ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ ҚАРАСТЫРЫЛУЫ
Баубекова
К.
«Тұран-Астана»
университетінің магистранты
Іс-әрекеттің
айрықша түрлерінің бірі ойын болып табылады. Ойын оқу
әрекетіне тән бірқатар қасиеттерге ие екендігі белгілі.
Мұны мектеп балаларының білімі мен дағдыларын қалыптастыруға
бағыттауына мақсатталуы айқын көрсетеді. Сонымен
қатар ойын балаларға қозғау салуға, оларға
түрткі болуға да бағытталған. Ол төмендегідей
бірқатар қайталанбас
қасиеттерге ие: балалар мен жасөспірім жеткіншектер үшін
оның оңайлығы мен игерімділігі, демократиялылығы («ойын
барлығын да қабылдайды»), игерілуі тиіс шынайы
ақиқаттың барынша әралуан қырларын модельдеуге
мүмкіндік беретін ойындық құралдардың
бейімділігі, ең бастысы–балалар үшін ойынның
тартымдылығы. Қазақ халқының ұлы
ақыны Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер
бала бола ма?»-деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады
[2]. Баланың өмірі, қоршаған ортаны танып,
еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын
үстінде қалыптасады. Олар ойын ойнау барысында өздерін еркін
сезінеді. Іздемпаздық, тапқырлық әрекеті (сезіну,
қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы) байқалады.
Ойындарды
мақсатты пайдалану мәселесі қандай да бір деңгейде
бастауыш балаларына тәрбие беру теориясы мен оқыту
тәжірибесінде шешімін тапқан. Педагогикалық
ғылымның аталған саласына Л.А.Венгер, В.В.Давыдов,
А.В.Запорожец, А.П.Усова, Д.Б.Эльконин ғалымдар өздерінің
елеулі үлестерін қосты.
Бастауыш мектеп
тәжірибесінде ұлттық және дидактикалық ойын
есептерін барынша біржақты түсіну және мұғалімдер
мен балалар тарапынан оған деген әралуан
қарым-қатынасты байқауға болады. Көптеген
мұғалімдер мен әдіскерлер, мұндай ойынмен
«қызықты» сипатта берілген тапсырмалар мен жаттығуларды
ғана байланыстырады. Олар рольдік және басқа да ойындарды
сабақтарда қолданудың орынсыздығы мен
мақсатқа сай келмейтіндігі туралы айтады. Сондай-ақ
қазіргі кезде көбінесе, ойынды екінші қатарға
шығару байқалады. Ойын
игерілген білімдер мен дағдыларды бекітуге арналған
құрал ретінде ғана мойындалды. 1 және 2 сынып
арифметика курсына арналған ойындар жүйесін жасап
шығарған әдіскер Н.В. Огаркова да осындай ой-тұжырымға
келген. Кейбір зерттеулер мен әдістемелік әдебиеттерде оқыту
үрдісіндегі ойындарды пайдалану ерекшеліктерін айқындайтын ойын мен
оқу іс-әрекеттерінің өзара байланысы жеткілікті айқындалмағаны
еместігі байқалады.
Жас ерекшелік
психологиясы саласында ойынды А.В.Запорожец, А.Н.Леонтьев, А.А.Люблинская,
С.Л.Рубинштейн, Д.Б.Эльконин ғалымдар зерттеді.
Ойынды адамзат
іс-әрекетінің арнайы формасы ретінде дамытудағы тарихи
аспектті Е.А.Покровский, Р.И.Жуковская, ғалымдардың зерттеулерінде
сипатталды.
1980-1985 жылдардан
бастап, ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын
есептерінің мазмұны мен
қызметін айқындау, нақтылау бағытында бірқатар
іс-әрекеттер жасала бастады. Кіші мектеп жасындағы балаларды
оқытуда ойынды пайдалануға байланысты М.И.Моро, А.М.Пышкало,
Л.И.Смагина, Н.А.Янковская тарапынан жекелеген әдістемелік
ұсынылымдар жасалды.
Ойынды бастауыш
мектепте оқыту барысында қолдануға арналған
Қазақстандық ғалымдардың біраз еңбектері
бар. Атап айтсақ, Ж.С.Сардарованың кандидаттық диссертациясы
бастауыш мектептің оқу процесінде пайдаланылатын дамытушы
компьютерлік ойындар жүйесін теориялық тұрғыдан
негіздеуге және оларды пайдаланудың әдістемесін жасауға
арналған [3]. Б.А.Нарқұлованың диссертациялық
жұмысы 5-ші сыныптың қазақ тілі сабағында
дидактикалық ойындарды қолданудың тиімді әдістемесін
жасау, дидактикалық ойындардың түрлерін, өзіндік
белгілерін айқындау қарастырылған [4]. Бастауыш сыныпта
ұлттық-дидактикалық ойындарды пайдалануға Р.Жиеналиев
пен Р.Қ.Керімбековтың ғылыми жұмыстары арналған
[5]. А.Ж.Алдажанова мен З.Н.Күдебаеваның ғылыми
зерттеулерінде бастауыш сынып балаларының сабаққа
қызығушылығын арттыруда дидактикалық ойындардың
алатын орны жан-жақты қарастырылған [6].
С.М.Иманбекованың ғылыми еңбектерінде жаңа технология
үдерісінде математика сабағында ойын элементтерін тиімді пайдалану
арқылы балалардың ой-өрісін дамыту мәселелері
зерттелген [7]. Математика сабақтарында дидактикалық ойындарды
пайдалану арқылы балалардың қызығушылығын арттыру
проблемасы Т.Қ.Жаспанованың ғылыми еңбегінде
қарастырылған [8]. Г.Қазенованың еңбекгі ойын
арқылы оқытуға арналған [9]. Білім беру барысында ойын
технологиясын қолдануда С.Кемазанова қарастырған [10].
Р.Керімбаева мен Т.Керімбаеваның еңбектерінде дидактикалық
ойындардың түрлері зерттелген [11]. Оқушыға білімінді берік
меңгерту құралы ойын екендігі
А.Рысқұлбекованың еңбегінде тұжырымдалған
[12]. Р.И.Кенжебекованың кандидаттық диссертациясы бастауыш
мектепте сыныптан тыс жұмыстарда математикалық ойын есептерін
пайдалану әдістемесіне арналған [13].
А.Ө.Байдыбекованың зерттеу жұмысы бастауыш сыныптардағы
математиканы оқытуда компьютерді пайдаланып кейбір математикалық
ойындарды қолдану қарастырылған [14].
Б.М.Тажиғұлованың кандидаттық диссертациясы пәнаралық
дидактикалық ойындарды балалардың танымдық
қызығушылығын қалыптастыру құралы ретінде
қарастыруға арналған [15]. А.К.Айтпаеваның зерттеу
жұмысында қазақтың ұлттық ойындары бастауыш
сынып балаларын тәрбиелеу құралы ретінде қарастырылған
[16].
Кіші мектеп жас кезеңі (6-10 жас аралығы)
ең алдымен жүйелі оқу әрекетін дамытудың барынша
маңызды кезеңі болып табылатындығын атап өту
қажет. Бұл жас кезеңінде балалардың бойында оқу
біліктері қалыптастырылады, сол себепті де оқу іс-әрекеті
кіші мектеп жасындағы балалар үшін жетекші
іс-әрекеттердің бірі болып табылады.
5 жастағы
балалармен дидактикалық ойындарды
ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында
қолданудың әдістемесін
теориялық-әдіснамалық және тәжірибелік-сараптамалық
зерттеу нәтижелері төмендегідей қорытынды және
ұсыныстар жасауға мүмкіндік туғызды:
1. Психология мен
педагогикада ойындарды қолдану теориясы мен парктикасы мектеп жасына
дейінгі балаларды тәрбиелеу жөнінде толықтай
баяндалған. Мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым білім
беру барысында дидактикалық ойындар ұғымы пайда
болған.
2. Жоғарыда
айтылғанға орай зерттеу барысында мектеп жасына дейінгі
балаларға қолданудың қазіргі жағдайы
анықталды. 5 жастағы балаларға дидактикалық ойындарды
орынды түрде меңгерілетін материалдардың сипатына қарай
қолданудың қажеттілігі дәлелденіп,
психологиялық-педагогикалық негізі анықталды.
3. Балалардың
ойлау қабілеттерін, ой-өрісін дамытуда дидактикалық ойындарды
қолданудың әдіс-тәсілдері анықталып, олар теория
тұрғысынан негізделді. Сонымен қатар, дидактикалық ойындардың
балалардың ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамытудағы
атқаратын қызметінің ерекшеліктері айқындалды.
4. 5 жастағы
балаларға дидактикалық ойындарды қолданып ойлау
қабілеттерін, ой-өрісін дамыту әдістемесі жасалып, оның
тиімділігі тәжірибелік-эксперимент жұмыстарын арқылы
тексерілді. Осыған орай, 5 жастағы балаларға қолданылатын дидактикалық
ойындардың мазмұны ашылып және оларды қолданудың
мақсаты анықталды. Сонымен қатар дидактикалық ойындарды
қолданғанда дайындықтары әртүрлі ой-өрісін
дамытудың ерекшеліктері анықталып, сипатталды.
5. Бұл зерттеу
жұмысының жалғасы 5 жастағы балалардың
басқада пәндердің әрбір тақырыбына байланысты
ұлттық және
дидактикалық ойындардың жүйесін құрастырып,
оларды қолданудың әдістемесін жасау қажет.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1 Абай Құнанбаев. Шығармалары.-Алматы,
1968,- 2т.-193б.
2 Сардарова Ж.С. Дамытушы компьютерлік ойындардың дидактикалық
мүмкіндіктері 6-10 жас аралығындағы оқыту процесінде.
пед. ғыл. канд. ...дис.-Алматы, 1996. -169б.
3 Нарқұлова Б.А. Қазақ тілі сабағында
дидактикалық ойындарды қолдану әдістемесі (5-сынып материалдары
бойынша). пед. ғыл. канд. ...дис. -Алматы, 2006. -172б.
4 Керімбаева Р.Қ., Жиеналиева Р.Д. Бастауыш сыныпта
ұлттық-дидактикалық ойындарды пайдалану.
//Қазақстан мектебі. -2006.-№10.-Б. 24-25.