АДАМ ДЕНЕСІНІҢ СЫРТҚЫ ПІШІНІН СИПАТТАЙТЫН ӨЛШЕМ
БЕЛГІЛЕРГЕ ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР
техника және
технология магистрі, аға оқытушы Р.А.Пернебаева
М. Х. Дулати атындағы
Тараз мемлекеттік университеті,Тараз
техника және
технология магистрі, аға оқытушы А.Б. Муслимова
Тараз инновациялық-гуманитарлық университет,Тараз
Тұрғындардың өлшем типологиясының
тұтас және әртүрлі топтарын жасаудың халық
шаруашылығында басты да маңызды мәселе екенін
дәлелдеудің қажеті жоқ. Типология стандартты типтік фигуралар
тізімін және халық арасында кездесу жиілігін жоғарғы
дәлдікпен береді. Осы берілгендерді пайдалана отырып тауар
өндірушілер тұтынушылар үшін қажетті өлшемдегі
тауарларды өндіре алады.
Типтік фигуралардың
кездесу жиілігін анықтауда қателіктерді болдырмау үшін,
топтарға жіктеп қарайды. Типтік фигуралардың кездесу жиілігін
анықтауға ауытқу шамасы таңдау өлшеміне
тәуелді, ары қарай осы шамаға байланысты есептер
жүргізіледі.
Дене өлшемінің
ауытқуы жоғары екені бәріне де белгілі. Алайда,
типологияға үлкен шамадағы типтік фигураларды ендіретін болса
(әйелдер үшін 500, ерлер үшін 300)
тұрғындардың типтік өлшемдер жүйесін
жасауға болады, мұны көп ұлтты елдерде, сонымен
қатар бір мезетте бірнеше елдерде пайдалануға болады. Типтік
фигуралардың оптимальды параметрлері жасына, ұлттық,
аймақтық және кәсіби ерекшеліктеріне байланысты
әр топтарда өзгеше болуы мүмкін. [3]
Тұрғындардың жасына байланысты біріктірілген
топтарындағы тұлғалық ерекшеліктер тек қана
жасына ғана байланысты болады деген қате түсінік. Жасына
байланысты болатын өзгерістер өмір сүру
деңгейінің өзгеруіне де тәуелді, өйткені әр
ұрпақ өмірдің ұдайы өзгерістеріне
байланысты елеулі өзгеріске ұшырайды.
Жас ерекшелігіне байланысты
өлшемдерге талдау жасағанда, басты назар тұлғаны
анықтайтын өлшемдерге аударылады. Мұнда тұлға
дененің жоғарғы бөлігінің алдыңғы
және артқы доғаларының қатынасымен
түсіндіріледі. өйткені, дәлелденгендей еңкіштік артқан
сайын алдыңғы доға қысқарып, артқы
доға ұзарады.
Жас ұлғайған
сайын еңкіштік те арта түседі және көбінесе барлық
өлшемдерінің кішірейе бастағаны байқалады. Кіші жас топтарында, мәліметтерге
сүйенсек, иық диаметрі енді, бөксе ені кіші болады.
Сүйектердің
өсуі ішкі факторлардың әсер етуімен бірге, өмір
сүру деңгейіне байланысты. Ішкі факторлар бойдың өсу
барысына және оның қарқындылығына әсер
етеді, ол өмір сүру деңгейі осы бағдарламаның
дұрыс қалыпта өтуін қадағалайды. Үлкен адам
денесі қаңқасының соңғы өлшемі
өсу барысындағы ішкі және сыртқы факторлардың
әсерінің нәтижесі.
Бірақ, қолайлы
ішкі факторлар болса да, қаңқаның жеке
бөліктерінің өсуі әр жас кезеңінде
әртүрлі болады, сондықтан өмір сүру
деңгейінің жақсы немесе нашар болуының әсері
әр жас кезеңінде әрқилы. Ең сезімтал жас,
жыныстық дамуға әсер ететін, балалардың бойының
қарқынды өсуіне қажет ететін кезең.
Кәсіби топтардың
дене құрылысындағы ерекшелік кәсіби
таңдауға, мамандықтың әсеріне, топтың
жастық құрамына байланысты.Мұнда мамандығына
байланысты топтарға жіктеп қарайды.
Мысалы, спортпен тұрақты және кәсіби
түрде айналысатын адамдардың дене бітімі ірілеу болады.
Әрине, мұнда спорттың түріне, саласына тәуелді.
Ой жұмысымен айналысатын мамандарда бұл параметрлер төмені
әрі еңкіштік басым болады. Ауыр өнеркәсіпте жұмыс
атқаратын жұмысшыларда бойдың және жеке
бөліктерінің ұзындығы көп жағдайда
төмендеу болады.
Ұлтына байланысты
ерекшеленетін топтар тұқым қуалаушылық факторларына
тәуелді, алайда мұны өмір сүру деңгейінен
бөліп қарауға болмайды. Өйткені
ұрпақтың өсуі мен даму дәрежесі өмір
сүру деңгейіне тікелей байланысты. Өмір сүру
деңгейі қоршаған
ортаға (географиялық факторлар), сонымен бірге
уақытқа тәуелді әсер етеді (ғасырлық
өзгерістер), сондықтан ұлттық топтар арасындағы
айырмашылықты сипаттағанда өмір сүретін аймағына
және уақытына назар аударады.
Қазақтарда
бастың айналма өлшемі, жалпы топтағылармен
салыстырғанда 1,2 см-ге үлкен. Дене пропорциясында да
айырмашылықтар бар. Аяқтың ұзындығы, басқа
топтағылармен салыстырғанда қысқа, қолдың
барлық бөліктерінің де ұзындығы
қысқа, дененің жоғары бөлігінің
ұзындығы, бөксенің диаметрі орташа шамадан үлкен.
Иық ені және бөксе ұзындығы шамасы жалпы
топтағы шамадан айырмашылығы жоқ. Қазақтар
салыстырмалы түрде еңкіштеу болып келеді.
Қырғыздардың басының өлшемі
қазақтарға ұқсас болады. Білектің айналма
өлшемінің шамасы жоғары. Қырғыздарда иықтың
айналма өлшемінің шамасы кіші, дененің жоғарғы
бөлігі үлкен, бөксенің, балтырдың, иықтың
ұзындығы қысқа. Басқа топтағылармен
салыстырғанда қырғыздардың жауырынды есепке ала отырып
өлшегендерді арқаның белге дейінгі
ұзындығының шамасы үлкен.
Өзбектердің
денесінің жоғарғы бөлігі салыстырмалы түрде
ұзын, бөксе ұзындығы қысқа, иық
ұзындығы қысқа, еңкіштеу, бөксенің
айналма өлшемінің шамасы кіші болады.
Орыстар, татарлар,
украиндықтар жалпы топтан өзгешеленбейді.
Белорустардың иық
ұзындығы үлкендеу, бөксенің айналма
өлшемінің шамасы кішілеу болады.
Азербайжандарда жалпы топпен
салыстырғанда бөксенің айналма өлшемінің шамасы
үлкен, дененің жоғарғы бөлігі ұзындау,
бөксенің ұзындығы қысқалау болады.
Грузиндерде мойынның
айналма өлшемінің шамасы үлкен, қол айналма
өлшемі, балтыр, бөксенің айналма өлшемдері жалпы топпен
салыстырғанда едәуір жоғары болады. [ 2 ]
Мұнан басқа адам
денесінің сырт пішінін сипаттайтын өлшем белгілерге өмір
жатқан аймақтың географиялық жағдайы да
әсер етеді. Мысалы, экологиялық зиянды деген аймақтарда адам
денесінің өсуіне кедергі жасайтын, дененің
әртүрлі қолайсыз жағдайларда өзгеруіне әсер
ететін факторлар болады. Ал, керісінше, ауасы таза, климаттық
жағдайы жақсы аймақтарда адам денесінің дұрыс
дамуы байқалады.
Жалпы топтың
өзгеруді тұқым қуалаушылық және
модификациялық деп бөлуге болады. Генетикалық
бірыңғайлылық тұқым
қуалаушылыққа байланысты өзгерістерге тікелей
тәуелді. Географиялық ортаның факторлары
өзгерудің бұл түріне әсер етпейді.
Еңбектің
әртүрлі жағдайына, өмір сүруі деңгейіне
және тағы да басқа жағдайларға бейімделген
өзгерістер тұқым қуалаушылық емес
өзгерістерге жатады.
Тұқым қуалаушылық емес
факторларға, ұлт аймақтық топтардың
алуандығын қамтамасыз ететін тұрмыс, тамақтану,
балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері жатады.
Тотальды белгілерге
дененің ірі антропометриялық белгілері жатады: дененің
сыртқы пішінін сипаттайтын және дамудың маңызды
белгілері болып саналатын-бой, кеуденің айналма өлшемі және
салмақ.
Дененің
ұзындығы жасқа байланысты, жыныстық, топтық,
топаралық және ғасырлық өзгерістерге
ұшырайды.
Дене ұзындығының жасқа байланысты
өзгеруі. Жаңа туылған
нәрестенің денесінің ұзындығы: балаларда 51,5 см,
қыздарда – 51,0 см.
Балалар алғашқы
жылдары тез өседі. Бірінші жылы орташа есеппен 24 см-ге өседі.
Мұнан кейін өсу баяулайды. Балаларда жылдық өсуі 3
жасқа дейін – 9,5-10 см, 3 жаста 7 жасқа дейін – 6,0-6,5 см. 10
жастан 13 жасқа дейін қыздар ер балалардан жылдамырақ
өседі. [ 5 ]
Антропологтардың пікірі
бойынша, әйелдер 17-18 жасқа дейін, ерлер -18-20 жасқа дейін
өседі.
Адам денесінің
узындығы 45-50 жасқа дейін бірқалыпты болады, мұнан
кейін әр бес жылда 55 жасқа дейін 0,5 см-ге қысқарады,
55 жастан кейін 0,7 см-ге қысқарады.
Дененің
ұзындығы күні бойы да өзгереді. Кешке шаршаған
кезде дене ұзындығы 1,5-3 см-ге дейін қысқарады.
Дене
ұзындығының жыныстық өзгеруі.
Әйелдердің дене ұзындығы ерлермен салыстырғанда
кіші. Бұл айырмашылық әр аймақтақ топқа
байланысты 8-11 см-ді құрайды.
Дене ұзындығы
орташа есеппен ерлерде - 165 см, әйелдерде – 154 см.
Дене
ұзындығының топтық өзгеруі әр аймақта
тұратын әртүрлі ұлт өкілдерінің дене
ұзындығының орташа шамасының айырмашылығымен
анықталады.
Дене
ұзындығының топаралық өзгеруі біртекті
ұлттық топтар деңгейіндегі топішіндегі өзгерістері
анықтайды. [ 1 ]
Дене
ұзындығының ғасырлық өзгеруі
өмірдің ұдайы өзгерістерге байланысты өлшем
белгілердің ауытқуға ұшыраумен сипатталады.
Кеуденің айналма
өлшемі. Антропологиялық кеуденің айналма өлшемі негізгі
параметрлердің бірі болып саналады.
Адамның жасына байланысты
кеуденің айналма-өлшемінің өзгеруі. Кеуденің айналма өлшемі
жаңа туылған нәрестелерде төмендегіше: ер балаларда –
49 см., қыздарда – 48 см.
Кеуденің айналма
өлшемі қыздарда 18-20 жаста, ер балаларда 25-26 жаста
тұрақталады. Бұл тұрақтылық 25 жастан 40
жасқа дейін созылады, 40 жастан кейін тері астындағы май
қабаттарының ұлғаюына байланысты кеуденің айналма
өлшемінің шамасы артады. Антропологтардың дәлелдегіндей
үлкен жастағы адамдармен салыстырғанда (45-60 жас) кіші
жастағы адамдардың (20-29 жас) кеуде айналма өлшемінің
шамасы 6-7 см-ге кіші. Көкірек клеткасының периметрі 60 жастан
кейін кәрілік инволюция кезеңінің басталуына байланысты кеми
түседі.
Кеуде айналма
өлшемінің жыныстық өзгеруі. Ерлерде кеуде айналма
өлшемінің орташа шамасы (88-89 см) әйелдермен
салтыстырғанда (83-84 см) үлкен болады.
Дене салмағы. Ерлерде орташа салмақ – 64 кг.,
әйелдерде – 56 кг.
Салмақ
өзгеруінің жеке себептері, яғни біртекті адамдар тобында +
18 кг. шамасына дейін өзгеріс болуы мүмкін. Үлкен
адамның салмағы 40 кг-нан аз және 90 кг.-нан артық
болса бұл патологиялық деп есептеледі. [ 4 ]
Салмақтың кенеттен
өзгеруі, әсіресе артуы әртүрлі аурулар және ішкі
секреция бездерінің қызметінің бұзылуы себептерінен
болады. Мұндай жағдайларда дененің салмағы 150 кг.
және одан да жоғары болуы мүмкін.
Салмақтың өзгеру
динамикасы. Өсу кезінде салмақ ұдайы артып отырады.
Салмақтың
өсуі нәрестенің алғашқы жылдарында байқалады.
Салмақ қосудың баяулауы 17 жастан кейін байқалады,
бұл өзгеріс әйелдерде 20 жасқа дейін, ерлерде 25
жасқа дейін созылады.
Салмақтың
қалыпты болуы ерлер мен әйелдерде 25-40 жас болып есептеледі. Ал 40
пен 55 жас аралығында салмақ артады, 40жастан кейінгі
салмақтың артуын май қабаттарының ұлғаюымен
түсіндіреді. Бұл аралықтағы ауытқу
ағзаның жағдайына, тамақтану деңгейіне
тәуелді.
Дененің салмағы
60 жастан кейін кемиді, бұл тіндердегі атрофикалық
құбылыстарға байланысты, ондағы су құрамының
азаю себебінен болады.
Дене салмағының
басқа морфологиялық белгілермен байланысы. Ұзақ жылдар бойы белгілі бір
ұзындыққа сай тұрақты салмақ болады деген
қате пікір болды. Мұнда дененің ұзындығынан 100
см-ді кемітсе дене салмағының шамасы шығады деп
түсіндірді. Алайда, мамандар-дәрігерлер мен антропологтар бұл
пікірдің қате екенін дәлелдеді.Дене салмағы
кеуденің айналма өлшемімен тығыз байланысты. Салмақ
артқан сайын барлық айналма өлшемдердің шамасы
артады.
1.
Ю.С.Куршакова,
Т.Н.Дунаевская, П.И.Зенкевич, А.Л.Пурунджан, Е.В.Спиридонова. Проблема
размерной антропологической стандартизации для конструирования одежды. М.,
“Легкая индустрия”, 1978-255 с.
2.
Т.Н.Дунаевская,
Е.Б.Коблякова, Г.С.Ивлева. Размерная типология населения с основами анатомии и
морфологии. М., “Легкая индустрия”, 1973-232 с.
3.
Ю.С.Куршакова. О
вариабельности различных признаков и способах ее оценки. – “Вопросы
антропологии”, 1965, вып.21, стр. 53-63.
4.
А.И.Мартынова, Д.А.Галун. О
размерных признаках для проектирования одежды в различных государствах и
регионах. // Швейная промышленность №2, март 2005, - с.33-34
5. Г.Гримм. Основы конституциональной биологии и антропометрии. М.,
“Медицина”, 1967-291 с.
Адам денесінің
сыртқы түрпішінін зерттегенде денені төмендегідей ірі
бөліктерге бөледі:
дененің жоғары бөлігі, мойын, бас және
дененің жұпталған жоғарғы және
төменгі соңғы бөлшектері. Дененің бұл
бөлшектерінің сыртқы көрінісі бір-біріне
ұқсамайды.
Дененің
жоғарғы бөлігі өлшемі жағынан басқа
бөліктерге қарағанда ең ірі бөлшек. Дененің
жоғарғы бөлігінде мойын жасаушыдан иық буындарға
дейінгі аралық иық деп аталады. Иық мойыннан бастап
қиғаштау орналасады. Иықтың қиғаш
бұрышы α, НИИА МГУ мәліметтері бойынша, ерлерде-240,
әйелдерде - 21°.
Иықтың
қиғаш бұрышы үлкен (α 1), орташа
(α 2), кіші (α 3) болады. Осы себептерге
байланысты иық түрін төмен, орташа және жоғары
иық деп бөледі. (2 –
сурет).

Cурет 2- Иық түрлері:
а –
төмен; б – орташа; в - жоғары
Кеуденің түрпішіні
ондағы сүйектердің түрпішініне байланысты болады –
көкірек клеткаларына, бұлшықетке, үлкен көкірек
бұлшықеттерінің дамуына, үшінші және жетінші
қабырғалар арасында орналасқан көкірек бездерінің
түрпішіне және дамуына байланысты болады.
12-ші қабырға мен
бөксе арасы бел деп аталады.
Іштің түрпішіні
адамның жасына, жынысына, май қатпарларына, көкірек клеткасы
мен бөксе өлшемінің қатынасына байланысты.
Арқаның
түрпішінігіне омыртқа жотасының пішіні үлкен
әсерін тигізеді. Арқа түрпішіні омыртқа жотасының
бүгілуіне байланысты: мойын, бел аумағы – ойыс, көкірек,
жамбас – дөңес.
Мойын түрпішіні де
әртүрлі.
Мойынның
ұзындығы иық қиғаш бұрышына тәуелді:
иық төмен орналасқан денеде мойын ұзын, ал жоғары
орналасқан денеде мойын қысқа болады.
Дененің
жоғарғы соңғы бөлшектері туралы айтқанда,
бірінші иық көлденең сызығы мен иық алды
бұрышы шынтақ аумағында тік бұрыш болмайды, Бернштейн
мәліметі бойынша, бұл бұрыш β, ерлерде 169-170°,
әйелдер мен балаларда 164°. Ал иықтың денеге қатынасы
бойынша, бұрыш α = 90°, тік (жиі кездеседі), алдыңғы
(иық алдына қарай еңкіш, α ‹ 90°), артқы
(иық артқа қарай еңкіш, α › 90°). (3 – сурет)

Cурет 3-
Дененің жоғарғы бөлігінің пішіні
Дененің
төменгі бөлшектері, яғни аяқтың формасы
қалыпты, х – тәрізді, 0 – тәрізді болып бөлінеді. (4 – сурет)

Cурет 4- Дененің төменгі бөлігінің пішіні:
а – Х - тәрізді; б –
О – тәрізді
Ассиметрияның пайда болуы.
Адам денесін ортасынан екіге
бөлгенде: дененің оң және сол жағы шығады.
Денесі жақсы қалыптасқан адамдардың өзінде
оң және сол жақ денесінің бір-бірінен айырмашылығы
бар екенін байқауға болады. Бұл ассиметрия деп аталады.
Пластикалық анатомия
және антропологияның мәліметтері бойынша, 70% адамның
оң көкірек клеткасы сол жағымен салыстырғанда 0,5-2,0
см-ге енді болады, 75% адамдардың оң қолы сол қолымен
салыстырғанда ұзын.
Дене ассиметриясын
өлшеу кезінде мынаны есепке алады:барлық біржақты
өлшемдерді дененің дамыған, оң жағынан
өлшейді.