АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ЖАҒДАЙЫНДА БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ОРНЫ МЕН РӨЛІ

 

Какенов Мурат Казахстанович

 

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, Қостанай қаласы, Қазақстан Республикасы

 

Қазақстан қоғамын жаңғыртуда, саяси шешімдердің халыққа жеткізілуіне, азаматтардың бүгінгі күннің өзгерістер талабына сәйкес саяси санасы мен мәдениетін қалыптастыруға көмектесетін құрал бұқаралық ақпарат құралдары екені анық. Өркениетті қоғам бұқаралық ақпарат құралдарының дамуымен және бостандығымен өлшенеді. Демократияландыру үрдістері ақпараттық даму үдістерінетікелейтәуелдібұқаралықақпаратқұралдарыныңқоғамныңдамуындажәне оның саяси институттар қатарында ерекше орны бар. БАҚ атқаратынқызметіжағынансаясатқаөтежақынболып, қоғамның даму көрінісінайнадағыдайкөрсетіпотырудымақсатетеді.

Ақпарат құралдары қазіргіөркениеттіелдердіңбәрінде де үлкенсаясикүшболыпсаналады. Яғни, елдіңелдігін, тәуелсіздігінмемлекетіміздіңмемлекеттікдеңгейгекөтерілубейнесінжәнеоның даму жолдарын және оның нысанынанықтапреттепотырады. Басқаелдерболсасолелдіңсаясижәнеэкономикалықнемесебасқасалалардағыерекшеліктерін, дамуын тек осы бұқаралықақпаратқұралдарыарқылыбіліпбағалайалады[1, 58б].
Құқықтықмемлекетқұру мен азаматтыққоғамдыдамытужағдайындакезкелгендемократиялықмемлекеттердегібұқаралықақпаратқұралдарыныңбастықызметі – ағымдағыіс-әрекеттердіңәлеуметтікбағасынбұқарасанасынасіңіруболыптабылады. ПрезидентіН.Ә.Назарбаевбұқаралықақпаратқұралдарытуралы: «Болашақәлемдіқалыптастырудағыбұқаралықақпаратқұралдарыныңрөлінебағажетпейді»,-депIXЕуразиялық медиа-форумдаорындыатапөткенболатын[2].

Елбасы 2005 жылғыҚазақстанхалқынаЖолдауындаеліміздегі идеология алуандылығынатоқталапкеліп, БАҚ туралы: «Қазақстандасөзбостандығына цензура жоқ; мемлекеттікемесбұқаралықақпаратқұралдарықұрылып, жұмысістеуде. Осы орайдабұрынғышақырылғанПарламентте БАҚ еркіндігіншектеуәрекетібайқалғанын, ондағыдүдәмілзаңжобасынатоқтаусалынды, мемлекетөзінің баспасөз бостандығы жолындағыбағытыныңмызғымайтындығынтағы да қуаттапберді» - дегентұжырымдаржасады[3].Медиялық орталық ашықтығы мен бәсекелестігі тетіктерін күшейту, журналистер құқықтарының сақталуына кепілдік беру деңгейін жоғарылату, БАҚ жауапкершілігін күшейту мәселелері елімізде азаматтық қоғамның маңызды институты ретінде бұқаралық ақпарат құралдарын дамытудағы негізгі міндет ретінде айқындалған. Сонымен қатар елде қазіргі ХХІ ғасырға аяқ басқан ақпараттық даму ғасырында ақпарат құралдарының түрі бұрынғыдан да күрделеніп дами түсуде. Ақпарат құралдарының қатары бұрынғы көпшілікке арналған анықтамалар және кино және ғылым мен техниканың соңғы жетістіктері, кабельді жерсеріктік байланыс, бейнетаспа, үнтаспа, компьютер және оның түрлері мен ғаламтор жүйелері арқылы толықты.

Бүгінгі өркениетті елдердегідей бұқаралық ақпарат құралдары сөз, ой, шығармашылық бостандығы бойынша қалыптасатын түрлі саяси ой-пікірлердің ақпарат құралдарының түрлі нысандарында жария етілетін немесе тарататын қызметі заңы арқылы реттелетін үздіксіз жария таратудың нысаны болып табылып отыр. Бұқаралық ақпарат құралдардың тағы бір маңызды міндеті қоғамдық және азаматтық келісімінің ұйытқысы болып, Қазақстан патриотизмін қалыптастыру, әрбір адамның саяси, мәдени-рухани деңгейін көтеру. Қоғамдық сұхбат, өзара келісім арқылы халықты партиялар мен қозғалыстардың бағдарламаларымен таныстырып қана қоймай, бүкіл қоғамның тұтасуына ықпал етуге бағытталған рөлін барынша күшейте түсу міндеттің бірі. Бұл үшін ақпарат құралдары бүкіл халықтың тыныштығын, өзара келісімін, тұрмыс дәрежесінің көтерілуін көздейтін идеяларды кеңінен насихаттап отыру керек. Ақпарат пен идеялардың еркін ағымы демократия түсінігінің негізінде жатыр және адам құқығын тиімді сақтаудың абсолюттік алғы шарты болып табылады. Себебі ақпарат пен идеяларды іздеу, алу және тарату құқығын қамтитын еркін пікір білдіру құқығына құрмет жоқ жерде, дауыс беру құқығын іс жүзінде жүзеге асыруға, адам құқығының бұзылуы туралы ашық айту мен сыбайласқан және тиімсіз үкіметті әшкерелеуге мүмкіндік болмайды. Ақпарат пен идеялардың еркін ағымын іске асыру кепілдігі үшін негізгі мәні мемлекеттік органдар ақпаратқа өздері үшін емес, алдыңғы кезекте халық үшін және оның атынан ие болады деген принципті мойындауы керек.

Ресей зерттеушісі Д.В. Ольшанскийдің: «БАҚ - әлеуметтік топтар мен жеке тұлғаларға ықпал ету болып табылатын, әлеуметтік-маңызды ақпараттарды қалыптастыру, тарату және қызмет етуінің ерекше ортасы»,-деп анықтама береді[4 с.87].Бұқаралық ақпарат құралдары халықтың бұқара бөлігі үшін ақпарат алудың ерекше және басты көзі болып табылады.

Қазақстанда БАҚ елдегі экономикалық қатынастардың жетілуіне, азаматтық әлеуметтік-саяси және мәдени үрдістердің дамуына үлкен ықпал ете бастады. Халық БАҚ-тың ықпалы арқылы елде болып жатқан түрлі оқиғаларға баға беруді үйренді. Билік пен халық арасындағы байланыс БАҚ арқылы нығайта түсті. Бұқаралық ақпарат биліктің, халықтың идеялық дүниетанымын тәрбиелей отыра әлеуметтік қатынастарды жетілдірудің басты құралына айналды. Қазақ тіліндегі БАҚ мемлекеттік тілдің мәселелерін көтеріп, дағдарысқа ұшыраған, ғасырлар бойы шеттетілген қазақ тілінің дамуына байланысты күрделі мәселелерді көтеріп, мемлекет назарына ұсынып отырды. Осылайша Қазақстанда БАҚ елдің қоғамдық өмірін демократиялануының да қозғаушы күшіне айналды. Саяси партиялардың, азаматтық қоғам институттарының, діннің, мәдениет пентілдің жаңа жағдайда дамуының мәселесін талдау және көтеру арқылы БАҚ әлеуметтік-саяси жүйенің демократиялануына негіз жасады. Қазақстандық зерттеушіГүлшат Нұрымбетова: «бұқаралық ақпарат құралдары Қазақстан азаматтарының саяси белсендiлiгiн арттыруда өзiндiк ерекше роль атқарып отыр деген қорытындыға келемiз. Бұқаралық ақпарат құралдары тек кiрiс көзiне айналмай, жеке, әрi тәуелсiз қоғамдық институт ретiнде қалыптасуы қажет. Тек сонда ғана ақпаратты таратудағы бостандық туралы айта аламыз»,-деп атап өтеді[5, 23б].

БАҚ әлеуметтің белгілі бір мәселелер төңірегіндегі көңіл күйін зерттеп қана қоймай, қоғамдық пікір қалыптастырудың құралы да болыды. Себебі жаңа ақпараттық кеңістіктегі ақпараттық саясат, оның елеулі нәтижелері билік басындағылар мен мамандардың назарын аудартпай қоймайды, тың шешімдер қабылдап, өмірге өзгерістер енгізуге итермелейді.

Бұқаралық ақпарат құралдарындағы еркіндікті шынайы азаматтық қоғамның ажырамас қағидасының бірі деп білеміз.   
Бұқаралық ақпарат құралдарының Қазақстанның өміріндегі орны мен рөлін қарастыру үшін мемлекетте тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының өмір сүруін қамтамасыз ететін азаматтық қоғамның жай-күйін де жан-жақты зерттеуді қажет етеді.

Қазақстан Республикасында 2006 – 2011 жылдары азаматтық қоғамды дамыту Тұжырымдамасында «азаматтық қоғамның дамуы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құру үшін маңызды шарт болып табылады. Қоғамдық прогресс, демократиялық даму, экономикалық көтерілу үрдістері азаматтардың қоғамның барлық салаларына белсенділікпен қатысуында ғана мүмкін болады», деп көрсетілген [6,64б]. Бұл тұжырымдама азаматтық қоғамды дамыту бағытын белгілейтін ең маңызды бағдарламалық құжат болды. Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасында белгіленген барлық міндеттер мемлекет және азаматтық қоғамдағы үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының  нақты және белсенді өзара әрекеттестігінің арқасында жүзеге асырылып келе жатқанын атап өту керек.

 

Әдебиеттер тізімі

1. Абуханов Ш.А. Бұқаралық ақпарат құралдары және елді демократияландыру. //Қоғам және Дәуір. 2004. №4. 58б.

2. Н.Ә. Назарбаевтың ЕҚЫҰ жоғарғы буыны өкілдері, мемлекет қайраткерлері және әлемдік медиа-қоғамдастық басшылары қатысуымен өткен IX Еуразиялық медиа-форумда сөйлеген сөзі. - Алматы. 2010 ж. EҚ. 20 желтоқсан.

3. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2005 ж.

4. Ольшанский Д.В. Психология масс. – СПб: Питер, 2001.с.87.

5. Нұрымбетова Г.ТәуелсізҚазақстандасаясиақпараттаратудыңдемократиялануы.//Қоғам және Дәуір.2007. №4. 23б.

6. 2006 – 2011 жылдары Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамның даму Тұжырымдамасы. - Астана, 2006.  64б.