ҮШ  ТІЛДЕ  ОҚЫТУДЫҢ  ЖАҢА  ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ  МЕН  АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

 

Ермекова Г.С

М.Х.Дулати  атындағы  Тараз  мемлекеттік  университеті, Тараз  қ.,

 

ХХІ ғасыр – бұл  ғылымның  ғасыры..

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа Жолдауында: «Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады. Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз»- деген болатын [1,1].

Қазіргі заманға сәйкес көптілді білім беру мақсатында қазақ тілі мен ағылшын тілі, орыс  тілдерінің    өзара байланысын оқыту процесінде жүйелі  өзгеріс  жүргізу керек деген тұжырымды  айтуға  болады. Себебі, дамушы  мемлекеттің  бағыты  халықаралық   стандарттарды  барынша  тиімді  пайдалану болып  табылады.  Интеграция – бұл  ғылымдардың жақындай отырып байланысуы, ол дифференциация үрдісімен қатар жүреді. Пәнаралық және  тіларалық  байланыстан басталған интеграциялық үрдіс әлемдік білім кеңістігімен интеграциялануға жол ашады.

Тіларалық  байланыстарды іске асыру   жаңадан  дайындалушы  мамандардың біртұтас дүниетанымын қалыптастырады. Ол өз кезегіңде білімдерді мәнді, мағыналы және қолдануға болатындай жағдайға жеткізеді. Тіларалық байланыстар  студенттерге  басқа пәндерді оқыған кездегі алған білім мен дағдыны қолдануға көмектеседі. Үш  тілде  оқыту  бойынша  тапсырмалар  мен   бағдарламалар  Елбасының  алға  қойған  мақсаттарымен  тікелей  байланысты  болады. Себебі,  мемлекеттік  маңызы  бар  істерде  қазақстандық  мамандардың   бәсекеге  қабілетті  болуы, мемлекеттің  тиімді  білім  беру  бағдарламаларына  байланысты  болады.

Қазақстандағы тілдердің үштұғырлылығы туралы ойды Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет 2006 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясында айтқан еді. Ал 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» деп аталған халыққа Жолдауында Елбасы «Тілдердің үштұғырлылығы» – «Триединство языков» мәдени жобасының жүзеге асырылу кезеңдерін айқындады. 2008 жылдың ақпанындағы кезекті Қазақстан халқына Жолдауында да: «Үкімет «Тілдердің үштұғырлылығы» мәдени жобасын іске асыруды жеделдетуі тиіс. Бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқыту сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударғым келеді»,– деп атап көрсетті. Нұрсұлтан Әбішұлы үштұғырлы тіл саясатына былай сипаттама береді: «Қазақ тілі – Қазақстан халқын біріктіру факторы. Орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі. Ағылшын тілі – халықаралық білім кеңістігіне ену тілі».[3,2]

Ондағы  негізгі   мақсат –  бұл  адамды жан-жақты дамыту болып табылатын қазақ тілі мен ағылшын тілі, орыс  тілерінде  оқытылатын  пәндері өзара байланыса отырып табиғи ортаның, қоғамның, әлеуметтік ортаның даму заңдылықтарын тереңдете танытатын неғұрлым ірі интеграциялық байланысқа – қоғамдық ғылымдармен байланысқа ұласады.

Бүгінгі таңда үш тілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік. Үш тілде оқыту – заман талабы десек, оның негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» деген болатын.

Ағылшын  тілін үйрену арқылы сол тілді үйреніп отырған елдің мәдени мұраларымен, тарихымен, ғылым саласындағы жетістіктерімен, әдебиетімен, өнерімен танысады және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыруға да мүмкіндік жасайды. Шетел тілін оқыту қоғамның мұқтаждығына байланысты өзгеріп отырады  және ол  қазіргі кездегі  шетел тілін оқытудағы    төмендегі  мақсаттарды  көздейді:

Осы аталған мақсаттардың ішінде коммуникативті мақсат жетекші рөл атқарады, қалған үшеуі коммуникативтік мақсатты орындау арқылы жүзеге асырылады. Ағылшын тілін оқытуда алты деңгей бойынша топтар білім алады. Олар: beginner, elementary, pre-intermediate, intermediate, upper-intermediate, advanced. Ағылшын тілінде  оқыту  пәндерінде  көптілді оқытудың элементтері ғана қолданылады. Яғни  студенттердің   мамандықтарын  игеру    кезінде   бірқатар  артықшылықтар  пайда болады:

1)     мамандығының  жан – жақты  игерілуі;

2)     мамандықты  оқығанда  қажетті  пәндердің  ағылшын  тілінде  оқытылуы;

3)     мамандық  бойынша пндердің  бөлінуі, яғни  бейіндік, базалық  және міндетті;

4)     шет  тілінде  оқытылған  пәндердің  жұмысқа  орналасудағы  артықшылығы; 

Қазіргі таңда  үш  тілде  оқытудың тиімділігі жоғары оқыту технологияларының жалпыға танылған түрлерінің  қолданылуы  танылады, яғни: модульдік оқыту, проблемалық оқыту, жеделдетіп оқыту, даралап оқыту, ақпараттық оқыту, деңгейлеп оқыту, сыни тұрғыдан ойлау технологиясы, жобалай оқыту технологиясы, , сатылай кешенді талдай оқыту, ойындық технология, коммуникативтік технология, т.б. Ағылшын тілін оқып-үйренемін деушілердің саны күннен-күнге көбеюде. Осы орайда, шет тілінің еліміздің оқу жүйесінде айрықша мәртебеге ие болатыны айқындалғандай.

Үш тілде оқыту  бойынша  күтілетін нәтижелер  төмендегідей   болады:

 

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Қазақстан халқына Жолдауы; биринши ссылка

2.«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі №151 Заңы;

3. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы -2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы 17 қаңтар 2014 ж.

4. 2011 жылдың  29 маусымдағы № 110 Президентің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы.