5В050300-Психология мамандының 3 курс студенті Құттыбек А.Қ.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

Ұсақ моториканы дамыту.

 

Қазіргі кезде «ұсақ моторика» деген тіркесті жиі естиміз. Сол ұсақ моторика дегеніміз не? Физиологиялық тұрғыдан айтқанда ол қолдың ұсақ бұлшықеттерінің қозғалысы. Сонымен қатар «қол мен көздің» тепе-теңдігін де ұмытпауымыз керек, себебі қолдың ұсақ қозғалысы көздің бақылауымен жүзеге асады. Бала қозғалысы қоршаған ортадағы заттарды танып-білу барысында қалыптасады.

Ұсақ моториканың қимылдары мен қолдың икемдігі бас миының құрылымының даму деңгейін көрсетеді. Осыдан келіп қол қимылдарын басқара білу туады. Сондықтан ешқашан да баланы мәжбүрлеуге болмайды.

Баланың саусақтарының қимылы немесе ұсақ моториканың жақсы жетіліп дамуы, ол мидың және тілдің жетілуімен тікіелей байланысты. Ақыл - ойы кем дамығаң балалармен ұсақ моторикасын дамыту мақсатымен күнделікті саусаққа арналған ойындарын ойнап тұрған жөн.

Ұсақ моториканы дамытудың маңыздылығы неде? Адамның бас миында, саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан. Ұсақ моторикаға әсер ете және оны белсендіре отырып, көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты да дамыта аламыз.

Жалпы моториканың дамуының аздығын, соның ішінде қол қимылының аздық себебін зерттей келе қазіргі заманғы барлық баланың жазуға дайын еместігі немесе тілінің дамуында бір ақау бар екендігі анықталды. Осыдан келе мынадай қорытынды шығаруға болады: егер тілінің дамуында ақау болса, онда бұл ұсақ моториканың мәселесі.

Неліктен баланың ұсақ моторикасын дамытуымыз керек? Адам миының сөйлеуге және қолдың ұсақ қозғалысына жауап беретін аумағы өте жақын орналасқан. Яғни ұсақ моторикаға стимул жасау арқылы біз сөйлеу әрекетінің белсенділігін арттырамыз. Ұсақ моторика баланың өсе келе киініп шешінуіне, сурет салуына, жазуына көмектеседі. Ұсақ моториканы дамытудың баланың жалпы дамуында да алатын орны ерекше. В.А.Сухамлинский бала қабілетінің қайнар көзі оның саусақтарының ұшында екенін жазған. Бала қолының қозғалысы қаншалықты епті болса, соншалықты ойлауы, сөйлеуі жақсы дамиды. Яғни бала қолымен көбірек жұмыс істесе, ақылы да сонша өседі. Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын бала туылған кезден бастау керек. Кішкентай сәбидің қолына массаж жасау арқылы біз алақандағы ми қыртыстарының жұмысын жақсартатын аймақтарды басамыз. Ұсақ және жалпы моториканы дамыта отырып, біз баланы мұқияттылыққа тәрбиелейміз.

Ұсақ моторика дамуының бала жасына байланысты ерекшеліктері:

3-6 айда – Бала қолын аузына апарады. Қолдың қимылын көзбен қадағалайды.  Көрген затына қолын созады және алады.

6-12 айда – Бір қолындағы затты екінші қолына ауыстыра алады. Қасықты ыдысқа, текшелерді қорапқа сала алады.

1-2 жаста – Шимайлар мен сызықтар сала алады. Ыдысты қолына алып, көтеріп іше алады. Төртбұрышты төртбұрышқа, домалақты домалақ тесікке сала алады. Кітаптарды парақтай алады. 5-6 текшені бірінің үстіне бірін қоя алады.

2-3 жаста – Үлгіге қарап қарапайым пішіндер сала алады. Қайшымен қиюды біледі. Қақпақтарды аша алады. Ірі моншақтар тізе алады.

3-4 жаста – Қаламды дұрыс ұстай алады. Нүктеленген суреттерді бастыра алады. Өзіне домалап бара жатырған допты ұстай алады. Қағазды бүктей алады.

4-5 жаста – Қарапайым пішіндерді бояй алады. Негізгі әріптердің баспа түрін жаза алады. Адамның негізгі мүшелері бар суретін сала алады. Қалтаның ішіндегі заттарды сипап сезу арқылы не екенін айта алады. Ермексазбен жұмыс жасай алады. Бау байлай алады.

5-6 жаста – Суреттерді жиектеп ұқыпты қия алады. Әріптер мен сандарды жаза алады. Балғамен шегені ұра алады. Геометриялық пішіндердің суретін сала алады.

Анатомия тұрғысынан  бас ми қабығының қозғалыс кескінінің барлық алаңының шамамен үш бөлігін қол буынының кескіні алады. Дәл осы қол буыны кескінінің өлшемі және оның сөйлеу аймағына жақындығы қол буындарын, артикуляциялық аппарат сияқты, «сөйлеу мүшесі» ретінде қарастыруға негіз береді. Осыған байланысты сөйлеуге үйрету үшін артикуляциялық аппаратты жаттықтыру ғана емес, сондай-ақ қол саусақтарын қозғалтуды немесе ұсақ моториканы дамыту қажет. Қолдардың ұсақ моторикасы назар, ойлау, оптикалық-кеңістікті қабылдау (үлестіру), елестету, байқампаздық, көру және қозғалыс есі, сөйлеу сияқты сана-сезімнің жоғары қасиеттерімен өзара әрекет етеді.

Ұсақ моторика дағдыларын дамыту бүкіл болашақ өмір киінуге, сурет салуға және жазуға, сондай-ақ әр түрлі тұрмыстық және оқу әрекеттерінің көбін орындауға қажетті қол буындары мен саусақтардың дәл, үлестірілген қозғалыстарын қолдануды талап ететіні маңызды. Балалардың ұсақ моторикасын дамытуда тақпақпен бірге жасалатын саусақ жаттығуларының орны ерекше. Пассивті жаттығу- ұсақ моториканы дамытудың алғашқы сатысы. Жаттығулардың мақсатты пайдаланылуы мынадай әдістерді ұсынады: сипау, жаймен уқалау және діріл. Данышпан қазақ халқымызда бұған да ерекше назар аударған. Мысалы, «Қуырмаш», «Санамақ» т.б. ойындарды ойнатудың баланың ұсақ моторикасын, көру-қозғалыс тепе-теңдігін сақтауда, зейін қою, есте сақтау, санау қабілеттерін дамытуда маңызы зор.

 

Әдебиеттер:

1. Логопедия [Текст]: учебник для студ. дефектолог.фак. пед. Вузов/ ред. Л.С. Волкова, С.Н. Шаховская. – 3-е изд., перераб. и доп. – М.: Гуманит. Изд. Центр ВЛАДОС, 2002. – 680 с.

2. Кольцова М. М. Двигательная активность и развитие мозга ребёнка.- М.,2003.

3Пименова Е. П. «Пальчиковые игры» / Е. П. Пименова.- Ростов н/Д: Феникс, 2007.