М.Х. Дулати атындағы ТарМУ аға
оқытушылары
Омаров Қ.Ж., Кудериев Ж.К.
Тараз қаласы
Ұлттық ойындардың бала дамуындағы
маңыздылығы
Халқымыздың
тарихи-мәдени мұраларының,аса құнды
игіліктерінің бірі-ұлттық ойындар.Қазақ халқының
ұлы философы, ақыны Абай Құнанбаев:
Ойын
ойнап, ән салмай, Өсер бала болар ма?
деп
айтқандай,баланың өмірінде ойын ерекше орын
алады.Баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы,
психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде
қалыптасады.Сондықтанда халқымыз ойынды тәрбие
құралы деп танып,оны жеткіншек ұрпақтың
ой-түйсігін ширықтырып баулитын тетік сынды
бағалаған.Баланың көңілін өсіріп бойын
сергітіп қана қоймай,сонымен қатар оның өмір
құбылыстары жайлы таным-түсінігін де молайтады.Балалар ойын
арқылы бір-бірімен тез тіл табысып,жақсы
ұғысады.Бірінен бірі ептілікті,сергектікті,тапқырлықты
үйренеді.Сондай-ақ дене қимылы арқылы
өзінің денсаулығын нығайтып, айналадағы заттар
мен құбылыстардың ақиқат сырына
қаныға береді.
Қазақтың
күнделікті тұрмысындағы көңіл ашар демалыс
уақыты осы ойын-сауықтар екені жайында Қазақстанда
болған ағылшын саяхатшысы Томас Аткинсон «средняя Азия и Западная
Сибирь» атты еңбегінде жазған. «Халықтың ойын-сауықтары
ең алдымен ақындар айтысынан басталады.Бұл ақындар
айтысы келесі ойналатын ойындарға қатысушылардың
арасындағы тартысты күшейте түсетіндігін
байқатады.Қазақтардың ақындар айтысын
тыңдағандай, ертедегі
гректер гомерді бүйтіп
тыңдамаған болар»-дейді.
Сондай-ақ,
қазақтың ұлт ойындары жайында мағлұматтар
кезіндегі
күнделікті шығатын газеттер мен журналдардың беттерінде
көптеп берілген.19 ғасырдың екінші жартысында шығып
тұрған «Воскресный досуг» журналының 72, 73-інші сандарында
Қырғыздар атты мақала басылған.Бұл мақала
негізінен қазақ халқының өмірін, тұрмысын,
әдетғұрпын, ойын-сауықтарын
баяндаған.Көшпелі халықтың осындай ойынсауық,
көшіп-қонуын айта келіп, «Воскресный досуг» журналы «Әрбір
мереке, той-думанның жаны қыз-келіншектер, олар топ үстінде
жігіттермен өлең жарысына да түсе алады» деп көрсеткен.
Ұлт
ойындарының жалпы қалыптасу кезеңі біздің
заманымызға дейінгі 12-19 ғасырлардағы
Қазақстан жеріндегі көшпелі тайпалардың
құрылу дәуірі-өткені ойындардың қайсысы
болмасын, қай кезеңде дамымасын, олар тек өндірістік
қатынастың қалыптасуына негізделген.Кезіндегі өндірістік
күштерінің құралына пайдалануға икемделген тас,
ағаш, сүйек т.б. табиғи заттар осы дәуірде
қалыптасқан ұлт ойындарына да сол өндіріс
құралдарының материалдары қолданылды.Мәселен,
күні бүгінге дейін мәнін жоймаған «асық»
ойындарына кез-келген сүйек емес жануарлардың асықтарын
икемдеді, «бес тас ойынына кез- келген тастар емес, ұстағанда
қолға сиятндай, домалақ тастар пайдаланған.
Демек,
бұл табиғи заттар өндірістік
қарым-қатынастың дамуына қандай әсерін тигізсе
ұлт ойындарының қалыптасуында да сондай маңызды болды. Ұлт ойындарының қалыптасуы тек балаларға
ғана керектігімен дамып қойған жоқ, ересектердің
күнделікті тіршіліктегі қозғалысымен көңіл
көтеріп, демалыс уақытын өткізудегі қолданылған
еңбектің бір түрі ретінде дамыды.
Экономикалық құрылыстың негізінде
төрт түліктің қасиеті тек қазақ
ауыз әдебиетінде ғана жырланып қоймай,
барлық мәдениет пен өнердің, соның ішінде
ұлттық ойындардың дамуының да негізі болды, келе-келе
негізгі бас кейіпкерлері осы төрт түліктен тұратын
«ақбайпақ», «көк сиыр», «түйе-түйе»,
«соқыр», т.б. сияқты ұлт ойындары да дами бастады.
Бұл ойындардың барлығы дерлік
қазақ халқының төрт түлікті аса бір
сүйіспеншілікпен дәріптеп, қадірмен тұтып,
жануарлардың бойында да, адам баласының қасиеттері бар,
сондықтан жан-жануарлардың бәрі бірдей деген
ұғымнан барып шыққан ойындар болды.
«Ғылымның қай саласы болмасын өз
тарихын терең зерттеп алмайынша алға баспайды.Демек, зерттеуді
өз тарихынан бастау ғылым жетістіктерін игерумен қатар,
оның одан әрі алға қарай басуына үлкен
мүмкіншіліктер туғызады». Дәл осы жағдай
қазақ ұлт ойындарының даму тарихына да қатынасы
болса керек. Халықтың ұлттық және спорттық
ойындарының да өзіндік тарихи даму жолдары, қалыптасу
кезеңдері, тәрбиелік маңызы халықтың саяси
әлеуметтік экономикалық дамуының негізінде
болды.Қазіргі кезеңде ғылымдардың дәлелдеуі
бойынша күні бүгінгі бізге жеткен ұлт ойындарының
қалыптасу кезеңі сонау адамзат баласының жаратылған
күннен, демек Қазақстанның жерінде
қалыптасқан алғашқы қауымдық
құрылыстан басталады.Сонан бері біздерге жетіп, ойналып
жүрген ұлт ойындарының ішіндегі әр түрлі
құмалақ ойындары, бес тас, асық, садақ ату
тағы басқалары шамамен алғанда бес мың жылдар
бұрын ойналғандығы жайында ағылшын ғалымы
Э.Маккей « ... бұл ойындардың барлығы дерлік Азия елдерінде
тайпалық одақтардың арасында тарағанға
ұқсайды» дейді.Сондай ақ мұндай пікірлерді
Венецияның саяхатшысы Марко Поло да қостайды.Ол өзінің
Жетісу бойында болған сапарында көрген «Қыз бөрі» ойыны
да Қазақстан территориясындағы тайпалардың пайда
болған кезінен яғни таптық қатынаспен бірге
туғандығы жайлы ескертеді.
Ұлт ойындары ертеден ақ, жалпы
этнографиялық әдет ғұрыптармен бірге дамып жетіліп,
ендігі жерде өз алдына бір бөлек зерттеуді керек етеді.
Сондықтан ұлттық ойындардың бірнеше түрлеріне
тоқталып өттік.
Айгөлек. Халық арасында
айгөлек ойынының екінші түрі ақсереккөксерек деп
атайды.Ел ішінде көп тараған бұл ойынды жасөспірімдер
мен бозбалалар, жігіттер мен бойжеткендер ашық аспан астында ойнай
береді.
Ойын ережесі.Ойнаушылардың өзара келісуі
бойынша топ тең екіге бөлінеді.Әр топтағы жастар 20-30
адым қашықтыққа барып, қолдарын мықтап
ұстап қарама-қарсы қатарға тұрады.Екі
топтың да қатарының оң жақ басында топ
басқарушылары тұрады.Өзара келісім бойынша топ
басқарушылардың біреуі:- ақсерек-көксерек бізден сізге кім
керек -дейді. Екінші топ басқарушысы:- сізден бізге пәленше
керек,-деп кез келген бір ойыншының атын атап
шақырады.Шақырылған ойыншының мақсаты сол,
тұрған жерінен жүгіріп шыққаннан екпіндеп келіп
ағынымен ұстасып тұрған екі қолды үзіп етуі
керек.Егер үзіп етсе, онда сол екі ойыншының қай
көңіліне жаққанын өз тобына алып келеді.Ал
қолды үзіп өте алмай қалса, онда барған тобында
қалады.Қай топ өз қарсыластарын, өз тобына
бұрын қосып алса, сол топтың ұтқаны.Сөйтіп
өздері күні бұрын тағайындаған жүлдені алады.Осындай
тәртіппен ойын жалғаса береді.
Бұрыш. Жастар кешіне
жиналған жастар ішінен бұл ойынды ойнауға тілек білді рген 5
немесе 10 адам жеке бөлініп шығады. Егер 10 адам ойнағысы
келсе, онда бес-бестен екі топқа бөлінуі керек. Бұл
ойынға балалардан бастап ересек адмдарға дейін қатыса алады.
Ойын ережесі. Ойын жүргізушінің
бұйрығымен белгілі бір ара
қашықтықты
сақтап төрт бала
төрт бұрышқа
тұрады. Ойын жүргізушінің мақсаты - осы
төртеуінің ортасында жүріп олар еюекіден орындарын ауыстырып
тұрған кезде, бос орынға тезірек тұра қалу. Ойын
анығырақ болу үшін әр бір ойыншының
тұрған жерін бормен немесе таяқпен сызып белгілеп қою
керек. Орнынан айрылған ойыншы ойын жүргізушіні ауыстырады,
сөйтіп ол да бос орын іздей бастайды. Он ойыншы болғанда екі топқа
бөлініп ойнауға болады.
Дауыста-атыңды
ата. Ойын көбінде жастар
кешінде ойналады.
Ойынға
көз байлайтын бір бет ормал, ұзындығы 1-1.5 метр таяқ
керек. Ойнаушылардың саны неғұрлым көп болса, ойын
соншалықты қызықты өтеді.
Ойын ережесі. Жиналғандар қол
ұстасып дөңгелене шеңбер
бойына
тұрады. Көзі байлаулы бір ойыншы шеңбердің ортасында
тұрады, сөйтіп ол қолындағы таяғын өзіне
қарсы қарап тұрған ойыншылардың кез
келгеніне ұсынады да дауыстап - атымды ата дейді. Таяқтың
екінші басынан ұстаған ойыншы атын біліп қоймас үшін
даусын бұзып дыбыс шығарады.Көзін байлаған ойыншы кімді
түрткенін тауып алса, сол ойыншымен орнын ауыстарады.Таба алмаса кез
келген ойыншыға ұсынады, оны таба ламаса келесіге ұсынады,
осылайша үш ойыншының атын айтады. Анықтай алмаса ойын
басынан қайта басталады, осылайша қайталана береді.
Жаяу көкпар. Ойын
күні бұрын белгіленген жерде бозбалалар қатысуымен
өтеді. Ойнаушылардың санына шек қойылмайды. Әдетте,
бұл ойынды ер балалар ойнайды.
Ойын
ережесі. Балалар көмбедегі белгіленген түзу сызықтың
бойына қаз-қатар тұрады. Ойын жүргізушінің берген
белгісі бойынша көмбеден бір мезгілде тұра ұмтылған
балалар он адымдай жерде жатқан көкпарды қай бұрын
жеткені алып қашады. Қолында көкпары бар бала арасы бір
шақырымдай көмбеге бұрын жетуі тиіс.Сөйтіп
көкпарды ешкімге бермей әкелсе, сол ойыншының
ұтқаны. Бұл ойында көкпардың орнына бөрік
немесе басқа бір затты қолданады.