Ұлттық  ойындар - мектептегі тұтас педагогакалық процесті жетілдірудің дидактикалық құралы

Джылысбаев Д. Б., Князбаев Ғ.А., Кудериев Ж.К.

М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті

Тараз қаласы

Сулейменов О.А. Жайханов Ж.И.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты.

    Жалпы білім беретін мектептердің оқу жоспарлары мен бағдарламаларында қазақ этнопедагогикасы материалдарының көрініс табуы, қазақ этнопедагогикасы құралдарын оқушылар дене шынықтыруында пайдалануға жүйелі бағыт бермеуі және мәселенің теория жүзінде жеткілікті зерттелмеуі, ғылыми жұмыс тақырыбының көкейкестілігін дәлелдейді.

Қазақ халқының ұлттық ойындары алуан турлі, сан қырлы, мазмұнға бай, адам баласының сәбилік шағынан бастап, бүкіл өмірін тұтас қамтуға негізделіп жасалған. Бұл мемлекеттік тәрбие беру мекемелері жалпақ елге жайылмай түрған кезде, халық /жасаған барлық мәдени істерді өз бойына жинақтап, кайта халыққа беру мәселесін шешіп отыру үшін, әдейі өмірге келгендей әсер береді. Өйткені ұлт ойындары балалардың жас ерекшеліктеріне орайластырып жасалғандай. Баланың сәби шағынан бастап ер жетіп, азамат санатына косылғанға дейінгі өмірін қамтып қана қоймайды. Адамның бүкіл өмір бойғы жан  серігіне айналады. Атап айтқанда, дүниеге жаңа келген нөрестеден бастап, ер жетіп, етек-жеңін жинағанға дейін ойын арқылы тәрбие алады. Жігіттік шағында байсалды ұлт ойындарына қатынасып, жарыс аренасына шығады. Одан кейінгі жігіт ағасы жасында, орынды ұйымдастырушы ретінде. Келесі кезеңде сол халық дәстүріне   өз   ұрпағын   тәрбиелеуші,   баулушы,   ақылшы-кеңесші ретінде де, сондай-ақ көрермен ретінде де қатынасады. Қай халыктың болмасын ұлттық ойындарына тән негізгі ортақ қасиет -дидактикалық негізі, көздейтін мақсат жас ұрпақты - өз ортасының салт-санасы, әдет-ғұрыпы мен дәстүріне сай, психологиялық ерекшеліктеріне байланысты білім беріп тәрбиелеу. Олай болса, әр ұлт ойындарының бойында педагогикалық әлеуметтік негіз бар.

Ұлт ойындарының әрқайсысына тән қасиет, көздейтін негізгі мақсат - адамға әсер ету, оған қоршаған орта туралы мағлүмат беріп, ықпал ету. Әр ұлт ойынының бойында адамға білімге, білуге, үйренуге, өмірді танып білуге деген ынтаны оятатын, ұжымға деген ынтымак, жолдасқа деген ілтипат, сыйластык, тіл табысу, басқалармен санаса білу т.б. өмірге аса қажетті адамгершілік негіздерін қалыптастыру секілді дидактикалық негіз, тұтас педагогикалық процесс, іргелі идея бар.

Осы күнге дейін бағзы біреулер ойын десе, күлкіні, сайқы -мазақты, жеңіл-желпі көңіл көтеруді көз алдына елестетеді. Дәл осылай ойлағанның өзіңде де ойын өз дегеніне жетіп, әлеуметтік-педагогикалық бір мақсатты көздеп, тәрбие құралы қызметін атқаратыны анық.

Кеңестер одағының құлап, тоталитарлық құрылыстың ыдырауына байланысты, еліміздің еркіндік алуы, ел өмірінің барлық саласына айтарлықтай жаңалықтар әкелді. Ендігі жерде еткен өміріміз бен өнерімізге жаңаша қарап, ұрпақ  тәрбиесін халқымыздың ежелгі арманы болып келген, өз халқының мүддесіне сай қайта құруға мүмкіншілік алды. Бүгінде оқу орындарының алдында түрған негізгі мақсат - заманымызға сай ұлттық мүддені көздейтін, отанын сүйе білетін, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу оны өмірдің өзі талап етіп отырғандай етіп күн тәртібіне қою. Оқу-тәрбие жүмысының негізі идеялық арқауына айландыру міндеті тұр. Бұл міндетті орыңдауда әлеуметтік-педагогикалық идеяларды іс жүзіне асыруда негізгі көмекші болатын ұлт ойындары екендігі дау туғыза қоймас.

Қазақстан Республикасы Конститутциясының негізгі заңының бірінші бабының екінші тармағында: "Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; Қазакстандық патриотизм; мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе парламенттік дауыс беру арқылы шешу"- деп көрсеткен.

Ата заңымыз Конститутцияда атап көрсетілген тақырыптарды іс жүзіне асырып, өмірге енгізудегі негізгі тірек - оқу, ағарту орындары. Соның ішінде ең бастысы - жалпыға бірдей білім беретін мектептер. Елбасы, Президентінің Қазақстан халқының алдына қойып отырған "Қазақстан-2030" бағдарламасында "... біздің ұрпақтың, келер ұрпақтың аддында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтығын" атап көрсеткен.

Осы талаптарды іс жүзіне асыратын, бүгінгі ғылыми негізде білім беруді ұйымдастыру міндеті жүктеліп отырған оқу орындарының жүгі аз емес. Сондықтан бүгінгі күні педагогика ғылымының алдында зор міндеттер күтіп тұр. Ол міндеттер ғасырлар бойы бостандықтың бұғауында болып, ата-бабалар жасаған асыл мұра, ұлттық негізден айырылуға айналған ұрпаққа, сол жоғалтқан өзіндік негіздерді қайтара отырып, бүгінгі күн талаптарына сай ғылым негіздерін олардың бойына сіңіру болып  табылады. Еліміздің өз алдына егеменді ел болуына байланысты мектептердегі тұтас педагогикалық процестерді жетілдіру мақсатында. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалык жағдайын жақсарту қолдарынан келетін, ел мүддесіне еңбек ететін жастарды өмір талабына сай тәрбиелеу мәселесі күн тәртібіне қойылды. Осы мақсаттарға сай "Білім беру Заңы", "Жоғары білім беру заңы туралы", "Қазақстан Республикасыңда гуманитарлыкқ білім беру туралы тужырымдамасы" сияқты аса қажетті құжаттар өмірге келді.

Сол секілді педагогикалық ілімді алға қарай дамыту мәселесі Республикада қарқынмен іске асуда. Бұл салада жаңа зерттеулер жүргізілді, көптеген докторлық диссертациялар қорғалды. Республикада жалпыға бірдей білім беретін мектептерден бастап, жоғары оқу орындарында педагогикалық кадрларды бугінгі күннің талаптарына сай әзірлеу мәселесіне көп көңіл бөлінуде. Солардың катарында Адамбеков К.М, Бейсенбаева А.А, Ахметов  К, Нүрғалиева Г.К, Сабиров I С, Исаева З.А. т.б. зерттеулер бар. Көптеген ғалымдардың еңбегі жастарды адамгершілікке тәрбиелеудің қыр-сырын зерттеуге арналған еңбектерден түрады. Балалар ұжымы арқылы жеке түлғаларды тәрбилеудің барысында, есіресе, дене шынықтыру, спорт пәндерінің ролін ашып беретін Баженов В.Т, Ким В.А, Керимов Л.К. Трифонов В.В, Уманов Г.А. еңбектерін атап айтуға болады.

Тұтас педагогикалық процестің негіздері мен жалпыға білім беретін    мектептердегі    оны    жүргізу    жолдары    мен    басқару процестерін және педагогикалық процесті басқарудың ерекшеліктері туралы жан-жақты зерттеулер жүргізген Хмель Н.Д. еңбектерін атап өткен жөн.

Ұлт ойындарын тәрбие жұмысына пайдалану туралы зерттеуде Анарқулов Х.Ф. Таникеев М.Т. Қуанышев Т.Ш. Тулегенов Ж.Т. Турсунов Н.Т т.б. жастарды моральдық жағынан қалыптастырудың ерік-жігерін ұштап, адамгершілік негіздерін шындауды қажетті төрбие қүралы деп бағалайды.

Алайда, көптеген авторлар өз зерттеулерінде, ойынды халық педагогикасының бір саласы ретінде ала отырып, оны тек тәрбие құралы ретіңде ғана қарастыруды өздерінің басты міндеттері ретінде көрсететіндіктерін айта отыруды жөн көрдік. Ұлт ойындарын, жалпы ойын атаулыны, тек тәрбие құралы ретінде бөліп алып қарау, біржақтылыққа апарып соғатынын ескерген жөн.

Біздің пікірімізше, ұлт ойындары - кешендік тәрбиенің, тұтас педагогикалық процестің таптырмайтын құралы. Осы идеяларды басшылыққа ала отырып, біз алғашқы зерттеулеріміздің өзінде-ақ ұлт ойындарын кеңістіктің аумағында түңғыш рет ана тілі математика сабақтарының барысында дидактикалык материал ретінде пайдалануды ұсындық. Оны нақты материалдармен бекіттік. Атап айтқанда, ұлт ойындарын қазақ тілі, математика пәндерінде жөне сыныптан тыс тәрбие жүмыстарында: сабақ аралық үзілістерде, ертеңгіліктер мен кештерде және ұзартылған күн топтарында пайдаланудың нақты жолдарын көрсеткенбіз. Мүны тәптіштей айтуымыздың себебі: біздің осы жүмыстарымыздың байыбына бармаған зерттеушілер, ез ойларына өздері иланып, ұлт ойындарын тек дене шынықтыру сабақтарына пайдалану туралы ғана сөз етіп, осы бағытта жұмыс істеп жүргендердің тізіміне тіркей береді. Қарапайым көзбен қарағанда, ойын деген атынан көрініп түрғандай, ол дене шынықтыру пәніне кебірек жанасатыны белгілі. Алайда ұлы жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған. Олай болса, барлық ұлттардың ойындарын бір үлгіге салып пішуге болмайтынын   біз  жоғарыда   айтқанбыз.   Оның   өмірге   келуі   әр халықтың өзіңдік әлеуметтік-экономикалық ерекшелігіне, түсінігіне, материалдық мүмкіншілігі мен наным-сеніміне байланысты. Сондықтан "идеялық өндіріс, түсіну, сана әуел баста адамдардың материаддық іс-әрекетінен өмірінің ақиқат тілі", деген К.Маркстың пікіріне тоқталамыз.

Қазақтың ұлттық ойындары - адамның дене, ақыл-ой, адамгершілік қасиеттерінің шыңдалып өсуіне жан-жақты әсер ететін әмбебап құрал. Ол езін-өзі тәрбилеп, өзіне өзі білім берудің бүгінгі біртұтас педагогикалық талаптарға сай келетін дидактикалық негізге бай педагогикалық-әлеуметтік ахуалды байыта түсетін оқу-тәрбие қүралы.

Ұлт ойыңдарының бойында түтас педагогикалық процестің негіздері бар. Тұтас педагогикалық процестің құрамына - оқу, оқыту, білім беру, тәрбие, даму процестерінің табиғи бірлігі жатады. Ал ұлт ойындарының бойына - ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбек, дене тәрбиесінің негіздері сіңіскен. Сондықтан ұлт ойындарының әлеуметтік-педагогикалық негздері туралы сөз еткенде оның дидактикалық негіздері туралы сөз айтпай өтуге болмайды. Дидактика-оқу теориясы ретінде "нені оқыту керек", "қалай оқыту керек" деген сүрақтарға дәйекті жауап беруді іздейді. Оқу - оқушының іс-әрекеті болса, оқыту екі жақты процесс. Оқыту процесі оқушы мен оқытушының бірлескен әрекетінен тұратын күрделі процесс. Оқушы білім алуға, оның қажеттігіне түсінбейінше оқытушы өз міндетін дәйекті түрде атқаруы қиын. Сондықтан оқыту - оқушы мен окытушының іс-әрекеті болғанымен, көп жағдайда абстракциялық рөл атқарады. Егер оқушы оқу мотивін анық, айқын түсінген болса, оқушы мен оқытушының бірлескен іс-әрекеті оң нәтижесін береді.

Ұлт ойындарының дидактикалық негіздерін сөз еткенде, ең алдымен ойын мотивінің айқындығы мен анықтығын айтуымыз тиіс. Ойын - мотиві жеңіс. Ойын шиеленіскен тартысқа негізделеді. Сондықтан қандай ойын болмасын оның қорытындысы жеңіспен аяқталуға тиіс немесе тең аяқталады. Қандай жағдайда болмасын белгілі бір қорытындыға келуге тиіс. Олай болса баланың ойланып-толғануы қажет, сол арқылы оның ақыл-ойы, ерік-қайраты, төзімділігі, еңбекке деген ниеті жеңіске деген ұмтылысты т.б. сапалары дамиды.

Педагогиканың негізгі үғымдары - оқу, оқыту, тәрбиенің негізгі мақсаты дамыту. Баланың дамуы - күрделі қайшылықтары бар ішкі жөне сыртқы факторлардан түрады. Олар тұқым қуалаушылық орта және тәрбие.

Педагогикалық процестің нәтижелі болуы оның ішкі (түқым қуалаушылық) қозғаушы күштеріне байланысты.

Қазақтың ұлттық ойындарын ұзақ жылдар зерттеп, тәжірибеде қолданып, ғылыми еңбектер жазумыздың барысы біздің ұлттық ойындарға деген көзқарасымызды айқыңдап, адам баласының адам тәрбиесіне арнайы жасаған дүниелерінің ішінде, оның көп қырлы жан-жақты, алуан салалы тәрбие құралы екендігін көзімізді әбден жеткізді. Олай болса, егеменді елдің жас ұрпағын дара түлға етіп, денсаулығын мықты, салауатты өмір салтына бағдарлай  тәрбиелеуде бүгінгі талапқа сай мектептегі тұтас педагогикалық процесті жетілдіре түсудің дидактикалық құралы қызметін атқарары сөзсіз деп білеміз.                                              

Қазақтың ұлттық ойындарының тәрбиелік негіздерін бір сөзбен айтып жеткізуге болмайтын, күрделі негіздердің басын қүрайды Ұлт ойындарының жастарға берер тәрбиелік негіздерін, олардың тәжірибедегі қолданыс мүмкіншілігінің пайдалы сыбағалы салмағын есепке ала отырып, біз былайша топтастыруды ылайық деп таптық Атап айтқанда: Ақыл-ой тәрбиесі, адамгершілік тәрбиесі, дене тәрбиесі, дене саламаттылығы тәрбиесі, салауатты өмір салты тәрбиесі, еңбек тәрбиесі, эстетикатық және өнер  тәрбиесі,  патриоттық тәрбие, интернационалдық тәрбие т. б. Бұлар мектептегі тұтас педагогикалық процесті жетілдіру жеке дара тұлғаны, салауатты өмір салтына бағыттайтын жастар бойына дарытатын оқу орындарындағы басқа да дидактикалык құралдармен астасып, ұштасып негізгі мақсатқа лайықты тәрбие жүйесіне үйлесері анық.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Ғылыми жұмысымыздың мақсат мүддесіне байланысты ұлттық ойындар туралы бұрын-соңды айтылып, жазылған әлемдік ақыл-ойдың үздік туындыларымен танысып, зерделеп, зерттей отырып, сол сияқты кейінгі кезеңдерде жазылған педагогикалық психологиялық әдебиеттерді оқып, талдай келіп, солардың зерттеу жұмысымызға қатынасы бар тұстарын ой елегінен өткізе отырып төмендегідей қорытынды жасаймыз:

Бұл жұмысымыз қазақтың ұлттық ойындарының педагогикалық мүмкіншіліктерін анықтау мәселесіне, халықтық ойын пайдаланылған дене тәрбиесінің нәтижесі оқушы денсаулығын, салауатты өмір салтын дамытудың тәжірибелік негіздерін дәлелдеуге бағытталды.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Асарбаев А.Қ., Абилдабеков С.А. Оқушылар дене шынықтыруының этнопедагогикалық негіздері. Монография. Алматы, 2000ж.

2. Альмухамбетов Б.А. Эстетическое воспитание учащихся 1-2 классов средствами национального изобразительного искусства. Автореф. дис...канд.пед.наук. Алма-Ата, 1990.

3. Қисымова А.Қ. Қазақтың халықтық педагогикасы арқылы оқушыларға адамгершілік тәрбие беру, пед.ғыл.канд....дис.автореф. Алматы, 1994.

4. Қуанышев Т.Ш. Подготовка будущих учителей физической культуры национальных игр. Автореф. дис....канд.пед.наук. Алма-Ата, 1992.

5. Сағындықов Е. Қазақтың ұлттық ойындары. Алматы, 1991.

6. Адамбеков К.И. Педагогические основы физического воспитаня учащихся. Автореф на соискание уч.степени ДПН.Алматы,1995.

7. Төлегенов Ж.М. Внедрение Казахских националных форм и средств физического воспитания в современном педагогическом процессе.Автореф. кан.пед.наук. Алматы. 1982.

8. Таникеев М.Т. От байги до олимпиады. А: 1983, с.61-69.