СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІБИ
ЖӘНЕ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ДИНАМИКАСЫН ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ЗЕРТТЕУ
Калуова П.
«Тұран-Астана» университетінің магистранты
Сонымен,
қоғамның ашық және мәнді
айқындылығы, оның
өміріндегі өте
қарқынды жүріп жатқан саяси, экономикалық,
әлеуметтік және мәдени салалардағы өзгерістер.
Бұл өзгерістердің
қарқындылығы соншалықты, жақанданудың
қазіргі вакуумында қалған біздің замандастарымыз,
әсіресе жастар ең аз қорғалғандар қатарында
және олардың әлеуметтік мәнділіктері, құндылықтары
өзгеше болып келеді.
Қалыптасқан күрделі жағдайлар жастар арасында
өзіндік анықталу, өзіндік көріну және
өзіндік жүзеге асу мәселелерімен байланысты тұлғалық дағдарыстардың
ұлғаюымен ерекшеленеді.
Орын
алған жағдайдың ұшқырлығы мен
өзектілігі психологтардың
назарын аударып, психологиядағы
басымдылық танытқан бағыт бойынша оның шешілу жолдарын
қарастыру өте өзекті екендігі анықталды. Бірақ қазіргі
психологиялық әдебиеттерге жасалған талдау жұмыстары,
бұл мәселенің әлі де болса отандық психологияда
көп қарастырыла қоймағанын көрсетеді.
Қазіргі кездегі әлеуметтену, педагогика салаларына байланысты көптеген
жастарға мотив, құндылық бағдар, өмірлік
стратегиялар бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстары тар бағыттағы міндеттерді
ғана шешетіндігі әдебиеттерге жүргізілген талдау барысы
көрсетті.
Зерттеу
жұмысы барысында кәсіби мәселелер Дж.Холланд, В.А. Матусевич, В.Л. Оссовский, И.А. Винтин, Г.А. Чередниченко, Р.К. Малинаускас, Н.Г.Багдасарьян, А.А.Немцов, Л.В. Кансузян еңбектері қарастырылды.
Ал тұлғаның субъект ретінде даму ерекшеліктері Б.Г. Ананьев, С.Л.
Рубинштейн, А.В. Брушлинский, А.А.
Деркач, В.Д. Шадриков, К.А.
Абульханова, Е.А. Сергиенко, В.В. Знаков еңбектері басшылыққа
алынды.
Біздің зерттеу жұмысымызды жүргізу
барысында кейбір мәселелердің көріну мүмкіндіктері
жайлы мәліметтер жинақталды.
Кәсіби оқыту мамандығы студенттерінің
қызығушылықтар аймағының тарлығы және
өз іс-әрекеттеріне шамадан тыс берілуі, психологтардың
жұмысқа орналасуға байланысты қиындықтары көптеген тұлғалық
дағдарыстардың қалыптасуының себебі болуы мүмкін.
Сонымен, әртүрлі мамандықты алушы студенттер
кәсіби және тұлғалық даму процесі барысында түрлі сипаттағы
қиындықтарға кездеседі
және студенттердің
кәсіби және тұлғалық дамуындағы қиындықтар спецификасы және
динамикасы таңдаған мамандық талаптары және
ерекшеліктеріне студенттердің индивидуалды-психологиялық ерекшеліктерінің
сәйкестік деңгейіне тәуелді болады деген зерттеу
жұмысымыздың болжамдары дәлелденді.
Студенттердің үлгерімі тек
арнайы қабілеттер мен жалпы интеллект дамуына ғана емес, сонымен
бірге, қызығушылықтар мен мотивтер, мінез қырлары,
темперамент, жеке адам бағыттылығы, оның өзіндік
санасына да тәуелді. Жеке адамның бағыттылығына,
оның материалдық және рухани қажеттіліктері кіруі
мүмкін. Осы қажеттіліктер өзінің
қанағаттануын күтеді және сондықтан да
құмарлық, еліктеу, тілек ету, талпыныс, эмоционалдық
күйлерді тудыратыны хақ, ал осылардың себебінен студент
белсенділік танытуға мәжбүр болады. Жеке адамның
потенциалды мүмкіндіктерін жұмылдырудың маңызды шарты
оның қандай да бір іс - әрекет түріне
бағыттылығы мен белсенділігі болып табылады.
Студенттермен бейімделу
барысында жүргізілетін
жұмыстардың негізгілері олар: психологиялық оқыту, психологиялық
профилактика,
психологиялық
кеңес беру, психологиялық диагностика, психологиялық коррекция
жатады. Кез келген шынайы
ситуацияда психологтың кез
келген жұмыс түрі
мәселеге, жұмыс жүріп
жатқан орынға байланысты
негізгісі бола алады. Студенттің әр жастық кезеңін есепке ала отырып, әр түрлі
жастағы студенттерге арналған жұмыстар жүргізіледі.
Ең бастысы – студенттердің барлығына тәжірибелік
іс-әрекетті өздерінің
қызығушылығын,
қабілеттерін анықтауға, дамытуға және өзін
білімнің барлық саласында байқап көруге
мүмкіндік беру.
Сонымен, техникалық және кәсіптік білім
беру ұйымдарында заманауи тәрбие жұмысын бағалаудың
ерекшелігі тәрбие үрдісіндегі жүйелілік пен тиімділікті қамтамасыз ететін факторлар мен шарттардың кешенділігі болып табылады.
Эксперименттік зертгеу
нақтылы сызба бойынша жүргізіледі. Оның
өткізілуінің ең маңызды кезендері:
мәселенің тұжырымы және болжамның ұсынуы,
әдістеменің құрастырылуы
және аппаратураны таңдап алуы, зерттелушілерді тандау, кезендерді
бақылауға арналған жоспар, экспериментгің
жүргізілуі, нәтижелердің интерпретациясы жэне
өңделуі, ғылыми тестке дайындық болып табылады.
Тәрбие аудиториядан
тыс педагогикалық ықпалдың оқшау элементі емес,
педагогикалық іс –әрекеттің
жалпы оқу мен даму үрдісіне кіріктірілген қажет құрамдас бөлігі болып
табылады. Тәрбиенің негізгі факторы – колледждегі
тәрбиелік ортаны ұйымдастыру және студенттердің оқу-әдістемелік, ғылыми
іс-әрекеттерін, демалысын өздері
басқаруға түрткі болу. Бала тәрбиесі – аса жауапты
іс. Ұстаз – оқушыларға білім беруші ғана емес,
олардың бойына отансүйгіштік, елжандылық,
ұлтжандылық, адамгершілік, қайырымдылық сияқты
асыл қасиеттерді қалыптастырушы басты тұлға. Осы ұсынылып отырған жаднама топ
жетекшілерге студенттердің бейімделу барысында жүргізілетін
әдістерді ұсынады. Жаднама тәрбие жұмысын
жүйелі ұйымдастырудың
стратегиясын, негізгі кезеңдерін, басым бағыттары мен
мақсатын, іске асыру кезеңдері мен механизмдерін баяндайды.
Ұсыныстар:
-
тұлғаның түрлі әлеуметтік іс-әрекет
саласына қатынасын анықтайтын студенттік кезеңдегі
тұлғаның құндылық бағдарларын
зерттеудегі интегративтік бағытқа
теориялық-әдіснамалық негізі;
- техникалық және кәсіптік білім
беру ұйымдарының оқу-тәрбие үдерісі кезеңдеріндегі
құндылық бағдарлар дамуының динамикасы;
- 1 курс студенттерінің техникалық
және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқуға
бейімделу үдерісіндегі топ жетекшілеріне арналған көмек
құралы бағдарламасы.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Қазақстан Республикасының Президенті
Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылғы 14
желтоқсандағы «Жаңа әлемдегі жаңа
Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауы.
2.
Абакумова
И.В. Обучение и смысл: смыслообразование в учебном процессе.
(Психолого-дидактический подход). Ростов-на-Дону: Изд-во Рост. Ун-та, 2003.
3.
Абросимова
Л.В., Калачева Т.Г. Установки выпускников школ на получение высшего
образования// Социол. исслед. 2000. №
5.
4.
Антипова В.М. Формирование мотивов учебной деятельности
студентов в условиях учебно-научного комплекса вуза // Проблемы оптимизации
учебного процесса в вузе. Ростов-
на-Дону: Изд-во Рост, ун-та, 1981.
5.
Багдасарьян
Н.Г., Немцов А.А., Кансузян Л.В. Послевузовские ожидания студенческой молодежи
// Социол. Исслед. 2003. №6.