Ергалиева Самал Смаилқызы,
БҚО, Орал қаласы,
№ 22 ОЖББМ
Құзіретті оқушы
тұлғасын қалыптастыруға арналған оқыту
технологиясы
«Ой салу-ұстаз тарапынан, ойлану-шәкірт тарапынан, шешімге келу - оқушы
тарапынан болу керек»
Қ.Бітібаева.
Мемлекетіміз тәуелсіздік
алғаннан бері, елімізде көптеген өзгерістер болып жатыр.
Білім мен ғылым материалдарын оқушылардың дайындық деңгейлеріне қарай
сұрыптап ұсыну,сабақтың типі мен түрін
оқытудың әдіс-тәсілдерін таңдау,мақсаттарды
және күтілетін нәтижені анықтау, оқу біліктілігін
жетілдіру. Бұның өзі өз кезегінде қазіргі
ұстаздардан шәкіртті оқытуда, білім беруде, тәрбиелеп
өсіруде белгілі бір құзыреттілікттерді бойына сіңірген
жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді. Ғылыми
әдебиеттерде құзыреттілік дара тұлғаның
бойындағы өзара байланысты сапалардың (Білім,білік,
дағды, іскерлік, әрекет тәсілі) жиынтығы.
«Құзыреттілік» терминіне
алғаш анықтама беріп, лингвистикаға енгізген
американдық ғалым - Н.Хомский. Оның
пайымдауынша,құзыреттілік дегеніміз-жеке тұлғаның
белгілі бір мәселені шешудегі өзара байланысты білім, білік
дағдыларының жиынтығы және өзінің
іс-әрекет,қызмет саласына сай құзыреттерді меңгеруі.
Соған сәйкес білім беру
жүйесінде жаңа инновациялық технологиялар пайда бола бастады.
Жаңа технологиялар сан түрлі,оны игеріп қолдану
мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Мысалы: СТО
технологиясы,модульдік оқыту,деңгейлеп оқыту және
сындарлы оқыту. Бұл технологиялардың барлығын да
әр сыныпқа сай, тиімді пайдалану жолдары бар. Осы
технологиялардың ішінде сындарлы оқыту негізіне сүйене
отырып, өз тәжірибемде жеті модульді кіріктірілген әдіс-тәсілдерді
пайдаланып келемін.Оның білім сапасын көтеруге тиімді жолдары
өте көп екенін аңғардым. Осы біліктілікті арттыру
курсын оқып келгеннен өзіме түйгенім, бұл
бағдарламаның негізгі идеясы-мұғалімнің білім
беру мен оқытудағы әдіс-тәсәлдері жаңа
бастама болып отыр.Бұл бағдарлама сындарлы оқытуға
негізделіп отыр. Бұл теория оқушының тапсырманы орындауда
алған білімдерін бұрынғы білетіндерімен ұштастыру болып
табылады. Оқушы сабақ барысында жан-жақты
дамып,сыныптастарынан үйренеді, бір-бірін үйретеді.Сындарлы
оқытудың мақсаты-оқушының пәнді терең
түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде,
кез келген жағдайда тиімді пайдалана біліуін қамтамасыз ету.
Осы модульдердің ішіндегі маған жаңалық
болғаны "Оқыту мен оқудағы жаңа
әдіс-тәсілдері". Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
де тиімді, мен"Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан
ойлау" технологиясының стратегияларын меңгергендіктен
бұл әдісті меңгеру маған қиын болмады.Тек осы
бағдарламаның ерекшелігі барлық стратегияларды кіріктіре
отырып, жаңа технология жасалған деп ойлаймын. Осы жаңа
тәсілдерді қолдануда"диалогтік оқытудың
маңызы" және "қалай оқу керектігін
үйретуді"басшылыққа алдым. Оқыту мен
оқудағы оқушы мен мұғалімнің
арасындағы байланыс ол диалог арқылы болары сөзсіз. Осы
диалогтік оқыту сабақ барасында тиімді қолданылғанда
оқушылар өз ойларын, көзқарастарын білдіріп, еркін
сөйлеуіне, дамуына көмектеседі.Ал "қалай оқу
керектігін үйретуде" оқушы алған білімін есте
сақтап, өз бетімен іздене отырып, жауапкершілікке
үйренеді.Қалай оқу керектігін үйрету бұл
оқушының "өзін-өзі реттеу" болып табылатыны
анық. Бұл үдерісте оқушылар
түсінеді,бақылайды,өздерін қадағалап
қабілеттерін шыңдайды. Онда оқушының жас ерекшеліктерін
де ескеруге тырыстым. Оқушылардың өзін-өзі реттеу үшін
топтық жұмыстың орны ерекше болды. Әр ұстаз
сабағында міндетті түрде сұрақ-жауап әдісін қолданатыны
сөзсіз.Сұрақ қоюдың төмен және
жоғары дәрежелі болып бөлінетін екі түрі
бар.Төмен дәрежелі сұрақтар "ашық"
немесе "жіңішке сұрақтар"деп бөлінеді.Ол
жаттап алуға бағытталып бағаланып отырады.Ал жоғары
дәрежелі сұрақтарда оқушы жан-жақты ойланып,іздене
отырып жауап беруге тырысады. Сонымен бірге оқушыға
сұрақтар қойғанда тақырыпқа байланысты
түрткі, сынама, бағыттау сұрақтар арқылы
білімдерін бекітуге болады. Ал оқушының берген жауабы қате
болған жағдайда, оларды бірден тоқтатып, қате деуге
болмайды. Жіберген қатесі арқылы ойланып түзетүге
мүмкіндік беруіміз керек. Сол қатесінен сабақ алуы керек.
Немесе оларды тақырыпқа қарай бағыттап
сұрақ қоя отырып дұрыс жолға түсуіне
көмектесуіміз қажет.Егер қате жауабын бас изеп қабылдай
берсек, оқушы "мен білемінге"
салынып тақырыпты меңгермей қалуы да мүмкін. Білім
берудің диалогтік тәсілдерін дамытуда мен сабақтарымда
сұрақ қою арқылы оқушының: Сындарлы
сөйлеуіне ынталандыруға, білімге құштарлығын
оятуға, сыни тұрғыда ойлауға ықпал етемін,
бір-бірін үйретіп, үйренуге,пікір бөлісіп, оны
құрметтей білуге, өздерін және өзгені
бағалай білуге, бірімен- бірі диалогтік қатынасқа
түсуге,ойын жинақтап, талдауға үйренетіндігін, кез-келген
жағдайды шешуде мұғалім мен оқушы, оқушы мен
оқушы және өзгелер арасында серіктестік құру
арқылы ой бөлісетіндігін дамыта алдым. Оқушы
қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы
білімдерін шыңдайды. Өзімнің әдебиет пәнімде
оқушыларға түрлі деңгейдегі сұрақтар
қойдым. Қойылған сұраққа оқушылар
жауап бере отырып, дәлелдеуге тырысты. Себебі мен сабақтарымды
диалог құру арқылы жүргіздім.Оқушыда
сабаққа деген қызығушылық пайда болды. Талдау
барысында тақырып төңірегінен шыға алды. Өз ойын,
пікірін айттып атсалысты. Онда оқушының ойын
ұштаудағы,тиімді білім берудегі және құзыретті
тұлға қалыптастырудағы тиімді тәсіл. Егер
оқушы ортада өз пікірін еркін жеткізе алмаса, ол білімін
толықтырып, жетілдіре алмайды. Сондықтан диалогтік
қарым-қатынас жоғары деңгейде болу керек. Диалогтік оқытудың
тиімді жақтары мынада болғанын байқадым: - САбақ
барысында уақытты тиімді пайдалануға тырыстым. Ал диалогтік
әңгіме құру уақыт үнемдеуге тиімді болды.
Сабақ барысында мынадай кедергілер кездесті:
·
Сөздік қоры аз болғандығы;
·
Сұрақтарды бір тақырып
төңірегінде ғана қоя алды;
·
Сабақтың тақырыбынан аса алмағандығы;
Бұл
бағдарламада оқушылардың қалай оқу керектігін
үйреніп, нәтижесінде ойын еркін жеткіз алатын, сенімді, сыни ойлай
алатын, таным белсенділігі жоғары тұлға қалыптастыру -
менің басты мақсатым болып табылады. Әрине,
дәстүрлі сабақтарды да жоққа шығаруға
болмайды.Оның да алар орны бар.Бірақ жаңа
әдіс-тәсілдер арқылы баланы өмірге бейімдеп дайындаймыз
десем артық айтқандық болмас. Мұғалімдік
тәжірибемдегі ендігі мақсат - заман талабына сай
құзыретті тұлға қалыптастыруда осы жеті модульді
жүйелі қолдана отырып, өз тәжірибемді толықтыру,
жетілдіру болмақ. Бұл сындарлы оқытудың бір ғана
тәсілі, қазіргі заман талабына сай ақпараттық
технология, талантты, дарынды балаларды оқыту т.б модульдеріне жеке
тоқталсақ, оқытуда берер пайдасы зор екенін
аңғаруға болады. Сындарлы оқытудың жеті модулін
әр сабаққа жиі кіріктіпген жағдайда сапалы білім болады
деген ойдамын. Қорыта келгенде, осы бағдарлама негізінде
өткізілген сабақтар оқушының тақырыпты
толық меңгеруіне, өз бетінше жұмыс жасауына және
уақыт үнемдеуге өте ыңғайлы.
Оқушылардың жаны жаңалыққа құмар,
барлығын игеріп, білгілері келіп тұрады. Осы сындарлы оқытуды
енгізгенде оқушылар алған білімдерін өз өмірлерінде
қолдана алады деп ойлаймын. Бүгінгі жаһандану заманында жас
ұрпаққа әлемдік стандартқа сәйкес
жинақталған тәжірибені және отандық озат
тәжірибені саралай отырып, оқыту мен тәрбиелеуде заман
талабына сай жаңашыл ұстаз ғана құзырлы
тұлға қалыптастыра алады.