен
тіркесіп келгенде бір-ақ екпінмен
айтылады. Мұндай құбылысты энклитика деп атайды. Ал
тіліміздегі күрделі сан есімдермен күрделі сын есімдердің
алдыңғы сөздері екпінсіз айтылып, екпін соңғы
сөзге түседі де бәрі қосылып бір-ақ екпінге ие
болады. Осындай өзінен кейін келген сөзбен қосылып айтылатын
екпінсіз сөздерді проклитика деп атайды. Мысалы, жетпіс бес, жүз
он, мың бір жүз, тор ала, ақ сары т.б. Сөйлеуде немесе
мәтінді дауыстап оқығанда сөйлемдегі сөздер
іркес-тіркес айтыла бермей белгілі сөз тіркесі немесе сөз
шумағы бір ғана екпінмен айтылуы мүмкін. Осындай бір екпінмен
айтылған сөздердің
түйдегі - тіркес немесе
фразалық екпін деп аталады.
Қазақ тілінде
сөздердің төмендегідей тобы айрықша бір комплекс болып
келеді, яғни екпінге ие болатын тіркестер
Қос сөздер
қатар-қатар, ыдыс-аяқ, бала-шаға, әке-шеше.
Негізгі мағыналы сөздермен
шылаулардың тіркесі:
немесе,және,үшін, т.б.
3.
Қазақ тіліндегі күрделі сөздер бір комплекс
құрап, бір екпінмен айтылыды. Мысалы:
Ән салды, оқып отыр т.б.
4.
Анықтауышпен анықталған сөздердің тізбегі бір
екпінмен айтылады. Мысалы: ақ бұлт, биік үй, асқар тау
т.б.
Толықтауыш пен баяндауыш болған
сөздердің тізбегі бір екпінмен айтылады.Үстеуден болатын
пысықтауыш, мысалы: кеше бардым, ертең келеді, бүгін болады.
Тұрақты сөз тіркестері бір
екпінмен айтылады. Мысалы: ит қияда, көзді ашып жұмғанша,
қой ауызынан шөп алмай т.б.
Қосымшасыз тура толықтауышпен
баяндауыштың тізбегі бір екпінмен айтылады. Мысалы: шөп шапты,
кітап оқыды, есеп шығарды т.б.
Логикалық екпін сөздің белгілі бір буынына немесе
сөз тіркесіне түсіп айтылатын
секілді кейде сөйлемдегі айтылатын ойдың негізіне
қарай, бір сөз айрықша дараланып айтылады. Сөйтіп ол
сөз ой екпініне ие болады да ерекше әуенмен естіледі.Яғни
мұндай екпінді логикалық немесе сөйлем екпіні деп атайды.
Сөйлемнің айтылу сазына қарай логикалық екпіннің
орны өзгеруі мүмкін. Мысалы: лепті сөйлемде баяндауыш
сөйлем басында келіп, оған ерекше назар аударылса, логикалық
екпін сол баяндауышқа түседі. Сонымен қатар логикалық
екпін көркем шығармадағы негізгі айтылатын ойды
тындаушының дұрыс қабылдауына көмегін тигізеді.
Логикалық екпін көбінесе мынандай жағдайларда қойылады.
1. Сөйлем ішіндегі бір
сөздің мағынасына ерекше көңіл бөлгенде
қойылады.
2. Сөйлемдегі қарама-қарсы мағына білдіретін
сөздерге логикалық екпін
түседі.
3.Сөйлемдегі бірынғай мүшелердің
әрқайсысына логикалық екпін түседі.
4. Бастауышы мен баяндауышы зат есімен болған жалаң
сөйлемдерге ой екпіні баяандауышқа түседі. Мысалы, Айжан –
мұғалім. Нұрғали – дәрігер.
5. Өз, тіпті, тағы, мүлде деген сөздер де
логикалық екпін қабылдайды.
6.Сұрау мәнді білдіретін сөдерде де логикалық
екпін түседі.
7. Қаратпа сөз
сөйлемнің басында келсе, логикалық екпінмен ерекшеленеді.
Мысалы: Қарағым, су әкелші.
Екпіннің келесі бір сиректеу кездесетін түрі эмфразалық екпін. Сөйлегенде
көңіл- күйдің түрлі толқуларын дыбыстармен
жеткізу эмфразалық екпін деп
аталады. Мақұлдау, таңдану, аяу, мейірім, назды білдіретін
сөздер екпін түсетін дауысты дыбыстардың
созылыңқы айтылуымен беліледі. Мысалы, па-а, шіркі-ін, тамаша-а-а.
Ал жағымсыз эмоцияда
/қорқыту, ызалану, зығыры қайнау т.б./ сөз
басындағы дауыссыз дыбыстар созылып айтылады. Мысалы, к-көрсетейін
т.б.
Негізгі әдебиеттер:
1.Х.Қожахметова.Мәнерлеп
оқу.А.,1982ж.
2.Е.Дмитриев.Практикум по выразительному
читению. –М.,1981г.
3.С.К.Кеңесбаев,
Ғ.Г.Мұсабаев Қазіргі қазақ тілі. –А.,1975ж.
4.Қ.Ақанов. Тіл білімінің
негіздері –А.,1996ж.
Қосымша әдебиеттер:
1. Бөбектерге байғазы –А.,2000ж.
2
З.Қабдолов.Әдебиет теориасының негіздері.–А.,1970ж.
Дәріс тақырыбы:
Мәнерлеп
оқудың
амал-тәсілдері
Жоспары:
1. Кідіріс, оның
түрлері.
2.
Мәнерлеп
сөйлеудегі дауыс күші,
сөйлеу
қарқынының маңызы.
3.
Сөйлеу әуені, дыбыс
биіктігі, дауыс ырғағы, сөйлеу нақышы.
Мәнерлеп
сөйлеудің
келесі тәсілдерінің бірі-кідіріс (пауза). Сөйлеген сөз немесе оқылатын мәтіндегі
сөйлемдер толассыз, шұбатылып айтыла бермейді. Олардың арасында белгілі бір үзіліс болады.
Сонда сөйлемдегі сөз тіркестері немесе сөз
түйдектері немесе сөйлемдер арасындағы толасты
кідіріс деп атайды.
Кідіріс 3 түрге бөлінеді:
1. Бір
сөйлем ішіндегі сөз тіркестерін бөліп тұратын кідірісті
қысқа кідіріс деп атайды.
2. Белгілі бір
ойдың аяқталғанын білдіретін кідіріс орташа кідіріс немесе
логикалық кідіріс деп
аталады.
3. Тыңдаушының назарын аудару үшін
жасалатын кідіріс ұзақ кідіріс немесе психологиялық
кідіріс деп аталады.
Мәнерлеп сөйлеуде жиі қолданылатын
тәсілдердің бірі-сөйлеу қарқыны (темп). Сөйлеу қарқыны
дегеніміз- шығарма
мазмұнына байланысты шығарманың айтайын
деген ойын тыңдаушыға жеткізу үшін және әр
кейіпкердің өзіне тән ерекшеліктерін байқату үшін дауысты
түрліше құбылта білу.
Көбінесе балабақшада оқылатын шығармалар орташа
қарқынмен
оқылады. Мәнерлеп сөйлеуде дауыс күші де басты
роль атқарады.
Дауыс күші
дегеніміз - дауыстың ашықтығы,
айқындығы және дауысты игере білу яғни ақырын сөйлеуден қатты
сөйлеуге, қатты сөйлеуден ақырын сөйлеуге немесе
орташа қарқынмен
сөйлей білуге ауыса
білу. Дауыс күші көркем
сөз оқушыға кейіпкердің
іс-әректін, мінез-құлқын толық сипаттап беруге
көмектеседі. Көркем
шығарманы мәнеріне келтіріп оқып беруде немесе баяндауда
қолданылатын тәсілдерінің бірі - сөйлеу
әуені немесе мелодикасы. Дауыс
ырғағының не көтеріліп бәсеңдеуін, не
бәсеңдеп барып
көтерілуін сөйлеу әуені дейді. Сөйлеу әуенін дұрыс
сақтау үшін сөйлемдегі тыныс
белгілерге ерекше көңіл бөлу керек.
Мәнерлеп сөйлеуде ерекше көңіл бөлінетін
тәсілдердің бірі – сөйлеу
нақышы (тембр).
Дауыстың эмоциялық
бояуын сөйлеу нақышы
дейді. Сөйлеу нақышы айтылу
мақсатына қарай қапалы, үрейлі,
қуанышты, көңілді, өкінішті, таңдану,
жайдары т.б. тұрғыда болуы
мүмкін.
Оқылатын көркем шығарманың мазмұнына қарай
тәрбиеші дауыс
нақышын айқындап балаларға жеткізе білу қажет. Кейде оқылатын
немесе баяндалатын
шығармадағы кейіпкерлердің ерекшелігі тәрбиешінің
бет-әлпетінің
құбылысына байланысты
да түсіндіріледі. Осындай бет-әлпеттің құбылысы мимика деп
аталады.
Негізгі әдебиеттер:
1.
Х.Қожахметова.
Мәнерлеп оқу. -А.,
1982ж
2.
Е.Д.Дмитриев. Практикум по
виразительному чтению.–М., 1981г
3.
С.К.Кеңесбаев,
Ғ.Г.Мұсабеков. Қазіргі қазақ тілі. –А.,1975ж.
4.
Қ.Ақанов. Тіл білімінің негіздері. –А., 1996ж.
Дәріс
тақырыбы: Ертегі айту
Жоспары:
1. Ертегі -
халық ауыз әдебиеті саласының бірі.
2.
Ертегінің түрлері.
3.
Ертегінің
құрылысы.
Балабақшада балаларды ауыз әдебиеті үлгілерімен
таныстырып, олардың рухани
өмірін байыта түсу тәрбиешінің басты міндеті болып
саналады. Балабақшаға
арналған оқыту және тәрбиелеу бағдарламасында тіл
дамыту сабағында ауыз әдебиетінің үлгілерін оқытуға баса назар
аударған. Оқылған әрбір ертегі,
мақал-мәтел, жұмбақтар арқылы балалардың ой-өрісін дамытуға, қиялын
шарықтатып, тіл байлығын молайтуға ерекше мән берген. Халық ауыз әдебиетінің басты
саласының бірі - ертегілер. Қазақ халқының тұрмыс-салтын, арман-үмітін,
өткен өмірін кеңінен танытатын ауыз әдебиеті
саласының бірі. Ертегілер
өте ерте заманда тіпті
жазу, сызу болмаған кездің өзінде-ақ туған. Жаратылыс құбылыстарын, табиғат сырын жетік
білмеген, олардың неліктен болатынын
толық түсінбеген адамдар әр нәрсені қиял
еткен. Өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жағын
қарастырған.
Ертегілер
мазмұны мен ерекшеліктеріне қарай бірнеше топқа
бөлінеді.
1. Қиял-ғажайып
2. Хайуанаттар
3. Шыншыл
Қиял-ғажайып
ертегілеріне жататын ертегілер
ескі заманда туған. Ертегі адамдар өздерімен алысқан жаулары
жайында, сол жауларды жеңу туралы қиялдап етегілер шығарған.
Қиял-ғажайып
ертегілерінің ішіндегі малшы, бақташылар
жайындағылар да оқушыны, тыңдаушыны бірден
баурап алады. Сондай
ертегілердің бірі "Күн астындағы
Күнекей
қыз" туралы ертегі. Бұл ертегіде қарапайым
бақташы шаруаның ғажайып
ерліктері суреттелген. Ертегінің басты кейіпкері қойшы
бала мал бағуды кәсіп еткен
шаруа өкілі болып көрінеді. Ол өзінің
үй-ішін, туған-туысқандарын адал еңбегімен асырайды. Одан кейінгі бөлімде ханды
сынау мақсатында алтын мүйізді киікті ғана оған
сыйға тартады. Хан оған ризашылық білдірмей оны неше
түрлі қиын-қыстау жұмыстарға жұмсайды. Ертегінің
соңында алтын мүйізді киікті, алтын мен алтын ағашты
және күн
астындағы
күнекей қызды алған
қойшы бала мақсат мұратына жетеді.
Қиял-ғажайып ертегілеріне "Ұшқыш кілем",
"Ағаш ат", "Үш өнерпаз", "Жеті өнерпаз" және т.с.с. ертегілер жатады.
Хайуанаттар жайындағы ертегілер.
Ертедегі адамдар өздерінің күн көрісі үшін
жануарларды пайдалану, қолға үйрету, асырау жайында түрлі ертегілерді ойлап
шығарған. Хайуанаттар туралы ертегілердің көпшілігінде адамдар хайуанаттарды
жаратушы, жарылқаушы керемет
күш бейнесінде алып,
соларға табынған. Мысалы,
оларға мынадай ертегілерді жатқызуға болады,
"Ақ
қасқыр", "Жігіт
пен қасқыр", "Сиқыршы" т.б
"Ақ қасқыр"
ертегісінде адамдар қасқырды бір жарылқаушы күш деп
түсінген, яғни
қасқырдың адам баласына істеген жақсылықтарын суреттеген. Басында
жылқысын іздеп шыққан
жігіт көкжал қасқырдың қызына үйленеді.
Қырық күндей үңгірде тұрады. Жігіт өзінің қасқыр енесінің
көмегімен ханның барлық бұйрықтарын орындап,
өлімнен құтылып
мақсат мұратына жетеді. Осындай қызық
оқиғаға құрылған "Ақ
қасқыр" ертегісі адамдарды қасқырды
жарылқаушы ие деп көрсетеді.
Ертегілердің келесі түрі - шыншыл ертегі.
Бұл ертегілердің
өзіндік ерекшелігі кейіпкерлері халық өкілдері болып
келеді және бұл ертегілерде
таптың сипаты басым болады. Оған "Аяз би", "Тоғыз тоқылдақ, бір шіңкілдек", "Ұр
тоқпақ" ертегілері жатады. Шыншыл және тұрмыс-салт
ертегілерінің басты тақырыбы
еңбек адамдарының өмірі, ісі болып келеді. Қарапайым
адамдар өздерінің
ақылдылығымен хандар мен байларды жеңіп отырады. Сондай
ертегілердің бірі "Аяз би"
ертегісі. Ертегінің негізгі идеясы шаруа адамның ісі мен
ақылын көрсету.
Ертегінің негізгі оқиғасы қазақ өмірінің шындығынан
алынған және мәні зор
тартыстардың төңірегінде құрылған.
Яғни қанаушылық пен езілген адамдардың арасындағы таптық
қарым-қатынастар, тартыстар терең суреттелген. Хандар
мен уәзірлердің
жауыздығын халық, ертегінің кейіпкері "Аяз би"
арқылы әшкере етеді.
Халықтың ойынша енді
озбыр хандар емес қарапайым
халықтың
жағдайы жақсарады
дейді.
Бұл
ертегілердің көпшілігі фантазияға құралады
және қиял-ғажайып ертегілердің туу
себебін Ф.Энгельс былай деп көрсетеді. "Тарихтан
бұрынғы кезде экономикалық
дамудың төмен сатыда болғандығына
байланысты." Экономикалық
дамудың төменгі
дәрежеде болу себебінен ертедегі адам баласы табиғат
құбылыстарын жетік түсіне
алмаған. Сондықтан бұл құбылыстарды
артық жаратушы күш бар деп ұғынған
және соған нанған. Сол күштерді
меңгеру үшін не істеу керектігі жайында қиялдап
армандаған.
Қиял-ғажайып ертегілердің кейіпкерлері қарапайым
адамдар болады. Олар алдарына қойған мақсатқа жету үшін
тіршілік ету, жауларын жеңу үшін күреседі. Көптеген қиыншылықтарды басынан кешіре
отырып ақырында
мақсат-мұраттарына жетеді.
Сондықтан да қиял- ғажайып ертегілері өздерінің тақырыбы,
оқиғасы жағынан әртүрлі болып келеді. М.Әуезовтың зерттеулеріне
қарағанда қазақтың қиял- ғажайып ертегісінің алғашқы тақырыптары аңшы, мергендер,
бақташы, малшылар жайында болған. Жеке ертегіде олар көмектесетін, жәрдем беретін дос-жолдастары
ретінде алып қарақұс,
тұлпар, ат, таусоғар, желаяқтар,
саққұлақтар кездесіп, оларға жақсылық
жасайды. "Ертөстік,
"Күн астындағы күнекей қыз" , "Кер
құла атты Кендебай" т.б.
"Ертөстік" ертегісінің негізгі идеясы адам
баласына қастық жасаушы жауыздық күштерге қарсы күресу, оларды қарапайым
адамның қалайша жеңгенін көрсету.
"Ертөстік" ертегісі төрт
бөлімнен тұрады.
1
Ертөстіктің
дүниеге келуі
2.
Кенжекейге үйлену
3.
Бекторымен кездесу
4.
Ағаларын іздеп шығады.
2- бөлімінде Ертөстіктің Бапы хан мен Темір ханның елдеріне
барады.
3- бөлімінде Ертөстіктің Шабанқұлақпен күресі.
4- бөлімінде Ертөстіктің еліне
қайтып келуі.
Сонымен ертегідегі оқиғалар бас кейіпкер Ертөстік пен
Кенжекей арқылы дамып,
өрістеп отырады және
бұл ертегінің өзіне тән ерекшелігі оның
кейіпкерлері жердің асты-
үстін бірдей кезіп жүреді.
Ертегілердің
көншілігі, "ерте, ерте, ерте екен",-деген сөздер
арқылы тыңдаушыға
жұмбақ оқиғамен басталады және
ертегілер көбінесе
қарасөзбен айтылады. Араларында
өлең, ырғаққа құрылған
үзінділер де кездеседі. Балабақшада ертегі оқу сабақта
және сабақтан тыс кезде де
жүргізіледі. Сәбилер тобында көлемі шағын ертегілер
ауызша әңгімелеп беру
тәсілі арқылы таныстырылады.
Ал, ересектер тобында оқығанда тыңдату мен әңгімелеп беру қатар жүргізіледі. Ертегіні
бастамас бұрын тәрбиеші ертегі оқып беретіндігін, не үшін ертегі деп аталатындығын
балаларға түсіндіру керек. Содан соң ертегінің тақырыбы айтылып,
мазмұн баяндалады. Күннің 2-жартысында айтылған ертегінің мазмұнын балалар
қалай түсінгендерін байқау үшін сұрақ-жауап
әдісін пайдаланады немесе
ертегілерді кейіпкерлендіру жұмысын жүргізуге болады.
Негізгі
әдебиеттер:
1. Х.Қожахметова Мәнерлеп оқу. –А., 1982 ж.
2.
Р.Жұмағожина
Ауыз әдебиеті үлгілерін балалар
бақшада пайдалану. –А.,
1981 ж
Қосымша әдебиеттер:
1. Ертегілер әлемінде. – А., 1998ж.
Дәріс
тақырыбы: Мақал – мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштарды балабақшада пайдалану
Жоспары:
1. Ауыз
әдебиеті туралы жалпы ұғым.
2.
Жұмбақ, жаңылтпаш, мақал – мәтелдерді
балабақшада пайдаланудың тиімділігі.
Халық ауыз әдебиті –
халық шежіресі. Ауыз әдебиеті
де, жазба әдебиеті де көркем туынды. Ауыз әдебиеті ауызша
шығарылып, ауызша айту арқылы таратылатын болғандықтан,
творчествалық өзгеріске ұшырып отырады. Қазақ
ауыз әдебиеті – талай ғасырлардан келе жатқан мұра,
сарқылмас бай асыл қазына. Онан халқымыздың
өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың
ұлылығын танимыз. Халық ауыз әдебиетінен
халқымыздың батырлық, ерлік тарихын көреміз.
Қазақтың мақал-мәтелдері болсын,
жұмбақ–жаңылтпаштар мен ертегілері болсын – бәрі де
балаларды Отанын сүюге, ерлікке, елін қорғауға
үндейтіні белгілі.
Мектеп жасына дейінгі балаларды ауыз әдебиеті
үлгілерімен таныстырып, олардың рухани өмірін байыта
түсу тәрбиеші мұғалімдердің міндеті болып
саналады. Қиял дүниесінен туған ғажайып
оқиғалы ертегілер, батырлық жырлар, өмір
тәжірибесінің қысқаша қорытындысы – мақал –
мәтелдер, ойға түрткі салатын сыр сандықты
жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған
тақпақ-жаңылтпаштар – бәрі де балабақшадан бастап
пайдаланатын дүниелер.
Жұмбақ – халық ауыз
әдебиетінің ең көп түрінің бірі.
Жұмбақтар балаларға олардың дүниетану
қабілетін дамыту, тақпырлыққа баулу мақсатымен
үйретіледі. Жұмбақ оқу жеке сабақ түрінде
емес, баланың білімін тиянақтау үшін оқу
іс-әрекетәнәі барысында оқылады. Әсіресе, зат
таныту сабақтарында қолдану тиімді. Бір затқа жұмбақталған
затты мынадай белгілері, қасиеттері, салыстырылып,
ұқсатылады.
Заттың сыртқы тұлғасы мен
түр-түсі.
Заттың тұрақты саны мен көлемі
(мөлшері)
Заттың қызметі мен қимылы.
Заттың неден жасалатындығы, қайдан
шығатындығы.
Заттың дауысы, дыбысы
Жұмбақты табиғат көріністерін,
заттардың, ойыншықтардың қасиетін, сынын байқату,
сабақты ұйымдастыру кезінде айтқызуға болады.
Халық ауыз әдебиетінің бір саласы –
жаңылпаштар. Жаңылтпаштар ана тілі сабағында және
сабақтан тыс уақыттарда тіл ұстарту, сөздің дыбысталуын
нақышына келтіре дұрыс, тез, шебер айта білуге жаттықтыру,
сөздің мағынасын түсіне білу мақсатымен
пайдаланылады.
Мақал – мәтел, нақыл сөздер
халықтың ұзақ уақыт бойы адамдардың іс
-әрекеті, мінез құлқына жасаған
бақылауларынан туған дана сөздері. Бұларды
тәрбиеші мұғалім балалардың түрлі
іс-әрекетіне, мінез-құлқына байланысты тәрбие
құралы ретінде пайдалануына болады.
Негізгі
әдебиеттер:
Х. Қожахметова. «Мәнерлеп оқу». А.,
1982 ж.
Е.Д.Дмитриев «Практикум по выразительному чтению». М.,
1981ж.
Р.Жұмағожина. Ауыз әдебиеті
үлгілерін балалар бақшасында пайдалану. А., 1981ж.
Дәріс
тақырыбы: Көркем
шығарманы кейіпкерлендіру
Жоспары:
1.
Көркем
шығарманы кейіпкерлендіру.
2. Театр түрлері.
Егер
сөз айқын бейне беретін образдармен, музыкамен, суретпен желілесіп,
сахнадағы өмір елесі
баланың көз алдына тікелей әрекетімен өтіп жатса, көркем
сөздің баланың санасы
мен сезіміне тигізер әсері мол да маңызды болмақ.
Бала
сахнадағы
көргенін кәдімгідей адамдардың іс-әрекеті,
өмірде болып жатқан шындық деп қабылдайды. Балалардың
ой-өрісін дамытып, қызығушылығын арттыруда көркем шығарманы
кейіпкерлендірудің
маңызы зор.
Көркем шығарманы
кейіпкерлендіру дегеніміз - әдеби
шығарманы драма түрінде
айналдыру, өмір елесін тікелей іс-әрекет арқылы
көрсету, адамдардың бір-біріне қайшы келетін
мінез-құлықтарын,
әрекетін диалог арқылы беру.
Шығараманы
кейіперлендіру үшін алдын-ала ойластырып талдау
керек. Ертегі, әңгіме, өлең сюжеті
іс-әрекетке толы, диалогқа құрылған
болуы тиіс. Мысалы,
Ы.Алтынсариннің
"Мақта қыз бен
мысық" т.с.с.
Кейіпкерлендіруге ең
ыңғайлысы – халық
ертегілері. Оның сан сырлы сюжеті, айқын
композициясы диалогқа құрылуы - бәрі персонаждардың мінез-құлқын толық
ашуға мүмкіндік береді.
Сондықтан ертегіге құрылған спектакльдердің образдарының бояуы қанық, өмір
суреттеріне,
шындыққа
жанастырып беруге оңайырақ келеді.
Тәрбиеші театрдың қай түріне болмасын
шығарма таңдағанда ең алдымен балабақшадағы
оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасына
сүйенеді.
Көркем
шығарманы театр сахнасына
қою үшін, алдымен
сценарий
құрастыру керек.
Сценарий
құрғанда
шығарманың идеясынан
тыс кетпеу керек. Әрбір персоаждың сөйлейтін сөзі,
іс-әрекеті, мінез-құлқына шығарма сюжетінің
жағдайына лайықты,
дәлелді болуы тиіс.
Шығарманың жалпы
эмоциялық үні, оқиға түрі әр кейіпкердің бейнелілігі музыка
сүйемелдеумен беріледі.
Музыка пьесаның басталу кезімен аяқталу
кезінде де ойналады.
Кейіпкердің де
әнін, биін музыка
сүйемелдейді.
Әр
кейіпкерлердің даусы мен
сөзі оның ішкі
жан дүниесіне сай
келеді. Егде
адамдардың сөзі баяулау,
дауысы төмендеу, сөйлеу сазы салмақты шығады. Ал, балалар анық, тез,
қызу сөйлейді.
Қандай ойын қойылса да, сахна көркінің маңызы бар. Өйткені
болған
іс-әрекеттің
мерзімі, мекені жайлы
көз алдына елес
береді (қала, ауыл,
көше, тоғай, дала,
үй; таңертеңгі уақыт, кеш мезгілі; жаз,
қыс)
оқиғаның
түрін,
қатысушылардың
жайын сипаттайды. Сонымен
декорация дегеніміз - сахнаны
безендіру.
Жасөспірімдердің
санасына шығарма мазмұнын жеткізу үшін және олардың көңіліндегідей болу
үшін сахнаны безендіру
жағын лайықты етіп
шығарған жөн.
Репетиция
деп пьесаны қояр
алдында шығарманы оқып
талдау, сценарий құру,
ойынға қатысқандарға рольдерді бөліп беру,
сөздерін жаттату.
Барлық
жүргізілген
жұмыстың
жеткен жері - балаларға спетакльді көрсету болып саналады. Спектакльде
шығарманың оқиғасы толық қамтылмайды. Орындаушылардың міндеті -қаһарман -
персонаждың ең маңызды мән-жайын
мінездеп көрсету.
Ойын кезінде
балалар оқиғаны әбден
түсініп, сезіну мақсатын көздеп,
шығарманың мазмұнын
естеріне сала кеткен жөн немесе оны спектакль қойылар алдына
оқып беру қажет.
Балабақшада
қолданылатын театр түрлері саусақ,
көлеңке,
қуыршақ, үстел үсті
болып бөлінеді. Қай
түрінде болмасын көріністердің көздейтін мақсаты
біреу-ақ, ол балалардың ой-өрісін,
сөйлеу тілін дамыту, адамгершілікке баулу, эстетикалық сезімін тәрбиелеу.
Тек құрылысы мен көрсету техникасы жағынан ғана
ерекшеленеді, болмаса бәрі
бір-біріне ұқсас.
Өздігінен дайындалуға арналған бақылау сұрақтары.
1.
Кейіпкерлендірудің
анықтамасын
педагогикалық
сөздіктен жазып келу
2.
"Саусақ",
"Көлеңке"
театры туралы мағлұмат жазып
келу.
Негізгі әдебиеттер
1.
Х.Қожахметова.
Мәнерлеп оқу. А., 1982
ж.
2.
Т.Н.Карамененко,
Ю.Г.Карамененко. Кукольный театр дошкольникам. М.,
1982г.
3.
"Балбөбек"
бағдарламасы. А., 1995 ж.
Дәріс тақырыбы. Мектеп жасына дейінгі бала тілін дамыту әдістемесі
пәні және курс міндеттері
Жоспары:
1. Мектеп жасына дейінгі бала тілін дамыту әдістемесі
пәні, оның әдіснамалық негізі
2. Мектеп жасына
дейінгі бала тілін дамыту әдістемесі пәнінің басқа
ғылымдармен байланысы
4. Мектеп жасына дейінгі бала тілін дамыту
әдістемесі пәнінің ғылыми-зерттеу әдістері
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында
қазақ тілінің мемлекеттік тіл
құқығына ие болуы, «Білім беру заңының»,
«Орта білімді дамыту тұжырымдамасының», «Үздіксіз
тәрбие тұжырымдамасының» қабылдануы ұрпақ
тәрбиесіне жаңаша көзқараспен қарауды талап
етеді.
Қазақстан Республикасының «Тіл туралы»
заңында «ұлт тілінде жұмыс істейтін балалар мекемелерін
құру қамтамасыз етіледі» деп, оқу-тәрбие
жұмысын ана тілінде жүргізуді балабақшадан бастау керектігін
атап көрсеткен.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы»
заңының 23 – бабында үздіксіз білім беру саласының
алғашқы баспалдағы, балабақшаның мақсаты
мен міндеттері жан-жақты айқындалған.
Қазақстан Республикасының 2015
жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Мектепке
дейінгі тәрбие – үздіксіз білім берудің алғашқы
сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын
орталық» делінген.
Адам тәлім- тәрбиені, білімді тіл
арқылы алады, мәдениетті, өнерді, ғылымды, техниканы
тіл арқылы үйренеді.Тіл қоғам өмірінде
адамдардың өзара пікірлесу, түсінісу қызметін
атқарады.Тіл - әр ұлт өмірінің мәдениеті
мен тарихын, әдет-ғұрып, салт-дәстүр,
тыныс-тіршілігін ұрпақтан-ұрпаққа жекізуші
құрал. Олай болса, егеменді еліміздің болашағы ертеңгі
жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде
олардың тілін дамытудың
маңызы аса зор. Бала тілін сәби кезінен бастап дамыту,
олардың ой-өрісін өрбіту, сол арқылы жеке басының
қалыптасуына жағдай жасау –оқу-тәрбие
мәселелеріндегі негізгі мақсаттардың бірі. Бала өз ойын
тіл арқылы жеткізеді. Ал бала тілінің дамуы әсіресе
сөйлеуге үйренуі жүргізілетін жұмыс
түрлерінің негізінде жүзеге асады. Осы міндеттерді
жүзеге асырудың алғы
шарты ретінде үздіксіз тәрбие мен білім берудің
тұжырымдамалары жасалып, соның негізінде оқыту мен
тәрбиелеу мазмұнын түбегейлі жақсарту көзделіп
отыр.
«Үздіксіз тәрбие тұжырымдамасының»
«Мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиенің мазмұны,
түрлері» деп аталатын Ү тарауында «Балабақшадағы
тәрбиенің арқауы – ана тілі» деп айрықша атап
көрсеткен. «Ана тілі – баланың ойлау қабілетін жетілдіріп,
өзіндік іс-әрекетін дамыту, тәлімдік қарым-қатынас
ұйымдастыру, эстетикалық сезімін қалыптастыру міндеттерін
жүзеге асырудың ең басты құралы»,- делінген.
Соңғы жылдары жарыққа
шыққан құжаттардың қай-қайсысында
болмасын балабақшада берілетін тәрбиелеу мен білім беру ана тілі
арқылы танылып, ана тілінде сөйлеу арқылы жүзеге асады.
Мектеп жасына дейінгі бала тілін дамыту әдістемесі
бала тілін қалыптастыруға бағытталған
педагогикалық қызметтің заңдылықтарын зерттейтін
ғылыми пән.
Әдістеменің басты міндеті
ғылыми-педагогикалық негізде бала тілін дамытудың тиімді
әдістері мен тәсілдерін, құралдарын таба отырып, онымен мектепке дейінгі ұйым
педагогтарын балада тілдік-коммуникативтік құзыреттілікті
қалыптастыру үшін қаруландыру.
Бұл курстың негізгі мазмұны – мектеп
жасына дейінгі балаларда ауызша сөйлеу тілін, өзінің
жолдастарымен, үлкендермен сөйлесе білу дағдыларын
қалыптастыру.
Тіл дамыту әдістемесі де
басқа педагогикалық ғылымдар секілді
қоғамдық ғылымдарға жатады. Адамның
қоғамда өмір сүруі қанша қажет болса,
олардың бірімен-бірінің қарым-қатынас жасауы, пікір
алысуы, түсінісуі соншалықты қажет болып табылады.
Адамдардың бір-бірімен пікір алмасу құралы болмаса,
табиғаттың жасырын сырын ашып оны меңгеруі,
тұрмысқа қажетті материалдық игіліктерді
өндірудегі іс-әрекеті де жолға қойылмаған болар
еді. Сондықтан да тіл түсінісудің құралы бола
отырып, қоғамның барлық мүшелеріне
түсінікті болуы керек. Яғни қоғамнан тыс тіл болмайды.
Тіл сонымен қатар оймен тікелей байланысты. Адамның ойы
қоғамның, өмірдегі адамдарды қоршаған
айналадағы заттардың, құбылыстардың адам
санасындағы көрінісі, сәулесі болып саналады. Сол заттар,
құбылыстар туралы адам санасында пайда болған ой тіл
арқылы сыртқа шығады. Адам өз өмірінде
таныған, түсінген, білген, сезген, терген нәрселерін тіл
арқылы баяндайды. Сол себепті де «Тіл дегеніміз – ойдың тікелей
шыңдығы»,– дейді К.Маркс.
Бала туғаннан-ақ дайын тілді пайдаланады.
Сондықтан да Ы.Алтынсарин: «Өмірге қажетті ауызекі
сөйлеу дағдыларына жаттықпайынша қай тілде болса да
еркін сөйлеу мүмкін емес» - деп көрсетеді. Сондықтан да
«Білім беру» Заңының 5-бабына сәйкес балабақшада
тәрбиеленушілердің тіліміздегі сөздердің айтылу
нормаларын дұрыс меңгерулеріне, өз ойын жүйелі
түрде байланыстырып айта білуіне тіліміздегі дыбыстарды
қатесіз, анық меңгеру
мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
Тіл дамыту әдістемесінің басқа ғылымдармен
байланысы
1.Тіл дамыту әдістемесі қазақ тілімен
тығыз байланысты. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік
қорын дамыту қазақ тілінің лексика тарауының
ережелеріне сүйенеді. Сонымен қатар балабақшада мектепке
барғанға дейін бала ана тіліміздің барлық
граматикалық формаларын мысал түрінде меңгеріп баруы
қажет. Сондықтан тіл дамыту әдістемесі қазақ
тілінің грамматика тарауымен тығыз байланыста дамиды. Мектеп жасына
дейінгі балалардың жай және құрмалас
сөйлемдердің түрлерін толық ажырата алатындай
дәрежеге жеткізілуі қажет. Бала бұл сөйлемдерді мысал
түрінде меңгергенімен тәрбиеші құрмалас, жай
сөйлемдердің қолданылу ерекшеліктерін, ережелерін өзі
толық меңгеруі тиіс. Олай болса тіл дамыту әдістемесі қазақ
тілінің синтаксис саласына да сүйенеді. Бақшада бала
тілінің дыбыстық мәдениетін қалыптастыру, тіліміздегі
дыбыстарды толық айтуға үйрету жеке сөздерді
буындарға бөліп үйрету жұмыстары да тіл дамыту
сабақтарының басты бөлігі болып саналады. Олай болса тіл
дамыту әдістемесі қазақ тілінің фонетика
тарауының ережелерімен тығыз байланысты. Әрбір топты
балаларға сөздердің дұрыс айтылуын меңгерту
тәрбиеші алдына қойылатын басты міндеттердің бірі. Олай болса
тіл дамыту әдістемесі қазақ тілінің орфоэпия таруының
заңдылықтарына да сүйенеді.
2. Тіл дамыту әдістемесі психологиямен тығыз байланыста
дамиды. Психология –психикалық құбылыстарды, атап
айтқанда, түйсік пен қабылдау, елес пен ой, бейімділік пен
қабілет, ерік сапалары мен мінез белгілерін зерттейді. Осы аталған
психикалық құбылыстардың, мысалы түйсік пен
қабылдаудың, елес пен ойдың сөйлеу процесіне тікелей
қатысы бар. Сөйлеу арқылы қарым қатынас жасау,
пікір алысу, басқаның сөзін ұғыну
психологияның жәрдемін керек етеді. Өйткені тілдік жүйе
адамның санасында сақталады. Заттың біздің снамызда
сақталған атауымен байланысты психологиямен байланысты болып
табылады. Адам ауызекі тіл арқылы қарым қатынас
жасағанда да немесе жазба тіл арқылы қатынас жасағанда
да белгілі бір мазмұнды білдіріп қана қоймайды. Сонымен бірге
сол мазмұнға өзінің қатынасын да білдіреді. Сонда
тіл ойды білдірудің құралы ғана емес, көңіл
күйді білдіретін де құралы болып есептелінеді.
Сондықтан мектеп жасына дейінгі бала тілін дамыту оның санасына,
сезіміне, еркіне, есте сақтауына, қабылдауына байланысты
жүргізіледі. Яғни тіл дамыту әдістемесі психологиямен
тығыз бірлікте жүргізгенде ғана мектеп жасына дейінгі бала
тілінің дұрыс жетілуіне ықпал етеді.
3. Тіл дамыту әдістемесі адам анатомиясы және
физиологиямен тығыз байланысты. Сөйлеу әдетте тіл
дыбыстарынсыз және олардың айтылу, қабылдау процестерінен тыс
болуы мүмкін емес. Ал процестерді сөйлеу аппаратында тіл
дыбыстарының жасалу жағынан да сөйлеген сөздерді, есту
мүшелері арқылы қабылдау жағынан да сөйлеген
сөздерді, есту мүшелері арқылы қабылдау жағынан
да анатомиямен физиология зерттейді.
Маркстік тіл білімі тілдің дыбыстық сипатына ерекше
мән берген. Ф.Энгельс "Маймылдың адамға айналу
процесіндегі еңбектің рөлі" деген еңбегінде
тілдің шығу процесін еңбекпенен алғашқы адамдарда
дыбыстарды айту қабілетінің пайда болуымен және ол
қабілеттің дамуымен байланыстырады. Тілдің шығуы туралы
бұл қағиданы атақты физиолог И.П.Павловтың 2-
сигнал жүйесі туралы ілімі де растай түседі. Оның пікірінше
бізді қоршаған дүниедегі құбылыстың тікелей
әсерінен болатын түйсіктер және елестер 1-сигнал
жүйесін құрайды. Бұл бірінші сигнал жүйесі шартты
рефлекстердің әрекеті арқылы пайда болған.
Адамның сөзі шындық болмыстың осы аталған
сигналдың нәтижесінде пайда болды. Мысалы, күйіп
қалудың түйсігі адамда отты сақтаудың сигналы
болса, оттан сақтан, "күйіп қалам" деген
сөздер күйіп қалу түйсігінің сигналы болып
табылады.
4. Тіл дамыту әдістемесі мектепте
дейінгі педагогикамен тығыз байланысты. Мектепке дейінгі педагогика –
мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу, білім беру, дамыту туралы
және оның негізгі заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Тіл дамыту сабақтарынан балаларда үйретілетін көркем
шығармалардың әрқайсысының тәрбиелік
мәні бар. Сол көркем туындылар арқылы берілетін тәрбие
мектепке дейінгі педагогика қамтитын тәрбиенің
түрлеріне байланысты болады. Олай болса тіл дамыту әдістемесі бала
тілін дамытуда педагогиканың негізгі заңдылықтарың
ескереді.
5.Тіл дамыту әдістемесі м.д.
педагогика тарихымен тығыз бірлікте дамиды. Өйткені педагогика да
бір күнде пайда болған ғылым емес, оның да
өзіндік тарихы бар. Сол педагогиканың әр кезіндегі
оқыту, тәрбиелеу әдістерінің ішінен мектеп жасына
дейінгі балалардың тілін дамытуға әсер ететіндерін
таңдап алып, сабақта пайдалану тәрбиешіден үлкен шеберлікті
қажет етеді.
6. Тіл дамыту
әдістемесі көркем әдебиетпен тығыз бірлікте дамиды.
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда қолданылатын
әдіс-тәсілдердің барлығы көркем әдебиет
мысалдары арқылы жүргізіледі. Яғни тәрбиеші қай
топта болмасын тіл дамыту сабағын өткізгенде негізгі
құрал ретінде сабақ мазмұнына сай ертегілерді,
әңгімелерді, мақал-мәтелдерді, жаңылпаштарды,
жұмбақтарды, тақпақтарды кеңінен пайдаланылады.
7. Тіл дамыту әдістемесі бастауыш
сыныпта ана тілін оқыту әдістемесі мен бірлікте дамиды.
Өйткені балабақшада сөздік қоры дамыған,
байланыстырып сөйлеуге үйренген, дағдыланған,
грамматикалық формаларды мысал түрінде меңгерген
әріптер менен буындарды ажыратуға үйренген бала мектепке
келгенен кейін де сол алған түсініктерін ережелер арқылы
толықтырып әрі қарай кеңейтеді. Сондықтан
бастауыш сыныпта ана тілін оқыту әдістемесі
балабақшадағы тіл дамыту әдістемесінің жалғасы
болуы қажет.
Тіл дамыту
әдістемесінің ғылыми-зерттеу әдістері
Ғылыми зерттеулер тіл дамыту
әдістемесінің теориясы мен практикада қолданылатын жаңа
әдіс – тәсілдерін табуға бағытталады. Негізінен
мұндай зерттеулер 3 бағытта болады.
Тарихи -әдістемелік зерттеулер /бұрынғы пікірлерге жаңаша
көзқарас/.
Экспримент жұмыстары немесе балабақшада
тәжірибе байқау жұмыстарын жүргізу.
Тәрбиешілердің озат тәжірибелерін
жинау.
Бұл
зерттеулердің қайсысында болсын бастамас бұрын алдымен сол
тақырып бойынша жазылған әдебиеттермен танысу қажет.
Содан соң алынған тақырыптың мақсатын және
зерттеу әдістерін анықтау керек. Мысалы, егер озат тәжірибе
жинақтау керек болса, тәрбиешімен әңгімелесу,
байқау әдістері қолданылады. Ал экспримент жұмысы
кезінде сол алынған тақырып бойынша ғылыми болжамдар жасалып,
балабақшада қолданылатын бала тілінің қалай
дамығандығын байқауға сұрақтар,
бақылау жұмысының текстері даярланады және бұл
жұмыстар бірнеше рет қайталанып, нәтижелері салыстырылады.
Мұндай экспримент жұмыстары 1-2 жылға да созылуы
мүмкін. Материалдар жинақтап және сол материалдарды
салыстырып болғаннан кейін қорытынды жасалынады. Ол
қорытындының нәтижесі шағын бірнеше мақала болып
немесе кітапша болып шығарылуы мүмкін.
Негізгі әдебиеттер:
1. Бородич А.М. Методика развития речи детей. М., 1981 г.
2. Баймұратова Б.Б. Мектеп жасына дейінгі
балалардың тілін дамыту методикасы. А., 1991ж.
3. Соловьева О.И. Методика развития речи и обучения
родному языку в детском саду. М,. 1996 г.
4. Развития речи детей дошкольного возраста (под.ред. Ф.Сохина ) М,. 1981г.
Қосымша
әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасының Тіл туралы
Заңы А., 1997 ж.
2.Қазақстан Республикасы Білім беру туралы
Заңы А., 1998 ж.
3. Орта білімді дамыту тұжырымдамасы. А., 1998ж.
Дәріс тақырыбы: Тіл дамыту
әдістемесінің ғылым болып қалыптасуы
Жоспары:
1. Қазақстандағы тіл дамыту
әдістемесінің дамуы.
2. Қазақстанда м.ж.д. балалардың тілін
дамыту әдістемесіне үлес қосқан ғалымдар
1950-60 жылдарда мектепке дейінгі мекмелердің
жұмысына арналған ғылыми зерттеулер одан әрі
жалғасты. Осы кезеңде тіл дамыту сабақтарындағы
балалардың сөздің грамматикалық құрылысын
жақсы меңгерулері үшін қандай
әдіс-тәсілдерді пайдалану керектігі сөз болды. Мектепке
дейінгі тәрбие мәселесінің қалыптасуының
жаңа кезеңі 1959 ж. 21 мамырдағы орталық
комитеттің "Мектепке дейінгі тәрбие мекемедегі оқыту мен
тәрбиелеуді жақсарту шаралары туралы" қаулыға
байланысты.
Ұлы Октябрь ревалюциясынан кейін біздің
республикамызда да мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінің
жұмысы жедел дамыды. 1917 жылы 1 мамырда
Верный қаласында тұңғыш балабақша ашылды.
Бұл бақшаға әртүрлі ұлттан тұратын
100-ге жуық бала қабылданды. 1922 ж. бастап республикада
балабақшаға арнап қызметкерлер даярлайтын әйелдер
курстары ашылды. Сөйтіп 2 жылда 80 тәрбиеші даярланды. 1926-29
жылдары республикамыздың алыс аудандарына мектепке дейінгі киіз үй,
көшпелі үй, қызыл отау секілді мектепке дейінгі
мекемелердің жаңа түрлері ашылып, олар ауыл
комиссариатының шешімі бойынша мектепке дейінгі тәрбие туралы
конференция ұйымдастырды. Бұл конференцияда тәрбие
әдістері, сауат ашу, мектеп пен балабақшаның байланысы деген
мәселелерге көңіл бөлінді.
1938ж.1 мамырда Алматы қаласында
мектепке дейінгі тәрбие жөніндегі Республикалық
методикалық кабинет ашылды. Осы кабинеттің негізінде
тәрбиешілер даярлайтын 3,6,9 айлық
курстар жұмыс істей бастады және бұл курстарда сабақ
қазақ тілінде жүргізілді. Курсты бітірушілер алыстағы
аудандарға жұмысқа жіберілді. Осы кабинеттің ашылуымен
байланысты балабақша жұмыстары жандандырып балабақшаға
арналған программалар, методикалық еңбектер шығарыла
бастады. Алғашқыда бақшаға арналған программа
орыс тіліндегі программаның негізінде аударылып жасалады.
Соңғы шыққан программа сауат ашу бөлімі
қазақ балалар әдебиетінің туындыларынан алынып жасалды.
1964 ж. шыққан программа балалардың жас ерекшеліктеріне сай
шығармалар таңдау мәселесіне ерекше көңіл
бөлінді. 1960-70жж.арасында республикадағы мектепке дейінгі
мекемелердің саны 5-6 есеге дейін өсті. 1981-82 оқу жылына
арнайы шығарылған программа, мектепке даярлық топтарына
арналған оқу тәрбие жұмысына көңіл
бөлінді.
2. Мектепке дейінгі педагогика
ғылымының дамуына өзіндік үлесін қосқан
журналист, публицист, педагог-тәлімгер, аудармашы Нәзипа
Құлжанова. Зерттеуші еңбектеріндегі
тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерінің үлкен бір саласы
− баланың сөйлеу тілінің дамуы. Ол өзінің
"Мектептен бұрынғы тәрбие" атты әдістемелік
құралында мектепке дейінгі баланың нені үйренуі
керектігіне тоқтала келіп:
- сөйлеу, яғни сөз бен сөзді байланыстырып,
өзінің ойын, талабын, көңіл сезімдерін
басқаға жеткізу;
- ойлай білу сырттан алып, ойға тоқыған заттарды салыстырып,
ұқсастығы мен айырмашылығын тауып, әр нәрсе
туралы өзінің ойын айтып, бір пікір шығару;
- ойға тоқығанды және оған деген өз
көзқарасын жарыққа шығару (ойын, сурет,
әңгіме арқылы);
- балаға сусындай керегінің бірі − сөйлеу.
Түрлі білімнің түбірі, негізі баланың сөйлеуі,
білуге құмарлығы деп тұжырымдайды.
Қазақ балабақшаларына арнап еңбектер
жазған, ғылыми зерттеулер жүргізген ғалымдардың
бірі – педагогика ғылымдарының кандидаты Б.Баймұратова, оның
"Мектеп жасына дейінгі. балалардың байланыстырып сөйлеу тілін
дамыту", "Мектеп жасына дейінгі.балалардың тілін дамыту
методикасы", "Балаларды мектепке даярлау", "Біздің
кітап" т.б. еңбектерін атап өтуге болады. "Байланыстырып
сөйлеу тілін дамыту " деген еңбегінде бақшаға
арнаған бағдарлама бойынша тіл дамыту сабақтарын жоспарлау
және мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу ерекшеліктерімен
дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ балалардың
байланыстырып сөйлеу тілін дамытудың тәсілдері мен
әдістеріне тоқталды және осы еңбектің
соңында жоғары топтарда өтілетін кейбір
сабақтардың жоспарын берген. Байланыстырып сөйлеуге
үйретудің негізгі әдістері мен тәсілдеріне:
Сөздік жұмысын жүргізу;
Дидактикалық ойындар ойнату;
Түрлі
заттардың атын айтқызып салыстыру;
Жұмбақ
шешкізу, сурет арқылы әңгіме құрастыру, серуенге,
топсаяхатқа шығару жұмыстарының ерекшеліктерін
нақты мысалдармен дәлелдеп көрсеткен. Ал "Балалар тілін
дамыту методикасы" деген еңбегінде балабақшадағы
әр топтағы балалардың сөздік қорының
қандай дәрежеде болатындығын төмендегі цифрлар
арқылы дәлелдейді. Мысалы: 2 жастағы балалардың
сөздік қоры – 500 сөзден астам.
3 жасар баланың сөздік қоры - 1200
4 жастағы баланың сөздік қоры
-1900, ал даярлық тобындағы балалардың сөздік
қоры 2500-3500 сөзге дейін. Ал өзінің жүргізген
зерттеулерінің нәтижесінде мектеп жасына дейінгі балалардың
сөзді меңгеруі жанұядағы, бақшадағы
жүргізілген тәрбие жұмыстарына байланысты деген
қорытынды жасайды. Бақшадағы әр топтағы
балалардың сөйлеу деңгейлерінің
бағдарламалық талапқа сай болуы сабақтарда
қолданылатын әдіс –тәсілдерге де байланысты екендігін
көрсетеді. Бұл соңғы еңбегінде
Б.Баймұратованың төмендегідей 9 жұмыстың
түрін атап көрсеткен.
Оқылған шығарма бойынша
сұрақ қойып жауап алу.
Балаларға антоним, синоним, омоним сөздерді
меңгертіп, сол сөздердің ерекшеліктерін ажырата алатындай
дәрежеге жеткізу.
Түбір сөздерді әр түрлі формада қолдана білуге
үйрету. Мысалы: бас, басшы, бастық, бастама т.б.
Берілген сөздерге теңеу табу. Мыс:
қызыл алма, тәтті алма, алтын күз, суық күз.
Белгілі бір тақырып бойынша балалардың
өздеріне әңгіме құрастыру /жыл мезгілі, отбасы,
достары туралы т.б/.
Суреттермен жұмыс. / жеке адам, еңбегі,
өмірі, табиғатқа байланысты/
Топсаяхатқа шығару
Дидактикалық ойындар арқылы балалар тілін
дамыту.
Өздерінің көрген білгендері бойынша
әңгімелесу.
Сонымен қатар автор бұл
еңбегінде әр топтағы өткізілетін тіл дамыту
сабақтарының үлгі жоспарларын бере отырып, тіл дамытуды
басқа пәндермен қалай байланыстыру керектігіне тоқталады.
Мысалы, тіл дамыту сабағымен көркем әдебиеттің
байланысын жеке, нақты мысалдар арқылы бала тілін дамытуға
қандай әсері болатындығын дәлеледеген.
Еңбектің соңында дамыту сабақтарында пайдаланатын
дидактикалық ойынның мазмұны берілген.
Ғалым Қ.Меңдаяқова «Байланыстырып
сөйлеуге үйрету арқылы қазақ тілін
оқытудың ғылыми - әдістемелік негізі» атты
диссертациясында мектепалды даярлық тобының балаларын
қарастырған. Ғалым
балабақшадағы тілдік ортаның жасалуына аса мән берген.
Ол тілдік орта алдымен тәрбиешіден басталады, оған балабақша
қызметкерлері және балалар жатады.
Ол:
«Баланың байланыстырып сөйлеуінің дамуы сөйлеу ортасын
ұйымдастыру деңгейіне байланысты. Баланың сөзі
сыртқы ортамен байланыста үш түрлі қызмет
атқарады: қатысымдық, танымдық, тәрбиеленушілік.
− Қатысымдық қызмет айналасындағы
адамдармен қарым-қатынас қажеттігі баланы байланыстырып
сөйлеп, өз ойын басқаға білдіру үшін, тілін
жетілдіруге ынталандырады.
− Бала үшін сөз таным қызметін атқарады.
Сөзді ойланып та, сөзді жақсы байланыстырып та
сөйлейді. Сөйлеу ортасы соған сай ұйымдастырылуы керек.
− Сөйлеу ортасы баланы тәрбиелейді, әсіресе,
балаға «олай жасауға болмайды, олай жасауға болады» деген
сияқты сөздер баланы жаман қылықтан сақтандырады,
жақсы қылықты, мінез-құлықты
қалыптастыруға көмектеседі. Сонымен, жақсы
ұйымдастырылған жасанды сөйлеу ортасы баланың тілін
дамытуына, байланыстыра сөйлеуге жаттығуына, дұрыс
тәрбиеленуіне үлкен әсер етеді» -деп тұжырымдайды.
Байланыстыра
сөйлеуге үйрету мәселесі ғалым К.М Метербаеваның
«Қоршаған дүниемен таныстыру арқылы балалардың
байланыстыра сөйлеуін қалыптастыру» атты диссертациялық
жұмысында жан – жақты қаралған. Ғалым алдына табиғатта болатын
өзгерістерді баланың байланыстыра айта білуін, ойын жүйелі
жеткізуін қадағалау, баулу, үйрету мәселелерін
мақсат етіп, алдына қойған. Ол үшін табиғат
құбылыстарын сипаттауда логикалық ойлауын жетілдіру
мәселелерін анықтаған. Олардың негізінде
балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастырудың
көрсеткіштерін анықтаған. Олар:
- табиғат
құбылыстарының маусымдық өзгерістерін
бақылау;
- көркем шығармаларды талдау,
халық ауыз әдебиетін қолдана білу;
- тәжірибе жасау, модульдік тапсырманы
орындау;
- проблемалық жағдаяттар
туғызу, қорытынды жасай білу.
Осындай негіздегі әдістемесін іске асыруда
ғалым суретті сериялар, табиғат құбылыстарына
байланысты жұмбақ, мақал-мәтел, жаңылтпаш,
тақпақтар, өлеңдер, әңгімелер, ертегі,
проблемалық жағдаяттар, сюжетті-рөлдік және
дидактикалық ойындар, тәжірибелік сабақтарға
көрнекі құралдар т.б. пайдаланған.
Студенттің
өздігінен дайындалуға арналған тапсырма
Бала тілін дамытуға байланысты ғалымдар
пікірлерінен эссе жазу.
Негізгі
әдебиеттер:
Баймұратова Б. Б. Мектеп жасына дейінгі
балалардың тілін дамыту методикасы. А., 1991ж.
Баймұратова Б. Б.
Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеу тілін
дамыту. А., 1976ж.
Баймұратова Б.Б. Балабақшадағы
даярлық топ балаларының тілін дамыту. А., 1984ж.
Баймұратова Б.Б. Балаларды мектепке даярлау
жөнінде . А., 1972ж.
Баймұратова
Б.Б. Мектеп жасына дейінгі балаларды сөйлеуге үйрету. А., 1984ж.
Баймұратова Б.Б. Біздің кітап. А., 1984ж.
7. Меңдаяқова Қ.
Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбиенің дамуы (1917-2005
жж.) – Алматы, 2007.
8. Метербаева
К.М. Қоршаған дүниемен таныстыру арқылы
балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру (5-7
жас). – Алматы, 2005.
Қосымша
әдебиеттер:
Аймауытов Ж. Психология. А.,1995ж.
Жұмабаев М. Педагогика. А., 1993ж.
Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. А., 1992ж.
Дәріс тақырыбы. Ресейдегі әдістеменің дамуы
Жоспары:
К.Д. Ушинский, Е.Н. Водовозова, Е.И. Тихеева т.б. –
мектеп жасына дейінгі балаларға ана тілін үйретудің негізін
қалаушылар.
2. 30-40
жылдардағы тіл дамыту бойынша жүргізілген жұмыстар.
ХХІ ғасырдың ІІ
жартысында прогрессивтік бағыттағы педагогтің бірі-
К.Д.Ушинский мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту
мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Оның
философиялық көзқарасы материалистік бағытта еді.
Ушинский баланың тіл қалыптасуындағы ана тілінің
рөлін ерекше атап өтті. Оның тілін дамыту мен ойлау бір-бірімен
тығыз байланыста болады деген пікірі күні бүгінге дейін
құнын жойған жоқ. Сонымен қатар оқыту мен
тәрбиелеуде халық ауыз әдебиетінің басты роль
атқаратындығын айта келіп, баланың жас ерекшелігіне
қарай таңдап алынған ертегі, жұмбақ, мақал-
мәтел, жаңылтпаштар балаларға адамгершілік тәрбиесін
беруде қайнар көзі болып табылады деп дәлелдеді. Сонымен
қатар Ушинский балаларға шет тілін үйретуді өте жас
кезінен бастауға болмайтындығын айта келіп бала алдымен өзінің ана тілін
жақсы меңгергеннен кейін басқа тілді үйренуге
бейімделеді. Ушинский өзінің көзқарасын «Балалар
әлемі және хрестоматиясы» (1861), «Ана тілі» (1864) деген
еңбектері арқылы халыққа шығарды. Ушинский
бұл еңбектеріндегі құнды пікірлерінің бірі
мектепке баратын балаларды дайындап оқытудың қажеттігі туралы
еді. Ушинскийдің идеясын оның ізбасарлары одан әрі
жалғастырды. Оның шәкірттерінің бірі – А.С. Семенович.
Ол Петербургте. Тбилисиде балабақшада тіл дамыту жұмысы бойынша тәжірибелер
жүргізді. Оның әдістемелік теориясының негізінде
«Отантану» деген еңбегі және жекелеген пәндік сабақтар
өткізу керектігі жөнінде сабақтардың балаларды
қызықтыратын ойын түрлері арқылы өткізу
керектігін айтты.
Е.К.Водовозова – шәкірті. 1871 жылы оның
педагогикалық тәжірибесінің негізінде "Бір жастан сегіз
жасқа дейінгілердің ақыл-ойының дамуы " деген
еңбегін жазды. Ол да Ушинский сияқты отбасында және
балабақшада балаларды тәрбиелеудің басты құралы
халық ауыз әдебиеті деп түсінді және мектеп жасына
дейінгі балаларды қоршаған орта, табиғатпен
таныстырудың маңыздылығын дәлелдеді. Сондай –ақ
жас бүлдіршіндердің байқағыштығын дамыту
үшін балаға ойыншықтарды көзбен көріп,
қолмен ұстауға мүмкіндік беру керектігін айтты.
Бұларды кейін тіл дамыту әдістемесі бойынша пікір
айтқандардың бірі – И.Е.Тихеева. Ол да Ушинский секілді ана тілін
игерудің балабақшадағы және мектептегі оқыту мен
тәрбиелеудің негізі деп қарады. Тихеева Россиядағы,
Италиядағы балабақшалардың тәрбие,
тәжірибелерімен танысып, кейін өзі де балабақшада
меңгеруші болып қызмет істеді. Осы тәжірибесінің негізінде
бақшада сабақ жүргізу үшін сабақ жоспары мен
программасы болу керектігін айтты. Ол еңбектерінде ұсақ
буржуазиялық еркін тәрбие теориясына қарсы шықты.
Алайда, Тихееваның ревалюцияға дейінгі көзқарасында
теріс пікірлер болды. Ол діни тәрбиені насихаттап, қоғамды
таптардан жоғары ұйым деп қарады. Ревалюциядан кейін Тихеева
өзінің теріс көзқарастарынан айырылды. Өзі
басшылық еткен балабақша мен Ленинград пединститутында тіл дамыту әдістемесінің
оқыту тәжірибесін жинақтап "Мектеп жасына дейінгі бала
тілін дамыту " деген еңбегін жазды. Бұл еңбегінде мектеп
жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамыту, байланыстырып
сөйлеуге үйрету мәселелеріне көбірек көңіл
бөлді. Оның осы еңбегіндегі практикалық
нұсқаулар әлі күнге дейін өз
құндылығын жойған жоқ.
Тіл дамыту әдістемесі Октябрь революциясынан кейін
жете дамыды. Яғни, еліміздегі балабақшалардағы саны артып
мектепке дейінгі тәрбиенің теориялық негізі қалыптаса
бастады. Біздің елімізде балабақша халық ағарту
жүйесіне енгізілді. Сондай-ақ ұлттық балабақшалар
салынып, оларда сабақ өз ана тілінде жүргізіле бастады
және ұлттық балабақшаға арналған кадрлар
дайындау мәселесі қолға алынды.
1924
жылы бақшаға арналған әдебиеттер бойынша комиссия
құрылып, оған Е.А.Флерина басшылық етті. Комиссия
бұларға коммунистік тәрбие беретін жаңа
әдебиеттер жазу керектігін айтты. Осы кездегі бақшаға
жөніндегі бір теріс пікір ертегіні оқытуға тиым салумен
байланысты еді. Бұл қателік 1934 жылы жазушылар съезінен кейін
түзетіледі. Еліміздегі балабақшаға жұмысының
жақсаруы орталық комитеттің жаңа шыққан
қаулыларымен байланысты болды.
Советтік
мектепке дейінгі тәрбиенің қалыптасуының
Н.К.Крупскаяның қосқан үлесі мол. Оның
педагогикалық еңбектерінде балалар тілін қалыптастыру
мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Ол сөзді
ақыл –ой тәрбиесінің негізі деп қарады. Ал,
балалардың сөздік қоры олардың айналадағы заттар,
құбылыстар туралы қаншалықты білімдері,
түсініктері бар екендігін көрсетеді деп есептеген. Сондықтан
ол 1932 жылы жазған "Балабақшаға арналған
программа жобасына ескертпелер " деген мақаласында балаларды
тыңдай білуге олардың сөздік қорын жаңа
сөздермен толықтырып отыруға үнемі көңіл
бөлу керектігін айтты. Сонымен бірге Н.Константиновнаның балабақшада
балалардың тілін дамыту кезінде бақылау және қайталау
әдістерін кеңінен пайдалану керектігі жөнінде пікір айтты.
Крупскаяның пікірлеріне сай 1934 жылы шыққан
балабақшаға арналған программада балалар тілін дамыту,
кітаппен және суретепен жұмыс деген арнайы бөлімдер берді.
Программа
кемшілігі: Балалардың жас ерекшеліктеріне көңіл бөлінбеді
және тіл дамыту бойынша алынған тақырыптар саны өте аз
болды.
1938
жылы "Балабақша тәрбиешісіне басшылық" деген атпен
жаңа бағдарламалық әдістемелік құжат
жарық көрді. Бұл басшылықтың тіл дамыту
әдістемесіне балалардың мәнерлеп сөйлеуіне,
қалыптасуына ерекше көңіл бөлді. Бірақ бұл
басшылықта қателік болды. Яғни, бала тілінің
дыбыстық жағын байланыстырып сөйлеуіне көңіл
бөлінбеді.
1948
жылы шыққан "Тәрбиешіге басшылықтың
жаңа басылымында" ана тіліне үйрету және
айналадағы қоршаған ортамен таныстыру мәселелеріне
тереңірек көңіл бөлінді және осы кезеңде
мектепке дейінгі мекемелереге арналған алғашқы ғылыми
еңбектер шыға бастады. Солардың бірі Е.А.Флерина. Ол
қарапайым тәрбиешіден педагогика ғылымының докторына
дейін көтерілген ғалым. Ленин атындағы Москва мемлекеттік
пединститутының профессоры. Ол мектеп жасынап дейінгі балалардың
эстетикалық даму заңдыфлықтарына, баланың тілін дамыту
балабақшаға арналған ойыншықтар және оған қойылатын
талаптар, сондай-ақ бақшада бейнелеу өнерін ұйымдастыру
мәселелеріне көңіл бөлді. Сонымен қатар
педучилищеге арналған оқу құралдарын жазуға
қатысты өзінің іс – тәжірибелері бойынша мектеп жасына
дейінгі балаларға арналған "Жанды сөз" деген
еңбегінде баяндады. Бұл еңбекте балалардың тілін
дамытудағы баяндау, әңгімелесу әдістеріне тоқтала
келіп, нақты мысалдармен ол әдістердің ерекшелігін
дәлелдеп көрсетті. Сонымен қатар Флерина балалар
әдебиетінің хрестоматиясын құрастыруға
қатысты.
1940
жылы еліміздің көптеген қалалары мен обылыстарында мектепке
дейінгі мекемелердің қызметіне арналған ғылыми
практикалық конференциялар өткізілді. Бұл конференцияда
балабақшаға арналған ғылыми еңбектерге таладау
жасалынып қол жеткен табыстар және алда тұрған міндеттер
сөз болды. Сондай- ақ осы конференцияда жеке адамдардың
тәжірибелері ортаға салынды. Мысалы, Е.И.Радинаның
"Балабақшада тіл дамыту " сабақтарында әңгіме
әдісін қалай пайдалану керектігі жөніндегі баяндамасы
өте сәтті шықты.
Студенттің
өздігінен дайындалуға арналған тапсырма
Ресей ғалымдарының тіл дамытуға
байланысты еңбектерін жазып келу.
Негізгі
әдебиеттер:
Тихеева Е.И. Развития речи детей М., 1981.
Ушинский К.Д. Таңдамалы шығармалары А.1949.Y
том
Бородич А.М. Методика развития речи детей.М.,1981.
Алексеева М.М., Яшина В.И. Методика развития речи и
обучение родному языку дошкольников ( Уч.пособие для студ.выш.,и
ср.пед.уч.зав.) 2-изд.М. 1998.
5. Развития речи детей дошкольного возроста (Под ред. Ф.А.Сохина). М.1984.
Дәріс тақырыбы. Тіл дамыту
әдістемесінің
мазмұны мен міндеттері
Жоспары:
Мектеп жасына
дейінгі балаларды жан-жақты
тәрбиелеудегі ана тілінің
маңызы.
Тіл дамыту әдістемесінің негізгі міндеттері.
Қ.Р білім беру заңының «Жалпы және кәсіптік білім беру» деген 21-
бабында: іске асырылатын білім беру
бағдарламасының
сипатына қарай білім
беру- жалпы білім және кәсіптік білім беру болып
бөлінеді. Жалпы білім беруге мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды бірінші орынға қойған. Осы мақсаттарды көздейтін
тіл дамыту әдістемесі мектеп жасына дейінгі балаларды сауатты
сөйлеуге үйрету үшін мына міндеттер жүзеге асырылады,
осы міндеттер тіл дамыту әдістемесінің мазмұнын құрайды.
1. Мектеп жасына
дейінгі балалардың сөздік қорын дамыту.
Баланың
күнделікті өмірден
алған әсерін, үйренген жаңа
сөздерін анықтай отырып, жаңа сөздер
үйрету
балабақшадағы тіл
дамыту сабақтарында және
сабақтан тыс кезде
жүзеге асырылып отыруы
қажет. Баланың
сөздік қорын дамыту оның айналадан
алған әсерімен тікелей
байланысты. Сондықтан
сөздік қорды молайтуда, адамдардың еңбек
процестері, табиғат
құбылыстарын бақылату, топ саяхаттық
сабақтар өткізу
басты рөл атқарады.
Мұндай сабақтарда
балалар жаңа объектілермен танысады. Үйренген
сөздерін естеріне
тиүсіріп бекітеді.
Айналадағы заттар мен құбылыстардың белгілері
сан – сапа
өзгерістері қайда
неден жасалатындықтары
кімдер жасайтындықтары жайында
жаңа бірнеше сөздер үйреніп, білім
дағдылар кеңейеді.
Сөйтіп олардың өмірге деген
көзқарасы
қалыптасады. Еңбек адамдарына құрмет көрсеруге, табиғатқа
қамқорлық
жасауға үйренеді.
Тәрбиеші тіл дамыту
сабақтарында балаларға
тек қана жаңа сөздерді үйретіп қана қоймай
сол үйретілген жаңа
сөздердің
балалардың есінде ұзақ сақталуына
жағдай жасау керек. Ол
үшін үйретілген
әр бір жаңа
сөзді белгілі уақытта қайталап отыру
керек.
2. Мектеп жасына
дейінгі балаларды байланыстыра сөйлеуге
үйрету.
Байланыстырып
сөйлеуге үйрету
екі түрге бөлінеді :
Екі не одан да
көп адамдардың
сөйлесуі - диалогты
сөйлесу деп аталады.
Мұндай сөзге
үйрету алдын – ала әзірленген арнайы сабақтар
арқылы да әзірленбеген әңгімелесулер арқылы жүзеге асырылады. Баланы
жуындырғанда, киіндіргенде. Тамақтандырғанда,
серуенге шығарғанда,
ертеңгілік қабылдауда, кешке
алып кеткенше әңгімелесу.
Мектеп жасына дейінгі
байланыстырып сөйлеуге үйретудің екінші түрі – монолог. Монолог – бір
адамның байланыстара
сөйлеген сөзі. Мұндай
сөйлесудің мақсаты белгілі бір факт оқиға жөнінде баяндау. Байланыстырып сөйлеудің бұл түріне қайталап айту ойдан шығарып айту
әдістері қолданылады.
Сөздің грамматикалық
құрылысын меңгерту.
Әр бір
тілді түсіну үшін оны құрайтын
сөздердің лексикалық
мағынасын білу аз. Сонымен
бірге осы сөздердің
грамматикалық мағынасын
түсіндіру керек.
Сөздің грамматикалық мағынасы дегеніміз – сөздердің байланысқа түскендегі мағынасы. Мектеп жасына дейінгі балаларға сөздің грамматикалық
формасын меңгерту дидактикалық ойындар, грамматикалық
жаттығулар
арқылы жүзеге асырылады. Мектепке барғанға дейін балаларға ереже айтылмайды.
Мектеп жасына
дейінгі балаларға сөздің дыбыстық мәдениетін қалыптастыру.
Бұл
міндет бойынша мектеп жасына дейінгі
бала жеке құбылыстардың, буындарды,
сөздерді дұрыс айтуға
үйренеді және дыбыстық мәдениетті
қалыптастыруда тәрбиешінің өзінің
сөзді анық ,
қатесіз айтуға басты роль
атқарады.
Мектеп жасына
дейінгі балаларды көркем әдебиетті таныстыру.
Бұл міндет тәрбиешінің баяндауы
немесе мәнерлеп оқуы
арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар мектепке барғанға дейін
бала оқылған әр бір шығарма бойынша
толық баяндама
айтуға, сол шығарманың
оқиғасына деген
пікірін білдіруге
дағдыланады. Жалпы
баланың көркем
әдебиетпен таныстығы тақпақтар, шағын ертегілермен танысудан басталады. Сонымен
қатар көркем
әдебиет балаларға педагогикалық әсер
берудің тиімді құралы . көркем
шығармаларды оқу
арқылы бала жалқаулық,
қорқақатық, өзімшілдік сияқты
жағымсыз әдеттерден
жиіркеніп, жақсы мінез құлыққа тәрбиеленеді.
Мектеп жасына
дейінгі балаларды сауат
ашуға даярлау.
Балабақшада
жүргізілетін
жұмыстардың
барлығы баланы мектепке
даярлауды көздейді.
Сондықтан ересек тобынан
бастап тіл дамыту
сабақтарында сауат
ашу жұмыстарына ерекше
көңіл бөлінеді. Тіл
дамыту әдістерін талдау, жинақтау
әдісіне сәйкес балалар сөздерді буындарға,
дыбыстарға бөле отырып, сөйлем құрауға
үйренеді.
Осы аталған міндеттер бір-бірімен тығыз
байланысты. Мысалы, сөздің дыбыстық мәдениетін
балаларға үйреткен кезде грамматикалық формаларға
көңіл бөлмеуге болмайды, яғни жеке сөздер
арқылы дыбыстарды дұрыс айтуға дағдыланған кезде
белгілі бір морфологиялық тұлғаны да меңгертуді де
естен шығармау керек. Сол сияқты сабақтың мақсаты
байланыстырып сөйлеуге үйрету болса, бала тілінің
сөздік қорын дамыту жағы да ескерілуі қажет.
Дәріс тақырыбы: Тіл дамыту әдістемесінің
әдіс-тәсілдері
Жоспары:
Тіл дамыту әдістемесінің
әдіс-тәсілдері.
Мектепке дейінгі ұйымдарда ұйымдастырылатын
оқу іс-әрекетіне қойылатын жалпы талаптар.
Білімді бір адамнан екінші адамға
беру мақсатымен орындалатын үйренуші мен үйретушінің
іс-әрекетін оқыту әдісі
деп атайды. Әрбір пәннің өзіне тән
оқыту әдістері болады. Сол сияқты тіл дамыту
әдістемесінің де төмендегідей әдіс-тәсілдері бар:
Көрнекілік әдіс – егер оқылатын объекті мен балалар тікелей танысатын болса,онда сол
нәрсені, затты есінде жақсы сақтайды. Егер таныстырылатын
нәрсемен бетпе-бет кездесуге мүмкіндік болмаса, онда тәрбиеші
ол заттардың ойыншық түрін немесе суретін көрсетуі
қажет.
Сөздік әдіс.
а﴿Әңгімелесу әдісі –
көркем әдеби шығармалармен таныстырған кезде жиі
қолданылады. Әңгімелесу әдісі тәрбиешінің
сұрағынан және балалардың жауабынан тұрады.
Яғни бұл әдіс бойынша тәрбиеші де балада
сөйлейді.әңгімелесу әдісі кезінде де көрнекілікті
пайдалануға болады. Дидактикалық ойынның бір ерекшелігі бала
әрі ойынға қызығады және байланыстырып
сөйлеуге үйренеді.
б﴿Қайталап айту әдісі – бұл
әдіс бойынша тәрбиеші балаларға көркем әдеби
шығарманы оқып береді немесе топсаяхатқа, серуенге
шыққан кезде өздерінің көрген,
бақылаған құбылыстарды естеріне түсіріп, маз
мұндап айтады. Қайталап айту әдісі еліктеу әдісіне ұқсас. Өйткені екі
әдісте де бала тәрбиешінің айтқанын қайталайды.
Ал бұл әдістің айырмашылығы еліктеу әдісінде
кейде сол бойда немесе белгілі уақыт өткеннен кейін
өзінің түсінігі бойынша қайталайды.
Практикалық әдіс- бұл әдістің
мақсаты баланың алған білімін іс жүзінде пайдалануын
қамтамасыз ету. Балабақшада көбінесе праактикалық
әдіс ойын түрінде өткізіледі. Мысалы, оқылған
ертегілер ді, әңгімелерді кейіпкерлендіру арқылы сценарии
құру арқылы балаларға рөлдерді бөліп беріп,
шығарманың оқиғасын еске түсіруге болады.
Тәсілдер:
Белгілі бір
әдістің қолданылу вариантын, сол әдісті
құрайтын негізі іс-әрекетке оқу, дидактикалық
материалдың сипатынан туындайтын қосалқы іс
әрекеттің енгізілуін тәсіл
деп атайды.Тіл дамыту әдістемесінің тәсілдері:
1)
Негізгі
2)
Жанама болып екіге бөлінеді.
Негізгі тәсілдерге:
Тәрбиешінің сөзі, түсіндіру,
сұрақтары, бала білімін бағалауы, бағыт сілтеуі жатады.
Ал жанама тәсілге: ескертпе,
ақыл беру, айтып беру, түзету жатады. Кейде сабақ
мазмұнына қарай бір сабақта негізгі тәсілдердің
бірнешеуі қолданылуы мүмкін және олардың біреуі негізгі
болады, қалғаны жанама болады. Мысалы, әңгімелесу
кезінде сұрақ тәсілі негізгі болғанымен
сабақтарында жиі қолданылатын тәсілдің бірі – көрнекілік тәсілі.
Көрнекілік
тәсілі ойыншықтарды, суреттердә көрсету арқылы
жүзеге асырылады. Осы тәсілмен қатар жаттығу да жиі
қолданылады. Жаттығу дегеніміз – балалардың үйренген
тілдік әдістерімен дағдыларын жетілдіру үшін жұмыстану.
Ұйымдастырылған
оқу іс-әрекетіне қойылатын жалпы талаптар:
Ұйымдастырылған оқу
іс-әрекеті – оқытуды ұйымдастырудың негізгі
формасы.
Балабақшада
оқу іс-әрекетін өткізу әдісіне қарай
әңгіме сабағы, оқу сабағы, топсаяхат сабағы
болып та бөлінеді. Осы ұйымдастырылған оқу
іс-әрекетінің қай түріне болсын төмендегідей
талаптар қойылады:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне
алдын ала мұқият дайындалу, яғни тәрбиеші топта
өткізілетін әр сабақ бойынша алдын ала жоспар жасайды.
Бұл жоспарда сабақтың тақырыбы, мақсаты,
қолданылатын әдістемелік әдістер, көрнекі құралдар
анық көрсетілуі қажет.
Сабақтын бала түсінігіне ауыр,
жеңілдігі. Сондықтан тәрбиеші сабақ жоспарын
жасаған кезде таныстырылатын жаңа тақырыптың баланы
көп ойландыратындай ауыр болмауы немесе баланы жалықтыратындай
өте жеңіл болмауы қажет, яғни сабақтарға
жаңа тақырып баланың жас ерекшеліктеріне сай, өзі
қысқаша қорытынды жасай алатындай дәрежеде болуы тиіс.
Сабақтың тәрбиелік мәні. Тіл
дамыту сабағы кішкентайлар тобынан бастап белгілі бір жүйемен
жүргізілетіндіктен балада тілге деген қызығушылық пайда
болады. Яғни, балаға тіл үйрету кезінде, оның
психологиялық процестері де жетілдіріледі. Сөйтіп тіл дамыту
сабағы арқылы мақсатқа жетуге талпынушылық,
тәртіптілік, ізеттілік, еңбек сүйгіштік, ұжымдық
секілді қасиеттер қалыптасады. Яғни тіл дамыту
сабағының осындай тәрбиелік мәні бар.
Сабақтың эмоционалдық сипаты.
Сабақты бастамас бұрын балалардың оқуға деген
қызығушылығын ояту керек. Әр сабақта
балаларға қанағат сезімін туғызуы тиіс. Яғни реті
келгенде балаларды қызықтыратындай, күлдіретіндей дидактикалық
ойындарды пайдалану арқылы бастауға болады.
Сабақтың құрылысы. Сабақ
әдетте өткен материалды қайталаудан басталады,содани
соң жаңа тақырып түсіндіріледі.Жаңа
тақырыпты түсіндіріп болғаннан кейін сұрақтар
қою арқылы балалардың түсініктері сұралады.Сабақтың
қорытынды бөлімі балаларды сергітетіндей жұмбақтар
айту,хормен өлең айтқызу,дидактикалык ойындар ойнату,сурет
салдыру секілді жұмыстармен аяқталуы тиіс.Бақшадағы
өткізілетін сабақты көне сөзбен
қорытындылаудың қажеті жоқ.
Сабақ кезіндегі баланың сөйлеу
белсенділігі. Баланың сөйлеці белсенділігін арттыру үшін
сұрақ-жауап әдісін қолдануға болады және
сонымен қатар бала өз жолдастарының жауабын
тыңдауға да дағдылануы керек.
Оқытудың ұжымдық сипаты
және баламен жеке жұмыс. Әдетте жаңа тақырып
бойынша балаларға ортақ сұрақ қойылып,
ортақ тапсырма беріледі. Кейде топтағы ұялшақ, аз
сөйлейтін, өз ойын дұрыс жеткізе алмайтын балалармен
тәрбиешінің жеке жұмыс жүргізуіне тура келеді.
Мұндай жеке жұмыс күннің ІІ жартысында
жалғастырылуы керек және баланың сөйлеу тілін
жаттықтыру үшін ата-анасына да әдістемелі көмек
көрсетіледі. Яғни тәрбиеші баламен үйде қандай
жұмыс жүргізу керектігі жөнінде ақыл-кеңес
береді.
Сабақтың дұрыс өтуі топ
бөлмесінің жағдайына да байланысты. Яғни бөлме
ішінің жарықтануы, тазалығының талапқа сай болуы,
орындықтар мен үстелдің балалардың жас ерекшеліктеріне
дәл келуі секілді мәселелер қарастырылады.
Әр топтағы сабақтың дұрыс
өтілуі тәрбиешінің көңіл-күйіне де
байланысты.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың
жаңа стандартында көрсетілгендей, ұйымдастырылған
оқу іс-әрекеті мына критерийлерге сәйкес келуге тиіс:
– ізденіс
сипаты болуы;
білім беру қызметінің педагогикалық
процесінің алдын-алу сипатының
болуы;
интеграциялық- дифференциалды сипаттың болуы;
оқыту процесінің субьектілері арасында
қарым-қатынастың диалогтық типіне ықпал ету;
ынтымақтастық үшін жағдай жасау;
Дәріс тақырыбы: Балаларды байланыстырып сөйлеуге
үйретудің түрлері
Жоспары:
1. Әр
топтағы байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмысының
мазмұны.
2. Байланыстырып сөйлеуге
үйретудің түрлері, олардың ерекшелігі.
Байланыстырып сөйлеу адамдардың
өзара түсінісуін қамтамасыз ететін мағыналы
сөздердің сөйлемдегі жүйесі болып табылады немесе ойды
жинақы түрде грамматикалық жағынан дұрыс,
дәл, анық мазмұндау болып табылады. Сондықтан
байланыстырып сөйлеуге үйрету балабақшадағы тіл дамыту
жұмысының ең негізгі бөлігі болып саналады. Жалпы
байланыстырып сөйлеу ойлаумен біртұтас болып саналады.Яғни
сөздің сөйлеудің жиынтығы ойлаудың жиынтығы.
Байланыстырып сөйлеу баланың ойлауын, көрген- білгенін
қорытып айта білу шеберліктерін анықтауға негіз болады. Бала
өз ойын қаншалықты жеткізе білсе, оның сөйлеу
тілінің қалай дамығандығын солай байқауға
болады.
Балалар
ересектердің байланыстыра айтылған сөздерін, ақылмен
дыбыстарды, жекелеген буындарды, сөздерді меңгеру арқылы түсіне
бастайды. 2,5- 3 айда сәбилер үлкен адамдардың
сөздеріне, ойыншықтардың дыбыстарына елеңдей бастайды.
3 айдан 5-6 айға дейін сәбидің дыбысты айыру және
оған көңіл қоятындай қабілеті дамиды. Яғни
бала өзіне таныс қимылды білдіретін сөздерді түсінеді (мысалы:
қолыңды бер т.б)
1,5-2
жасқа дейін бала үлкендердің айтқан ойыншықты әкел, орнына
қой, маған бер деген тапсырмаларын түсіне бастайды. Жалпы
баланың бұл кездегі сөйлеуі тұмыстық
қатынас кезінде, яғни, таамақтану, киіндіру, бірге серуендеу
ойын кезіндегі үлкендердің олармен сөйлеп отырулары
арқылы қалыптасады. Балалар осы кезде өздері жиі естейтін
сөздерді ұғып алады, бірақ бұл кезеңде
баламен сөйлескен кезде сәби үлкендердің айтқан
әрбір сөзін, заттардың шартты белгісі ретінде
қабылдайтындай етіп әр сөзді анық, сөйлемдерді,
сөз тіркестерін қысқа түрде айту керек.
Балалардың сөйлеу дағдыларын дамытуға
мүмкіндіктеріне қарай сол нәрселердің ойыншықтардың
өзін қолдарына көрсетіп ұстау және көрсету
кезінде, бұл не нәрсе, көлемі қандай, бояуы қандай
деген сұрақтар арқылы балаларды сөзге тарта білу керек.
Бала
үш жасқа келгенде пассивті қоры көбейіп, бала
тілінің грамматикалық құрамына көңіл
бөлу қажет.
4 жаста
бала сол сәтте болып жатқан іс-әрекетке ғана емес,
өтіп кеткен іс- әрекет жайында да үйренуі керек. Осымен
байланысты балада байқағыштық өз ойын жеткізе білуі
қалыптасады. Және осы жастағы балалар әңгіме
айтуға, тәрбиеші оқып берген, баяндаған
мәтіндерді қайтадан өз сөздерімен айтып беруге,
қысқа тақпақтарды жатқа айтуға төселеді.
5 жаста
балалар тек қана тыңдаған шығарманың
мазмұнын түсініп қоймай, ондағы кейіпкерлердің
ерекшеліктерін жағымды, жағымсыз әрекеттерін талдауға,
шығарма тіліндегі бейнелі сөздерді бейнелеуге жаттығады.
Бұл жастағы балалар өзі қайталап жүрген шығарманы суреттеп байланыстырып
сөйлеуге, картинаның мазмұнын айтуға дағдыланады.
Ал 6
жасқа келгенде өзі тыңдаған ертегі немесе
қызықты әңгімелердің оқиғаларын
өз қиялымен одан әрі дамытып айтуға жаттықтырады.
Мектеп
жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге
үйретудің 2 түрі бар:
1. Екі
немесе одан да көп адамдардың арасындағы
әңгімелесу диалог деп
атайды. Мұндай әңгімелесудің мақсаты бір
нәрсе жайында сұрап, соған жауап алу. Байланыстырып сөйлеудің
бұл түрін үйретуде алдын-ала әзірленген
әңгімелесу әдісі қолданады. Алдын ала әзірленген әңгімелесудің
міндеті балаларды өз ойын жеткізе білуі
тәрбиелеу және әңгіме айтушыны тыңдай
білуге үйрету. Алдын-ала
әзірленген әңгімелесу бірнеше күн бұрынғы дайындық арқылы жүзеге
асырылады. Яғни тәрбиеші топтағы балаларға
әңгіме тақырып боларлық нәрсе жайында
қысқаша түсінік беріп таныстырады. Тәрбиешінің
мұндай әңгімесі кіріспеден, әңгіме
тақырыбын одан әрі дамытудан және
әңгімелерден
аяқталуынан қорытындыдан тұрады. Мұндағы
кіріспе сөздердің
мақсаты әңгіме болып отырған
тақырыпқа балалардың назарын аудару. Ал әңгіме
тақырыптың өрістеуі
белгілі бір мақсатқа негізделіп, сол оқиғаны
немесе нәрсені балаларға толық таныстыруды көздейді.
Әңгімені жұмбақ айту, өлеңдер оқу
немесе картиналар көрсету арқылы жүзеге асыруға болады.
Байланыстырып сөйлеудің екінші түрі монологты
яғни бір адамдардың байланыстыра сөйлеген сөзі.
Байланыстырып сөйлеудің бұл түріне үйрету 2
жастан басталады. Зерттеулердің
көрсетуінше, 5 жасқа келгенде бала көргенін,
байқағанын, тыңдағанын өз сезімін айтып бере
алады.
Ал ойдан
шығарып айтқанда бала тәрбиеші оқып берген
ертегілердің оқиғасын өз қиялымен одан әрі
жалғастырады және балабақшаға дейін өзі
кездестірген оқиғалар жайында ойдан құрып жеткізеді.
Студенттердің өздігінен
дайындалуға арналған бақылау сұрақтары.
1. Диалогты сөйлеу деген не?
2. Монологты сөйлеу деген не?
Дәріс
тақырыбы: Әңгімелеу барысындағы балалардың ойлау
әрекетінің ерекшелігі
Жоспары:
1.Тіл мен ойдың адам өміріндегі маңызы.
2.Ойлау әрекетінің ерекшелігі.
Баланың айналадағы өмірді, қоршаған
дүниені, адамдар арасындағы қарым-қатынасты танып
білудегі басты жәрдемшісі – тіл. Тілдің дамуы оның сана
-сезімінің, ой- өрісінің, жеке бас
ұйтқысының қалыптасуына негіз болады. Болашақ
азаматтың жеке бас тұлғасын қалыптастыру негізі
мектепке дейінгі кезеңде басталады.
Педагогика
саласында тіл біліміне ерекше мән беріліп, тіл мен сана, сөйлеу мен
ойлау өте тығыз қарастырылады. Адам ойы сөйлеу тілінде
көрініс табатындықтан, дұрыс сөз құрау,
өз ойын нақты да тиянақты жеткізу ақыл ойдың
көрінісі болмақ. Сөздердің грамматикалық
жүйесін, оларды қолдану тәсілдерін меңгеру арқылы
адамның ойлау жүйесі де дамиды. Сонымен қатар көргенін
айтып талдау арқылы бала қоршаған дүниені таниды.
Психолог
Н.И.Жинкиннің пікірінше, ішкі сөйлеуде пайда болатын ой басқа
адамға акустикалық кешен арқылы жетеді. Дыбыс есту
мүшелерінің қызметімен нерв сигналдары түрінде миға
жетіп, тыңдаушыға жеткізіледі.
Бала
айналасындағы заттар мен құбылыстарды, көріністерді
біліп қана қоймайды, соларды ұғынуға талпынады,
соның негізінде біртіндеп ол жайында ұғым
қалыптастыруға ұмтылады. Сондықтан бала мынау не?
Бұл неліктен болады? т.с.с.
сұрақтар қойып, өз ойын айқындауға
тырысады. Сұрақтарға жауап алу барысында олардың ойлау
қабілеті дамиды. Ойдың жемісі-сөз. Бала сөз
арқылы өз ойын сыртқа шығарады. Тіл мен ой тығыз
бірлікте болғандықтан, байланыстырып сөйлеуді дұрыс
қалыптастыру арқылы ойлауды да жетілдіруге мүмкіндік туады.
Тілі дұрыс қалыптасқан бала басқаның да ойын тез
түсініп, өз ойын да жүйелі жеткізе алады. Сонымен қатар
тіл мен ой бір- бірімен байланыста екенін ұғады. Тілсіз
ойлаудың болмайтыны, әрбір ой тіл арқылы ғана
көрінетінін, яғни сөйлеуді ойлаудан бөліп алудың
мүмкін еместігіне көз жеткіземіз.
Зерттеуші-
ғалым, профессор Х.Досмұхамедов тіл, сөйлеу адам
психологиясының басты белгілері екендігін айта келіп:
«Тіл-жұрттың жаны. Өз тілін өзі білмеген ел болмайды.
Тілінен айырылған жұрт-жойылған жұрт... Ана тілін білмей тұрып, бөтенше
жақсы сөйлесең, ол күйініш. Ана тілін жақсы біліп
тұрып, бөтенше жақсы сөйлеу бұл сүйініш»
деп жасаған тұжырымы бүгінгі заман талабымен үндесіп
жатқанын көреміз.
Бала
тәрбиесіндегі тіл мәніне ерекше көңіл берген ұлы
чех педагогы Я.А.Коменский: «Бала тілін мектепке дейінгі сәттен бастап
дамытпай, жеке адам тәрбиелей алмаймыз» деп тұжырым жасады. Ол
өзінің баршаға танымал «Аналар мектебі» еңбегінде:
«Сөз әр заттың мәнін бейнелейді, сөзді
түсінбес бұрын заттың мәнін түсіну керек,
сөз заттардың жеке белгілерін түсінуі барысында сыртқа
шығады» деген ойы бүгінгі таңда өз ойын сақтауда.
Ал
Н.Құлжанова мектепке дейінгі тәрбие мәселесін зерттей
келіп, баланың нені үйрену керектігіне тоқтала келіп:
-
сөйлеу, яғни сөз бен сөзді байланыстырып,
өзінің ойын, талабын, көңіл сезімдерін
басқаға жеткізу;
- ойлай білу
сырттан алып, ойға тоқыған заттарды салыстырып,
ұқсастығы мен айырмашылығын тауып, әр нәрсе
туралы өзінің ойын айтып, бір пікір шығару;
- ойға
тоқығанды және оған деген көзқарасын
жарыққа шығару (ойын, сурет, әңгіме
арқылы);
- балаға
сусындай керегінің бірі – сөйлеу. Түрлі білімнің
түбірі, негізі баланың сөйлеуі, білуге
құмарлығы деп тұжырымдаған.
Баланың ойлау әрекеті
үнемі дамып, мазмұны жағынан өрістеуі олардың
түрлі іс- әрекеттерінің нәтижесінде жүзеге асады.
Мұндай ерекшеліктер баланы әрбір нәрсені алдын -ала
көріп, оларды қайта жасауға және сипаттап айтып беруге
мүмкіндік береді. Бала алдында сол нәрселердің мәнін
танып білуді арнайы міндет етіп қояды. Байқалған
құбылыстарды анықтап түсінік беріп, оған жауап
іздестіреді.
Мектеп
жасына дейінгі балалардың тағы бір ерекшелігі- оған
өздерін қызықтырған мәселелердің
мәнін түсінулері үшін өздерінше тәжірибелер
жасауға қызығады. Сөйтіп құбылыстар мен
заттарды бақылап көріп, оларға талдау жасайды,
өздерінше қорытындылар жасап әңгімелеуге ұмтылады.
Мұндай әрекеттердің бәрі әңгімелеу
барысында баланың ойлау тәсілдерін дамыта түсінуіне негіз тудырып,
дүние танымның өрістеуіне жол ашады.
Ең
басты- ойлау әрекетімен тығыз байланысты дамып отыратын тілді,
оның құрылымын меңгереді. Бала ақыл-ойының
деңгейі, тек білім көлемімен ғана емес, сонымен бірге
оның өсіп жетілуінде оған әлі де беймәлім білімдер
жүйесін қалыптастырып отыру деңгейінен анықталады. Осы
бағытта баланың өзіндік қабылдауына,
әңгімелеуіне қиын тиіп, ой-өрісі жете бермейтін
құбылыстарды кездестіргенде үлкендерге неге?, не үшін?,
неліктен?, ол қалай?, деген сұрақтарды жиі қояды. Ересектерге
қойылатын мұндай сұрақтар баланың танымдық
әрекеттерін дамытып, қоршаған ортасы жайлы білімдері мен
мағлұматтарын, дұрыс әңгімелеп берулерін
жетілдіруге жетелейді.
Тіл мен ой
әлемі біртұтас байланыстырып сөйлеуде баланың
логикалық ойы, түсінген нәрсені дұрыс
ұғынып, басқаларға да түсіндіріп айта алуы
көрініс табады. Баланың сөзіне қарап оның ойлау
қабілеті мен тілінің дамуы туралы қорытынды жасау мүмкіндігі
туады.
Дәріс тақырыбы: Балаларды
байланыстырып сөйлеуге үйретуде лексикалық
жаттығу, логикалық сөздік тапсырмалар
орындату, ойын т.б. ролі
Жоспары:
1. Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде
лексикалық жаттығудың алатын орны.
2. Логикалық сөздік тапсырмалар орындату
арқылы балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету.
3. Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде
ойынның ролі
Байланыстырып сөйлеуге үйретуде жиі қолданылатын
әдістердің бірі лексикалық жаттығу жұмыстарын
жүргізу. Мұндай жаттығулар көбінесе сөздік ойын
түрінде жүргізіледі. Мысалы, бұлтты, жаңбырлы,
суық, мөлдір, ашық, бұлыңғыр деген
сөздерді қандай сөздерге қосып айтуға
болатындығын таптырту және айттыру қажет.
Байланыстырып сөйлеуде қолданылатын тағы бір
әдіс- логикалық сөздік тапсырмалар орындату. Ол үшін
тәрбиеші жыл маусымдарының өзгерісіне әңгіме құрайды
да, сол сипатталған өзгерістің жылдың қай
мезгілінде болатындығын таптыртады. Мұндай логикалық
сөздік тапсырманы тұрмыста қолданылатын балабақшада бар
заттардың нәрселердің түрлеріне байланысты
ұйымдастыруға болады. Логикалық сөздік тапсырма, егер тақырып
табиғат құбылыстарына арналса, мынадай үш бағытта
жүргізуге болады.
1. табиғаттағы қысқа мерзімде
болып өтетін өзгеріс туралы мысалы, қардың еруі,
нөсер жаңбырдың жаууы, жапырақтардың
сарғаюы т.б.
2. табиғат құбылыстарының
заңды байланысын байқату, мысалы, жыл мезгілдерінің келу реті.
3. Бір маусымда болатын өзгерістерді
толықтырып түсіндіру және әңгіме
құрату.
Мектеп
жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде бейнелі
көркем сөздерді меңгертудің де үлкен мәні
бар. Образды сөйлеуге үйретудің алғашқы
қадамы, бақылау, салыстыру арқылы іске асырылады. Мысалы,
Қуандық Шаңғытбаевтың «Күзгі
жапырақтар» өлеңінде:
Алуан- алуан жапырақ
Күзгі бақша күлімдеп
Көз тартады жалтырап
Таудан салқын жел соқса
Сыбырлайды қалтырап
Жақын қалды жел тоқсан
Жабырқайды жапырақ
Ой
алақай тамаша
Шашу
шашты жапырақ
Бақтың іші алаша
Аунарма еді жатып-ап
Осы
өлеңдегі күлімдеп, жалтырап, қалтырап,
жабырқайды, шашу шашты жапырақ немесе өзендегі тастарды неге
ұқсайтындығын сұрағанда олар аппақ, жұмыр,
қоңырқай, сары жұмыр тасты сабын секілді, судың
мөлдір жерін айнадай деген теңеулерді айтып жауап бере алады.
Сонымен балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету тәрбиешіден
үлкен шеберлікті талап ететін тіл дамыту әдістемесінің басты
саласы.
Балалардың
байланыстырып сөйлеуін қалыптастыруды жүзеге асырудың
ерекше бір жолы- ойын. Ойын - балалар үшін қызықты ғана
әрекет емес, ол білім мен әдет-дағдыларды игеруге
мүмкіндік беретін іс-әрекет. Ойынды арнайы сабақ ретінде
немесе оқу үрдісі кезінде ұйымдастыруға болады.
Сабақта
жүйелі және орынды қолданылған ойын элементтері
балалардың білуге деген ынтасын арттырып, білім дағдыларына игеруге
іскерліктерін шыңдауға, байланыстырып сөйлеуге ықпал
жасайды.
Дидактикалық ойындар ұйымдастыру арқылы балаларға
қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстардың
ерекшеліктерін білуге, есте сақтауға және оны бақылау
кезінде және сабақта алған ұғымдарын
тиянақты елестетулерін анықтай түсуіне көмектесуге
болады. Соның негізінде байланыстырып сөйлеу тілі жетіледі.
Педагог-тәрбиешілер сабақта
ойын элементін қолдану барысында мына негізгі мәселелерге
көңіл бөлуі керек:
-ойынның мақсатын айқындау. Балалар ойын кезінде
қандай іскерлік пен дағдыны, жаңа сөздерді,
сөйлем құру ерекшелігін игереді, ойынның тәрбиелік
мақсатын;
-ойынға қатысушылардың санын анықтау;
-ойын
барысында қолданылатын материалдардың тартымдылығы;
-ойын
шартын түсіндіруге уақытты үнемдеу, түсіндіру;
-ойынның қанша уақытқа созылатындығы.
Ойынның әсерлілігі, қызықтылығы және
байланыстырып әңгімелеуге сәйкестігі;
Балабақшада балаларды байланыстырып сөйлеуге
үйрету күннің екінші
жартысында серуенге шыққанда әңгімелер, ертегілерді
балалардың естеріне түсіріп өздерінің
балабақшадан тыс уақытында көргенін әңгімелетуге
болады. Мұндай жұмыс кезінде тәрбиешінің негізгі
мақсаты олардың қатесіз дұрыс сөйлеуіне
көңіл бөлу қажет.
Дәріс
тақырыбы: Баланың сөздік қорын дамытудың
мазмұны
Жоспары:
1. Баланың сөздік қорын дамытудың
мазмұны
2. Бала тіліндегі актив және пассив сөздер
Баланың
күнделікті өмірден алған әсерін, үйренген
жаңа сөздерін анықтап отыру, жаңа сөздер
үйрету балабақшадағы тіл дамыту сабақтарында
және сабақтан тыс кезде жүзеге асырылып отыруы қажет.
Баланың сөздік қорын дамыту, оның айналадан алған
әсерімен тікелей байланысты. Сондықтан сөздік
қорды молайтуда адамдардың еңбек процестерін, табиғат
құбылыстарын бақылату, топсаяхаттық сабақтар
өткізу басты роль атқарады. Мұндай сабақтарда балалар
жаңа объектілермен танысады. Үйренген сөздерін естеріне
түсіріп бекітеді. Айналадаға заттар мен
құбылыстардың белгілері, сан-сапа өзгерістері,
қайда, неден жасалатындықтары, кімдер жасайтындығы жайында
жаңа, бірнеше сөздер үйреніп, білім дағдыларын
кеңейтеді. Сөйтіп олардың өмірге деген
көзқарасы қалыптасады. Еңбек адамдарына
құрмет көрсетуге, табиғатқа
қамқорлық жасауға үйренеді. Тәрбиеші тіл
дамыту сабақтарында балаларға тек қана жаңа
сөздер үйретіп қоймай, сол үйретілген жаңа
сөздердің балалардың есінде ұзақ сақталуына
да жағдай жасалу қажет. Ол үшін үйретілген әрбір
жаңа сөзді белгілі уақытта сабақтан тыс кезде
қайталап отыру қажет.
Бұл «Алғашқы қадам»
бағдарламасы 1-3 жасқа аралығы бойынша балалар ересектермен
тілдік қатынасын дамыту қажетті ақпаратты түрлі
жолдармен жеткізуге үйрету; ым, қимыл, вокал, былдыр сөздер
және т.б. баланы қарым-қатынас жасауда
ым-ишараны қолданудан сөз бен буынды қолдануға
көшуге ынталандыру. Сөздік қорды туыс адамдардың атауын
(ата, әже, әке, ана, тәте, аға т.б.), таныс заттар мен
ойыншықтарды (шыныаяқ, кереует, үстел, қонжық,
қуыршақ және т.б.), кейбір тағам түрлерін
(ботқа, сүт), қимылдарды (ал, тұр, жібер, т.б.)
білдіретін сөздермен толықтыру. 1жас 6 айға қарай таныс заттарды түсіне,
өлшеміне, пішініне қарамастан тауып, атай білуге үйрету. Жыл
аяғына қарай баланың белсенді сөздік қоры 300
сөзге дейін жетеді.
3
жастан - 5 жасқа дейінгі балалардың сөздік қорын
дамыту. «Зерек бала» бағдарламасы
бойынша балалардың қоршаған орта туралы түсініктерін
қалыптастыру барысында сөздік қорын дамыту. Оны түрлі
сөз таптарына (зат есім, етістік, сын есім, үстеу) қатысты
сөздермен байыту. Заттардың бөліктерін ажыратып, атай білуге
үйрету.
Сөздік
қорын заттардың қасиеттері мен сапасын (көлемі,
түсі, пішіні, т.б.) білдіретін сөздермен толықтыру.
Балалардың
сөздік қорына қарама-қарсы мағаналы сөздер
антонимдерді (үлкен-кіші, жақсы-жаман, мейірімді-мейірімсіз, т.б.)
енгізу.
Балалардың
сөздік қорын тұрмыстық заттар: кір жуғыш машина,
тоңазытқыш, шаңсорғыш, теледидар сияқты
атаулармен толықтыру.
Балалардың
сөздік қорын ұлттық және бұрын
көрмеген «таңқаларлық» заттардың атауларымен
толықтырылып, аттары мен қызметтерін түсіндіру.
Ал
«Біз мектепке барамыз» бағдарламасы бойынша мектепке дейінгі ересек
жастағы балалардың сөздік қорын қоршаған
орта туралы білімдерін қалыптастыру барысында дамыту. Тілін зат есім,
етістік, сын есім, сан есім, есімдіктер, үстеулер, демеуліктер,
ыңғайлас салалас және бағыныңқы шылаулармен
толықтыру. Осы жастағы балаларға:
- жалпылауыш сөздерді
қолдана білуге (киімдер, аяқ киімдер, бас киімдер, жиһаз,
т.б.)
-түрлі логикалық
топтарға жататын заттарды атай білу іскерлігіне, сөйлемге
көпмағаналы, синоним, антоним сөздерін қолдануға;
белгілі бір заттың белгілеріне қарай, затқа әрекет
естуді және белілген әрекетке зат таңдай білуге.
Қажетті
сөздерді дұрыс түсіну және қолдануын
қалыптастыру, оларды өз тәжірибесінде белсенді қолдану.
Сөзге қызығушылығы мен зейінін арттыру болып табылады.
Бала тіліндегі
сөздер актив және пассив сөздер болып бөлінеді. Актив
сөздерге бала түсінетін және сөйлегенде
қолданатын сөздер жатады. Актив сөздерінен бала тілінің
байлығы байқалады.
Ал пассив сөздерге бала мағынасын
түсінетін, бірақ сөйлегенде пайдаланбайтын сөздері
жатады. Зерттеулердің
көрсетуінше, бала тіліндегі пассив сөздер актив сөздерге
қарағанда саны жағынан көп болады. Бала тіліндегі
пассив сөздері күнделікті тілдік қарым-қатынаста
пайдалануға дағдыландыру оңай емес, өйткені бала
сөздерінің мағынасын ажыратуда, айтуда қиналуы
мүмкін. Сондықтан тәрбиеші сөздік жұмысын
жүргізгенде төмендегі принциптерді басшылыққа алады:
а) жаңа сөздер балаға айнала
қоршаған ортамен таныстыру барысында үйретілуі керек.
ә) сөздік қорды молайту
психикалық процестер мен адамгершілік қабілетті дамытуға да
әсер етеді.
б) сөздік жұмыстары жүйелі,
бірізділікпен жүргізілсе ғана нәтижелі болады.
Студенттердің
өздігінен дайындалуға арналған бақылау
сұрақтары.
1. «Сөз» ұғымының
анықтамасын жазып келіңіз.
2. Актив, пассив сөз дегеніміз не?
Педагогикалық сөздіктен анықтамасын жазу.
Негізгі
әдебиеттер:
1.
Е.И. Тихеева. Развития речи детей. (Раннего и дошкольного
возроста) М.,1981г.
2.
А.М.Бородич. Методика развития речи детей. М., 1981г.
3.
Б.Баймұратова. Мектепке жасына дейінгі
балалардың тілін дамыту методикасы. А., 1991ж
Дәріс тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі
балалардың сөздік қорын дамытудың міндеттері
Жоспары:
1. Балалардың сөздік қорын жаңа
сөздермен толықтыру.
2. Баланың сөздік қорын нақтылау.
3. Сөздік қорды жандандыру.
4. Бала тілінің тазалығын сақтау
Дәріс тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі
балалардың сөздік қорын дамытудың тәсілдері
Жоспары:
1. Жаңа сөздің айтылу
үлгісін беру.
2.
Дидактикалық ойындар немесе жаттығулар.
Мектепке
жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамытудың
өзіндік тәсілдері бар.
І.
Жаңа сөздің айтылу үлгісін беру – ең негізгі
тәсіл. Тәрбиеші сол сөзді балалардың назарын
аударатындай етіп, жайлап түсінікті етіп, морфологиялық
жағынан қатесіз айтуы тиіс. Жаңа сөзді
мүмкіндігіне қарай сол затты көрсету арқылы
түсіндірсе, бала есінде жақсы сақталады. Мысалы,
тәрбиеші құмыра деген сөзді көтеріңкі
екпінмен айтып және қолындағы құмыраны
көрсетіп, «Балалар мынау сүт құйылған
құмыра», - дейді.
Кей
жағдайда таныстырылатын жаңа сөзді оларға
бұрыннан таныс синоним, антоним сөздері арқылы
түсіндірген тиімді. Немесе жаңа сөзді сөйлем ішінде
келтіріп, оның басқа сөздермен байланысын
байқауға болады. Мысалы, тәрбиеші бесік сөзін
түсіндіруде «бесікте бала ұйықтап жатыр» деген сөзді
келтіреді.
Жаңа
сөз балалар есінде жақсы сақталуы үшін тәрбиеші
сабақ соңында дейін өзі де, балаларға жеке – жеке
және хормен айтқызады.
Балалардың назарын жаңа сөзге аударуда ол
сөздің шығу тегін де айтқан жөн. Онсыз да бұл неге осылай аталады, не себепті
деген сұрақ қойғыш балаларға сөздің
түп-төркіні туралы түсінік беру артық болмайды.
Қайта баланың тілге деген қызығушылығы, сезінуі
күшейе түседі. Мысалы, жұмыс – жұмысшы,
құрылыс – құрылысшы т.б.
Балалардың сөздік қорын жандандыруда
сұрақтарды кеңінен қолдануға болады.
Сұрақ қою тәсілімен әсіресе көп
сөйлемейтін, тұйық балаларды сөзге тарту жеңіл.
ІІ.
Дидактикалық ойындар немесе жаттығулар.
Сөздік жұмысын жүргізудегі ең тиімді
тәсілдерінің бірі болып саналады. Мысалы, «Қуыршақ
Сәуленің туған күні», «Біз қайда болдық, не
көрдік?» деген дидактикалық ойындар арқылы балалар өз ойларын
толық жеткізуге, естілген жаңа сөздерін естеріне
түсіруге дағдыланады немесе «Шешуін тап» ойыны кезінде
тәрбиеші сипаттайтын анықтауыштар айтады да, балалар
анықталатын зат атауларын табады.
Негізгі әдебиеттер
Е.И. Тихеева. Развития речи детей. (Раннего и дошкольного
возроста) М.,1981г.
А.М.Бородич. Методика развития речи детей. М., 1981г.
Б.Баймұратова. Мектепке жасына дейінгі
балалардың тілін дамыту методикасы. А., 1991ж
Дәріс тақырыбы: Сөздік қорын
дамыту сабақтарының ерекшеліктері
Жоспары:
Бақылау.
Картинамен жұмыс.
Сөздік жаттығулар.
Жұмбақтар, диафильмдер.
Сөздік қорды дамыту сабақтарының
ерекшеліктері:
Мектепке
дейінгі педагогикадағы «тікелей қабылдау» деген терминнің
балабақшадағы тіл дамыту сабақтарында сөздік
қорын дамыту сабақтарында қатысы бар. Балабақша
үйімен танысу, топсаяхатқа шығу жеке заттарды (киім, ыдыстар,
көкөністер т.б) үлкендер еңбегін тікелей
бақылайды. Тікелей бақылау кезінде баланың ойлауы да
күрделенеді; обьекті жөнінде ұғым пайда болады,
оның белгілерін талдап, басқа өзіне таныс нәрселермен
салыстырады. Бақылау процесі кезінде тәрбиеші балалардың
байқағандарын сөзбен жеткізулерін талап етеді.
Тәрбиеші
бақылауға басшылық жасағанда балалардың бір
обьектімен толық танысып, содан соң екіншісіне көшулеріне
рұқсат береді. Бақылау барысында балалар өздеріне таныс
заттар, құбылыстар атауларын естеріне түсіріп, бекітіп
жаңа сөздермен танысады. Сондықтан тәрбиеші
бақылау жұмысын бастамас бұрын, балаларға
үйретілетін жаңа сөздерді нақтылауы тиіс. Мысалы,
көше қозғалысын байқауда – оң жақ, сол
жақ, аялдама, көпір, гүлзар т.б. сөздермен
таныстыруға болады.
Бақылауды
іс жүзінде пайдаланумен ұштастырса, балалардың обьектіге
деген қызығушылығы арта түседі. Айталық,
кітапханамен танысуға барғанда, балаларға одан жазылып, кітап
алуға мүмкіндік жасау керек. (м.д. тобы)
Мұнда
белгілі бір обьектімен танысу сабағын В.И. Логинова белгілі үш
түрге бөледі:
Затпен бірінші рет танысу және сөздік
қорға соған байланысты жаңа сөздер енгізу.
Заттың сынын, сапасын, ерекшелігін байқау,
салыстыру.
Сол затты пайдалану арқылы түсінікті
ұғымды кеңейту.
Осы аталған сабақтардың жалпы міндеті –
бақылата отырып, баланың сөздік қорын дамыту.
Мектеп
жасына дейінгі баланы түрлі материалдармен (мата, әйнек,
қағаз, тері, ағаш, металл, пластмасса) танысады және
оларды затқа айналдырудың жолдарын (тігу, қию, желімдеу,
жабыстыру т.б.) түсінеді. Сөйтіп, балалар заттардың,
нәрселердің неден жасалатындығын, қалай
жасалатындығын ажырата бастайды. Заттарды жаслған материалына, белгілеріне
қарап, саластырып үйретеді.
Балабақшада
балалардың сөздік қорын дамытуда картинамен жұмыс
жүргізудің мәні үлкен.
Картинамен
таныстыруда балаларға бұрыннан таныс бөлігінен бастаған
жөн. Картинада белгіленген балаға белгісіз жәйттарды
тәрбиеші өзі түсіндіріп, балалардың пассивті
сөздерін кеңейтеді.
Тәрбиеші
бағдарлама талабына сай келетін белгілі суретшілердің картиналарын
таңдап, өзі танысып, балаларға үйретілетін жаңа
сөздерді белгілейді. Картинаны таныстырғанда сұрақ тәсілі
басты рөл атқарады және сұрақтар да түрліше
өзгертіліп қойылады.
А)
Картинаның жалпы мазмұныны түсіндіру үшін картина не
туралы? Қалай атауға болады?
Ә)
Картинада белгіленген жеке заттарға көңіл бөлу
үшін – Бұл не? Қандай нәрсе? Неге ұқсайды?
Б)
Картина бөліктеріндегі байланысты табу үшін – Не үшін керек?
Бір – біріне қалай ұқсайды?
В) Бала
қиялын дамыту үшін тағы да ненің суретін салуға
болады? Оны қалай таптың? Деген тұрғыдағы
сұрақтарды жалғастыруға болады.
Бала сөзін жандандыруда ұсақ
үлестірмелі суреттерді де пайдалаған жөн, тиімді.
Барлық топта да балалардың сөздік қорын молайтуда,
жандандыру да ойыншықтармен жұмыс жүргізуге болады.
Ойыншықтармен таныстыру барысында балаларды ойната отырып оның неден
жасалғанын, көлемін, түрін, түсін сипаттау керек.
Мұндай сабақ кезінде балалар сөйлейді, жаіа сөздерді
меңгертеді әрі ойыншықтарды күтіп ұстау,
жинақтылық секілді қасиеттерге баулынады.
Сөздік
қорды дамыту сабағында сөздік жаттығуларды
кеңінен қолданылады. Мұндай жаттығулар көбінесе
жоғарға топтарда өткізіледі. Мысалы, бала тіліндегі
қимылды білдіретін сөздерді жандандыру үшін «кім не істейді?»
жаттығуы кезінде балаларға иемдейді, оқытады,
жүргізеді, тігеді, салады, қалайды т.б. жетістіктерді естеріне түсіреді.
Немесе «сапасын анықта» жаттығуы арқылы балалар сын есімдерді
(алма, алмұрт, тәтті, құрт, айран, ащы,
қышқыл; ағаш, тас, қатты; т.б.) айтады.
Мектеп жасына дейінгі бала тілінің сөздік
қорын жандандыруда жұмбақтардың да мәні
үлкен. Жұмбақтарды табиғат көріністерін,
заттардың, ойыншықтардың қасиетін, сынын, байқату
кезінде айтқызуға болады.
Мысалы,
Қанаты
жоқ – ұшады,
Аяғы
жоқ – қашады.
(жел)
Жүреді
бой тастап, ойқастап,
Басында
айдары, иекте сақалы бар.
(әтеш)
Осылайша
жұмбақтарды үйренгеннен кейін, балалардың
өздеріне жұмбақ құрастыруға болады.
Жұмбақ құрастыру арқылы бала теңеу,
салыстыру, эпитет сөздерді пайдаланып, тіл байлығын
кеңейтеді, керекті сөзді мағынасына қарай тез
табуға жаттығады.
Сондай –
ақ мектеп жасына дейінгі баланың сөздік қорын дамытуда
диафильмдер көрсету, көркем әдебиетпен таныстыру
(бұған кейінірек тоқталамыз) да жиі қолданатын
тәсілдер. Балабақшада балалардың сөздік қорын
дамыту сабақтан тыс кезде де жүргізілуі тиіс. Жоғарыда
аталған сөздік жұмыстың әдістері басқа
қызмет түрлерінде де пайдаланылады. Әсіресе
тұрмыстық еңбек кезінде (тамақтану, киіндіру, жуындыру,
т.б.) баланың сөздік қорын кеңейтуге,
жандандыруға көңіл бөлінуі тиіс.
Сол
сияқты ұжымдық еңбек, ойын барысында балалар
сөзге араласып, сөздердің мағыналарына мән
беретін болады. Білетін сөздерін естеріне түсіреді,
жаңғыртады.
Ұжымдық
еңбек кезінде балаларды бірнеше шағын топтарға бөліп,
жетекші сайлап соңынан сол жетекші балалар жұмысы жайында
баяндайды. Мұндай жұмыста жетекшілікке көп сөйлемейтін
балаларды сайлаған дұрыс.
Сөздік
жұмысын нәтижелі жүргізудің құралы ретінде
ойындарды алуға болады. Мектепке дейінгі тәрбие
педагогикасындағы ойындардың жүргізілу ережелерін басшылыққа
ала отырып, балалардың ойын кезіндегі сөйлеу белсенділіктерін
арттыруға жұмыстану қажет.
Балабақшада
сөздік жұмысын жүргізуде балалар театрынын түрлерін де тиімді пайдалануға болады.
Сонымен, мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын
дамыту, жандандыру көптеген тәсілдер көмегімен жүзеге
асырылады.
Дәріс
тақырыбы: Жалпылама сөздерді меңгерту
Жоспары:
1. Жалпылаудың нольдік
және бірінші дәрежесі.
2. Жалпылаудың
екінші, үшінші және
төртінші
дәрежесі.
Жалпы мағынасы бойынша
топқа бөлінген сөздерді балалардың меңгерулері бірнеше сатыдан тұрады.
1. Жалпылаудың нольдік сатысы немесе
дәрежесі.
Бұл сатыда бала
жалқы есімді де, жалпы
есімді де түсініп қабылдайды. Мысалы,
ата, әже, кітап,
орындық т.б Жалпы есім
сөздерді Айнұр,
Айгүл деген есімдер секілді жалқы есім деп
түсінеді.
2. Жалпылаудың І дәрежесі. Яғни
біртектес заттардың, іс-
әрекеттердің жалпы атауын
түсіну. Мысалы допты
көрген бала
соған ұқсас нәрселерді мөлшеріне,
материалына
қарамастан доп деп
түсінеді.
3. Жалпылаудың ІІ- дәрежесі. Бұл
кезеңде тектік ұғымды білдіретін сөздерді бала ажырата алады.
Мысалы, үстел, орындық, шкаф - бәрі де жиһаз
екендігін, ал көйлек, костюм, пальто - киім
түрлері екенін түсінеді. Бұл
дәрежедегі
сөздерге балалар үш
жастан кейін үйренді.
4. Жалпылаудың ІІІ дәрежесі. Бұл
кезеңде балалар ІІ
дәрежедегі
сөздердің
қандай топтарға жататындығын меңгереді. Мысалы,
жиһаз, аяқ - киім
, ыдыс- аяқ, ойыншықтар- бәрі де заттар екендігін, ал, ақ, қызыл, сары, жасыл түстердің түрлері екендігін түсінеді. Мұндай сөздердің топтарын 5-6
жасқа келгенде жақсы меңгереді.
5. Жалпылаудың ІҮ
дәрежесі. Бұл кезеңде балалар әр топтағы лексикалық
сөздерді, мысалы, зат
атауларын, қимылды білдіретін сөздерді, заттың санын,
сапасын білдіретін сөздерді толық ажырата алады. Мұндай сөздерді 6-7 жасқа келгенде
айқын ажыратып, тәрбиеші сұрағына жауап
бере алады.
Егер балалар жалпылаудың төртінші
дәрежесіндегі
сөздердің
мағынасын үйренуге
қабілетті болса, онда
олар лингвистикалық ұғымдарды оқып
үйренуге даяр
болғаны: Бұл мүмкіндік толық
дәрежеде жас өспірімдік шақ сатысында
туады.
Тектік
түрлері
қатынастағы
сөздерді жиһаз -
үстел, орындық, керует
үйрене отырып, балалар
оларды тұтас және
оның бір бөлігі ретіндегі сөздерді айыра білу
тиіс:
орындық- оның
сирағы, арқалығы, отыратын орны;
бет -
маңдай, жақ, мұрын, ауыз,
көз;
Негізгі әдебиеттер
1. Л.П
Федоренко, Г.А Фомичева. В.К Лотарев.
Мектеп жасына дейінгі
балалар тілін дамыту
методикасы. –А ., 1981
2. А.М Бородич. Методика развития речи детей.
–М., 1981.
3. Балбөбек бағдарламасы –А., 2000.
Қосымша әдебиеттер
1. В.В Гербова.
Занятия по развитию речи в старшей
группе детского сада. –М., 1978
2. В.В Гербова.
Занятия по развитию речи с детьми 2-4 лет. –М., 1993.
Дәріс тақырыбы: Сөздің
грамматикалық құрылысын қалыптастырудың
маңызы мен
міндеттері
Сөздің грамматикалық
құрылысы туралы ұғым.
Мектеп жасына дейінгі балаларға сөздің
грамматикалық құрылысын меңгертудің міндеттері.
Бір топтағы балалар тілінің
грамматикалық құрылысының бір деңгейде болмау
себептері.
Жеке
сөздер арқылы білдіруге болмайтын түрлі
мағыналардың барлығы да тек грамматикалық амал –
тәсілдерінің көмегі арқылы ғана түсінікті
етіп жеткізіледі. Сондықтан «Әрбір тілдің өзіне
ғана тән грамматикалық амал- тәсеілдердің
жиынтығы тілдің грамматикалық құрылысы» деп аталады.
Грамматика ұғымы тілдің грамматикалық
құрылысын зерттеуде өзінің тексеретін
обьектісінің негізгі өзегі етіп сөзді және
сөйлемді алады. Тексеру обьектісінің осындай ерекшеліктеріне
қарай грамматика ғылымы морфология және синтаксис болып екіге
бөлінеді.
Морфология – сөз
және оның формалары туралы ілім.
Синтаксис – сөйлем мүшелерін,
сөздердің байланысу тәсілдерін, сөйлемнің
түрлерін зерттейді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік
қорында зат атауларының түрін, қимылын білдіретін
сөздер қалыптаса бастайды. Бала сегіз жасқа келгенде
ғана өз тілінің грамматикалық құрылысын
толық меңгеретіндей дәрежеге жетеді. Бірақ бала тілінде
грамматикалық құрылысы тек қана мысал түрінде
меңгертіледі, ереже айтылмайды. Бала тілінің грамматикалық
құрылысын қалыптастыруда төмендегідей міндеттер бойынша
жұмыс жүргізіледі:
Балалардың ауызша сөйлеудегі
грамматикалық қателерді түзету.
Балалар тілін синтаксистік жағынан жетілдіру.
Оларды жиі қолданылатын сөз тіркестерімен таныстыру. Жай және
құрмалас сөйлемдерді үйрету.
Грамматикалық формалардан қате жіберетін
балалармен жеке жұмыс жүргізу.
Сөздің грамматикалық
құрылысын көбінесе өз бетімен еліктеу арқылы
үйренеді. Зерттеушілердің көрсеткеніндей, екі жасқа
келгенде бала тіліндегі грамматикалық қателіктер анық
байқалады. Мысалы, олардың сөйлеген сөзінде
сөздерді жалғау, жұрнақсыз түбір күйінде
айту, септік жалғаулардың орнын ауыстыру, сөйлемдердегі
сөздің орнын ауыстыру секілді қатынастар жиі кездеседі.
Негізінен бала тілінің морфологиялық және синтаксистік
жағы қатар дамиды. Бірақ синтаксистік қателер көп
байқалады.
Өйткені
балалар көбінесе сөйлеген кезде жай сөйлемдерді пайдаланады.
Сондықтан тәрбиеші өз тобындағы балаларды
құрмалас сөйлемдерді пайдаланып сөйлеуге
дағдыландыруы тиіс. Балабақшада бала тілінің грамматикалық
құрылысын қалыптастыруда тәрбиеші төмендегідей мәселелерге
көңіл бөлуі керек:
А) бір
топтағы балаларға арналған ұзақ мерзімдегі
сабақ мазмұнын таңдау. Мұндай тақырыпты
таңдаған кезде тәрбиеші жыл басында өз тобындағы
балалардың қандай грамматикалық формалардан қате
жіберетінін байқауы тиіс. Ол үшін сұрақ – жауап
арқылы тексеру сабағы өткізіледі. Мұндай сабақ
10-20 минут болады. Тексерудің қорытыныдысы бойынша жалпы топқа
тән грамматикалық формамен жұмыс жүргізіледі және
бұл жұмыстың ұзақтығы сол
грамматикалық қателерін топтағы балалар толық
меңгергенге дейін жалғасады.
Ә)
бір сабаққа арнап программалық материал таңдау.
Тәрбиеші күнделікті тіл дамыту сабақтарына жоспар
жасағанда белгілі бір грамматикалық форманы меңгерту жолдарын
сабақ мақсатын енгізіп отыруы қажет. Мысалы, көмекші
есімдерді меңгерту. (Зат есімдермен тіркесіп айтылады, мысалы, жаны,
қасы, асты, үсті) Осы көмекші есімдерді меңгерту
үшін түрлі ойыншықтарды түрлі жағдайларда
орналастырып, сол ойыншықтың кеңістікте орналасқан
орындарын сөзбен айтқызу қажет. Осылайша жеке бір
тақырыптарды мысалдар арқылы түсіндіріп, баланың
назарын, ынтасын сол материалға аударуға болады.
Б)
сабақта өтілген материалдарды қайталау. Қайталау
кезінде баланың түсінігіне қиындық келтіретін
грамматикалық формада алған дұрыс. Қайталау
жұмысы ең аз дегенде бір апта немесе бір айдан кейін
жүргізіледі.
В)
сабақтың сипаты қай топта болмасын бала тілінің
грамматикалық жағын дамытуда, көбінесе, дидактикалық
ойындар және жаттығулар жүргізу грамматикалық формаларын
меңгерту кезінде тәрбиешінің негізгі қолданатын
әдісі. Сол грамматикалық тұлғаның айтылу
үлгісінің берілу балабақшада бала тілінің
грамматикалық құрылысын жетілдіруде қазақ тілі
грамматикасының нормаларымен баланың жас ерекшеліктері ескеріліп
жұмыс жүргізіледі. Бірақ соның өзінде де
топтағы балалар тілінің грамматикалық құрылысы
бірдей деңгейде болмауы мүмкін. Ол бірнеше себептерге байланысты
болады:
Баланың жалпы психологиялық
заңдылықтарының дамуына байланысты (нерв жүйесіне
байланысты, ақыл – ой, есі, ынтасы т.б.)
Сөздік қорының мөлшеріне
байланысты.
Баланың сөйлеу аппаратының
жағдайына байланысты.
Меңгерген грамматикалық категориялардың
ауыр, жеңілдігіне байланысты.
Бала айналасының (ата-ана, тәрбиеші,
аға тәрбиеші, меңгеруші т.б.) сөздерінің грамматикалық
жағдайына байланысты.
Бала тілін дамытуға педагогикалық
басшылықтың рөліне байланысты.
Яғни балабақшадағы тіл дамытудың
жүргізілуіне байланысты. Зерттеушілердің пікірі бойынша мектеп
жасына дейінгі балалар тілінің өз бетімен білуіне, яғни
белгілі бір тақырыпта немесе картинаны түсіндіріп беруіне
мүмкіндік жасау қажет. Екіншіден баланың активті сөздік
қорына сондықтан, сол себепті, өйткені тағы басқа
тілдік құралдарды енгізу арқылы балаларды
құрмалас сөйлем құрастырып айтуға
үйрету керек.
Дәріс тақырыбы: Бала тілін дамытуда
грамматикалық
жаттығулардың ролі
Жоспары:
Грамматикалық жаттығу туралы түсінік.
Грамматикалык жаттығудың түрлері.
а)
Фонетикалық
ә)
Морфологиялық
б) Синтаксистік
Грамматикалық жаттығулар балалардың қандай
тілдік материалмен жағдай жасауына қарай фонетикалық,
морфологиялық, синтаксистік және лексикалық болып
бөлінеді. Фонетикалық жаттығулардың міндеті- балалардың
айтылған буындарымен дыбыстарды
жақсы айыра алуын және оларды дұрыс анық айтып беруге
қамтамасыз ету. Фонетикалық жаттығулар арқылы кейбір
балалардың тілін тістеп сөйлеу, сақауланып сөйлеу,
қайсы бір дыбысты қалдырып кетіп сөйлеу немесе С мен Ш, Р мен
Л, Ж мен З сияқты дыбыстарды
жалғастырып айту кемшіліктері жойылады.
Мектеп жасына дейінгі балаларға фонетикадан
берілетін мағлұматтар мен фонетикалық жаттығулар
орфоэпиялық заңдылықтарды яғни әдеби
тіліміздің нормасын сақтап сөйлеуде ерекше орын алады.
Балалардың жауаптарында ,әңгімелерінде байқалған
орфоэпикалық қателер, теріс айтылған сөздер
түзетіліп сөз ішіндегі, сөз шекарасындағы
дыбыстардың құбылуы ескертіліп отырады. Сонымен қатар
тілімізге басқа тілдерден енген термин
сөздердің дұрыс айтылуы да практикалық
жаттығулар арқылы үйретіледі.
Морфологиялық жаттығулардың мақсаты
– ана тілінің морфологиялық құрылысын балаларға
саналы түрде меңгерту. Мазмұны жағынан
морфологиялық жаттығулар екі түрлі болады.
Сөз
тұлғасын оқу барысындағы жаттығулар.
Сөз
таптарын оқу барысындағы жаттығулар.
Сөз тұлғасына байланысты
жүргізілген жаттығуларға мынандай талаптар қойылады:
Алдымен мүмкіндігіне қарай негізгі
түбірді онан әрі түбірді туынды түбірнді ең
соңында түбірлік сөзді таңдайтындай жағдай
жасалады.
Белгілі бір
сөздің ішінен түбірді тапқызу үшін сол негізгі түбірден жасалатын туынды
сөздермен салыстыру ескеріледі.
Туынды
сөздермен негізгі түбірді ажырату барысында мағына
жағына назар аударылады.
Синтаксистік
жаттығуға мәтіндегі қойылған тыныс белгілерді
талдау, қойылмаған белгілерін қою, өздері
қарастырған сөйлемдермен, мәтіндегі қажетті
тыныс белгілерін қойып
түсіндіру.
Балалардың алған білімін бекіту
мақсатында жүргізілетін жаттығуларға жалпы мынандай
талаптар қойылады:
Белгілі бір
жаттығуларды орындау үшін балалардың сол жаттығуларды
орындарлық білімі болуы шарт.
Балалар
жаттығуларды не үшін орындайтынына, оның қандай пайдасы
барлығына түсінсе ғана оны саналы орындайды.
Жаттығуларды түсініп орындағанда ғана белгілі бір
дағды қалыптасады.
Жаттығу
балалардың қызығуын, ынтасын ,ықыласын арттыруға
тиіс. Ол үшін жаттығу түрлендіріп берілуі шарт. Өйткені
бір сарында жаттығу, балалардың зейінін, қабылдауын,
белсенділігін нашарлатады.
Жаттығулар
кездейсоқ болмай, белгілі бір жүйемен орындалып отырылуы шарт.
Жаттығу
жұмыстары тек жуықта ғана өтілген материалдарға
негізделией бұрын өтілген кейбір материалды да қамтуы керек.
Бір жаттығу ұзақ уақытқа
созылмауы тиіс. Әсіресе, балалардың жасы неғұрлым кіші
болған сайын, жаттығулар да қысқа уақытқа
мөлшерленеді де, үнемі жиі-жиі қайталауға негізделген.
Шығармашылақ
жаттығулар көбірек болуы қажет.
Әр
жаттығу бала еңбегінің нәтижесін көрсетіп
отыруға тиіс.
Жаттығулар
бала ойыны әсер етуі жағынан аналитикалық –
синтетикалық болғаны жөн .
Яғни грамматикалық талдау сөздер,
сөз тіркестері, сөйлемдер мен мәтіндерді құрастыру,
салыстыру арқылы ұқсастық пен ерекшеліктерді табу,
топтау. Өз пікірлерін дәлелдей алып, білгеннен жалпы
қорытынды шығара білу т.б. Жаттығу жұмыстарының
барысында балалар әрбір сөз
табының қасиетін, ерекшеліктерін саналы түсіреді, септік,
көптік, жіктік, тәуелдік жалғауларын меңгереді, оларды
сөйлегенде дұрыс, орынды қолдана алады.
Негізгі әдебиеттер
А.М.Бородич. Методика развития речи детей. М., 1981г.
А.И.Максакова. Правильно ли говарит ваш ребенок. М.,
1988г.
Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы. А., 1991ж.
«Балбөбек» бағдарламасы. А., 2000ж.
Дәріс тақырыбы: Сөздің дыбыстық мәдениетін
қалыптастырудың мазмұны
Жоспары.
1. Сөздің дыбыстық
мәдениеті туралы ұғым.
2. Дауысты дыбыстар мен дауыссыз
дыбыстардың айырмашылықтары.
Тіл
мәдениеті дегеніміз – тілдік тәсілдердің ширау, жетілу
дәрежесі, яғни, сөйлеген кездегі сауаттылық,
фонетикалық, орфографиялық, орпоэпиялық, морфологиялық
заңдылықтар мен нормаларды, стилді, құбылыстарды ұқыпты, дұрыс
қолдану деген сөз.
Жалпы алғанда тіл мәдениеті негізінен
сөз мәдениеті, сөздерді орынды қолдану деген
ұғымды білдіреді. Өйткені тіл мәдениетінің де
зерттейтін объектісі сөз, сөздің дұрыс жазылуы,
дұрыс қолданылуы. Сол арқылы ойдың айқын,
әсерлі жетуі.
Дыбыстау
мәдениеті дегеніміз – сөйлеу барысында барлық тілдік
құралдарды (дыбыстарды дұрыс айту, мәнерлеп
сөйлеу тәсілдерін есту қабілеттерін жетілдіру, дұрыс
тыныс алу) орынды пайдалана білу. Дыбыстау мәдениеті балаларда сәби
шағынан бастап бірте – бірте қалыптасады. Баланың дыбыстарды,
буындарды жеке сөздерді айтып үйренуі, оның сөйлеу
аппарытының жетілуімен қатар жүреді, бірақ барлық
топтағы балаларды дыбысты дұрыс айту процесі бірден
қалыптаспайды. Сондықтан да жеке дыбыстарды айтудағы
қателіктер жиі кездеседі.
Бала
тілінің дыбыстық мәдениеті дұрыс қалыптастыру
үшін тәрбиеші алдымен тіліміздегі дыбыстардың
жасалуының ерекшеліктерін өзі жақсы білуі қажет.
Мысалы, тіліміздегі дауысты дыбыстардың дауыссыздардан төмендегідей
айырмашылықтары бар:
1.Дыбыстау мүшелерінің қызметіне
байланысты. Дауысты дыбыстарды айтқанда дыбыстау мүшелері жан –
жақты қимылға келеді.
2.Дауыстыларды айтқанда ауа кедергісіз еркін
шығады, ал дауыссыз дыбысты айтқанда дыбыстау
мүшелерінің бірінен қалайда бір тосқауыл болады.
3.Дауысты дыбыстар буын құрайды, дауыссыздар
буын жасай алмайды.
Дауысты дыбыстар жуан – жіңішке, ашық –
қысаң, еріндік – езулік боп алты түрге бөлінеді:
Мысалы, А – ашық, жуан, езулік дыбыс
Ү – жіңішке, қысаң, еріндік, дауысты дыбыс.
І –
жіңішке, қысаң, езулік дауысты дыбыс.
Дауыссыздар дыбыстар қатаң, ұяң,
үнді болып бөлінеді
Д,Т – тілдің ұшының үстіңгі
алдыңғы күрек тісінің дыбыстары ішкі жағына
нық тиіп, содан соң кілт ашылуынан пайда болады.
Айырмасы: Т – қатаң, Д – ұяң.
Ш,Ж – тіл алды таңдайға жуықтауы
арқылы пайда болады. Ш –
қатаң, Ж – ұяң.
Н – тілдің ұшының қызыл иекке
тиюі арқылы жасалады. Ауа мұрын арқылы шығады.
Мұрын жолды үнді дауыссыз дыбыс.
М – екі еріннің бір – біріне нық тиюі
арқылы жасалады. Мұрын жолды үнді дауыссыз дыбыс. Ауа
арқылы шығады.
Б,П – екі еріннің бір – біріне нық тиюі
арқылы жасалынады. П – қатаң, Б – ұяң.
Һ – көмейден шығатын дауыссыз дыбыс.
Ауа бөгетсіз қарқынмен шығады.
Ғ –
тілдің артқы шені таңдайдың артқы жағына
жуықтауы арқылы жасалады.
Негізгі әдебиеттер
А.М.Бородич.
методика развития речи детей. М., 1981г.
Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін
дамыту методикасы. А., 1991ж.
«Балбөбек»
бағдарламасы. А., 2000ж.
А.И.Максаков.
Правильно ли говорит ваш ребенок. М.,1982ж.
Г.Қ.Дүкенбаев. Сөздің
дыбыстық мәдениетін тәрбиелеуге арналған альбом. А.,
1982ж.
Дәріс тақырыбы: Сөздің
дыбыстық мәдениетін қалыптастырудың міндеттері
Жоспары:
1. Дыбыстады
дұрыс айтуды қалыптастыру.
2.
Үн реңкін жетілдіру.
3. Сөзді тыңдай білуге
дағдыландыру.
4. Сөздерді қатесіз айтуға
жаттықтыру.
І. Дыбыстарды дұрыс айтуды қалыптастыру.
Ол үшін тәрбиеші баланың сөйлеу
аппаратының қызметін мұқият бақылап, қандай
дыбыстарды айтқанда қате жіберетіндігін тексеруі тиіс. Дыбыстарды
дұрыс, анық айтуға үйрету үш кезеңнен
тұрады:
а) сөйлеу
аппаратын жаттықтыру.
ә)
таныстырылған дыбыстардың айтылуын үйрету.
б) сол дыбыстарды
буында, жеке сөзде және сөз тіркестерінде айтқызу.
Осы үш кезеңді жүзеге асыру үшін
төмендегідей жұмыстар жүргізіледі:
Үйретілетін
дыбысты тәрбиешінің бірнеше рет қайталауы. Қандай
дыбыстау мүшелері қатысатындығын түсіндіруі.
Сол дыбыстарды
балаларға айтқызу және тыныс алуларына көңіл
бөлу.
Сол дыбыстан
құралған буындарды балаларға түрлі
қарқында айтқызу.
Сол дыбысты сөз ішінде қайталап айтқызу
үшін тақпақтар оқып беру және жаттату,
жұмбақтар, жаңылтпаштар айтқызу.
ІІ. Үн реңкін жетілдіру.
Бұл міндетті жүзеге асыруда алдымен
тәрбиешінің сөзі анық, айқын болуы қажет.
Бала тілінің үн реңкін жетілдіруде жаңылтпаштар
айтқызудың мәні үлкен. Зеттеушілердің пікірінше
бала сөзінің анық болуы еріннің қимылына,
жақтың жылдам ашылуына, тілдің жылжымалығына байланысты
болады.
ІІІ. Сөзді тыңдай білуге дағдыландыру.
2,5-3 айға дейін ссәбилер ересектердің
сөзіне, ойыншықтардың сылдырына елеңдей бастайды.
Үш айдан алты айға дейін сәбидің дыбысты айыруы
және оған көңіл қоя тыңдауы жетіле
түседі. Таныс дауыс оның бірден назарына аударатын болады.
Кішкентайлар тобында балалардың есту қабілетін жетілдіру үшін
«Кімнің дауысы», «Қайдан естілді», «Мен не айттым» т.б.
дидактикалық ойындар арқылы жұмыс жүргізуге болады. Топ
жоғарылаған сайын жұмыста күрделене түседі. «кім
көп естиді» деген ойын арқылы естіген дыбысын қайталату,
дауыс қарқыны, дауыс күшінің қандай
дәрежеде екендігін ажыратуға болады.
IV.Сөздерді
қатесіз айтуға жаттықтыру.
Бұл
міндет бойынша жеке дыбысты айтып үйренген балалар сол дыбыстарды
сөз ішінде қатесіз айтуға дағдыланады. Бұл
міндетті жүзеге асыруда да дидактикалық ойындар кеңінен
пайдалынады.
V. Сөз
мәнерлілігін меңгеру.
Бұл
міндет бойынша сөз сазына, екпін,кідіріс, дауыс күші, сөйлеу
нақышы, сөйлеу әуені т.б. мәнерлеп
сөйлеудің амал тәсілдеріне көңіл бқлуі
қажет. Әрбір оқылған шығармада осы мәнерлеп
сөйлеудің тәсілдері пайдалануы тиіс.
VI. Дұрыс
тыныс алуға үйрену.
Сөйлер
алдында ауаны ішке жұтып содан соң сыртқа шығару
арқылы сөйлеу керектігін балаларға түсіндіру
қажет.
Негізгі әдебиеттер
А.М.Бородич « Методика развития речи детей» М.,1981ж
Б.Баймұратов «Мектеп жасына дейінгі
балалардың тілін дамыту методикасы» А.,1991 ж
Ұ.И.Ауталипов «Речевая культура общения пути ее
форматирования у детей дошкольного возрасти» А.,1996 г
А.И.Максаков «правильно ли говорит ваш ребенок» М.,1982 г
«Балбөбек» бағдарламасы А.,2000 ж.
Дәріс тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балаларды көркем әдебиетпен
таныстыру әдістемесі
Жоспары:
1. Мектеп
жасына дейінгі балаларды көркем әдебиетпен маңызы мен міндеттері.
2. Көркем әдебиетпен
таныстырудың әдіс - тәсілдері.
Көркем әдебиет мектеп жасына дейінгі бала тілін
қалыптастыруда, дамып жетілуіне үлкен әсер етеді.
Көркем әдебиет арқылы
бала айнала қоршаған орта, табиғат туралы
түсінік алып, адамдар арасындағы қарым - қатынас жайлы
түсініктері дамиды. Өлеңдерді, ертегілерді тыңдаған кезде бала сол
кейіпкерлердің жақсы іс- әрекетіне үйрене бастайды.
Сөйтіп көркем әдебиет арқылыбала адамгершілік,
ақыл- ой, эстетикалық тәрбие алады.
Балабақшаға арналған білім беру бағдарламасында
әр топта оқылатын көркем шығарманың тізімі
берілген.
Осыған орай:
1.
Сол шығарманың мазмұнын меңгертіп дұрыс
түсініктерін қалыптастыру тәрбиешінің ең басты
міндеті болып саналады.
2.
Әңгімені не ертегіні тыңдаған бала сол шығарма
оқиғасымен кейіпкерлердің
іс- әрекетімен бірге
шығармадағы көңіл- күйді өзі бастан
кешіргендей сезімде болуы тиіс.
3.
Шығармада не туралы айтылғанын, сол шығарманың
кейіпкерлері не себепті ұнады, ұнамаса қандай мәселелері
бар және шығарма тіліндегі бейнелі сөздерді ажырата алатындай
дәрежеге жетуі тиіс.
4.
Шығарма мәтіні рольдерге бөлініп беріліп, балалар сол рольдер
бойынша жауап береді.
5.
Тәрбиеші өз тобындағы балалардың өткен жолы
қандай шығармамен танысқанын еске түсіріп отыруы
қажет.
1.
Мектеп жасына дейінгі балаларды көркем шығармамен таныстыруда
ең жиі қолданылатын әдіс тәрбиешінің оқып
беруі. Көлемі шағын мәтіндер ауызша жатқа
оқылады.
2. Баяндау әдісі. Бұл
әдістің алдыңғыдан айырмашылығы тәрбиеші оқылатын
шығарманы сөзбе - сөз емес
еркін түрде айтып береді. Яғни мәтінді
тәрбиеші қысқартуына
да, балаларға қиындық келтіретін бөліміне түсінік
беруге болады. Баяндаған, әңгімелеген кезде сол топтағы
балалардың сөздерімен шектелмей әдеби тілде сөйлеуі
қажет.
3. Жаттау әдісі. Бұл
әдіс көбінесе өлеңдерде, мақал-мәтелдерде,
оқыған кезде пайдаланылады.
4. Дидактикалық ойындар. Балаларға
таныс шығармалар арқылы жүргізіледі.
5.
Сөздік жұмыс. Әрбір
оқылған шығармадағы балаға таныс емес
оқиғалар, суреттер, көрнекіліктер арқылы
түсіндіруі қажет.
ТӘСІЛДЕРІ:
1.
Шығарманы қайталап оқу. Бұл тәсіл балаға
таныс өтілген шығармалар бойынша жүргізіледі.
2. Таңдап үзінді оқу
тәсілі
3.
Шығарма мазмұнына сай ойыншықтар, суреттер пайдалану.
4.
Кітаптағы дайын суреттерді пайдалану.
Студенттердің өздігінен дайындалуға арналған
бақылау сұрақтары.
1.
Көркем әдебиет арқылы
балаларды қандай тәрбиеге тәрбиелеуге болады?
2.
Балабақшаға арналған әдеби шығармаларды жинақтап келу.
Негізгі әдебиеттер
1. А.М Бородич.
Методика развития речи детей М., 1981г
2. Б.
Баймұратова Балалар әдебиетінің хрестоматиясы. А., 1988ж
3.
Балбөбек бағдарламасы А., 2000ж
4. О.С.Ушакова
Развитие речи детей при ознакомлении с художественный литературой. М., 1984г
5.
Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы А., 1991
Дәріс тақырыбы:
Көркем
әдебиеттің
оқылу ерекшелігі
Жоспары:
1.
Балалардың
сабақ ерекшелігіне қарай
көркем
шығарманы
оқытудың ерекшелігі.
2.
Сабақтан тыс кезде
жүргізілетін жұмыс
Қандай да болсын
көркем шығарманы түсініп қабылдау
балаларға бірден қиындық келтіреді.
Алғашқы
күннен бастап, баланы
оқылған
шығармаларды
дұрыс таңдай білуге
үйрету қажет. Сондай-ақ көркем
шығарма әрі танымдық, эстетикалық,
тәрбиелік мәнін түсіндіру. Соған сай әр
топта оқылатын көркем шығармалардың
өзіндік мақсаты бар.
Мысалы, 2-кішкентайлар тобындағы ертегі, шағын әңгіме, өлең жаңылтпаш
бойынша жұмыстар жүргізіледі және осы топтардан
бастап шығарма жанрын
ажырата білуге үйрету керек. Осы топтағы тәрбиеші
ертегі немесе әңгімені ауызша
баяндап бергені тиімді.
Ал шығарма үлкен
болса шығарманы бөлікке бөліп баяндау қажет. Баяндап болған соң
сұрақ-жауап
арқылы бала түсінігі тексеріледі.
Өлеңмен
таныстыруда әрбір сөздің дыбысына
орфоэпиялық ережеге көңіл бөлу керек. Оқылған шығарманың мазмұны жағынан бала түсінігіне сай өмірде сол
тақырыпқа
ұқсас бала таныс
оқиғаға
сәйкес келсе сұрақ арқылы сол оқиғамен шығарма мазмұнын
салыстыру керек. Тәрбиешінің ескерткені
оқылған
шығармадағы
жаңа сөз мазмұнын түсіндіру,
сөйтіп тәрбиеші көркем әдебиетпен
таныстыра отырып, бала
тілінің
жан-жақты жетілуіне байланысты,
яғни дыбыстық мәдениетімен сөздік
қорына,
грамматикалық
құрылысына әсер етеді.
Ал естиярлар тобында
көркем
әдебиетпен таныстыру күрделене түседі.
Бұл топта тәрбиеші оқылған
шығармалардың
жанырын айтудан бастайды.
Сонымен бірге шығарма тіліндегі
теңеу, салыстыру сөздерді сол сөзбен мағыналас, балаларға
бұрыннан таныс синоним
арқылы
түсіндіруге болады. Ал
өлеңді оқығанда өлеңнің әрбір
тармағына,
ұйқасқа
көңіл
бөлу қажет. Бұл
топта сөздік қорды
дамыту жұмысы одан әрі
жалғасады.
Ересек топта
поэзия мен прозаны ажырата алады. Сонымен
қатар бұл топта
кейіпкер ерекшеліктерін талдау,
олардың
іс-әрекетін бір -
бірімен салыстыру жұмысы жүргізіледі.
Мысалы, бір ертегіні
оқып болған соң,
қандай ертегі оқылды? Неге ертегі деп
ойлайсыңдар? деген сұрақтар қоюға болады. Бұл топта
сөздік жұмыс жүйелі жүргізілуі
тиіс. Жаңа сөздерді еске түсіру мен
даярлық топта бала
кейіпкерлердің жақсы іс-әректіне сүйеніп,
жаманнан жиреніп, өз
ана тілінің байлығына көңіл
бөлетіндей дәрежеде болуы
тиіс. Сондықтан бұл
топта шығарманы бір
рет оқығанда бала
оның жалпы мазмұнына
көңіл бөлсе, ІІ
рет оқығанда көркемдік жағынан яғни
теңеу, салыстыру,
анықтауыш, антоним, синоним,
әрине бұл топтағы балаларды
көркем
шығарманы барлық жағынан түсінеді деп айту
қиын. Бірақ мәнерліліктің шығарма тілінің
көркем
құрылысының
алғашқы элементімен танысады.
Бұл топта да
балаларға логикалық анықтама, ереже, терминдер
айтылмайды. Тек қана сөз
мағыналары
балаларға түсінікті тілмен,
қарапайым тілмен жеткізіледі. Мысалы,
шығармадағы
құбылысты
қандай сөзбен сипатталған, сөзді
пайдалану, өз ойыңнан сөйлем
құра деген тапсырма
орындатуға болады. Бұл
топта балалар әңгіме мазмұнын ойша жалғастырып, ерегі,
әңгіме
құрастыруға
дағдыланады. Сөйтіп өз
бетімен
шығармашылық
әңгіме
құрастыруға
үйренеді. Жыл аяғында қорытындылау
әңгіме
ұйымдастыруға
болады. Мұндай әңгімелесу кезінде
жыл бойына оқыған әңгімені
бала есінде қалдырып, ұнағаны
таңдалып алынады және
сол шығарманың кейіпкерінің іс-әрекетіне
талдау жасалынады. Кейіпкердің жағымды
қасиетіне өз бағасын беруі тиіс. Бағдарламаға енген
әдеби
шығармалардың
тақырыбы, мазмұны қарапайымнан күрделіге,
жеңілден
қиынға
өту принциптері іріктелген
бағдарламалық
шығармалардың
барлығы
қоғамдық,
ғылыми техника жетістігіне, еңбек түрлерімен тығыз
байланыста алынған. Олар
балалардың
ақыл-ойын
өсіріп,
дүниетанымын
кеңейтіп, тілін жетілдіреді. Ауыз әдебиетіне кейін
қаз-қаз, бесік жыры
сияқты
өлеңдер баланы тазалыққа, жақсы
әдепке үйреніп, өкпелегіш, қиқарлық
сияқты жаман әдеттен жирендіреді.
Студенттердің өздігінен дайындалуына тапсырма.
1. Сабақтан тыс кезде
көркем
әдебиетпен
таныстырудың жолдарын конспектілеу.
Негізгі
әдебиеттер:
1.
А.М.Бородич. Методика развития
речи детей. М., 1981г.
2.
Б.Баймұратова.
Балалар
әдебиетінің
хрестоматиясы А.,1988г.
3. О.С.Ушакова
Развитие речи детей
при ознакомлении с художественной литературой. М., 1984г.
4.
"Балбөбек"
бағдарламасы. А.,2000ж
Қосымша
әдебиеттер.
1.
Б.Баймұратова. Мектеп жасына
дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы. А., 1991ж.
2. Ш.
Ахметов. Қазақ балалар
хрестоматиясы. А., 1996ж.
Дәріс тақырыбы: Балабақшадағы
тіл дамыту жұмысына әдістемелік басшылық
Балабақшадағы басшылық жұмысы меңгерушіге
жүктеледі. Егер балабақшада әдістемелік жұмысқа
басшылық ететін әдіскер-тәрбиеші болса, онда екеуі бірлесіп
оқу-тәрбие жұмысының мәселелерін шешеді.
Меңгеруші мен әдіскер жұмысының бір бөлігі
– тіл дамытуға байланысты. Ол мынадай бағыттарда болуы
мүмкін:
Барлық топта тіл дамыту бойынша
бағдарламаның орындалуын бақылау және қамтамасыз
ету.
Топ тәрбиешілері арасында, сол сияқты
балабақша мен мектеп арасындағы байланысты жүзеге асыру.
Тәрбиешіге әдістемелік көмек
көрсету.
Тіл дамыту бойынша қажетті жағдайларды жасау,
әдістемелік кабинетті жабдықтау.
Тіл дамытудан тәрбиешінің мамандығын
көтеру.
Ата-аналар арасында тіл дамыту бойынша насихат
жұмысын жүргізу.
Топтарға барып, тәрбиешінің тіл дамыту бойынша
жұмысын тексеру. Топтарға барғанда белгілі бір мақсат
болу керек. Мысалы, меңгеруші тәрбиешіден топтағы
балалардың байланыстырып сөйлеуі бойынша дағдылары
қандай екенін сұрап алып өзі барып тікелей балалармен
әңгімелесуіне болады немесе балабақшадағы
балаларға таныс емес, яғни ата-ана, бөгде адамдарды
шақырып, балалардың олармен қалай сөйлесетіндіктерін
байқайды. Сондай-ақ тәрбиешінің жалпы жұмыс
тәртібін бақылау да меңгеруші тексерісінің
мазмұнына енеді. Меңгеруші сабақтың қандай
түрлеріне қатысса да, мейлі ол серуен, мейлі бөлмедегі
сабақ болсын соңына дейін болуы тиіс. Орта бөлігінен кетіп
қалуға болмайды.
Меңгеруші сабаққа қатысқан кезінде
тәрбиешінің балаларға әсерін,
қарым-қатынасын да бақылайды. Негізінен меңгеруші
топтағы сабаққа қатысқанда мына мәселелерге
назар аударуы тиіс:
Кіші топтағылардың сөйлеу
белсенділіктері, естиярлар тобындағы балалардың дыбыстық
мәдениетін қалыптастыруға байланысты сабақ және
сабақтан тыс кездегі фронтальді жүмыстар, ересектер тобында
баяндауға үйрету және дыбыстарды дұрыс айта білуге
үйретудегі жеке жүмыс, тікелей бақылау жұмысының
жүргізілу әдістері.
Әр
топқа барғанда меңгеруші мына мәселелерді есте
сақтаған жөн: сабақ кезінде тәрбиешінің
жұмысына араласпайды, оның беделін балалар алдында көтере
білу. Сондықтан меңгеруші сабаққа
қатысқанда оның жүрісін дәптеріне жазып отырып,
кейін сабақ бойынша өзінің пікірін, тілегін айту керек немесе
меңгеруші жұмыс практикасында, сабаққа
қаттысқанда оның жүрісін де өзінің
ескертпесін жеке беттерге жазып, педкабинеттегі тәрбиеші
бұрышындағы қалтаға салып қоюға болады.
Жұмыс аяғында тәрбиешілер жиналып, ондағы жазуды
талқылап тырады. Ал бұл жазулар кейін жиналыстарға материал
да бола алады. Меңгеруші осы топқа сол тәрбиешінің
екінші рет қатысқаннан кейін екі жазуды салыстырып, оның
ескертпелері қандай орындалғанын байқайды.
Меңгерушінің өзінің сабақ
өткізіп көрсетуі. Мұндай, әсіресе, еңбек жолын
жаңа бастаған тәрбиешілер үшін пайдалы. Меңгеруші
оған ойынды қалай ұйымдастыру керектігін, балалардың
өз білгендерін қалай пайдалана білуді, үлестірмелі
материалдармен кешенді сабақтарды, қалай өткізу керектігін
т.б. жұмыстарды өзі жүргізіп көрсетеді.
Іс – қағаздарын тексеру. Меңгеруші
күнтізбелік жоспарды апта сайын тексеріп отыруы тиіс. Ал сабақ
конспектілері, сценарийлері таңдап тексеріледі. Күнтізбелік
жоспарды қарағанда, тіл дамыту бойынша негізгі
мәселелердің қамтылуы, жеке жұмыс түрлеріне назар
аударылады.
Балалармен әңгімелесу арқылы да
топтағы балалар тілін дмыту жұмысының деңгейін
байқауға болады. Мұндай әңгімелесуді алдын-ала
жоспарламай-ақ серуенде, топтың бөлмесінде, коридорда да
өткізген тиімді. Кейде тәрбиешімен келісіп, меңгеруші
өзінгің кабинетіне 3-4 баланы шақырып алып, сөйлесіп,
олардың тіл байлығын, сөздік қорын, дыбыстау
ерекшеліктерін байқауына болады.
Тәрбиешілермен жеке және топтап сөйлесу
– жоспардан тыс болса да, қажетті жұмыс. Мұндай
әңгімелесу кезінде күнтізбелік жоспар бойынша ескертпелер,
алда тұрған концерт бағдарламалары т.б. жұмыстар туралы
пікірлесуге болады.
Жеке
тәрбиешілерге немесе тәрбиешілер тобына консультация бергенде,
алдын-ала уақытын, тақырыбын белгілеп алу керек. Онда негізінен
тәрбиешіге қиындық келтіретін тақырыптар
таңдалады. Меңгеруші консультацияны өзі ғана
өткізіп қоймай, тәжірибелі тәрбиешілерді де
қатыстыруына болады.
Негізгі әдебиеттер.
А.М.Бордич. Методика розвития речи детей. М., 1981
А.К. Бондаренка, Л.В. Позняк, В.И. Шкатулла. Заведующая
дошкольным учреждениям. М., 1984
Е.Ю.Демурова, Л.Ф.Островская. О руководстве детским
садом. М. 1983г.
Дәріс тақырыбы: Әдістемелік жұмыс формалары
Жоспары:
1. Тәрбиеші біліктілігін көтеру
2. Ата – аналармен жүргізілетін
жұмыс.
Балабақшадағы әр тәрбиеші
кәсіптік шеберлігін көтеріп отыруға тиісті. Меңгеруші
бұл мәселені яғни тәрбиешілердің керекті
және жаңа шыққан әдебиеттермен танысып
отыруларын, өз білімін көтеру жоспарын жасауын үнемі
қадағалап отырады. Әсіресе тәрбиешілер арасындағы
сырттан оқитындарын ерекше назарға алып, егер қажет болса,
аға тәрбиешінің оларға көмектесулерін
ұйымдастыруы тиіс. Сонымен бірге меңгеруші олардың
әдістемелік бірлестіктерге, үйірмелерге, аудан жанындағы
семинарларға қатысуларын бақылайды. Жекелеген
мамандықтың лекциялары да тәрбиешінің білімін
көтеруге әсер етеді. /логопед, врач-гигиенист, балалар жазушысы,
тілшілер, ғалымдар т.б./
Пед.колледж,пединституттардағы тіл дамыту мәселесімен
айналысып жүрген ғылыми қызметкерлер, мұғалімдердің лекцияларын
ұйымдастыруға болады. Сондай-ақ жаңа шыққан
әдістемелік әдебиеттерді талқылау керек. Бес минуттық
информацияда газет – журналдардан мақал, хабарлама жасауға болады,
түрлі тақырыптағы стенділер, кітап көрмелерін
ұйымдастыруға болады. Басқа балабақшаларға,
музейлерге, спектакль, кинофильмге барудың да тәрбиеші шеберлігін
арттыруда ролі үлкен.
Тіл дамыту бойынша ата – аналар арасында насихат
жұмысын жүргізу.
Балабақша мен ата –ана бірлесіп жұмыс
жасағанда ғана, нәтижелі, жемісті бола ды, сондықтан
түрлі жұмыс формаларын пайдалану керек.
Ұжымдық форма. Ата – аналар жиналысында жыл басында әр топтың
тәрбиешісі тіл дамыту бойынша алда қандай мақсаттар
тұрғанын түсіндіруі тиіс. Түрлі тақырыпта ата –
аналармен лекция, әңгіме, консультация өткізуге болады. Ата –
аналарды сабаққа қатыстырғанда артық емес.
Балабақшадағы ата – аналарға арналған бұрышта
балалардың тілін дамытудың жағдайын көрсететін стенді
іліп қою ұсынылады. Сонымен қатар мұнда ата –
аналарға арналған әдебиеттер тізімі ақыл –
кеңестер көрсетілуі керек. Әдетте, ата – аналар жиналысы
кезінде балаларға және олардың өздеріне арналған
педагогикалық әдебиеттің көрмесі ұйымдастырылады.
Ата – аналар мен балабақшаның
арасындағы байланысты нығайтудың тағы бір формасы
белгілі бір топтың ата – аналарының біреуінің жұмыс
орнына балаларды топсаяхатқа апару.
Сондай-ақ ата-аналар конференцияларын, ауызша
педагогикалық журналдар ұйымдастырудың да пайдасы мол.
Ата-аналармен жеке жұмыс. Тәрбиеші не
меңгеруші баланың сөйлеу қабілеті жайында айтып,
нұсқаулар береді. Мұндай жұмысты баланың
үйіне барып та жүргізуге болады.
Негізгі әдебиеттер.
А.М. Бородич. Методика развития речи детей. М., 1981
2. А.К. Бондаренка, Л.В. Позняк, В.И. Шкатулла. Заведующая
дошкольным учреждениям. М., 1984
3. Организация работы методиста детского
сада. Спецкурс. /Рос.акад.образв. М. 1994г./
4.Е.Ю.Демурова, Л.Ф.Островская. О руководстве детским садом. М. 1983г.
Дәріс тақырыбы: Тәрбиешінің озат тәжірбиесін тарату мен
педагогикалық кеңесті ұйымдастыру
Жоспары:
Тәрбиешінің озат тәжірибесін тарату.
Педагогикалық кеңесті ұйымдастыру.
Лекцияның барысы:
Тәрбиешінің озат тәжірибесін тарату.
Тәрбиешінің
өзара сабаққа
қатысулары ең қарапайым әдіс меңгеруші
кімнің сабағына қатысу керектігін таңдайды және
ашық сабақ өткізетін тәрбиешіге көмек береді.
Педкеңесте өткізілген ашық сабақ талқыланады.
Тіл дамыту бойынша өткізілетін шараларды
ұжымдық түрде бақылап, талдау. Мұнда да алдын ала
тәрбиешілер дайындалады, соңынан кең талқылау болып,
нақты ұсыныстар беріледі. Жылына 2 – 3 ашық сабақты
жоспарлауға болады. Алдымен мұндай ашық сабақтарды
тәжірибелі тәрбиешілер жүогізеді. Сабақ мазмұнын
тәрбиеші өзі жоспарлап дайындайды.
Егер
ұжымда жас тәрбиешілер болса, жұмысты былайша бөлуге
болады: біреуі-балалардың сөзін, екіншісі тәрбиешінің
сөзін, үшіншісі жалпы сабақ жүрісін жазып отырады.
Талдау кезінде сабақ өткізген тәрбиешіге алдымен сөз
беріледі,бұл оны өз жұмысын талдай білуге, кемшілігін
көре білуге тәрбиелейді.Ашық сабақ өткізуге
де,қатысушыларға да есте қаларлық оқиға
болып өтуі тиіс.
Ашық
сабақтар тек қана сол балабақшаның тәрбиешісі
үшін емес, аудандағы бала бақшалардың
тәрбиешілеріне де, курстағыларды да шақыруға болады.
Ашық сабақты ұйымдастыру, өткізу, талдаумен жұмыс
бітпейді. Оны енді тарату керек, басқа тәрбиешілердің іс-тәжірибесіне
енгізуі қажет.
Пед.кеңес әдістемелік жұмыстың
тұрақты негізгі формасының бірі. Жылдық жоспарда
әрбір пед.кеңестің мазмұны анық көрсетілуі
тиіс, ал календарлық жоспарда оның мерзімі, дайындайтын адам,
баяндамашыларды белгілейді. Пед. кеңесте қатысушыларға аз да
болса, көмек болатындай жаңа, жете меңгерілмеген және
негізгі тақырыптарды талдаған дұрыс.Егер балабақшада
жыл бойына 8-10 пед.кеңес өткізілетін болса, оның ең
кемінде 1-2 тіл дамыту әдістемесіне арнауы тиіс.
Жыл соңында қорытынды пед.кеңесте
балалар тілінің жағдайы міндетті түрде талқыланады.
Тәрбиешілер, меңгеруші өз сөздеріне қандай
педагогикалық жұмыстар кіммен, қалай, қашан
жүргізілгенін, қандай нәтиже көрсеткенін айтуы тиіс,
балалар сөзінен мысалдар келтіру керек.
Пед.кеңестің соңында шешім қабылданып,
нұсқаулар ұсынылады, қабылданған шешімнің
орындалу мерзімі көрсетіледі. Меңгеруші кеңес шешімінің
орындалғанын мұқият қадағалауы тиіс, сонда
ғана нәтижелі болады.
Көпкомплектілі балабақшадағы бір жастағы топтар
тәрбиешінің кеңесіп өткізуді іске асырғаны
дұрыс. Әр айға бөлініп жасалады.
Тәжірибелі тәрбиешілер жұмысын жазбаша
түрде де жинақтауға болады, яғни олардың
жасаған альбомдары, сабақ конспектісі, күнтізбелік
жоспарларын пед. кабинетте арнаулы орынға қойылады.
Тәрбиешілер жұмысының нәтижесін
жинақтау, қорытындылау.
Меңгеруші өз балабақшасындағы
тәрбиешілердің жұмысымен танысып, бағалап қоймай,
тәрбиешілерге таныстыруы да керек. Мысалы, дыбыстық мәдениетін
қалыптастыру бойынша әр топтағы балалардың жағдайынан
салыстырмалы кесте жасап, пед.кабинеттегі стендіге іліп қоюға
немесе ауызша хабарлауға да болады. Мұндай кестені өткен
жылғымен салыстырып отырған да артық емес.
Негізгі әднебиеттер
1.А.М.Бородич.Методика развития речи детей.М.,1981
2.А.К.Бондаренко,Л.В.Поздняк,В.И.Шкатулла.
3.Е.Ю.Демурова,
Л.Ф.Островская.О руководстве детским садом.М.1983
Дәріс
тақырыбы: Педагогикалық
колледждерде тіл дамыту әдістемесін оқыту
Жоспары:
1.
Педагогикалық коллледждерде тіл дамыту әдістемесін
оқытудың міндеті.
2. Тіл дамыту
әдістемесінің бағдарламалық құрылысы мен
мазмұны.
3. Оқыту әдістері.
Педагогикалық колледжде тіл дамыту
әдістемесін оқыту арнаулы бағдарлама бойынша
жүргізіледі. Бағдарламада оқушыларды теориялық та,
практикалық та жағынан әзірлеу міндеттері анық
көрсетілген, сонымен бірге студенттердің сөйлеу
мәдениетін жетілдіру, олардың болашақ мамандықтарына
деген қызығушылығын ояту міндеттері де қойылған:
Бағдарлама құрылысы мынадай:
Түсінік хат, оқу
сағатының тақырып бойынша бөліну үлгісі,
көркем мәтін бойынша логопедиядан практикум прграммасы,
мұғалімдер мен оқушыларға арналған
әдебиеттер тізімі. Оқу жоспарына сай тіл дамыту әдістемесі
ІІІ – IV семестрде оқытылуы керек. Тіл даиыту әдістемесіне 120 сағат
берілген.
Тақырыптар былай бөлінген
|
|
Тақырыптар |
Теориялық |
Практикалық |
Барлығы |
|
1. |
Ана тілінің ролі |
4 |
5 |
9 |
|
2. |
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту
жұмысының әдістемесі |
4 |
6 |
10 |
|
3. |
Сөздік қорды дамыту және
айналадағы қоршаған ортамен таныстыру |
6 |
10 |
16 |
|
4. |
Грамматикалық құрылысты
қалыптастыру әдістемесі |
2 |
3 |
5 |
|
5. |
Дыбыстық мәдениетті тәрбиелеу
әдістемесі |
4 |
5 |
9 |
|
6. |
Байланыстырып сөйлеуге үйрету |
13 |
16 |
29 |
|
7. |
Көркем әдебиетпен таныстыру |
7 |
9 |
16 |
|
8. |
Жоспарлау және есепке алу |
3 |
10 |
13 |
|
9. |
Сауат ашуға даярлау |
6 |
7 |
13 |
|
Барлығы |
49 |
71 |
120 |
|
Бағдарламадағы тақырыптар белгілі бір
жүйемен жасалған. Қалыптасқан заңдылық
бойынша, практикалық сабаққа лекцияға
қарағанда көп уақыт бөлінеді.
Пед.коллледжде тіл дамыту әдістемесін оқытуда
сабақтың бірнеше типтері қолданылады:
Жаңа
ұғым, түсінік берілетін сабақ: мұндай
сабақта лекция, әңгімелесу, топсаяхат секілді әдістер
қолданылады. Оқушыларға тіптен таныс емес тақырыпты
лекция әдісімен түсіндіруде болады. Осы пән бойынша
өтілетін бірінші лекцияда пәннің мақсаты, не үшін
оқытылатыны жайында айта келіп, оқушыларды пәнге
қызықтыра білу керек. Бірінші лекцияға көрнекі
құрал пайдаланылса, тіптен тартымды болады. Онда
балабақшадағы балалардың жазылған сөздерін
тыңдату т.б. сондай – ақ бұл сабақты
әңгімелесу әдісімен де өткізуге болады. Әр тарау
бойынша бірінші оқытылатын лекцияға тиянақты дайындалу керек.
Жаңа тарауды бұрынғы материалдармен байланыстыруға
ерекше мән беріледі. Балабақшада өткізілетін топ саяхат,
сабақтың да ролң күшті. Теория мен практиканы
байланыстыра өткізген сабақты оқушылар қызыға
тыңдайтын болады. Мысалы, «Балабақшадағы кітап бұрышы»
деген арқылы ұйымдастырса, сабақ тартымды да әсерлі
өтеді.
Білімді бекіту
және қайталау сабағы. Мұндай сабақта өткен
материалды тереңдетіп бекітуге арналған әдістер
қолданылады. Мысалы, практикалық сабақтар, қорытынды
әңгіме, жазба жұмысы т.б. тақырып бойынша негізгі
мәселелер сұрақтар арқылы қорытылады.
Практикалық сабақтың да кейбірецулерін балабақшада
өткізуге болады.
Оқушылар білімін тексеру сабағы. Негізінен
пед.колледжде мектептердегідей аралас сабақ өткізіледі, ал кейде
сабақ тұтас оқушылар білімін тексеруге арналады. Үлкен
тараулардан соң, бақылау жұмысын өткізуге болады.
Семинар сабақтарында оқушылар алдын – ала берілген
сұрақтар бойынша баяндамалар даярлайды, сөйлейді. Ал
мәнерлеп оқуда оқушылар үйге берілген шығарма
бойынша сынақ тапсырады.
Мектептегідей аралас сабақтарда пед. колледждерде
жиі қолданылады. Мұндай сабақ оқушылардың білімін
өтілген материал бойынша дер кезінде тексеріп, оқушылармен жеке
жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді. Аралас сабақты мына
тұрғыда өткізуге болады:
Ұйымдастыру.
Өтілген материалды қайталау және
бағалау.
Жаңа сабақ түсіндіру.
Жаңа сабақты бекіту және үйге
тапсырма.
Аралас
сабақ мұғалімдерге оқушыларды жете тануға,
олардың қабілетін байқауға мүмкіндік береді.
Сабақта тек қана білім беріліп
қоймайды, сонымен қатар, тәрбиелік жағына да
көңіл бөлу керек. Сабақта қолданылатын
көрнекілік, техникалық құралдар, диафильмдер
көрсету, мәнерлеп оқудан грам.жазбаларды тыңдату т.б.
жұмыстар іске асырылуы тиіс.
Мұғалім оқушылардың сабақта
жазған конспектілерін тексеріп, ақыл – кеңес беруі,
сабақ өткізу әдістемесінде әрбір
оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырып, жеке
жүргізе білу ерекше орын алады.
Оқушыларды белсендіруде:
1.Мұғалімнің жағымды,
көңілді даусы, жылы жүзі бәрі әсер етеді.
Ұйымдастыру кезінде мұғалім әр оқушылардың
сабаққа ынтасын аудара білуі керек.
2.Кім көп мақал – мәтел,
жұмбақтар, жаңылтпаштар айтады, кім жоспарды тез
құрады деген жарыс тапсырмалар жүргізуге болады.
3.Оқушылар білімін ауызша айтып, әділ
бағалау да оларды қызықтыра түседі.
4. Оқушыларға жекелеген тақырыптар
бойынша баяндамалар жаздыру да пайдалы жұмыс. Мысалы, «Ойыншықтар бойынша
әңгімелеу» тақырыбынан өздерінің жақсы
көретін ойыншықтарын естеріне түсіріп, сол туралы
әңгіме жаздырту.
5. Оқушылардың жазба жұмыстарын
уақытылы тексеріп отыру да, олардың сабаққа деген
ынтасын арттырады.
6. Оқушыларға өз беттерімен жұмыс
істеуге тапсырма берілгенде, екі оқушыға бір тапсырма беруге
болады. Мысалы, естиярлар мен ересектер тобында сөздік қорды дамыту
сабағының конспекті жоспарын жасату, содан соң салыстыру т.б.
Оқушылардың белсенділігін арттыруда сәтті келтірілген
мысалдар, иллюстративті материалдар көрсету, әңгімелесу т.б.
әдістер де үлкен рөл атқарады.
Тіл
дамытудан сабақтан тыс та жұмыстар жүргізілуі тиіс.
Қазақ тілі мұғалімімен бірлесіп,
оқушылардың дұрыс сөйлей білуіне, жалпы тіл мәдениетіне
көңіл аударуы керек. Пед.кеңестерде оқушылардың
тіл мәдениетін көтеру үшін қандай жұмыстар
жүргізу керектігі туралы сөйлеуге, баяндамалар жасауға тура
келеді.Онда оқушылардың тіліндегі кемшіліктері: дикция, бір тонмен
сөйлеу, диалекті, жаргон сөздер т.б. айту керек.
Тіл дамыту
әдістемесі мұғалімінің бастауымен пед.колледжде «Тіл
мәдениеті» атты стенд шығаруға болады. Онда қысқа
ақыл – кеңестер, таблицалар, жақсы жазылған жазба
жұмыстар, сөйлеген сөздердің үлгілері т.б.
материалдар іліп қоюға болады. Сонымен бірге оқу – әдістемелік
әдебиеттер балаларға арналған көркем
шығармалардың жаңа туындыларынан көрмелер
ұйымдастыруға болады. Мұңалім пед.колледждегі
көркемөнерпаздар үйірмесіне белсене қатысып,
оқушыларға көркемсөз оқудан консультация беруіне
болады.
Қуыршақ үйірмесін, конференциялар даярлау т.б.
жұмыстар. Белгілі артистер, жазушылармен кездесу өткізу,
театрларға апару т.б. Сондай – ақ пед.колледждің
түлектері, қазіргі үлгілі тәрбиешілермен кездесулер өткізу
де пайдалы.
Тіл дамыту
әдістемесін оқыту ісін одан әрі жақсарту үшін
колледждегі әдістемелік бірлестіктен жүйелі жұмысты роль
атқарады. Бірлестік жетекшісі жылға арналған жоспар жасайды,
онда айына бір рет өткізілетін мәжілісте қаралатын
мәселелер көрсетіледі.
Бұл
бірлестік мұғалімдердің өздерінің теориялық
білімдерін тереңдетіп, педагогикалық, әдістемелік жаңа
басылымдармен танысады, семестрге арналған сабақ жоспарын
талқылап бекітеді, педпрактика, өзара қатысу жоспары да осында
талданады.
Бірлестік
жетекшісі өзінің әріптестерін жақсы білуі керек.
Өзара сабаққа қатысу дәптердегі жазулармен
танысып отырады. Озат тәжірибелер таратылады.
Колледждегі
пәндік жабдықтар, керекті көрнекті құралдармен
қамтамасыз етілуі тиіс.
Сонымен,
пед. колледждегі тіл дамыту әдістемесі мұғаліміне
көптеген міндеттер жүктеледі.
Негізгі әдебиеттер.
А.М.Бордич. Методика розвития речи детей. М., 1981
Мектепке дейінгі педагогикалық колледждердің
бағдарламасы. А., 1992
О.И.Соловьева. Методика развития речи и обучения родному
языку в детском саду. М.,1986.
Зертханалық сабақтар
Зертханалық сабақтың тақырыбы:
Мәнерлеп оқу мен көркем сөз оқудың
ерекшеліктері
Сабақтың мақсаты: Мәнерлеп оқу мен
көркем сөз оқудың ерекшеліктерін және адам
өміріндегі мәнерлеп оқудың ролін білу.
Сұрақтары:
1.Мәнерлеп оқудың маңызы.
2.Көркем сөз оқудың ерекшелігі.
3.Көркем сөз өнерінің даму
бағыттары
Негізгі
әдебиеттер:
1.
Қожахметова Х. Мәнерлеп оқу. А., 1982ж
2. Дмитриев Е.Д.
Практикум по выразительному чтению. М.,1981г.
3. Горбушина Л.А. Выразительное чтение. М., 1978г.
Қосымша әдебиеттер:
1. З.
Қабдалов. Әдебиет теориясының негіздері. А., 1970ж
2. С.Ф.
Иванова. Речевой слух
и культура речи.
М., 1970г.
Зертханалық сабақтың тақырыбы: Сөйлеу
техникасы
Сабақтың мақсаты: Сөйлеу техникасына талдау
жасап, дыбыстау мүшелерінің қызметіне байланысты дыбыстарды
жүйелеу. Орфоэпиялық заңдылықтарды сақтай отырып
оқуға дағдылану.
Сұрақтары:
1. Сөйлеу техникасы және төселу
жолдарына сипаттама
2. Дыбыстау мүшелеріне сипаттама
3.
Орфоэпияның басты ережелерін талдау.
Негізгі
әдебиеттер:
1.
Қожахметова Х. Мәнерлеп оқу. А., 1982ж
2. Дмитриев Е.Д.
Практикум по выразительному чтению. М.,1981г.
3. Горбушина Л.А. Выразительное чтение. М., 1978 г.
Қосымша әдебиеттер:
1. М.
Дүйсебаева Қазақ әдеби тілі орфоэпиясының кейбір
мәселелері. А., 1973 ж.
2.
Қазақ тілінің қысқаша орфоэпиялық
сөздігі. А., 1981.
Зертханалық сабақтың тақырыбы: Мәнерлеп
сөйлеудің құралдары
Сабақтың мақсаты: Мәнерлеп сөйлеудің
құралдарын меңгере отырып, оны күнделікті өмір
тәжірибесінде пайдалана білуге үйрету.
Сұрақтары:
1. Дауыс сарыны дегеніміз не?
2. Интонацияның мәнерлеп оқудағы
ролі
3. Екпін, оның түрлері.
Әдебиеттер:
1.
Қожахметова Х. Мәнерлеп оқу. А., 1982ж
2. Дмитриев Е.Д.
Практикум по выразительному чтению. М.,1981г.
Зертханалық сабақтың тақырыбы: Мәнерлеп
оқудың амал-тәсілдері
Сабақтың мақсаты: Мәнерлеп оқудың
амал-тәсілдерін күнделікті өмірде пайдалана білуге
үйрету.
Сұрақтары:
1. Мәнерлеп оқудағы дауыс биіктігі,
дауыс ырғағы, сөйлеу нақышы, дауыс күшінің
ролі.
2. Кідіріс, оның түрлері
Негізгі
әдебиеттер:
1.
Қожахметова Х. Мәнерлеп оқу. А., 1982ж
2. Дмитриев Е.Д.
Практикум по выразительному чтению. М.,1981г.
3. Горбушина Л.А. Выразительное чтение. М., 1978 г.
Қосымша әдебиеттер:
1.
Бөбектерге байғазы. А., 2000.
2.
З.Қабдолов. Әдебиет теориясының негіздері. А., 1970.
Зертханалық сабақтың тақырыбы: Көркем
шығарманы талдау
Сабақтың мақсаты: Көркем шығарманы талдауды
үйрену.
Сұрақтары:
Көркем шығарманы құрылымына
қарай талдау.
Көркем шығарманың тектері мен
түрлеріне сипаттама.
Көркем шығарманың тілі.
Семинар
сұрақтары бойынша пікір алысу.
2.
![]()

3.
М.Төрежановтың «Баланы жастан» атты шығармасын талдау, жазу.
Студенттердің өзіндік жұмысы.
«Мен ,анамды қалай жақсы көремін»,
тақырыбына шығарма жазып, талдау.
Зертханалық сабақтың тақырыбы: Мектеп
жасына дейінгі балаларға арналған әңгімелерді оқу
ерекшелігі
Сабақтың мақсаты: Балаларға арналған
әңгімелерді оқу ерекшелігін меңгерту.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.
Әңгіме айтып берудегі тәрбиешінің ролі.
2. Картина,
сурет, көркем шығармалар негізінде әңгімелеу.
3. Әңгіме оқудың
ерекшелігі.
Негізгі
әдебиеттер:
1.
Қожахметова Х. Мәнерлеп оқу. А., 1982ж
2. Н.С.
Карпинская. Художественное слово в воспитании детей. Ранний и дошкольный
возраст. М.,1982 г.
3. Э.П.
Короткова. Обучение детей дошкольного возраста рассказыванию. М., 1982 г.
Қосымша әдебиеттер:
1.
О.И.Никифорова. Психология восприятия художественной литературы. М.,
1972.
2. О.С.Ушакова. Развитие речи детей при ознакомлении с
художественной литературой. М. 1984.
Сабақтың тақырыбы: Ертегінің
түрлері мен құрылымы
Сабақтың мақсаты: Ертегінің түрлері мен
құрылымын меңгерту.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Ертегі
айтудың маңызы.
2.
Ертегінің түрлері.
3. Ертегінің басталуы мен аяқталуы
4.
«Керқұла атты Кендебай» ертегісін бөлімдерге бөліп
талдау.
Негізгі
әдебиеттер:
1.
Қожахметова Х. Мәнерлеп оқу. А., 1982ж
2.
Жұмағожина Р. Ауыз әдебиеті үлгілерін балалар
бақшасында пайдалану. А. 1981.
Сабақтың тақырыбы: Өлең
оқудың ерекшелігі
Сабақтың мақсаты: Өлеңді
өлшемдеріне қарай талдауға үйрету.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.
Өлең оқудың ерекшелігі.
2.
Өлең өлшемдеріне сипаттама
3. М. Әлімбаевтың
«Кемпірқосақ» өлеңін оқу, талдау.
Негізгі
әдебиеттер:
1.
Қожахметова Х. Мәнерлеп оқу. А., 1982ж
2.
Жұмағожина Р. Ауыз әдебиеті үлгілерін балалар
бақшасында пайдалану. А. 1981.
Қосымша әдебиеттер:
1. З. Ахметов Өлең сөздің
теориясы. А., 1983.
2. Қ.Жұмалиев. Әдебиет теориясы. А.,
1984.
Зертханалық сабақтың тақырыбы: Мақал-мәтел,
жұмбақ, жаңылтпаштарды балабақшада пайдалану.
Сабақтың мақсаты: Балабақшада мақал-мәтел,
жұмбақ, жаңылтпаштарды балабақшада пайдаланудың
жолдарын үйрету.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Ауыз
әдебиеті үлгілерін ата.
2.
Жұмбақ, жаңылтпаштарға сипаттама беру.
3. Мақал-мәтел, нақыл
сөздерге сипаттама.
Әдебиеттер:
1. Қожахметова Х.
Мәнерлеп оқу.
А., 1982ж
2.
Жұмағожина Р. Ауыз әдебиеті үлгілерін балалар
бақшасында пайдалану. А. 1981.
Зертханалық сабақтың тақырыбы: Көркем
шығармаларды сахналау
Сабақтың мақсаты: Студенттерді әдеби
шығармаларды сахналауға үйрету.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Сахналау деген
не?
2. Сценарии
құрудың мақсаты.
3. Театрдың түрлері, оларға
сипаттама.
Әдебиеттер:
1.
Қожахметова Х. Мәнерлеп оқу. А., 1982ж
2. Карамененко
Т.Н., Карамененко Ю.Г. Кукольный театр дошкольникам. М., 1982.
3. «Балбөбек» бағдарламасы. А., 2000.
Сабақтың тақырыбы: Тіл дамыту
әдістемесі пәні және курс міндеттері.
Сабақтың мақсаты: Тіл дамыту әдістемесі курсының мазмұнын,
міндеттерін,
ғылыми – зерттеу
әдістерін меңгерту.
Сабақтың
жоспары:
Тіл дамыту әдістемесінің методологиялық
негізі.
Тіл дамыту әдістемесі курсының мазмұны
міндеттері.
Тіл дамыту әдістемесінің ғылыми –
зерттеу әдістері.
Студенттердің оқытушымен бірлесіп істейтін
жұмыстары: семинар жоспары бойынша пікір алысу. Студенттердің
жауабын толықтыру, қорыту.
III. Студенттердің өзіндік жұмыстары.
Тіл дамыту әдістемесінің басқа
ғылымдармен байланысын жазыңыз.
•___________________
•___________________
•___________________
•___________________
Сабақтың
тақырыбы. Тіл дамыту әдістемесінің даму тарихы
Сабақтың
мақсаты: Б. Баймұратованың
және т.б ғалымдардың еңбектерін меңгерту
және талдауға үйрету.
Семинар жоспары.
Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов
және т.б пікірлеріне талдау.
Б. Баймұратованың еңбектеріне талдау.
ІІ. Студенттердің оқытушымен бірлесіп
істейтін жұмыстары:
Жоспар бойынша
пікір алысу.
Студенттердің жауабын толықтыру, қорыту.
ІІІ. Студенттердің өздік жұмыстары.
Қазіргі кездегі тіл дамыту мәселесі.
Соңғы жылдары жарыққа шығып жатқан ғылыми мақалалар мен
оқу- әдістемелік құралдарға талдау жасау.
Зертханалық сабақтың тақырыбы: Балаларды
байланыстырып сөйлеуге үйретудің түрлері
Сабақтың мақсаты:
Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудің
түрлері мен олардың ерекшеліктерін меңгерту.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Байланыстырып сөйлеуге үйрету
жұмысының мазмұны (жас ерекшеліктеріне байланысты).
2.Диалогты сөйлеу, оның ерекшелігі.
3. Монологты сөйлеу, оның
еркшелігі
Сұрақтарды талқылап, пікір алысу.
Әдебиеттер
1.Е.И. Тихеева. Развития речи детей. (Раннего и
дошкольного возроста) М.,1981г.
2.А.М.Бородич. Методика развития речи детей. М., 1981г.
3.Б.Баймұратова. Мектепке жасына дейінгі
балалардың тілін дамыту методикасы. А., 1991ж
Зертханалық сабақтың тақырыбы:
Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде лексикалық
жаттығу, логикалық сөздік тапсырмалар орындату, ойын т.б.
ролі.
Сабақтың мақсаты:
Студенттерге байланыстырып сөйлеуге үйретудің
әдістерін меңгерте отырып, сабақ жоспарын құра
білуге үйрету.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Лексикалық жаттығуларды талдау
2.Логикалық сөздік тапсырмаларды орындау бағыттары
3.
Дидактикалық ойындарды іріктеу және олардың маңызы
1. Сұрақтарды талқылап, пікір алысу.
Логикалық сөздік тапсырмалар орындау әдісінің
бағыттарын мысалдар келтіріп, жан-жақты талдайды.
2. Педагог-тәрбиешілер сабақта ойын элементін
қолдану барысында көңіл бөлетін мәселелерін ата.
*
*
*
3. Қарлы, аязды, ыстық, жайдарлы,
қызығы, алтын, жапалақтады т.б. сөздердегі қандай
сөздерге қосып айтуға болады.
4.Кешенді сабақ жоспарын құру,
өткізу, талдау.
Зертханалық сабақтың тақырыбы:
Мектеп жасына дейінгі балалардың
сөздік қорын дамытудың міндеттері
Сабақтың мақсаты:
Балалардың сөздік қорын дамытудың
міндеттерін
меңгерту.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Балалардың сөздік қорын
дамытудың міндеттері:
а)
сөздік қорды толықтыру.
ә)
сөздік қорды жандандыру.
б)
сөздік қорды нақтылау.
в) бала
тілінің тазалығын сақтау.
2. Баланың сөздік
қорын дамытудың міндеттерін бірлесе талдай отырып, кестені
толтырады.


Әр
міндеттің мазмұны туралы ауызша пікір алысады.
3. Әр топтағы балалармен жүргізілетін
сөздік жұмыстың ерекшеліктері.
4.
Тұрмыстық заттар туралы түсінік бер
I
Сәбилер тобы
![]()
II Сәбилер тобы
![]()
Естиярлар
тобы
![]()
Күнделікті өмірде және сабақта балалардың
сөздік қорын актитендіру тақырыбына реферат жазу.
Зертханалық сабақтың тақырыбы: Балаларға
тілдің грамматикалық құрылысын меңгерту
әдістемесі
Сабақтың мақсаты:
Сөздің грамматикалық құрылысын
меңгерту әдістемесін және сабақ жоспарын құрып
үйрену
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Сөздің грамматикалық
құрылысын меңгертудің мазмұны мен міндеттері.
2. Бір топтағы балалар тілінің
грамматикалық құрылысының бір деңгейде болмау
себептері.
Негізгі әдебиеттер
1.А.М.Бородич. Методика развития речи детей. М., 1981г.
2.А.И.Максакова. Правильно ли говарит ваш ребенок. М.,
1988г.
3. Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы.
А., 1991ж.
4.
«Балбөбек» бағдарламасы. А., 2000ж
Зертханалық сабақтың тақырыбы: Грамматикалық
жаттығулардың түрлері
Сабақтың мақсаты:
Сөздің грамматикалық құрылысын
меңгерту әдістемесін және сабақ жоспарын
құрып үйрену
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Грамматикалық жаттығулардың
түрлері
2. Фонетикалық жаттығулар, олардың
ерекшеліктері
3. Морфологиялық жаттығулар, олардың
ерекшеліктері
4. Синтаксистік жаттығулар, олардың
ерекшеліктері
Негізгі әдебиеттер
1.А.М.Бородич. Методика развития речи детей. М., 1981г.
2.А.И.Максакова. Правильно ли говарит ваш ребенок. М.,
1988г.
3. Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы.
А., 1991ж.
4. «Балбөбек»
бағдарламасы. А., 2000ж
Зертханалық сабақтың тақырыбы:
Сөздің дыбыстық мәдениетін қалыптастыру
әдістемесі
Сабақтың мақсаты: Сөздің дыбыстық
мәдениетін қалыптастыру әдістемесін меңгерту.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Дыбыстарды дұрыс айтудың кезеңдері.
2. Бала тілінің үн реңкін жетілдіруде
жаңылтпаштар айтқызудың мәні.
3. Сөзді тыңдай білуге
дағдыландырудың жолдары.
4. Дыбыстардың айтылу үлгісін беру.
5. Мектеп жасына дейінгі балалардың дыбыстық
мәдениетін қалыптастыру балалардың жас ерекшелігіне
қарай жүргізілуі.
Негізгі әдебиеттер
1.А.М.Бородич. Методика развития речи детей. М., 1981г.
2.А.И.Максакова. Правильно ли говарит ваш ребенок. М.,
1988г.
3. Ұ.И.Ауталипова. Речевая культура общения пути ее
формирования у детей дошкольного возраста. А., 1996.
4.
«Балбөбек» бағдарламасы. А., 2000ж
Зертханалық сабақтың тақырыбы:
Мектеп жасына дейінгі балаларды көркем әдебиетпен таныстыру
әдістемесі
Сабақтың мақсаты: Көркем әдебиетпен
таныстыру әдістемесін
меңгерту.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Бала тілін дамытуда көркем
әдебиеттің алатын орны.
2. Көркем
әдебиетпен таныстырудың міндеттері, әдіс-тәсілдері.
3. Кітап бұрышы, оның маңызы.
Негізгі әдебиеттер
1.А.М.Бородич. Методика развития речи детей. М., 1981г.
2.О.С Ушакова. Развитие речи детей при ознакомлении с
художественной литературой. М., 1984.
3. Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы.
А., 1991ж.
4.
«Балбөбек» бағдарламасы. А., 2000ж
Зертханалық сабақтың
тақырыбы: Балалардың тілін
дамыту жұмыстарын жоспарлау және есепке алу
Сабақтың мақсаты: Жоспардың түрлерін,
принциптерін меңгерту.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Жоспарлаудың маңызы.
2. Жоспарлаудың принциптері.
3. Жоспарлаудың түрлері.
4. Есепке алудың маңызы.
Әдебиеттер:
1.А.М.Бородич. Методика развития речи детей. М., 1981г.
2. Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы.
А., 1991ж.
3. «Балбөбек» бағдарламасы. А.,
2000ж
СОӨЖ тақырыптары мен тапсырмалары
|
№ |
СОӨЖ тақырыптардың аттары және
тапсырмаларының мазмұны |
|
1 |
Көркем сөз оқу мен мәнерлеп
оқудың
айырмашылығы.
Мәнерлеп оқудың ерекшеліктерін талдау. |
|
2 |
Сөйлеу мүшелері, оның
дыбыстаудағы қызметін нақтылау. Сөйлеу
мүшелерін жаттықтыру жолын түсіндіру. |
|
3 |
Сөйлеу техникасы. Үн реңкінің
жақсы шығуына қойылатын талаптарды талқылау.
Орфоэпияның басты ережелерін талдау. |
|
4 |
Екпін және оның түрлеріне сипаттама
беру. Ой екпіні міндетті түрде қойылатын жағдайларды
түсіндіру. |
|
5 |
Кідіріс
және оның түрлеріне сипаттама. |
|
6 |
Көркем шығарманы желісіне қарай
талдау. Дауыс сарынын анықтау, көркем шығарманы дұрыс
оқу ерекшелігін түсіндіру. |
|
7 |
Тәрбиешінің шығармашылық
әңгіме құруы (картина, сурет, көркем
шығарма негізінде). |
|
8 |
Прозалық шығармаларды оқу ерекшелігі.
Балаларға арналған әңгіме, мысалдарды оқу. |
|
9 |
Кейіпкерлендіруге болатын ертегілер, оларға
талдау жасау. Ертегілерді рөлдерге бөліп айту. |
|
10 |
Өлеңді мәнерлеп оқу. Өлеңді өлшемдеріне қарай талдау |
|
11 |
Әртүрлі тақырыптарға байланысты
мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштардың
мазмұнын талдау. |
|
12 |
Театрдың түрлері, оларға сипаттама.
Кейіпкерлендіру дегенді түсіндіріңіз. Сценарии құру,
талдау. |
|
13 |
Тіл дамыту әдістемесінің басқа
ғылымдармен байланысы |
|
14 |
Қазіргі кездегі тіл дамыту
әдістемесінің басты міндеттері |
|
15 |
30-40 жылдардағы тіл дамыту бойынша
жүргізілген жұмыстар |
|
16 |
«Балбөбек» бағдарламасы және оны іске
асыру жолдары |
|
17 |
Сабаққа қойылатын талаптар.
Балабақшадағы тіл дамыту сабақтарының дұрыс
өтілуінің алғышарттары. |
|
18 |
«Балбөбек» бағдарламасының байланыстырып сөйлеу бөліміне
талдау жасау. |
|
19 |
Диалогты және монологты сөйлеу,
олардың ерекшеліктері |
|
20 |
Байланыстырып сөйлеудегі тіл мен ойдың
байланысы. |
|
21 |
Тәрбиеші тілі балалардың сөйлеу тілін
дамытудың негізгі көзі. |
|
22 |
Дидактикалық ойындарды іріктеу және
олардың маңызы. |
|
23 |
Сөздік жұмысын жүргізгенде
тәрбиеші басшылыққа алатын принциптері |
|
24 |
Әр топтағы балалармен жүргізілетін
сөздік жұмыстың ерекшеліктері |
|
25 |
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік
қорын дамытуда бақылау мен топсаяхаттың ролі. |
|
26 |
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік
қорын дамытуда картинаның алатын ролі. |
|
27 |
Әр топқа байланысты жалпылама
сөздерді меңгертудің ерекшеліктерін айқындау. |
|
28 |
Бір топтағы бала тілінің
грамматикалық құрылысының бір деңгейде болмау
себептерін түсіндіру |
|
29 |
Балалардың білімін бекіту мақсатында
жүргізілетін жаттығуларға қойылатын талаптардың
мәнін ашу. |
|
30 |
Дыбыстардың жасалу жолдарын түсіндір. Тіл мәдениеті мен дыбыстау
мәдениетіне түсініктеме бер. |
|
31 |
Дыбыстарды дұрыс айтуды қалыптастыру
кезеңдерін талдау |
|
32 |
Балалардың жас ерекшелігіне сай дыбыстық
мәдениетін қалыптастыру әдістерін талқылау, ересек
және мектепке даярлық топтарында сабақ жоспарларын
құрып, өткізу, талдау. |
|
33 |
Балаларды көркем әдебиет арқылы
тәрбиелеу жолдарын талқылау |
|
34 |
Көркем әдебиетпен таныстыру
тәсілдерін мысалдармен түсіндіру. |
|
35 |
Сауат ашу жұмысының даму тарихына
үлес қосқан педагог-ғалымдардың еңбектері |
|
36 |
Сауат ашу жұмысының кезеңдеріне
сипаттама беру. Сауат ашу сабағына қойылатын талаптарды талдау. |
|
25 |
Жоспарлау принциптерін талдау. Күнтізбелік,
апталық жоспарлардың үлгісін жасап, талдау. |
|
37 |
Тіл дамытуға байланысты меңгерушінің
міндеттері |
|
38 |
Педагогикалық кеңес ұйымдастыру Ата-аналар жиналысына арналған
«педагогика білгірлері» клубының іскерлік ойынын ұйымдастыру. |
СӨЖ
тапсырмалары
|
№№ |
СӨЖ
тақырыптардың аттары және тапсырмаларының
мазмұны |
|
1 |
Мәнерлеп оқу, көркем сөз
ұғымдарына берілген анықтаманы педагогикалық сөздіктен
жазып келу. Мәнерлеп оқу туралы ғалымдар
пікірлерін конспектілеу. |
|
2 |
Дыбыстау мүшелері жөнінде конспект жазу |
|
3 |
Тыныс алу, олардың түрлеріне жаттығу
жасау. Орфоэпия заңдылықтары бойынша реферат жазу |
|
4 |
Көркем шығарманы оқуда
логикалық екпінді анықтау (өз қалауларымен). Мәтіннен екпін түспейтін
буындарды тауып, сөйлемін жазып келу. |
|
5 |
Көркем шығармадан логикалық кідісті
анықтау. Өлеңді оқып, қандай кідіріс
қойылатынын анықтау. |
|
6 |
Көркем шығарманың
құрылымын талдап келу. «Мен анамды қалай жақсы
көремін» тақырыбына шығарма жазып, талдау. |
|
7 |
«Төлдер», «Жыл мезгілдері», Қысқы
ермек», «Үй хайуанаттары» тақырыптарындағы сурет бойынша
әңгіме құрастыру және мазмұны
жағынан талдау. |
|
8 |
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған
әңгіме, мысалдар жазып келу. |
|
9 |
Балабақшаның әр тобына арналған
ертегілер іріктеу. |
|
10 |
М.Әлімбаевтың «Кемпірқосақ»
өлеңін оқу, талдау. |
|
11 |
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған
мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштарды іріктеу |
|
12 |
«Саусақ», «көлеңке» театры туралы
мағлұмат жазып келу. Сценарий құрастыру. |
|
|
|
|
13 |
Балабақшадағы балалардың
тілін дамыту мен мектептегі сауат ашу жұмыстарының
арасындағы сабақтастық |
|
14 |
Бала тілін дамытуға байланысты
ғалымдар пікірлерінен эссе жазу |
|
15 |
Қазіргі
кездегі тіл дамыту әдістемесі. Соңғы жылдары
жарыққа шығып жатқан ғылыми мақалалар мен
оқу-әдістемелік құралдарға талдау жасау. |
|
16 |
К.Д.Ушинскийдің
«Балалар әлемі және хрестоматиясы», «Ана тілі» еңбектерін
оқып, талдау. |
|
17 |
«Балбөбек»
бағдарламасын талдау. |
|
18 |
Байланыстырып
сөйлеу туралы ғалымдар пікірлерінен эссе жазу. |
|
19 |
Балалардың
жас ерекшелігіне байланысты оларды байланыстырып сөйлеуге
үйретудің міндеттерін талдау. |
|
20 |
Ойлау
әрекетінің ерекшеліктері бойынша материалдар жинау. |
|
21 |
Картина
бойынша әңгіме сабағының жоспарын құру |
|
22 |
Кешенді
сабақ жоспарын құру, өткізу. |
|
23 |
«Балбөбек»
бағдарламасының сөздік қорын дамыту бөліміне
талдау жасау. |
|
24 |
Күнделікті
өмірде және сабақта балалардың сөздік
қорын активтендіру тақырыбына реферат жазу. |
|
25 |
Баланың
сөздік қорын дамытуға байланысты дидактикалық
ойындарды іріктеу. |
|
26 |
Бақылау
сабағына жоспар құру, өткізу. |
|
27 |
Әр топ бойынша сабақ жоспарын
дайындау, өткізу. |
|
28 |
“Балбөбек” бағдарламасы бойынша
тілдің грамматикалық құрылысын қалыптастыру
бөліміне талдау. |
|
29 |
Фонетикалық, синтаксистік морфологиялық
жаттығулар жазып, талдау. |
|
30 |
“Балбөбек” бағдарламасының сөз
дыбыстарын дұрыс айту
бөліміне талдау. |
|
31 |
Сәбилер мен естиярлар тобына технологиялық
карта құру, талдау, өткізу. |
|
32 |
“Балбөбек” бағдарламасы негізінде балалардың жас ерекшелігіне сай дыбыстық
мәдениетін қалыптастыруды конспектілеу. |
|
33 |
Балабақшаға арналған әдеби
шығармаларды жинақтау. |
|
34 |
“Балбөбек” бағдарламасы бойынша әдеби
шығармалар оқып беру бөлімін талдау. Технологиялық карта дайындау. |
|
35 |
“Балбөбек” бағдарламасының сауат
ашу бөліміне талдау. Технологиялық карта
құру, талдау, өткізу. |
|
36 |
Отбасында баланы мектепке дайындау. Ата-анамен
жүргізілетін жұмыс түрлері. |
|
37 |
Бір топқа күнтізбелік жоспар
құру |
|
38 |
Әдіскер жұмысының жоспарын
құру |
|
39 |
Озат тәжірибені таратудың жолдарын
анықтау |
Емтиханға дайындалуға және
өзін-өзі тексеруге арналған тапсырмалар
1.Пән бойынша тест
тапсырмалары
Тәрбиешінің мәнерлеп оқуы дегеніміз не?
A) оқылған көркем
шығарманың бар әсерін балаларға түгел жеткізу
және олардың көркем шығармаға деген сезімдерін
жетілдіру, дамыту;
B) демді ішке тарту, кідіріс жасау және дем
шығару;
C) көркем сөз оқу;
D) балаларға эстетикалық тәрбие беру;
E) мәнерлеп оқу.
*****
Логика немесе
сөйлем екпіні деген не?
A) Күшейткіш үстеулер басқа сөзбен
тіркесіп келгенде бір-ақ
екпінмен
айтылатын сөздер;
B) Өзінен кейін келген сөзбен қосылып
айтылатын екпінсіз сөздер;
C) Сөйлегенде көңіл-күйдің
түрлі толқуларын дыбыстармен жеткізу;
D) Бір екпінмен айтылған сөздердің
түйдегі;
E) Сөйлемдегі айтылатын ойдың мәніне
қарай, бір сөз айрықша дараланып айтылады. Сөйтіп, ол
сөз ой екпініне ие болады да ерекше әуенмен естіледі.
*****
Кідіріс дегеніміз
не?
A) тыңдаушының назарын аудару;
B) дауысты түрліше құбылта білу;
C)
сөйлемдер арасындағы толас
D) сөз тіркесін қою;
E) сөз екпінін қою.
*****
Еріксіз тыныс алу
дегеніміз не?
A) демді ішке тарту, кідіріс жасау және дем
шығару;
B) дауыстың ерекшеленуі;
C) демді ішке
жұту, дем шығару, шұғыл кідіріс жасау;
D) көк ет
арқылы тыныс алу;
E) көкірек арқылы тыныс алу.
*****
Шумақ
ең аз дегенде қанша тармақтан тұрады?
A) бесеу;
B) сегіз;
C) екі;
D) жеті;
E) алты.
*****
Ертегілердің қандай түрлері бар?
A) батырлар жыры, дастандар;
B) аңыз әңгімелер;
C)
қиял-ғажайып, тұрмыстық, хайуанаттар туралы;
D) шешендік туралы;
E) өтірік ертегілер.
*****
Балалар
театрының түрлері:
A) сурет салу, ойын ойнау;
B) драма, трагедия;
C) үстел
үсті, қуыршақ, көлеңке;
D) құрастыру, бейнелеу;
E) барлық жауап дұрыс.
*****
Көркем
шығарманы кейіпкерлендірудің түсініктемесін тап.
A) шығармашылық әңгіме
құрастыру;
B) шығарманың құрылысын талдау;
C) әдеби шығарманы драма түріне
айналдыру, өмір елесін тікелей іс-
әрекет
арқылы көрсету;
D) іс-әрекеттің дамуының
аяқталуы;
E) оқиғаның шешімі.
*****
Ұйқас
түрлерін ата.
A) шумақ, тармақ, ырғақ;
B) орама, кезек, қара өлең, шалыс,
ерік;
C) қимылдық, құбылыстық;
D) индуктивтік, дедуктивтік;
E) талдау, жинақтау.
*****
Өлең
жолдарының соңғы сөздерінің бір-бірімен
үндесіп келуін не
дейміз?
A) ырғақ;
B)
ұйқас;
C) бунақ;
D) шумақ;
E) тармақ.
*****
Егіз ұйқасты қалай түсінесіз?
A) өлең жолдарының соңғы
сөздерінің үндес келуі;
B) өлең жолдарындағы 1 мен 2 және
3 пен 4- жолдардың бір-бірімен ұйқасуы;
C) бірінші, екінші, төртінші жолдарының
ұйқасуы;
D) 1мен3, 2 мен 4- жолдардың бір-бірімен
ұйқасуы;
E) сөйлемдер арасындағы толасты.
*****
Негізгі және қосымша
әдебиеттер
Негізгі
әдебиеттер
1. Қожахметова Қ. Мәнерлеп оқу.
Алматы, Мектеп, 1982
2.Желдербаева С. Мәнерлеп оқу. Алматы,
Қазақ университеті, 1992
3.Баймұратова Б.Б. Мектеп жасына дейінгі
балалардың тілін дамыту методикасы. (2-6 жас аралығы). – Алматы,
Рауан, 1990
4.Әмірова Ә.С., Анартаева К. Тіл дамыту.
Әдістемелік құрал. – Алматы, “Алматыкітап”, 2006.
5. Федоренко Л.П., Фомичева Г.А., Лотарев В.К. Мектеп
жасына дейінгі балалартілін дамыту методикасы.Алматы, Мектеп, 1981.
Қосымша әдебиеттер
1.Бородич А.М. Методика развития речи. М., 1981.
2.Дмитриев Е.Д. Практикум по выразительному чтению. М.,
1981.
3.Карпинская Н.С. Художественное слова в воспитании
детей. Ранний и дошкольный возраст. М., 1982.
4.Короткова Э.П. Обучение детей дошкольного возраста
рассказыванию. М., 1982.
5. Аханов К.А. Тіл білімінің негіздері. А., 2000.
6.Баймұратова Б.Б. Бақшадағы ересек
балалар тілін дамыту туралы методикалық құрал. А., 1970.
7.Баймұратова Б.Б. Мектеп жасына дейінгі
балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. А.,1976.
8.Баймұратова Б.Б. Балабақшадағы
даярлық топ балаларының тілін дамыту (типтік программаға
нұсқау). А., 1984.
9.Баймұратова Б.Б. Мектеп жасына дейінгі
балалардың тілін дамыту методикасы. А., 1991.
10.Бородич А.М. Методика развития речи. М., 1981.
11.Дүкенбаева Г.Қ. Сауат ашу методикасы.
(методикалық нұсқау). А., 1989.
12.Журова Л.Е. Обучение грамоте в детском саду. М., 1985.
13.Карпинская Н.С. Художественное слова в воспитании
детей. Ранний и дошкольный возраст. М., 1982.
14.Короткова Э.П. Обучение детей дошкольного возраста
рассказыванию. М., 1982.
Интернет
– ресурс
irbis.pushkinlibrary.kz/.../cgiirbis
www.oouk.vko.gov.kz/kz/files/conference