Тазабекова Ардак
Сергазиевна
Абай атындығы
Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті,
Қазақстан
Бастауыш
сыныптарда АКТ қолдану мүмкіндіктері
Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім
алушылар үшін: «баршаға бірдей
сапалы білімге қол жеткізу,
ақпараттық технологияларды дамыту», – деп көрсетілген.
Сонымен қатар, ақпараттық технологияларды қолдануда
электрондық оқыту жүйесіне көшу қажет екені
нақтыланып берілген [1]. Олай болса, бүгінгі таңда ақпараттық
технологияларды барлық пәндерді оқытуда қолдану заман талабы деген сөз.
Сонымен қатар
Республикамызда білім беруді ақпараттандырудың
негізгі мақсаты – бұл
ақпараттық технологияларды қолдану
негізінде бір тұтас біліми ақпараттық орта құру
арқылы ұлттық білім сапасын
арттыруды көздеп отыр [2].
Ақпараттық технологиялар дегеніміз –
ақпаратты пайдалану үрдісін жеңілдетуге арналған
әдістер мен бағдарламалық-техникалық
құралдар жиынтығы. Былайша айтқанда: ақпаратты
алу, өңдеу, сақтау, жіберу және пайдалану түрлері
мен құралдары. Сондай-ақ, ақпараттық
технологиялар деп ақпаратты
жинау, жасау, қорға жинақтау, сақтау, талдау және
жіберу жұмыстарын қамтамасыз ететін ақпарат алмасудың
заманауи құралдары мен жүйелері негізінде қызмет ететін
бағдарламалық-құрылғылық
құралдар мен қондырғыларды да айтады.
Мошқалов А. өзінің зерттеу
жұмысында: Беркінбаев
К.М. пен Сыдықов Б.Д. өз еңбектерінде «ақпараттық
технология дегеніміз – технологиялық тізбекке біріктірілген,
ақпараттық ресурстарды қолдану арқылы ақпаратты
жинау, сақтау, өңдеу, шығару және тарату
әрекеттерін қамтамасыз ететін өндірістік және
программалық - техникалық құрылғылар мен
әдістер жиынтығы», ал «қоғамды ақпараттандыру
дегеніміз – әртүрлі ақпараттық қорларды
қалыптастыру мен пайдалану негізінде азаматтардың,
мемлекеттің өкімет органдары мен ұйымдарының,
қоғамдық бірлестіктердің құқықтарын
жүзеге асырып, олардың ақпараттық талаптарын
қанағаттандыру үшін тиімді жағдай жасау жолында
ұйымдастырылған әлеуметтік-экономикалық және
ғылыми-техникалық үрдіс» деген пікірлерін білдіреді.
Бұл жұмыстарда пікірлердің АКТ – ны пайдаланып,
тұлға дамытуға маңызы ерекше.
Д.М.Жүсібәлиева қашықтан
оқыту жағдайында студенттердің ақпарат мәдениетін
қалыптастырудың теориялық негіздеріне арналған зерттеу
жұмысында: « ...студенттің ақпараттық мәдениеті –
қазіргі заман маманының моделіндегі құрамдас
бөлік, тұлғаның интеграциялық білім алуы», – деп
түсіндіреді.
Ал, Л.П.Әбішева жоғары оқу орны
студенттерінің оқу іс-әрекетін компьютер көмегімен
дараландырудың теориялық негіздерін қарастырып,
дидактикалық мүмкіндіктерін ашқан. Студенттердің
оқу іс-әрекетін компьютердің көмегімен дараландыруды
анықтаудың компьютерлік бағдарламасын және
көпдеңгейлі әрі көпнұсқалы тапсырмалар
жүйесін ұсынған.
Ақпараттық және
педагогикалық технологиялар арасындағы байланыс білім беру,
оқыту ұғымдарымен сипатталады. Өйткені
ақпараттық технологиялар – білім алуды дұрыс
ұйымдастыру құралдары. Компьютер – ақпараттық
технологиялардың негізгі құралы болып табылады, ол білім
алудың әртүрлі формаларында қолданылады.
Ақпараттық технологияларды оқыту үдерісінде
қолдану үшін білім алушы мен оқытушының арасында
белсенді әрекет қажет. Ол үшін: өзара әрекет,
бірлескен әрекет, өзара түсінушілік, өзіндік
бақылау әрекеттері қажет. Ақпараттық
технологиялардың қолдану тиімділігі ақпараттарды іріктеу,
талдау, салыстыру, өңдеу және іс-тәжірибеде
қолдану әрекеттерінен көрінеді. Тұлғаның
өзіндік дамуына ақпараттық технологиялардың әсер
ету мүмкіндіктері мол.
Зерттеуші В.Б.Поповтың айтуынша, білім беруді
ақпараттандырудың міндеттерін жүзеге асыру үшін
студенттен бастап, білім беруді ұйымдастырушыға дейін компьютерлік
технологияны пайдалануға дайындығы болулары тиіс. Олардың
әртүрлі ақпаратты дербес компьютерде өңдеуге,
қазіргі заманғы бағдарламалық мүмкіндіктерді
пайдалану іскерлігі мен дайындығын қалыптастыру міндеті
өзекті бола түседі, яғни дербес компьютерді «пайдаланушыны»
дайындау міндеті туындайды.
Г.Н.Бояркин, В.К.Белошапка, А.С.Лесневский
және т.б. ғалымдар оқытушылардың ақпараттық
дайындығында коммуникативті мүмкіндіктерінің сәйкес
болмауы, ақпараттық техникалармен жұмыс
дағдыларының болмауы және үйлерінде компьютерлері бар
интернетке қосылған едәуір бөлігі жаңа
технологияларды меңгеруге кедергі келтіретін оқытушылардың
ерекше ойлау стилі, психологиялық кедергілер кездесетінін жазады.
Бұл зерттеулердегі ой-тұжырымдарды
жинақтайтын болсақ, білім берудi ақпараттандыру осы
саланың теориясы мен практикасына жаңа ақпараттық
технологияны жан-жақты пайдалану және оқыту мен
тәрбиелеудiң психологиялық-педагогикалық
мақсаттарын жүзеге асыратындай жағдайда оның
мүмкiндiктерiн қолдану үрдісі болып табылады деген
қорытынды жасауға болады. Оқыту жүйесінде
ақпараттық технологияларды қолдану білім алушылардың
бойында аса қажетті ақпараттық мәдениетті
қалыптастырады.
Ақпараттық мәдениет – тек компьютермен дұрыс
жұмыс істей білу емес, кез келген ақпарат көзін –
анықтамаларды, сөздіктерді, энциклопедияларды, теледидар
бағдарламаларын, т.с.с. дұрыс пайдалана білу,
ақпараттық мәдениет – әңгімелесе білу, теледидар,
хабарды (интернетті) талғамды түрде қарау, алынған
мәліметті ой елегінен өткізіп, талдай білу және
өзгелердің еркіндігіне әсер ететін жағдайларда өз
еркіндігіңді шектей білу деген тұжырым жасауға мүмкіндік
береді. ХХI ғасырдағы бiлiм беру жүйесіне жаңаша
ақпараттық технологияларды ендірудегі басты ұстаным – сапалы
түрде iске кiрiсiп, тиiмдi әрекеттену,
құндылықтарды тұтынып, нәтижелi табысқа
жету. Бұл қағиданы ұстанып, оң әрекетке
бағытталған тұлға сөзсiз табысқа жетедi,
көздеген мақсаты орындалады. Дәлiрек айтқанда,
бұл – нәтижеге ие болудың кiлтi. Ал бiлiмдендiрудiң
арнасын кеңейткен интернетке қосылу, педагогтердің
кәсiби мамандығын жетiлдiру, ақпараттық тасқын,
дамудағы жылдамдығына көз iлеспейтiн бүгiнгi
шапшаңдық, бiлiм жүйесiндегi жаңалықтар мен
өзгерiстердi игеру осыған дейiнгi қолданылып келген
әдiс-тәсiл, амалдарға бой бермей отыр. Олай болса,
оқу-тәрбие үдерісінде болашақ мамандарды даярлауда
ақпараттық технологиялар жүйесін пайдалану кәсіби міндеттердің
біріне жатады [3].
Қазіргі кезде елдегі
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту
қарқыны үлкен серпінмен алға ұмтылуда.
Осыған орай білім беру жүйесіне оқытудың жаңа
технологияларын енгізу және ақпараттық коммуникациялық
технологиямен қамтамасыз етуді жақсарту, білім алушылардың
ақпараттық мәдениетін қалыптастыру міндеттері
бір-бірімен өзара тығыз байланысты, сонымен қатар оқу
үрдісін қазіргі заманғы технологиялар мен
оқытудың техникалық құралдарын енгізуді талап
етеді.
Ақпараттық-коммуникациялық
технология пайдаланудың негізгі
мақсаты: үйренушінің шығармашылық әлеуетін
дамыту; коммуникативтік әрекеттерге қабілетті болуды дамыту; сараптамалық
зерттеу қызметі дағдыларын дамыту; оқу қызметі
мәдениетін дамыту; оқу-тәрбие үрдісінің
барлық деңгейлерін қарқындандыру, оның тиімділігі
мен сапасын арттыру; қазіргі қоғамның
ақпараттануымен байланысты пайда болатын әлеуметтік тапсырысты
жүзеге асыру [3].
«Қазақстан Республикасы
бiлiм беру жүйесiн 2015 жылға дейiн дамыту
тұжырымдамасының» негiзгi
мiндеттерiнiң бiрi оқушылардың ақпараттық
дайындығын жетiлдiру болып табылады [4]. Орта бiлiм беру жүйесiндегi информатиканың
ролi қазiргi қоғамдағы ақпараттық
мәдениеттiң негiзiн құрайтын - ақпараттық
және коммуникациялық технологияны пайдалану дағдыларын
қалыптастырудағы ақпараттық бiлiмнiң
мәнiмен қамтамасыз етiлетіні айқын.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.
Қазақстан
Республикасында білімді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
Мемлекеттік бағдарламасы –Астана, 2010.
2.
Қазақстан
Республикасының бiлiм беру жүйесiн
ақпараттандыру 2002-2004
жылдарға арналған тұжырымдамасы.
– 2001.
3. МОШҚАЛОВ
А.Қ. Студенттердің
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану
негізінде өзін-өзі шығармашылықпен дамытуы. // Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін
дайындалған диссертация 134б
4. ҚР Президентінің
«Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан
халқына Жолдауы.