ҚАЗІРГІ
ЗАМАНДАҒЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ПАРТАДА ОТЫРУ ТИІМДІЛІГІ
Жанбаева Ж. А. – Абай
атындағы ҚазҰПУ
гуманитарлық
ғылымдарының магистрі
Мақалада
бастауыш сынып оқушыларын жобалау технологиясы арқылы оқыту
ерекшеліктері жазылған. Жоба әдісін пайдалануда шығармашылық
қабілеттерін, логикалық ой өрісін дамыта түседі.
Сонымен қатар, жобалап оқыту әдістеріне анықтама
беріліп, олардың өзара байланысы арқылы жететін нəтижелер
туралы айтылған.
Түйінді сөздер: бастауыш сынып, жоба, технология, мектеп,
оқушы
В статье раскрыта роль
проектной деятельности а также ее эффективное использование в начальной школе,
при этом, не заменяя традиционную систему, а органично дополняя, расширяя ее.
Метод проекта – это одна из личностно-ориентированных технологий, в основе
которой лежит развитие познавательных навыков учащихся, умений самостоятельно
конструировать свои знания, ориентироваться в информационном пространстве,
развитие критического и творческого мышления.
Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев білім және ғылым
қызметкерлерінің II съезінде: «Болашақта еңбек етіп,
өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары,
мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан
сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға
жүктелген міндет өте ауыр», — деген болатын [1]. Осыдан
келіп, қазіргі заманғы мектеп алдындағы өте
күрделі мақсатты бәріміз де мойындаймыз. Бұл
мақсатты жүзеге асыру үшін терең білім, білік,
тәрбие қажет. Тәрбиенің ең бірінші бастауы
оқушылардың партада дұрыс отырғызылуында үлкен
әсерін тигізері сөзсіз. Сол себепті партаға да үлкен
мән берген жөн. Тарихи мәліметтерге сүйенетін
болсақ, ХІХ ғасырдың 60-жылдарында парта пайда болды. Яғни,
«парта» сөзі «стоящая в стороне» дегенді білдіреді және бір
бөлігін немесе топты білдіреді латынша «part» деген сөзден
шыққан [2]. ХІХ
ғасырда ең алғашқы
парталарды ойлап тапқан ресейдің атақты гигиенисі - Эрисман болды. Эрисманның ойлап
тапқан парталары баланың сымбатын дұрыс
қалыптастыруға, көздерді де талдыртып жібермеуіне үлкен
әсерін тигізді. 1870 жылы Эрисманның «Алыстан көрмеудің пайда болуына
мектептің тигізер әсері» атты жазылған еңбегінде
алыстан көрмеушіліктің оқушылардың мектепті
аяқтар кезеңінде үдей түсетінін дәлелдеп
шығарды да, мектеп сыныптарына көптеген талаптар қойды. Парталардың
көлемін, оның тақтамен ара-қашықтығын
есептеп шығарды. Ол парталар бүгінде «Эрисман парталары» деген атаққа ие. Ғылым мен
техника дамыған ғасырда күн сайын парталардың
түр-түрі ойлап табылуда. Мәселен, Англияның Крег Джиринджи атты қарапайым
мұғалімі SmarteDesk атты
компьютер орнатылған парта ойлап тапқан.
ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан
адамзатқа сауаттылық қажет. Сондықтанда, білім
берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен
қатар, окытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі
құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап
етеді. Қазіргі кездегі
қоғам талабына жауап беретін жеке тұлғаны
қалыптастыру, өсіп келе жатқан ұрпақ бойында
белсенді өмірлік ұстаным тәрбиелеу қажеттілігіне
және оқушыларды дөңгелек тәріздес
партаға отырғызу формасын қалыптастыру қажет. Ол үшін біз, «дөңгелек
үстел» басында талқыланатын мәселелерге тоқталатын
болсақ:
·
Семинар-тренингтерді
өңдеу мен өткізу
·
Іс
– шаралар өткізу (дөңгелек үстелдер, конференциялар
және т.б.)
·
Әлеуметтік
зерттеулерді өткізу
·
Жобалардың
мониторингін және сараптамасын өткізу
·
Пікір алмасу
алаңдарын өткізу
·
Ақпараттық
хабарларды жіберу
Дөңгелек үстелдің мақсаты: Түрлі
саладағы іс-шараларда, конференцияларда, ұжымдарда кездесуін
ұйымдастыра отырып, жаңа идеяларды және күрделі
мәселелерді тікелей диалог арқылы талқылау болып табылады. Осыған
орай, әр саладағы өкілдер мен қызметкерлер,
мұғалімдер, ұжым шеңберінде өзекті
мәселелерді талқылайды. Бүгінгі
дөңгелек үстелдің мақсаты да
оқушылардың оқып білуге, еңбекке қабілетті
болуға қызығушылығын ояту болып отыр.
Дөңгелек
үстелдің мақсаттары мен міндеттері
ü
оқушылардың
ғылыми-шығармашылық белсенділігінің көтермелеу
және арттыру қажет.
ü
оқушылардың ғылыми әдебиеттермен
дербес жұмыс дағдыларын дамыту, зерттелген материалды жалпылама
сипаттау және анализдеу дағдыларын қалыптастыру,
өзіндік шешімдер мен тұжырымдар жасай білу және оны ауызша
және жазбаша түрде баяндай білуді дағдыландыру керек.
ü
оқушылар арасында өзін-өзі
басқару шараларын дамыту.
Қазіргі мектептерде көптеген парталардың жаңаша
үлгілері пайдаланылады. Партаның орналасу формасы баланың
білім алуына үлкен әсер етеді. Бала бірнеше топпен жұмыс
жасағанда, бүгінгі күнгі жаңа әдіспен білім
алуда, Г, П, дөңгелек тәріздес партада отырып, жұмыс
істеген ыңғайлы. Оқытудағы
жаңа әдістерді пайдалана отырып сын тұрғысынан ойлау
дағдысын жетілдіру қажет. Оқушылардың партада отыру
формасындағы жаңаша әдіс пен дәстүрлі
әдістің өзгешеліктері 1 – кестеде көрсетілген.
Дәстүрлі әдіс |
Жаңаша әдіс |
Партаға екі-екіден отыру формасының ерекшеліктері: -
Екеулеп, бірге жұмыс жасайды -
Мұғалім уақыттың көп бөлігінде
сөйлейді, белсенді -
Оқытудың басым түрі-түсіндіру -
Сабақ кезеңдері ұзақ мерзімде өтеді |
Партаға жұппен және топпен отыру формасының
ерекшеліктері: -
Оқушылар көп уақыт бойы белсенді, тапсырманы
талқылайды -
Мұғалім-бағыттаушы. -
Пікірталас кезінде көмектеседі, сұрақтар қояды -
Оқушының өзі сұраққа жауап іздейді |
Оқушылардың партада отыру формасының
тағы түрі (жеке отыру, дөңгелек үстелде отыру) ерекшеліктері 2 – кестеде көрсетілген.
Дөңгелек үстелде отыру формасы |
Жеке отыру формасы |
Дөңгелек үстелде отыру
формасының ерекшеліктері: бала біріне – бірі қарап
отырып, өз ойын еркін жеткізе біледі, бірігіп жұмыс жасайды,
ақылдасып бір шешімге келеді. Дөңгеленіп отыру формасының тиімділігі:
Қазіргі кезде дөңгеленіп отыру
формасы өте ыңғайлы, өйткені оқушылардың
ойлау қабілетін дамытады және өзара ұйымшылдық
байқалады. Сабақта өз пікірін нақты жеткізеді,
қызығушылығын оятады. |
Жеке жұмыс формасының ерекшеліктері: өзіндік
іс-әрекетін тәрбиелейді, жинақылыққа, ұшқырлыққа,
өзінің мақсатын айқындауға таба білуге
бағыттайды, оқушыларға берілген тапсырманы жеке орындайды. Жеке отыру формасының тиімділігі: әрбір
оқушы өз бетінше білім алуға тырысады. Жеке жұмысты
сабақтың барлық кезеңдерінде жүргізу тиімді
және оны бекітіп отыру көзделеді, мұның өзі
оқушының бұрын меңгерген білімдерін, қабілетін,
дағдысын жетілдіріп отыруына ықпалы зор. |
Жоғарыдағы
кестеде көрсетілгендей, парталардың
жаңаша үлгілерінің айырмашылықтары, қоғам
талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен
құзырлықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін,
қойылған мақсатқа танымдық қызмет жасау
арқылы жете алатын, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер
қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны
қалыптастыру болып табылады. Егер
әрбір оқушы сабақта белсенді ой әрекетіне
қосылса, күші жететін қиыншылықтарды жеңу
қажеттілігі алдында тұрса, қорытынды мен жалпылау
жасауға, әртүрлі сұрақтарға жауаптарды
өздігінен табуға ұмтылса, танымдық белсенділігін
және дербестігін қалыптастыру мүмкін болады. Қазіргі мектеп
тəжірибесінде келесідей оқу формалары қалыптасқан: дөңгелек үстел, жеке-дара,
топтық, жұптастық. Дегенмен, осы тұрғыдан
оқу формаларының көптүрлілігін біршама ретке келтіру
қажет. Мәселен, дөңгелек
үстелде отыру формасын
қолданудағы тиімділігі туралы бағыт-бағдар бере отырып,
сын тұрғысынан ойлауға үйрету. Әр түрлі
ойлауды қажет ететін сұрақтар, проблемалар, ситуациялар
төңірегінде ой қорыту, өздерінің ойларын айту. Бұдан
оқушыларды дөңгелек үстелде
жұмыстеуге итермелеу арқылы, әрқайсысы өз
қабілеттеріне қарай ойларымен бөлісуге ерікті. Берілген
тапсырманы орындау барысында әркім өз идеяларын ортаға салып,
берілген уақытты тиімді пайдаланып отырады. Сабақта
дөңгелек үстелде жұмыс ыңғайлы және
оқушыларда ізденушілік пайда болады. Дөңгелек
үстелде отыру формасының пайдасы оқушылар бір-біріне көмек береді, сайыс сабақтарында
оқушылардың ойлау қабілеттерін арттырады,
шапшаңдыққа тәрбиелейді.
Қазіргі
жаһандану кезеңінде ғылым мен техника, оқушылар мен
мұғалім еңбегі, сіз бен біздің қалай
өзгеріске ұшырайтынымызды қайта ой елегінен өткізуді
мұғалімнен талап ететін уақыт. Осы мәселелер
қазіргі өзгермелі қоғамда полимәдениетті,
көп ұлтты әрі поликонфессионалды кеңістікке
араласуға дайын, қабілетті тұлғаның дамуына
бағытталған білім беру мен тәрбиелеу мазмұнын
қайта қарауды талап етеді. Соның ішінде сапалы білім алу
мәселесінің мәні артуда. Оны жаңа сапаға
көтеру – қоғамдық мәселеге айналуда. Оған
қоса оқытудың жаңа технологияларын енгізу, оқушы
партада дұрыс отыру, білім беруді ақпараттандыру,
халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге
шығу сияқты ауқымды мәселелері де бар. Яғни осындай жұмыс істеу бағыттары арқылы бала
белгілі бір шеберлікке жеткен соң, оның шығармашылық
қабілеті дамиды, өзіндік идеясы туып, үлкен ізденіс пайда
болады. Қазіргі мектеп оқушылардың дөңгелек
үстелде отыру формасы оқуда
мұғалім бір мезетте барша оқушылармен, біркелкі тапсырма,
міндет белгілеп, сынып қатысушыларының бəріне ортақ
іс-əрекеттер төңірегінде бірқалыпты оқу
жұмыстарын алып барады. Дөңгелек
үстелде жұмыс оқушы мен оқушы, оқушы мен
мұғалім араларындағы білім алу, білім беру әрекеттері
үлкен орын алатынын көруге болады. Қазіргі таңда
оқушылардың дөңгеленіп партада отыру формасын қалыптастыру қажет. Себебі дөңгелек
үстелде отыру формасы оқушылардың
қабілетін, қызығушылығын, ұстаз бен шәкірт
ынтымақтастығын, оқушының белсенді ойлауын, белсенді
сөйлеуін дамытады. Қазіргі
білім беру саласында жүріп жатқан бет бұрысының
барлығы болашақ ұрпақтың білімділігі мен
олардың рухани байлығын әлемдік өркениетке жетелеуге
бағытталған. Заман талабына сай мәдениетті, білімді,
өзіндік ұстаным мен таным қөзқарасы жетілген
азамат тәрбиелеу бүгінгі күннің басты мәселесі
болып отыр. Дөңгелек үстелді өткізудегі
басты қасиеті, оқушылардың арасында халықтық
бірліктің маңыздылығын насихаттап, бейбіт, тату тәтті
өмір сүру болып табылады.
Қолданылған
әдебиеттер:
1.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауы 2014
2.
Н. Картаева Эргономическая методика проверки новых образцов школьной
мебели. «Советская педагогика» № 6, 1976
3.
Неменко Б.А. Оспанова Г.К Балалар мен жасөспірімдер
гигиенасы(Оқулық).- Алматы 2002.344б.