М.Х. Дулати атындағы
ТарМУ аға оқытушылары
Омаров Қ.Ж., Кудериев
Ж.К.
Тараз қаласы
Халық педагогикасындағы тәрбие негіздері және
оның бала тәрбиелеудегі маңызы
Әрбір тұлғаның тәрбиесі
отбасынан басталады. Әрине, отбасы - белгілі бір ұлт
өкілдерінің ошағы. Ондағы тәрбие сол
ұлттық игі іс-әрекеттер арқылы әдетғұрыпқа
(ғүрып-қолданыс) айналып, ол әдеп (мәдени
көрініс) болып негізделеді: әдеп (әдептілік негізгі)
ұлттық қолданысқа айналса, оны халық салт
(заң) дейді де салт ұлттық санаға сіңсе, оны
салт-сана деп ұлттық мәдениетінің сәулеті ретінде
ұлттық болмыстың кредосы мәнінде өмір
қолданысына айналдырады. Мысалы, қазақ халқының
меймандостық салты ұлттық санаға сіңіп,
«меймандос халық» болдық. Ол салт сананың игі әдет одан
әдеп-ғұрып, одан әдеп, әдепті дәстүр,
дәстүрден салт-санаға (ұлттық сана)
қалыптасады. Ұлттық тәрбие ұлттық
мәдениетті өркендеудің қайнар көзі болып
табылады.
Ұлттық салт-сананың үрдістері
рәсім, рәміз, кәде, жөнжоралғы, ырым, тыйым т. б.
өмір қолданыстары арқылы іске асырылады да,
ұлттық болмыс пен ұлттық мәртебенің
мәдени-рухани деңгейі өмірден көрініс табады.
Ұлттық тәрбие осылай өз нәтиежесін береді.
Егеменді ел болып, тілімізді иелендік.
«Қазақтың өздік ұлттық
қасиеттерінің қайта қалыптасуына
қамқорлық жасау - менің перзенттік те, президенттік те
парызым» деп Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
ұлттық тәрбиеге ерекше мән берді. [1]
1992-1997 жылдары жалпы орта білім беретін
мектептердің ұлттық тәрбие беру жөніндегі
бағдарламалары мен оқу құралдары мынадай:
1-4 сынып
үшін «Әдеп әліппесі» - авторы профессор Ә. Табылдиев.
5- 7 сыныптар үшін «Әдеп негіздері» - авторлары, профессор Қ.
Жақыпбаева, доцент Ә. Алмұратов, профессор С. Ғабитов,
8 сынып үшін «Әдеп негіздері» - авторы, профессор Ж. Молдабеков
9-сынып үшін «Әдеп негіздері» - авторы, профессор
С. Қали. 10-11 сыныптар үшін «Әдеп және жантану» -
авторлары, профессорлар Қ. Жарықбаев пен Ә. Табылдиев.
«Әдеп» - авторлары Ж. Нұсқабаев. Ұ. Әбілдәұлы.
[31, 25]
"Әдептану
негіздері" атты оқулықтарды мектептерде оқытуға
арналған жапп~й әдістемелік конференциялар бірнеше рет
өткізіп, бұл пәндердің зор маңызы бар екені
ғылыми-педагогикалық тұрғыдан жеткілікті негізделеді.
(Бұл жөнінде «Қазақ әдебиеті» газетінің
2003ж. 31 қаңтардағы санында профессор Қ.
Жарықбаев жан-жақты баяндайды). Ғылыми-теориялық
негізінде жасалынған
бағдарламалар мен оқу құралдарының негізгі
бағыттары мынадай: 1 сыныпта - қазақтың халық
педагогикасынан «Сөз басы - сәлем», «Аялаған ана»,
«Әлпештеген әке», «Әдеппен
сөйлеп - әдеттен»т. б. тақырыптар болса. 2 сыныпта -
туған жерді қастерлеу, ата-ананы сыйлау, текті білу, бата,
өсиет-өнеге т. б. ұлттық тәрбие негіздері
оқытылады. 3 сыныпта - табиғатты аялау, обал, сауап, ысырап, ырым
мен тыйым, имандылық (сенім), ағайын- жекжетты сыйлау дәстүрлері,
олардың рәсімдері мен
рәміздері, ал 4 сыныпта - жыл қайыру, ұлттық
әдет-ғұрыптар, ұжымдық және ұлттық дәстүрлер, 5сыныпта-туыстық қатынастар, кісілік дәстүрлері мен олардың
рәсімдері. 6 сыныпта - тыйым сөздер, салауаттылық, жан тазалығы
мен тән тазалығы т. б. 7 сыныпта - ұлттық намыс,
перзенттік парыз бен қарыз т. б. 8 сыныпта - иман мен инабат. Отан,
бақыт т. б. 10-11 сыныптарда - азаматтық борыш,
ұлттық мұраттар, жаңаша тәрбие жйесі мен
ұлттық тәрбиенің байланысы, ұлттық
дүниетаным мен әлемдік өркениетік тәлім-тәрбие
үрдістері туралы тәрбиелік нұсқаулар мен өнегелер
сөз болады. Негізгі, осы тақырыптардан қарап-ақ
мектептердегі оқу-тәрбие жұмыстарына арналған
қастерлі ұлттық тәрбие негіздері жан-жақты,
ғылыми-теориялық мәселелерді қамтып жасалынғанын
анық
байқауға болады.
Қасиетті, өнерпаз, ақын, шешен,
ержүрек, кеңпейіл, меймандос, иманды халқымыздың
ұрпағын ұлттық тәрбиенің
ұлағатты, рухани-мәдени ауқмымен, өркениетті
елдің тұрғылары тұлғалары етіп тәрбиелеуге
ғылыми-теориялық негіз жасалынды. 1998 жылға дейін
ұлттық тәрбие бала бақшаларда, мектептерде бірнеше
мәселе ретінде қолға алынып, жақсы іс-әрекет
жауапкершілікпен жүргізіліп өз нәтиежелерін бере
бастаған болатын.
«Өзіңді өзің таны»,
«Ұлттық дүниетаным», «азаматтану» тақырыптары
үлттьіқ тәрбиенің барлық бағдарламаларында
негізгі мәселе ретінде өзекті өрнегін тапқан. Мысалы.
«Әдеп сабағындағы», «Кісілік дәстүр» деген
тақырыпта «Кісі деп кімді айтамыз?», «Сенің кісілігің
қандай?», «Сен кісі сыйлай біліесің бе?»т. б. мәселелер
көтеріліп, ұлттық тәрбиелік, тәлімдік
мақсаттарды орындайды. Енді одан бөле жарып «Өзіңді
өзің таны», «Ұлтыңды таны» - деген пәнді енгізу
керек деген бөліп-жарма қиынсыз ұсыныс, тек
ұлтымыздың ұлттық тәрбиелік мұраларын
елемдеу болып табылады. «Халықтың тәжірибесінсіз педагогикада
да жоқ, педагог та жоқ» деп, орыстың ұлы педагогы
К.Д.Ушинский айтқандай, біз халық тәжірибесіне
сүйенеміз.
Біздіңше «ғаламдастыру» емес
«өркениеттік» деген терминнің қисыны бар. Біз
ұлттық тәрбиеде бүкіл азаматтың өркениеттік
жетістіктерін қосымша пайдаланамыз. Мысалы, «Кісілік» дәстүрі
қай елде қандай дәрежеде, сол дәрежеден асыра кісілік
жасауды ұрпаққа үйретеміз. Бұның
бәрін ұлттық тәрбие бағдарламасымен
үйлестіріп, жүйелі және иелі түрде, ғылыми негізде
ұйымдастыруға болады.
Егемен еліміз ұлттық тәрбиені
жаңаша қолға алып, ол үшін ғалымдар мен
тәжірибелі ұстаздар тиімді бағдарламалар жазды. Бұл
ретте жас ғылым-педагог Мұхамед-Рахым Қыдырбайұлының
орта мектептегі ұлттық тәрбиеге арнап жазған «Атамекен»
бағдарламасы кеңінен қолдау тауып, ауқымды
қозғалыстың тізгіні
болды.
Қазіргі отбасы мен мектептерде ұлттық
тәрбие қалай жүріп жатыр? Ең әуелі
ұлттық тәрбиенің мән-мағынасын,
мазмұнын жан-жақты жақсы біліп, тәлімтәрбиеге
оны пайдаланудың тәсілдерін жауапкершілікпен үйреніп
жүрген ұстаздар көп-ақ.
«Бесік - тәрбие бастауы» деген
дәстүрмен шілдехана рәсімдері жаңаша өткізіле
бастады. Бесік жырының әуездік, тәрбиелік мәнін ашып
түсіндіру тәсілдері
толысты.
Баланы бесікке салу, шілдехана, балаға ат
қою, тұсау кесу, атқа мінгізу
рәсімдері қайта жаңарып,
ұрпағымызға ұлттық тәлімнің
ұрығы себіле бастады.
Халық педагогикасының жаңылтпаш,
санамақ, жұмбақ, мазақтама, мәтел-мақал
сияқты танымдық, тәрбиелік мәні зор салаларын,
әсіресе, бастауыш мектеп мұғалімдері оқу-тәрбие
ісіне жан-жақты пайдалануға ықылас аударуда. Өтірік
өлеңдер мен ойын өлеңдерін, жұмбақтар мен
мақалдар көбінесе әдеби кештерде оқушылар
мүмкіндігінше пайдаланып жүр. Оқыту әдістеріне «айтыс
сабағы», «пікір жарыстыру сабағы», «жұмбақ шешу»
және «сөз тапқыштық сабағы» сияқты
жаңаша тәсілді жүйелер өмірге келді. Тәрбие
сағаттарында · мақалдар мен шешендік сөздер,
жұмбақтар мен санамақтардың жаңа түрлері
көп жерде ізденімпаздықпен пайдаланылып жүр.
Ең әуелі ұлы педагог Я.А.Коменский
«аналық мектеп» деп атаған отбасындағы тәлім-тәрбиеге
лайықты бағыттар мен бағдарламаларды айқындап, ол іске
атаананың жауапкершілігін арттыру әрекеттерін жасауымыз керек.
Әрине, отбасындағы тәрбиені қабылдайтын
балалардың жас еркшеліктері біркелкі болмайды, сондықтан отбасы
иелеріне көмекші және кеңесші дүниелерді, ісәрекеттерді
жүйелеп, бағыт-бағдар беру ісіне оқу-ағарту
жүйесіндегі мекемелер, ұйымдар, үйірмелер белсене
қатысуы қажет-ақ.
Отбасындағы
тәрбиеге көбінесе ана басшы болады. Оның тәрбиеге
толыққанды ие болуы үшін жағдай, уақыт керек.
Нәресте, бөбек, балдырғанның ұйықтап,
уақытылы тамақтанып, жан-жақты тәрбиеленуі үшін,
ананың көп уақыты сол тәлім-тәрбие, күту
жұмыстарына пайдалануы қажет. Ал қазіргі жағдайда
«тең қүкықты» әйел-ананың уақыты
тәрбие ісіне жетпейді. Шіркін, әйелананы баласы өзі
жүріп, өзі сөйлей білгенге дейін «қүқыкгы»
жұмысқа салмай-ақ, бала күтуге қойса,
тәрбиелік мақсаттарды орындауына мүмкіндік берсе.
Бағдарлама демекші, сол уақытқа дейін
отбасындағы «аналық мектеп» тәрбиесіне арналған
бағыт-бағдар, ғылыми тұжырымдар жоқ.
Ал орта мектепке арналған «Атамекен»
бағдарламысының мазмұны оқушылардың жас
ерекшеліктеріне қарай жүйеленбеген, тіпті туыстық қарымқатынас
имандылық, инабаттылық, қайырымдылық, мейірімділік
туралы бағдар айқын көрсетілмеген. Меніңше,
ұлттық тәрбиенің бір негізі - имандылық,
туыстық және адамдық қарым-қатынастар
дәстүрін үйрету болып табылады (баланың
ата-ананың қарым-қатынасы: міндет, борыш, парыз, т. б.)
Қоғамға ұлттық тәрбие
бағдарламаларына сәйкес түзілген оқулықтар керек.
Мектеп оқулықтарына халық
педагогикасының нұсқалары жүйелі түрде ендірілмей
келеді. Мысалы: санамақ, жұмбақ, ертегілер кейбір
оқулықтарда жоқ.
Бастауыш сынып оқулығына
жаңылтпаштардан бастап жұмбақ, санамақ,
сықақ, ертегі нұсқаларын және ол
жанырлардың жаңаша түрлерін оқушылардың жас
ерекшеліктеріне қарай, лайықтап ендіру ісін баспагерлер мен
оқулық құрастырушылар онша ескермей жүр. Ауыз
әдебиетінің тәрбиелік мәні нұсқалары 1-9
сыныптардағы оқулықтарға бірте-берте күрделеніп,
ендірілуге тиіс. Сол сияқты рәсімдер мен ырымдар,
әдеп-ғұрыптар мен салт-саналардың ұлттық
мәйектері оқулықтардан көркем шығармалар мен
өсиетті, өнегелі сөздер арқылы (бата, өсиет, насихат, өнеге,
шешендік, т. б.) орын алса, ұлттық тәрбие нәтиежелі
болар еді.
Қуыршақ
театрында, балалар мен жасөсшрімдер театрында, халық
театырының сахналарында,
мектеп, балабақша сахналарында ертегі, пьеса,
инсценировка,
сценарий, көрініс, интермедия қою жұмысына аса зор
көңіл бөлу керек екенін енді-енді түсініп келеміз,
бірақ әлі де қолға алынған қомақты іс
жоқ, ал ол іске лайықты шығармалар, жинақтар жоқ
емес. Ізденгіш ұстаздар балалар сахнасын жақсы пайдаланып,
халық алғысына ие болып жүр
Халық
педагогикасы үнемі даму үстінде, мысалы,
жаңылтпаштардың жаңа түрлері тек тіл ширатып қана
қоймайды, дүние тыңдайды, сөз қорын молайтады,
тәрбиелейді. Мысалы:
Былдыр-былдыр,
бүлдіршін,
Бұл-бір
білгір бүлдіршін:
Білгір
бұл бір бүлдіршін,
Білгірлігін
білдірсін», - деген жаңылтпаштан сол танымдық, тәлімдік
мақсаттар толық көрінеді.
Сондай-ақ,
дәстүр салт-сананы
үйретеміз деп, сол дәстүрдің өркениетті
жаңалықтарын
ескермесек, қателесеміз. Мысалы: «Қыз ұзату» кезінде
қазіргі қыздар бұрынғы қыздарша зарлап,
сыңсып «жыламайды», өйткені ол өз теңін таңдай
алады. Ал теледидардағы бір көріністе қыз «көз бояп
сыңсып жылайды».
Әрине,
әке-шешені қимай «сыңсу» бір басқа, оның
сөзі де жаңа болады.
Жас
ұрпақты халық педагогикасы дәстүрімен
тәрбиелеуде біз ұлттық тәрбиені бүкіл
азаматтық тәрбиемен, яғни әлемдік педагогика
ғылымының жетістіктерімен байланыстыра біліуіміз керек. Бұл ретте балалар
сахнасы мен теледидар, кино экрандарын пайдаланудың мәні зор.