Заурбекова А.М.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты,
Қазақстан
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРҒА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ
Инклюзивті білім беру- мүгедек пен дамуында сәл
бұзушылығы мен ауытқулары бар балалардың дені сау
балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция
процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту.
Инклюзивті оқыту біріктірілген (оқушы дені сау балалар
сыныбында/тобында оқиды және
дефектолог-мұғалімнің жүйелі көмегін алады),
жартылай (жеке балалар күннің бір бөлігін арнайы топтарда, ал
екінші қарапайым топтарда өткізеді), уақытша (арнайы
топтардағы балалар және қарапайым топтардың
оқушылары бірлескен серуендерді, мерекелерді, сайыстарды, жеке істерді
өткізу үшін біріктіріледі), толық (дамуда ауытқулары
бар 1-2 бала бала бақшаның, сыныптың, мектептің
қарапайым топтарына енгізіледі, мамандардың бақылауы бойынша
түзету көмегін ата-аналар көрсетеді) болады.
Инклюзивті білім беру оқыту процессінде
балаға жеке көмек көрсету мен психологиялық-педагогикалық
қолдауды қамтамасыз етеді, жалпы білім беретін мектепте
мүмкіндігі шектеулі балаларға кедергісіз аймақ
құру ғана емес, баланың психофизикалық
мүмкіндігін ескере отырып құрылатын оқу-тәрбие
процесінің ерекшілігінде ескерген жөн.
Ал
бұл процесті жүзеге асыру үшін мектепте балаға
психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі
ұйымдастырылуы қажет.
Мүмкіндігі шектеулі балалар қатарына атап айтсақ
оның бірі психикалық дамуы тежелген (ПДТ) оқыту
бағдарламасын меңгеруде қиындықтарға кездесетін үлгермеуші
балалар.
Психикалық дамуы тежелген балалардың ерекшілігі
шаршағыштығымен, жұмысқа қабілеттілігі
төмендігі, қоршаған орта туралы дамуында бұзылыстар байқалады.
Психикалық дамуы тежелген баланы
психологиялық-педогогикалық
қолдау (ППҚ) қызметінің тиісті
мамандарымен жүзеге
асырылады. Түсініктері фрагментарлық, зейіндері
тұрақсыз, тұтас қабылдау мүмкіндігі
бұзылған, жалпы психикалық процестердің дамуында
бұзылыстар байқалады, мұндайда әр маман өз
бағыттары бойынша жұмыс істейді.
Инклюзивті оқыту- барлық кемтар балаларға мектепке
дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене
қатысуға мүмкіндік береді, оқушылардың тең
құқығын анықтайды, адамдармен
қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға
мүмкіндік береді, барлық балаларды жалпы білім үрдісіне
толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу
тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді
жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, балалардың
білімділік қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру,
яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді
оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.
Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде
оқыған балалар адам құқығы туралы білім
алуға мүмкіншілік алады, өйткені олар бір-бірімен
қарым-қатынас жасауға, танып білуге, қабылдауға
үйренеді.
Кемтар
балаларың ата-анасы көмекші не арнайы мектептер мен мектеп
интернаттарға, психологиялық-педагогикалық түзеу
кабинеттер мен кластарға балаларын бергісі келмесе жалпы балалар
оқитын мектептерге ПМПК –ның қорытыңдысы бойынша
көрсетілген, яғни баланың денгейіне қарай
жеңілдетілген бағдарлама бойынша инклюзивті оқытуға
міндетті.
Инклюзивті оқытуға жалпы мектептерде арнайы
мұғалімдер – психолог, әлеуметтік мұғалім,
олигофрено мұғалімі, логопед мұғалімдері болмаған
жағдайда, тәрбиешілерді, бастауыш кластың
мұғалімдерін, қазақ тілі мұғалімдерін
мүмкіндігі шектелген кемтар, мүгедек балаларды инклюзивті
оқыту курыстарына оқытып алулары қажет.
Көмекші бағдарламамен жалпы мектепте оқитын балалар
бағдарламаны толық игерген болса, ол балаға арнайы
куәлік беріледі, ал игермесе онда анықтама берулері қажет.
(Департаментке ұсыныс беру арқылы).
Кемтар
балаларға жалпы мектептің куәлігін беруге болмайды, олар тек
9 сыныпты игеріп бітіргеннен кейін профтехникалық лицейлерге жіберіледі.
Инклюзивті
оқыту- негізгі принцептері:
1. Адам
құндылығы оның мүмкіндігіне қарай
қабілеттілігімен, жеткен жетістіктермен анықталады.
2.
Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3.
Әрбір адам қарым қатынасқа құқылы.
4.
Барлық адам бір-біріне қажет.
5. Білім
шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6.
Барлық адамдар құрбы-құрдастарының
қолдауы мен достығын қажет етеді.
7.
Әрбір оқушы үшін жетістікке жету-өзінің
мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге
асыру.
8.
Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
Инклюзивті бағыт кемтар балаларды оқуда жетістікке жетуге
ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін
қалыптастырады.
«Білім
туралы» Қ.Р-ның Заңының 21-тармағының 3
тармақшасына сәйкес инклюзивті білім беру – оқытудың
тиісті білім беретін оқу бағдарламаларына білім алушылардың
өзге де санаттарымен тең қолжетімділікті, арнайы
жағдайларды қамтамасыз ету арқылы дамытуға
түзету-педагогикалық және әлеуметтік қолдауды
көздейтін, мүмкіндігі шектеулі адамдарды бірлесіп оқыту
және тәрбиелеу;". Сондықтан мамандар елімізде инклюзивті
білім беруді дамыту қажет екендігін алға тартады.
Сонымен қорыта
айтқанда, инклюзивті оқыту- оқушылардың тең
құқығын анықтайды және ұжым
іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен
қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға
мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту арқылы барлық
балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше
қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін
жалпы білім үрдісін дамытуға болады. Мұндай оқыту
түрі арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі
түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды
ығыстырмайды, қайта жақындатады. Инклюзивті бағыт арқылы
мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге
ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін
қалыптастырады. Сонымен қоса, инклюзивті оқыту үрдісі
балаларды толеранттылыққа тәрбиелеудің бастауы
болмақ .
Әдебиет:
1.
«Қазақстан Республикасының білім беруді
дамытудың 2011-2020 жылға арналған Мемлекеттік
бағдарламасы» Астана, 2010 ж
2.
Қазақстан Республикасының
Президенті–Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан
халқына Жолдауы, 2013 жыл.
3.
Кемтар балаларды әлеуметтік және
медициналық педагогикалық түзету арқылы
қолдау туралы. ҚР
2002ж №343 заңы
4.
Жартынова Ж. А. «Интерактивті оқыту әдісін
қолданып сабақты жоспарлау және басқару» - Алматы, 2014
5.
"Жаңа идеядан жаңа
тәжірибеге" атты әдістемелік жинақ. Кембридж
бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курс
материалдарынан. 2013.