Қостанай облысы
Қостанай ауданы
Мемлекеттік
тілде оқытатын
Заречный орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін
жете түсінген, көрген, естіген және
аңғарған нәрселердің бәрін жадында
жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын…
алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…, әділ…,
жұрттың бәріне… жақсылық пен ізгілік
көрсетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл,
ержүрек болуы керек.
Әл-Фараби
Мен – қазіргі заман педагогімін
Білім беру
жүйесінің басты мақсаты мен міндеттерінің бірі –
оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді
ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге
шығу екенін білеміз.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта
өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін
заман талабына сай білім беруіміз керек. Қазақ елі дамыған 50
елдің қатарында болу үшін, терезесін тең ететін – білім». Білім – теңіз, мектеп – кеме. Мұғалім –
мектептің жүрегі. Білім нәрімен сусындап, оның
құпиясын аша білу – күрделі де қиын іс. Осы білім
теңізінде еркін жүздіру – бала жанының бағбаны
мұғалімнің іс-әрекеті.
Қазіргі заман
талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі
бір сарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай
инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті
пайдаланса, сабақ тартымды, мәнді,қонымды,тиімді болары
сөзсіз. Мұғалімнің бір-біріне және ешкімге
ұқсамайтын сабақтары келер ұрпақты заман талабына
сай оқытып, тәрбиелеуде маңызы зор болмақ. Оқытудың табысты болуы, ең
алдымен, білім беру мазмұнынының дұрыс анықталуына
тәуелді болса, екіншіден, сол мақсатқа жеткізетін
сәйкесті әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдауға
байланысты болады.
Елімізде білім беру
мазмұнын құрылымдауда танымдық әрекеттілік пен
құзырлылық негізге көңіл аудара бастады
және білім беру ұйымдарында белсенді танымдық оқыту
әдістері мен технологияларын табысты ендірудегі жаңашыл
тәжірибелердің қолданылуына жан-жақты қолдаулар көрсетіліп,
жағдайлар жасалып жатыр.
Қазіргі
қоғамның, ұлттық
жоспарымыздың мақсаты, мемлекет сұранысы
бәсекеге бейім,
функционалдық сауатты сыни
өз ойы мен , өз
көзқарасы бар жеке
тұлғаны оқыту мен
тәрбиелеу.
Осы орайда
мен өз жұмысымды
сыни ойлауға үйрететін сындарлы
сабқтар негізінде ұйымдастыруды дағдыға айналдырып
отырмын.
Сын
тұрғысынан ойлау-сынау
емес,шыңдалған ой ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек
ересек адамдарға, жоғарғы сынып оқушыларына ғана
тән деп ойлау дұрыс емес.Біздің бастауыш
сыныптардың
балаларында да жұмысты дұрыс
ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне
сәйкес ойы шыңдалып,белгілі бір жетістікке жетері сөзсіз.
Сыни ойлау арқылы оқыту мен
оқу кезінде түсінгенім, оқушылардың үнемі осы
жұмыстар нәтижесінде
өз ойы, өз пікірі қалыптасатының куәсі
болдым. Жалпы сын
тұрғысынан ойлау арқылы жұмыс жасау кезінде
оқушылар белсенді, сұрақ қойып, жауаптарды
талдайды, мағынаны анықтау үшін стратегиялар қолданады;
олар ауызша жазбаша, көзбен шолу дәлелдеріне сенімсіздікпен
қарай отырып, өз жобаларын
ұсынады әрі, мұндай оқушылар жаңашыл және
келешекте ашық болатынын түсіндім.Сыни ойлауды дамыту арқылы оқуға үйретуге
арналған сабақтарымда
төмендегідей
қағиданы
басшылыққа ала
отырып оқытамын:
Оқу барысында
ақпаратты дайын күйінде ұсынбау. Оқушы
тапсырылған жұмысты орындау барысында жаңа білімді өз
бетімен іздеуі тиіс.
Тапсырма берген
кезде жалпылама әдісті пайдалану. Ол бізге мынадай мүмкіндік
береді:
Оқу
үлгерімі жақсы оқушылардың мүмкіндіктерін
сынға салу;
Үлгірімі
тәуір
оқушылардың жауабы
үлгірімі нашарларға көмектесуі тиіс.
Тапсырманы оқушылар қинала бастаған
жағдайда ғана нақтылаған дұрыс деп ойлаймын.
Сауал
қойылған соң азғантай
үнсіздікті пайдаланған дұрыс. Ол ойлау процесін
белсенді етеді (анализ, синтез, абстракцияландыру, жалпылау, ой түю).
Оқушыларды
тапсырманы қосымша түсіндірместен
өз бетінше қабылдап, орындай білуге дағдыландырамын.
Оқушылар
өз жауаптарын түсіндіре
алуы тиіс. «Идея бар жерде аргументтердің де болғаны жөн».
Осылайша, ат үсті жауаптардан бойымызды аулақ салып,
бұрын үйретілген
нәрселерді де үздіксіз қайталап отырамыз. тағы бір
жаңаша
оқытудағы
басшылыққа ала
жүргізетін жұмысым
жауапты бағалауға асықпау:
біріншіден, оқушының ойлау процесіне кедергі келтіруіміз
мүмкін. Екіншіден, бағалауды оқушының өз
үлесіне қалдырамын.Баланы бағалайтын
«ақылдысың!», «жарайсың!», «дұрыс!» деудің орнына мысалы , «қызықты ой...», «қызықты
бақылау...» деген сияқты
тұжырымдарды қолдануды басшылққа аламын.
Барлық жауаптарды талқыға салуға тырысамын. Тіпті қате жауаптарды да.
Қате жіберген оқушы оны өзі тауып, себеп-салдарын
ұғынып, мойындайтындай
жағдай туғызу менің
дағдыма айналды. Орта білім беру жүйесінің
іргетасы бастауыш сыныптарда қаланады. Бұл – үздіксіз білім
беру жүйесінің алғашқы маңызды сатысы.
Бастауыш білім беруде соңғы жылдары оқушы
тұлғасын дамыту, бастауыш сынып оқушыларының оқу
білігін қалыптастырып, олардың білім, білік, дағдысын
жоғары деңгейге жеткізу мақсаттары қойылып
отыр.Озық ойлы, тапқыр да, нәзік сезімтал, пайымды
шәкірттердің іскерлігін, мүмкіндігін ескеріп, бағыт -
бағдар беру, ой - өрісін дамытатындай логикалық ойтастау
әрбір ұстаздың міндеті.Біздің міндетіміз –
дүниежүзіндегі жаңалықтар мен дамуларды назарға
ала отырып, одан да жақсысын, тиімдісін ұсыну. Өйткені
ғасырымызда барлық салада даму өте жедел жүзеге асуда.
Әрине, дамудың негізі – білімде.Әр бала жас кезінен еркін
ойлауға, алдына қойған істі жоспарлап, оны соңына дейін
жеткізуге, кедергілерге қарсы тұруға бейімделгені жөн.
Әрине,бұрынғы
дәстүрлі әдістерге әбден қалыптасып
қалған мұғалімге өзінің
көзқарасын, философиясын өзгерту оңай емес. Сын
тұрғысынан ойлауға
үйретуде топпен жұмыс істеуді қолдана отырып,
оқушылардың ойын, еркін сөйлеуін, тілін дамытып, бір - бірін
тыңдай білуге, өзінің де басқаның да жауабын сын
тұрғысынан баға бере отырып, құрмет
көрсетуге бағыт беремін.
Мен деңгейлік
оқу бағдарламасының
жеті модуліне сай келетін
стратегияларын іріктеп, тәжірибе
жүзінде қолдану барысында көптеген жетістіктерге жеттім.
Сын тұрғысынан оқыту технология емес,
ол оқу мен оқу модулінің бірі.
Оның
мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген
мазмұны сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым
бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім
қабылдауға сабақтарда үйрету. «Сын
тұрғысынан ойлау - сынау емес, шыңдалған ойлау.Бұл құрылым үш деңгейден
тұратын оқыту мен үйретудің үлгісі. Көп
ақпаратты талдай, жинақтай отырып ішінен қажеттісін
алуға үйретеді.
Қазіргі заманауи сабақтарымда оқушы сабақта не
үйренгенін біліп барып бағалауды
бастадым. Оқушыны
оқыту, алға жетелеу үшін
формативті бағалау
әдістерін пайдаланудың мәні
зор. Олар: қолпаштау,
«бағдаршам», смайликтер арқылы,
«басбармақ», «екі
жұлдыз, бір тілек»
арқылы бағалау т.б... Сонымен мен таңдаған сыни ойлауға үйрету арқылы оқыту – алға қойылған мақсатқа
бағыттай отырып тиімді өзгеріске жету. Оқушыларымда сапалы
оқыту дағдысын қалыптастыру, мақсатқа жетуде
болашақты көру, болжау қасиеті арқылы
адамдарды ортақ мақсатқа бағыттау болып табылады. Ал бүгінгі күннің негізгі талабы да
осы.
Сонымен мен таңдаған оқыту ол
жаңаша
көзқарасқа
жетелейтін жаңаша оқыту
түрлі сындарлы сабақтар.
Ол оқушыларыммен
бірлесіп, ынтымақтасып
алға қойылған мақсатқа балаларымды бағыттай
отырып тиімді оқыту.
Әріптестерімнің
кәсібилігін оқыту
құралдарының мықты жақтарын бірлесе меңгеру
арқылы сапалы оқыту дағдысы қалыптастыру да
менің
мұғалімдік
нақты мақсатым.
мақсатқа жетуде болашақты көру, болжау
қасиеті арқылы адамдарды ортақ мақсатқа
бағыттау болып табылады. Ал
бұл бүгінгі қоғам талабына сай туындайтын қажеттілік.