БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ЖОБАЛАП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Жанбаева Ж. А. Абай атындағы ҚазҰПУ

гуманитарлық ғылымдарының магистрі

 

Мақалада бастауыш сынып оқушыларын жобалау технологиясы арқылы оқыту ерекшеліктері жазылған. Жоба әдісін пайдалануда шығармашылық қабілеттерін, логикалық ой өрісін дамыта түседі. Сонымен қатар, жобалап оқыту әдістеріне анықтама беріліп, олардың өзара байланысы арқылы жететін нəтижелер туралы айтылған.

Түйінді сөздер: бастауыш сынып, жоба, технология, мектеп, оқушы

В статье раскрыта роль проектной деятельности а также ее эффективное использование в начальной школе, при этом, не заменяя традиционную систему, а органично дополняя, расширяя ее. Метод проекта – это одна из личностно-ориентированных технологий, в основе которой лежит развитие познавательных навыков учащихся, умений самостоятельно конструировать свои знания, ориентироваться в информационном пространстве, развитие критического и творческого мышления.

Ключевые слова:начальная школа, технология, проект, методы, школа, ученик

The article deals with the role of project activities as well as its effective use in the primary school, while not replacing the traditional system, and organically complementing, expanding it. The method of the project - is one of the personality-oriented technologies, which is based on the development of cognitive skills of students, skills to independently design their knowledge to navigate the information space, the development of critical and creative thinking.Keywords: elementary school, technology, design, methods, school, student

Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамыту бағдарламасында: «Білімді дамытудың негізгі инновацияны енгізу, білім беру мен ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады». – деп атап көрсетілген [1]. Қазіргі кезде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру деңгейіне жетуге ат салысуда. Бүгінгі мемлекет алдындағы басты міндет білім беру жүйесін жаңарту болып отыр. Ал бұл міндет бастауыш білім беру жүйесіне тікелей қатысты да маңызды. Бастауыш мектептегі жаңа өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдаланып отыр, баланың жеке дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа технологияларды іздестіру және оларды қолдануға бағытталған. Бүгінгі күні білім мазмұнын жобалап оқыту арқылы оның ғылыми деңгейін көтеру мәселесі қойылып отырған жағдайда бастауыш сыныпта оқушыларға табиғат, адам, қоғам жайында беретін білім негізінде балалардың дүниетанымын қалыптастыру үшін жаңа технологияларды қолдану орынды талаптардың бірі болып отыр.

Мәселен, бастауыш сынып оқушыларының жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсаты оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру жəне сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта əр түрлі жағдаяттарда, əр түрлі қоғамдық ортада өзін өзі көрсете білуге бейімдеу қажет. Сапалы білім беруде жобалау технологияның әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана отырып, оқушылардың ізденімпаздық, зерттеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сонымен бірге, ата-ана, мұғалім және оқушы арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыра отырып, білім сапасын арттыру керек. Ал, оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытуға жағдай жасай отырып, баланы ізденімпаздыққа және өзіне сенімді болуға ұмтылдыру, ақыл-ой деңгейін қалыптастыру, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту болып табылады. Егер оқушы жоба тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса – ол болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып қалыптасады. Бастауыш сынып оқушылардың ізденушіліктерін, шығармашылық дағдыларын, өз білімдерін өз бетімен құрастыра білу икемділігін, ақпараттық кеңістікте жөн таба білу іскерлігін дамыту, сыни тұрғыдан ойлауын дамытуымыз керек.

Бастауыш сынып оқушыларының жобалау технологиясын қолданудағы негізгі міндеттері:

ü                Өз ойын еркін айтуға мүмкіндік жасай алатын орта туғызу.

ü                Оқушы жүрегіне жол табу арқылы сабақтардың әрбір сәтін қызықты, ұтымды өткізу. Оқушыларды тек берілген мәліметті тыңдаушы емес ізденуші, зерттеуші өз ойын еркін дәлелдей алатын, пікірін ортаға сала білетін жеке тұлғаны қалыптастыру.

ü                Оқушының бойындағы ынта-ықыласын жойып алмай, жеке дара қабілетінің дамуына мүмкіндік жасай отырып, қабілетін дамытып, шығармашылығын шыңдау.

ü                Оқытудың жобалау технологияларын қолдана отырып, жеке, жұпта, топта жұмыс істеу барысында мұғалім мен оқушының ынтымақтастығын қалыптастыру, оқушылардың ойына ерекше құрметпен қарау. Оқушыларды өзін-өзі қадағалай алатын, іс-әрекетін ретімен орындап, өзін - өзі жетілдіретін шығармашыл, ізденімпаз тұлға қалыптастыру.

ü                Оқушының тұлға ретінде қалыптасуына әсер ету;

ü                Ақыл-ойын және ерік пен сезім белсенділігін арттыру;

ü                Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру;

ü                Оқушылардың танымдық қабілетін дамытып, қызығушылығын арттыру.

ü                Әртүрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай отырып, әртүрлі адамдармен тіл табыса отырып, әр ортада дұрыс бағыт-бағдар бере алады.

ü                Оқушының бойындағы қабілетін дамытып, шығармашылығын шыңдау.

ü                Оқушылардың өз жұмыстарын жаңашылдықпен ұйымдастыру тәжірбиесін талдау, оның тиімділігін анықтау, жеке тұлға тәрбиелеу.

ü                Оқушылардың жоба жұмыстарына талдау жасау, бағдар беру. Оқушыларды өзін - өзі жетілдіретін шығармашыл, ізденімпаз тұлға қалыптастыруымыз қажет.

Жобалап оқыту технологиясы - жеке тұлғаға бағдарланған оқыту. Бұл технология оқушылардың берілген тапсырманы жобалау, зерттеу барысында өзінің және басқаның тәжірибесінен үйрену, сабақ алуға негізделген. Ғылыми жобаны жасау барысында оқушылар көп нәрсеге өзі көз жеткізеді. Яғни, бұл оқушылардың танымдық қасиеттерін арттырудың, өз еңбектерінің нәтижесіне толығымен қанағаттанып, оқудағы жетістіктерін сезінудің бірден-бір жолы болып табылады. Оқу әрекетінің тиімділігін арттыру үшін оқушыны білім алу процесіндегі белсенді әрекет ететін субьектіге айналдыру керек деген идеялар көтерілгелі көп болды. Осындай идеялардан туындаған технологиялардың бірі – жобалап оқыту технологиясы. Жобалап оқыту технологиясының негізін салушы Карл Фрей өзінің “Жобалау әдісі” атты кітабында (Бельц қаласы, Германия, 1977 ж.) жобалау әдісі туралы былай түсіндіреді: Оқушылардан болсын немесе оқытушы тарапынан болсын практикалық маңызы бар бір жоба (проект) ұсынылуы тиіс. Оқушылар ұжымда жұмыс істеп үйренеді. Зерттеу біліктерін (проблеманы анықтау, ақпарат жинау, бақылау, тәжірибе жүргізу, талдау, жорамал жасау, қорытындылау) меңгереді.

Жобалап оқыту технологиясы оқушының жеке тұлғасына көзқарасты өзгертеді. Ол оқушыны оқу үдерісін ұстазбен бірге тең дәрежеде жүзеге асырушы ретінде қарастырады, оның жас және жеке ерекшеліктерін ескеріп отырады. Мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы психологиясын қайта құру, қайта қарау жұмыстары жүргізіліп келеді. Бірінші кезекте оқушыға субъект ретінде қарау керек. Оқытудың мазмұны мен түрі толыға түседі, яғни әдістемелік жүйе адамгершілік тұрғыдан байи түседі. Жобалап оқыту технологиясының қолжетімділігімен, қабылдау шапшаңдығын арттыруымен, барлық мұғалімнің қолдануына тиімді екендігімен ерекшеленетінін тәжірибе көрсетіп отыр. Одан басқа, технология кез-келген сыныпта, кез-келген пән бойынша қолданыла береді, оның жан-жақтылығы осында.

Бастауыш сыныпта жоба әдісін қолдану әрі қызық, әрі пайдалы, әрі көп еңбек талап етеді. Жобалау әдісін бастауыш сыныпта қолдану тікелей мұғалімнің көмегімен жүзеге асырылады. Бұл жұмысқа ата аналарды да қатыстыруға          болады.
Бастауыш сыныпта жобалау әдісін қолдану төмендегідей жүйе бойынша жүзеге асыруға       болады:
Жобалар әдісінің          кезеңдері
І.       Мотивтендіру
Мұғалім жалпы зерттеу мәселесін ұсынады. Тақырыпқа қызығушылық қалыптастырады.
ІІ. Жоспарлау      кезеңі
Зерттеу жұмысына дайындық. Мұнда жобаның тақырыбы мен мақсаты анықталады, міндеттерді шешу жолдары қарастырылады, іс-әрекеттің жоспары бекітіледі, топтағы ұжымдық іс-әрекет       келісіледі.
ІІІ. Ақпаратты жинау    кезеңі
Оқушылар хабар жинайды, әдебиетпен және басқа ақпарат құралдармен жұмыс жүргізеді; алыңған нәтижені мұғалімнің көмегімен сараптайды, ал мұғалім бақылайды, көмек көрсетеді, өзі де ақпарат құралы болады.
ІV. Рефлексивтік бағалау       кезеңі
Оқушылар жобаларын ұсынады (презентация), атқарылған жұмыс бойынша есеп береді, ұжымдық пікіірталасқа қатысады, өзіне өзі баға береді, мұғалім бағалайды.
V.      Қорытынды.
Бастауыш сынып оқушыларына жобалап оқыту әдісін қалыптастыруымыз қажет. Мәселен, 1- 2- 3- 4 – сынып оқушыларының жобалау кезінде рөлі өзгереді, оқу мен тәрбие процесіне белсенді қатыса алады және бала мүмкіншілігінің көптігі (тәжірибе жасап көреді, жаңа нәрселерді тани бастайды). Сонымен бірге, бала тапсырманы орындауда жауапкершілік жүктей алады және уақытын бөліп пайдалана біледі, топтық жұмыстарда көбірек тәуелді болады. Жоба кезінде бала (қашан? қандай? қайда?) деген сұрақтарға тәжірибе жасап, пайымдайды, іздестіреді, жауап іздейді, тілдік қарым - қатынастарға түсіп, өз ойларын әр түрлі білдіреді, не үшін әрекет етіп жүргенін түсініп, өз қызығушылығы мен арманын айтады. Сонымен қатар, бастауыш сынып оқушыларына жобалап оқыту әдісі дайын материалды меңгеруге ғана дағдыланбайды, ол өз бетінше ізденіп, болашақ мамандығы рөліне ену арқылы әр түрлі қақтығыс ситуациялардан шыға білуге, сөйлеу үлгілерін дұрыс пайдалануға қалыптасады. Сол сияқты, жобалау әдісі бастауыш сынып оқушыларының бойында мынадай қасиеттерді қалыптастырады: оқушылармен арадағы сыйластық, топпен жұмыс істей білу, сабаққа шығармашылықпен қарау және оқушылар шығармашылықпен ойлауға, өз әрекетін өз бетінше жоспарлауға, жоба бойынша алдына қойған міндеттерді шешуге алдын ала болжам жасай білуге, басқаша айтқанда, жұмыс істеу мәдениетіне үйренеді.

Бастауыш сынып оқушыларының жобалап оқыту әдісінің басты идеясы: балалардың танымдық қызығушылығын дамыту, өз беттерінше және тәрбиешісі мен ата-анасының көмегі арқылы өз білімдерін дұрыстап ақпараттық кеңістікте жөн таба білу және сыни ойлауды дамыту [2].

Бастауыш сынып оқушыларының жобалау әдісі арқылы төмендегідей нәтижеге қол жеткізуге болады:

ü                жобалау әдісі оқушыларды оқыту үрдісіне және тілдік қатынасқа белсенді жұмылдыра алуымен ерекшеленеді;

ü                оқушыны білім алуда, өз ісін ұйымдастыруда жауапкершілікке үйретеді;

ü                жобамен жұмыс істеу барысында оқушының тілдік дайындығы қалыптасады;

ü                жобалау әдісі оқушының белсенді түрде өз бетінше ойлауына, жұмыс істеуіне және алған білімін есте сақтауы, тиісті жағдайда қолдана алуына көмектеседі.

ü                Жаңа таным құралдарын пайдалануға және ұйымдастыруға жағдай жасайды.

ü                Білім беруді ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етеді.

ü                Оқушылар өзіне қажетті ақпаратты жедел түрде алады.

ü                Білім сапасын арттыруға септігін тигізеді.

ü                Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырады.

ü                Оқытудың ой - өрісін, дүниетанымын кеңейтеді.

ü                Оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеуде. Алған білім негізін дамыта отырып оқушының шығармашылық деңгейін шыңдап, жетістіктерге жетуіне көмектесед [3].

Бастауыш сынып оқушыларын жобалап оқыту әдісін төмендегідей жүйе бойынша жүзеге асыруға болады:

                    Алған білімін талдап, жинақтап, жүйелілік қалыптастырады.

                    Мұғалім мен оқушы арасында тең құқылы қарым-қатынас болады.

                    Жеке, жұпта, топта оқу жазу әрекеттері іске асады.

                    Оқушы–басты дамушы тұлға .

                    Мұғалім-басты тұлғаға бағыт беруші

                    Ұжымдық үрдіс жүзеге асады.

                    Әр оқушы өзіне жауапкершілікпен қарайды.

                    Жаңа ақпаратпен қамтамасыз  етіледі.

                    Оқыту үрдісінде оқушылар толық белсенді қатысып сабаққа тез араласады.

                    Пікір алмасу жүзеге асады.

                    Қорытынды жасай алады.

                    Барлық пәндерге қолдануға болады.

                    Ата-аналар жиналысы, тәрбие сағаты, конференция, пед. кеңестерде стратегияларын қолданып ұтымды өткізуге болады.

                    Адамды жалықтырмайды, қызығушылық пен құлшыныс пайда болады.

                    Шығармашылық шыңына жетуге көмек.

                    Оқушылардың бойында белсенділік, қызығушылық, таным деңгейі жоғарлайды.

Жобалап оқыту технологиясы педагогтың интеллектуалдық, кəсіби, моральдық, рухани, азаматтық жəне басқа да сапалы қасиеттерін қалыптастырып отырып, мұғалімнің жеке тұлғасына тікелей əсер етеді. Ең алдымен оқу барысында оқушыны өз бетімен іздендіре отырып, өзіне деген сенімділік күшін тудырып, өз ойын анық жеткізе біліп, дұрыс шешім қабылдауға, яғни жеке тұлға болып қалыптасуына бейімдеу қажет. Жобалау әдісі бойынша өткізілген сабақтар оқушы бойындағы қабілеттілік пен қызығушылығына сәйкес жетіліп, дамуына жағдай туғызылып, әр оқушының жекелеген мүмкіндіктерінің ашылуына ықпал жасайды. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, басқаларына сын көзбен қарауға үйренеді. Жобалау технологиясы қазіргі таңдағы білімнің мақсат, міндеттеріне сәйкес табиғаттың шынайы заңдылықтарын танып білуде мәселені өзіндік жоспарлап жоба ретінде шешімін табады. Бұл технологияның оқу процесіндегі ерекшелігі өз жобасын құрып, әрекетін ұйымдастырып шығармашылықпен айналысуында.

Қорытындылай келе, бастауыш мектептегі жобалау әдісін қолдану негізгі мектептегі жобалау жұмыстарының даму негіздерін қалайды. Оқушылар жобалау жұмысының негізін ойы мен іске асыру, шешім қабылдау, нәтиже шығару деп таниды. Бастауыш мектеп оқушыларының өзінділігі, тыңғылықтылығы мен ойлау вариативтілігі олардың «Интеллектуалдық жетілуін» көрсетеді [4]. Оқушылармен жұмыс жасау барысында жобалау әдісін қолдану өзін-өзі таныту деңгейін арттырады, балалар ата-аналары мен мұғалімдердің көмегіне сирек жүгінеді. Оқу орындарының гуманитарлық бөлімдерінде жобалап оқыту технологиясы негізінде меңгерту, біріншіден, білім сапасының көтерілуіне жол ашса, екіншіден, оқушының жеке тұлғалық қабілеттерін заманауи талаптарға сай дамытуға кепілдік береді; үшіншіден, оқу үдерісінің оқушы үшін мәнін танытып, олардың оқу мотивацияларын дамытады; төртіншіден, оқыту үдерісінің үш мақсатын – білімдік, тәрбиелік, дамытушылық – қатар орындаудың шарты болып саналады; бесіншіден, қоғам талабы мен оқушы мүддесінің толық үйлесімде дамуына тірек болады [5]. Жобалау әдісі арқылы ұсынылытын тапсырмаларды орындау барысында оқушылар шығармашылықпен ойлауға, өз әрекетін өз бетінше жоспарлауға, жоба бойынша алдына қойған міндеттерді шешуге алдын ала болжам жасай білуге, басқаша айтқанда, жұмыс істеу мәдениетіне үйренеді. Өз ойын ашық айту жоба құрушы логикалық, тілдік, грамматикалық жағынан дұрыс құруға ұмтылады.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы //Егемен Қазақстан, 2011 ж.

2. Лазарев В.С. Новое понимание метода проектов в образовании // Педагогика, 2011, №10, С. 3-11.

3. Н.Е.Веракса. «Проектная деятельность школьников» 2006 жыл

4. О.И Давыдова, А.А. Майер , Л.Г. Богословец «Проекты в работе с семьей» 2000 жыл

5.Л.С.Киселёвой, Т.А.Данилиной, Т.С.Лагоды, М.Б.Зуйковой «Проектный метод в начальной школе» 2001 жыл