Қазіргі заманғы білім беруде
мақсатқа жетудегі педагогикалық және
ақпараттық технологиялар

Кузембаева
Ляззат Дюсенбаевна
Қарағанды қаласы
« №32
жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
бастауыш сынып мұғалімі
Аңдатпа:Мақалада педагогикалық және
ақпараттық технологиялар жайында қарастырылған.
Оқыту үрдісіндегі
оқушының белсенділігі дидактикагың негізгі талаптарының
бірінен саналады.Оқушылардың мұндай белсенділігі
мақсатты бағытталған басқарушылық
педагогикалық іс-әрекеттердің және сабақта
қолданылатын педагогикалық технологиялардың тікелей
салдарынан келіп туындайды.
«Педагогикалық технология» терминінің мағынасының қазіргі кезде
дамып, кеңейіп отырғанын мына дәлелдер арқылы көре аламыз. Біріншіден,
«педагогикалық технология» деп, техникалық құралдарды
оқыту процесінде қолдану мүмкіншіліктері айтылады. Екіншіден,
«педагогикалық технология» деп, оқыту процесінің өзін
жүйе ретінде құру мен басқару, диагностикалық
мақсаттар қойып, соған тиімділікпен жету жолдарын
ғылыми негізде ұйымдастыру барысында танылады. Біздің
ұстанатын бағытымыз- осы соңғы айтылғанмен
тығыз байланысты. Бұлбағыттың ерекшелігі сонда,
мұның түпнегізі-оқыту процесінің жалпы заңдылықтары
бар, соларды белгілі бір жүйеге түсіріп тану және нақты
оқыту мақсатына лайықтап ұйымдастыру керек деген
идеяға негізделеді.Бұл жерде білім берудің
екіжақтылық болмысы да ғылыми негіздер арқылы танылып,
жүйеленуі тиіс.Оның бір жағы- берілетін білім мазмұнының
теориялық деңгейде оқу мақсатына лайық
жүйеленуі болса, екінші жағы- соны оқыту процесін
жүйелеп тану болмақ.
Педагогикалық инновация
білім берудің негізгі мақсаттарын жүзеге асыруға
бағытталуы қажет және білім беру жүйесін
ақпараттандырудың негізгі мақсаты-қазіргі
ақпараттық технологияларды қолдану.Ақпараттық
технолгия-өзінің мәнділігі жөнінен өте әділ
де шындыққа негізделген
үрдіс.Яғни,ақпараттық технолгия-білім беру мекемесі
мамандарының жұмысын жүзеге асырушы әдістер мен
формалар және балаларға білім беруші құрал.Оқытудың
мақсаттары мен мазмұнын өзгерту-бұл білімді
ақпараттандыру үрдісінің басты талаптары болып
табылады.Оқу үрдісін технологиялық тұрғыда
қайта жабдықтау,оқытудың жаңа әдістері мен
ұйымдастыру формаларының пайда болуы өз кезегінде
көзделетін мақсатқа жетуді қамтамасыз етуге
бағытталуда.оқытудың мазмұнын өзгерту бірнеше
бағытта жүруде және олардың мәнділігі
қоғамды ақпараттандыру үрдісінің дамуына
байланысты өзгеріске ұшырап отырады.
Бірінші бағыт информатика саласы бойынша
оқушылардың кәсіби дайындықтарын қамтамасыз
ететін оқу пәндерінің оқытылумен байланысты.
Екіншісі,адамзат іс-әрекетінің барлық салаларында
қолдану күн тәртібіне айналып отырған
ақпараттық құралдардың кең
қолданылуымен сипатталады.бұл үрдіс өз кезегінде,білім
берудің барлық сатыларында барлық пәндердің
пәндік мазмұнының өзгеруін талап етеді.
Үшінші бағыт ақпараттандырудың
оқыту мақсаттарына терең деңгейде әсер етумен
байланысты.Сан –сезімнің дамуы күнделікті өмір
қажеттілігі болып табылатын болашақ ақпараттық
қоғамның мүшелерінің сапалы жаңа моделі.
Бүгінгі және болашақ педагогтардың жете
түсінуге қажетті мәселесі-бұл білімді
ақпараттандырудың басты екі мақсатқа қол
жеткізуге мүмкіндік беруі.
Біріншісі,ақпараттық технологияларды қолдану негізінде
біліми іс-әрекеттердің тиімділігін арттыруға бағытталса
,екіншісі,ақпараттық қоғам сұранысына сай келетін
жаңаша ойлау қабілетін меңгерген мамандар даярлау
сапалығын арттыруға негізделген.
Білімді ақпараттандыруды төмендегі талаптар бойынша
қалыптастыруға болады.
1.Қоғамның
әрбір мүшесіне мәлімет пен білімнің берілуі.
2.Жеке тұлғаның
интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін
дамытуы.
3.Ынтымақтастығы.
4.Біліктілігін үздіксіз
көтеру немесе әрбір қоғам мүшесінің
өмір бойғы кәсіби қызметін өзгертуі.
5.Жалпы білім мен тәрбиені
ізгілендіруі.
6.Ақпараттық
технология мен жалпы компьтерлік сауаттылықты байланыстырып оқытуы.
7.Білім беру мен оқытуды
қарқындатуы.
Білімді ақпараттандырудың қазіргі
кезеңінің мазмұнын дәстүрлі оқу
пәндеріне оқытудың қазіргі ақпараттық
технологиясын үздік қолданылуымен оларды белменді меңгеруі
құрайды.Соның нәтижесінде педагогикалық оқу
жұмыстарының жаңа әдістері
мазмұнын,оқу-тәрбие жұмыстарының
дәстүрлі формалары мен әдістерін,оқушылар мен
педагогтар үшін әдістемелік материалдарды,түрлі видео,аудио
материалдарды,электрондық оқу кешендерін қамтитын оқу-әдістемелік жүйені
жасақтау мен бастап меңгеру сияқты жұмыс түрлерін
түбегейлі қайта қарау мәселесі жүзеге асады.
Қазіргі таңда Қазақстан
Республикасының білім жүйесін әлемдік білім кеңістігіне
кіріктіруге бағытталған жүйе есебінде сипаттауға
болады. Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға
арнап қабылдаған білімді дамытудың мемлекеттік қазіргі
талап пен әлемдік стандартқа сәйкес келетін
ұлттық білім жүйесін жасақтаудың проблемалын
шешуге арналған.Елбасымыз Н.Назарбаевтың Қазақстан
халқына жолдауында да көрініс тапқан.Бастауыш сыныпта
қазіргі ақпараттық технологияларды оқу үрдісіне
пайдалану,оқушыларға білімді сапалы да шығармашылық
деңгейде қабылдауға мүмкіндік беру мен
қатар,оларды білімді енжар қабылдаушы рөлінен осы
үрдістің белсенді субъектісіне айналуына да қолайлы
жағдай туғызады.
Қазіргі уақытта білім саласында тиімді деп
саналатын техникалық және компьютерлік программалық
қралдардың жеткіліктігін жоққа шығаруға
болмайды.Мұғалімдердің басым көпшілігі ақпараттық,телекоммуникациялық
технологияларды меңгерген және соның негізінде
құжаттарды,түрлі жобаларды компьютердің көмегімен
орындауға қабілетті.Осыған орай туындап отырған
тағы бір проблема-олардың осы білімдерін,дағдыларын
оқушылармен жұмыс барысында деңгейде
шығармашылықпен пайдалана алады.
Қазіргі ақпараттық технологиялар
нарықтық экономика жағдайында барлық оқу
пәндері мен оқушылардың кәсіби дайындықтарын
қамтып өтеді.Сондықтан да барлық
мұғалімдердің ақпараттық мәдениеттіліктері
қалыптасуы тиіс.Мұғалім оқушылар үшін
ақпараттық гиперкеңістікті меңгеруге жол сілтеушщі
болумен қатар,балаларды өз білімдерін жетілдіру мақсатында
ақпараттық ресурстарды тиімді қолдана білуге үйреткі
керек.Осыған байланысты мұғалімдердің қазіргі
ақпараттық технологияларды меңгеруі білімді
ақпараттандыру үрдісі үшін басты анықтағыш
және бағыт болып табылады.
Республика көлемінде білім жүйесін
ақпараттандыру проблемасы жан-жақты зерттелу үстінде:
Соның ішінде,бастауыш сыныптардағы математиканы
оқытуда компьютерде пайдалану мәселесін,информатика элементтерін
пәнаралық байланыс негізінде оқытуға
болады.Ақпараттық технологияны ерте жастан бастап оқыту
кезеңіне (1-4 сыныптар) пропедевтикалық курс ұсынылады.Оның
басты міндеттері оқушыларды компьютермен алғаш таныстыру,оқыту
мақсатындағы ойындық программаларды пайдалану негізінде
ақпараттық мәдениеттіліктің алғашқы
элементтері мен қарапайым компьютерлік
программалармен жұмыс жасауды меңгерту.
Білім беруді ақпараттандыруды толық өмірдегі
ақпараттық қоғам шартына адамды дайындау үрдісі
ретінде сипаттауға болады.Сонымен қатар ақпараттық
технология тек даралықты қарастырмайды,ол бірдей жастағы
балалардың ортақ қасиеттерін жүйелей,жинақтай
отырып оқу ақпаратын меңгерудің ортақ
жақтарын да қамтиды.Себебі,бір сыныптағы оқушылардың
меңгеру деңгейлері әр алуан.Сондықтан
ақпараттық технологины меңгерту,оны өмірде шынайы
қолдана білі-уақыт тудырып отырған қажеттілік.


Әдебиеттер тізімі:
1.Журнал
«Бастауыш мектепте оқу- тәрбие үрдісін ұйымдастыру».
Б.И.
Иманбекова, Ф.Т Саметова Алматы 2009
2.Журнал.Қазақстан
мектебі 2010 ж №3
3. «Мүғалім» республикалық ғылыми-әдістемелік
журнал 2014ж №5
4.
«Бастауыш мектеп»республикалық ғылыми-әдістемелік және педагогикалық журнал 2010ж №10
5.Новые педагогические
иинформационные технологии в системе образования.Под.ред.Е.С.Полат.М.,Асадема
2001.