Даулетбаева А.Б.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Қазақстан
МЕТАФОРАЛЫҚ БІРЛІКТЕРДІҢ
ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
Тіл
ғылымында дәлелденген тұрғы бойынша
фразеологиялық тізбектер мең сөйлемшелер сыңарлары
өзінің лексикалық мағынасын сақтайды да, тек
қана сөздердің тіркесу және қолданылу
тұрақтылығына қарай тұрақты тізбек
құрайды. Бұл топтың құрамына
жататындардың қайсы бірі номинативтік қызмет атқарса,
қайсы бірі (асқар may, оюерден жеті қоян тауып алғандай
куану, скалить зубы, құлаң кою, насупить брови т.с.с.)
коммуникативтік қызмет атқарады (ум не от возраста, а от головы; у
хорошей головы сто рук; сырын білмейтін аттың сыртынан жүрме;
пышақ кескендей тыйылды т.б.). Осы тұрғыдан
қарағанда тұрақты сөз тіркестерін аударуда екі
жүлдеге бөлуге болады: идиомдар мен фразеологиялық тіркестер
(соңғысына белгілі бір дәрежеде мақал-мәтелдерді
дежатқызуға болады). Мақал-мәтелдердің
фразеологизмдерге ұқсастығы - оның сөйлеуде дайын
күйде қолданылуы. Әрине, бұл жіктердің аударылуын
бірдей тұрғыдан қаруға болмайды. Аударма
үдерісінде фразеологизмдердің структуралық-семантика-лық
сипаты ерекше ескерілетіндіктен, бұлардың ауыспалы мағынада
жұмсалатындары өзгеше тәсіл қолдануды, тіпті дайын,
басқа тілдегі тізбектерді талап етуі ықтимал.
Метафоралық
тұрақты тізбектердің құрамына енген сөздер
белгілі бір дәрежеде өзінің тура немесе ауыспалы
мағынасын сақтай алады. Сондықтан бұларға дайын
балама іздеу түпнұсқаның стильдік реңін,
контекстік мәнін бұрмалауы да мүмкін. Осы
тұрғыдан келгенде, оларды аударуға тура келеді. Мысалы:
Беречь, как зеницу оқа - көздің қарашыгындай
сақтау; Утопающий хватается за соломинку - Суға кеткен тал
кармайды; Кусать себе палец - Бармағын тістеп қалу; Көзге
шыпан сүйелдей - Как бельмо на глазу; Иттей ыза болу - Злиться как
собака; Ит біле ме - Пес его знает т.с.с.
Публицистикалық
мәтіннің экспрессивтілігі лексикалық, грамматикалық,
фонетикалық және прагматикалық құрылымдарды
қолдану арқылы қалыптасады. Бұл арада астарлы
мәтін, яғни, мақалада немесе хабарламада ашық
айтылмайтын көзі қарақты, көңілі ояу
оқырман сара санасы арқылы аңғаратын астарлы мән үлкен
маңызға ие. Бір қарағанда өзекті бір
тақырыпқа арналған материалда берілген ақпарат
мәтін өзегі болса автордың түпкі прагматикалық
ниеті сол өзектің маңынан немесе тіпті, шеткері
аймағынан орын алады. Яғни, адресант өзі көтеріп
отырған мәселеге қатысты пікірін тікелей емес, жанама
түрде жеткізеді. Ол үшін түрлі стилистикалық
құрылымдар, интонация, т.б. бейвербалды құрылымдар
қолданылады. Әсіресе, сөздердің метафоралық семантикасы
прагматикалық тұрғыдан ұтымды болып табылады.
Бүгінгі
таңда адамзат тарихының шексіз өрлеп кемелденген заманында,
мәдениет пен өнер, саясат пен тіл салаларында
халықаралық қатынастың дамып, жанданған
уақытында салыстырмалы және салғастырмалы тіл білімі ең
өзекті де көкейтесті мәселенің бірі болып отыр. Олай
дейтініміз, тілдерді салыстыра, салғастыра зерттеу әр тілдің
өрнек баяуын, ұлттық ерекшелігін, қайталанбас
қасиетін танып білуге жол ашады.Сөздің ауыспалы
мағынасы дәстүрлі
зерттелуде көбінесе тілді көркемдеуші ретінде
танылады.Әсіресе, ауыспалы мағынасының кең
тараған түрі метафораға тікелей байланысты болып табылады. Ол көркем
әдебиет пен шешендік өнердің адресатқа әсер теу
қызметі тұрғысынан зерттеліп келді. Оның тілдік
сипатына соңғы уақыттарда ғана көңіл
бөліне бастады. Бұл ретте, ең алдымен метафораның
адамның ойлау үрдістерімен байланыстылығы және
тілдегі әлем туралы
білімнің бейнелені заңдылықтарына қатысы ескеріле
бастады. Оның тек қана көркемдеуші құрал емес,
сонымен қатар тілдің лексикалық, сөзжасамдық
сұранысын өтеуші құрал екендігі анықталды.
Тілдің күнделікті қатысымдық қызметінде
кеңінен қолданылатын метафора шынайы өмірдегі нысандарды
атауда тиімді тәсіл болып табылады. Адам күнделікті тілдің
қолданыста өзінің бай тәжірибесі арқылы
жинақтаған білім қорын кеңінен пайдаланады. Заттар мен
құбылыстар ұқсастығы арқылы метафора
жинақталған білім қорын белгілі бір мақсатта аталым
қажеттілігіне сай қолдануға ашу – қазіргі тіл білімінде
енді зерделене бастаған мәселелердің бірі.
Әдетте
қаламының ебі бар кісі оқырманды зығыр қылып, бір
сөзді қайталай бермейді, бір сөөзбен
мүмкіндігінше екі рет қайталамай, синонимдерді кең
түрде пайдалануға тырысады.
Ежелден
табан андысқан
Ата
дұшпан сен едің,
Ата
жауың мен едім. (Махамбет)
Сөйлемдегі
бір, кейде сөз тіркесін сол сөйлемде немесе көрші
сөйлемде қайталаудың да ерекше стильдік қызмет
атқаратын да орны бар.
Сөйлемге
эмоциялық әр берудің көп тәсілдерінің
бірі-бір сөзді бірнеше рет әдейілеп айту болса, кейде бір
сөйлем мүшесін түрлі-түрлі сөздермен
бірыңғай етіп жұмсай білу.
Мәтіннің
сараптамасы фразалық тәртіртегі субьективті модальділіктің
мәтін модальділігіне айналғанына куә боламыз. Алдағы
абзацтардағы мазмұнды-фактуальды ақпарат жинала отырып,
мұндағы автордың жеке қатынасымен мәтін
деңгейіндегі субьективті бағалауыш модальділігін білдіріп
тұр. Мәтін модальділігін қарастыру барысында
мәтіннің синтаксисіне де көңіл бөлген жөн.
Алдында айтып кеткендей көркем шығарманың модальділігі мәтінді толығымен мәтінді
қамтиды және оның модальділік коэфиценті жазушының
обьектіні сипаттау жеке мәнері, прагматикалық ұстаным,
мазмұнды-фактуальды және мазмұнды-концептуальды
ақпараттың өзара қатынасы сияқты бірқатар
себептерге байланысты өзгереді. Осындай коэфиценттер
неғұрылым жоғары болса, соғұрылымжазушының
шығармада тұлғасы анықрақ көрінеді.
Фразалық
және мәтін модальділігіндегі субьективті-бағалауыш
модальділігі арасындағы өзара қатынасын көрсететін
көп мысалдар келтіруге болады. Мәтін модальділігі оқырман
қандай да бір тематикалық шеңберді, яғни бір
доминантамен біріктірілген және мәтіннің тұла бойы
шашылған эпитеттер, теңеулер, сипаттайтын құрылымдар,
біреудің тарапынан жазылған мінездемелер мен сипаттамалар елестете
алса көрінеді.
Субьективті-бағалауыш
мәтін модальділігі тек қана бір рет қана
қолданылған стилистикалық құрал арқылы
көрінбейді. Эпитеттер, теңеулер, анықтамалар, детальдар жиналып,
оқырманның назары аударылған магнитті шеңбер
құрды.
И.Кашкинның
пікірінше әдебиеттану ғылымы тарапынан мәтінді
сараптағанда, олар негізге жазушының шығармашылығына
баға беріп, нақты тілдік сараптаманы талап етпейді. Осындай
сараптамасыз жазушының жазу ерекшелігін дұрыс ашып сипаттау
мүмкін емес. Осындай жазушының жазу стилін сараптау, кейбір
тілшілерді модальділік категориясы сөйлемге емес, көбіне
мәтәнге тән деп айтуға негіз болды.
Сонымен
қатар мәтін модальділігі автордың сентенциясы арқыла да
беріледі. Сентенцияны тек жеке-шығармашыл акт ретінде
қарастыруға болады. Контекстіні сараптау барысында автор
сентенциясы өте маңызды болып келеді. Мысалы О.Уайлдың Дориян
Грейдің суреті шығармасында Лорд Генридің сөзі
арқылы берілген сентенциясы кейіпкердің өзінің
парадокстармен сөйлеу мәнерін емес, ал жазушы О.Уайлдың
өзінің эстетикалық дүниетанымын білдіреді.
Сондықтан осы шығарманың модальділігі ретінде бір
мағынада тұтас мәтінді қамтыған оның
көңіл-күйін белгілі деңгейде автордың сентенциясы
деп алуға болады. Мысалы романдағы Гарри деген кейіпкер
әрқашан ирониямен және парадокстармен айтуымен ерекшеленеді.
Мысалы,“ Men marry because they are tired; women, because they are curious:
both are disappointed.”.
Never
trust a woman who wears mauve, whatever her age may be, or a woman over
thirty-five who is fond of pink ribbons. It always means that they have a
story. Others find a great consolation in suddenly discovering the good
qualities of their husbands. They flaunt their conjugal felicity in one’s face,
as if it were the most fascinating of sins.
If
a personality fascinates me, whatever mode of expression that personality
selects is absolutely delightful to me. The real drawback to marriage is that
it makes one unselfish. And unselfish people are colourless. They lack of
individuality.
There
are only two kinds of people who are really fascinating-people who know
absolutely everything, and people who know absolutelt nothing. God heavens, my
dear boy, don’t look so tragic!
“My
dear boy, the people who love once in their lives are really the shallow
people. What they call their loyalty, and their fidelity, I call either the
lethargy of custom or their luck of imagination. Faithfulness is to the
emotional life what consistency is to the life of the intellect-simply a
confession of failure. Faithfulness! I must analyse it some day. The passion
for property is in it. There are many things that we would throw away if we
were not afraid that others might pick them up.
Оқиғалардың,
фактілердің, кейіпкерлердің қатынастарының
ирреальділігі әсресе жазушынің шақтық категорияларды
қолдануларынан айқын көрінеді. Әдетте көркем
шығарманың әсері
маңызды болған сайын, соғырылым суреттелгеннің
шындылығының шарттылығы әлсіз көрінеді. Сахнада
болып жатқанға көрермендердің реакцияларының
көптеген мысалдары, кітаптағы жазылғанға немесе сахнада
қойылған трагедиялық және сатиралық,
әзіл-сықақ эпизодттарын оқу барысындағы жылау,
күлу сияқты эмоциялар өнердің оқырманды
суреттелген әлемнен шындық өмірге қалай кіруінің
көрсеткіші десе де болады.
Сонымен
бірге тәжірибелі оқырман көрермен алдында суреттелген жасанды
көрініс екендігін ешқашан ұмытпайды. Осындай оқырман
көз алдында болвп жатқанды екі жағдайда қарастырады; ол
суреттелген мен шындықты саластыра отырып, өзіне тән талаптар
мен дүниетанымы арқылы суреттелгенге баға береді. Сонымен
бірге ол жазушының затқа деген ойын анықтап, осылайша
түгел мәтіннің субьективті-модальді мағынасын
айқындағысы келеді.
Оқырманның
жеке түйсінуі мен түсінуі жайлы сөз
қозғағанда Рутфордың пікірімен келіспеуге болмайды.
Оның пікірінше Біз оқу барысында саналы түрде қандайда
бір сараптамалық
тенденцияға сүйенеміз және оған біздің әрі
қарай талдауымыз тәуелді болады. Мұндағы
Рутфордың айтып отырғаны апперцепция сияқты. Кеңес
Одағы кезіндегі тілші және психолог ғалымдар осы
құбылысты өте жақсы зерттеген. Олар апперцепция деп
болған тәжіримен байланысытын қабылдауды атайды. Апперцепция
келесідей өрбитін мүмкін талдауымыздың сиптын не бағытын
анықтайды. Көп жағдайда көркем шығармадағы
фабуланың өрбуімен қызықтырылған
тәжірибесіз оқырман жекелей эпизодтарда, жағдаяттарда
және фактілерде болатын жасырын күйдегі субьективті-бағалауыш
модальділігін аңғармай қалады.
Көп
жағдайда ашық метафора бастапқы мәтіндегі
сөздермен бірге грамматикалық жағынан да өзгерісті
талап ететін құрылымдық өзгерісті талап етеді.
Мәселен: «I woke early to see the kiss of the sunrise summoning a rosy
flush to the western cliffs, which sight never fails to raise my spirits».
Мен
ертерек тұрып мені айнымастан шабыттандырушы көрініс – таң
атқанда күн сәулесінен батыстағы жартастың
алаулай жөнелгенін көрдім.
Мұндағы
бастапқы стилистикалық бірліктің құрылымдық
өзгерісі ағылшын және қазақ тіліндегі
грамматикалық суреттеу мәдениетіндегі ерекшелікке байланысты.
Әдебиет:
1. Хасанов Б.
Қазақ тілінде сөздердің метафаралы қолданылуы.
Алматы: Мектеп,2006.Б.208, 195, 227.
2. Гак
В.Г. Метафора в языке и тексте. Москва: Наука, 2008. С. 512.
3. Жоль
К.К. Мысль. Слово. Метафора. Проблемы семантики в философском освещении. Киев:
Наук- думка,2009. Б. 365.
4.
Rutphor M. Metaphors We Live By.
UCP. p3-11
5. www.metaphor--britannicaonlineencyclopedia