ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЗИЯРАТ ЕТУ ТУРИЗМІНІҢ НЕГІЗГІ
НЫСАНДАРЫ
А.Р.
Даулетбаева Тур-14-1тобының студенті
Ғылыми
жетекші: К.А. Байискакова
Ш.Есенов
атындағы КМТИУ
Зиярат ету туризмі деген әртүрлі
конфессиялар өкілдерінің зиярат ету мақсатымен жасалатын
сапарларының жиынтығы.Зиярат ету деген дінге сенуші
адамдардың киелі жерлерге баруы. Жасалу себептеріне байланысты зиярат
етуды былайша бөліп көрсетуге болады:
- физикалық және жан
азаптарынан арылу үшін;
-туғандары мен жақындары
үшін дұға оқу үшін;
-жаны жай табу үшін;
-күнәларынан тазару
үшін;
-құдайға
алғыстарын айту үшін;
-дінге берілгендігін білдіру
үшін;
-өмірдің мәнін
ұғыну үшін [1].
Қазақстанның
әулиелік және зиярат ету орындары бүгінгі таңда ғылыми
әлемнің қызығушылығын оятып, дәйекті
деректермен қолдау туғызуда.Зиярат ету орындары туризмді
дамытуға да зор үлесін қосып келеді.Туризм – тарих,
мәдениет, өнерді білуді насихаттаумен қатар, олардың
қалпына келуін, дамуын қажет етеді.
Қазақстан жерінде орта
ғасырдан сақталған керемет сәулет өнерінің
туындысы түркі халықтарының рухани пірі Қожа Ахмет
Ясауи әулие кесенесін Қазақстандағы бүкіләлемдік
мұралар тізіміне (ЮНЕСКО) алынған тарихи ескерткіш (2003 жыл,
маусым айы).
Қорық музейі Түркістан қаласында көне Жібек Жолы
бойында қазіргі Шымкент-Қызылорда автожолының бойында
Тәуке хан даңғылы мен алматы алаңының
қиылысында орналасқан. Қорық музейдің құрамында
100-ден астам тарихи-мәдени және археологиялық ескерткіш бар.
Олардың жалпы қорғау аймағы 529,4 гектарды алып жатыр.
Ал кесене орналасқан қаланың тарихи орталығының
қорғау аймағы 88,7 гектар. Осы аймақта орналасқан
8 тарихи ескерткіш музейлендіріліп халыққа қызмет
көрсетіп жатыр.
Ахмет Ясауи кесенесіТүркістан
қаласында ХIV ғасырдың соңында
тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Қожа Ахмет Ясауи
дүние салғаннан кейін халықтың көп жиылуымен
өзіне арнап соғылған кішкене мазарға жерленеді. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай
тәуеп ету орнына айналды.Түркістан қаласындағы Ахмет
Ясауи ғимараты – орта ғасырлық сәулет
өнерінің көрнекті ескерткіші. Ол XIV ғасырда өмір
сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне
түркі ақыны, софизмді уағыздаушы Ахмет Ясауидің
(Яссы-дан шыққан деген мағынада) бейітінің басына
орнатылған. Оңтүстік Қазақстанда Сайрам деген
жерде туған Ахмет Ясауи сол кездегі ғылым мен ағартудың
орталығы ретінде белгілі болған Отырар қаласында білім алады.
Софизм идеяларын
уағыздап, өзі де оны берік ұстана отырып,
жоқшылықта өмір сүреді. Сондықтан да, оны
жергілікті халық Әзірет Сұлтан деп атап кетеді.Ахмет
Ясауидің уағыздаушы және ақын ретінде атағы
кең жайылып, оның «Диуани Хикмет» («Даналық жайындағы
кітап») атты діни өлеңдер жинағы көне түркі
тілінде жазылғандықтан, жергілікті халыққа
түсініктілігі арқасында талай мәрте қайта
көшіріліп, бірнеше рет басылған.
Халық
аңыздарында Түркістандағы әулиенің аруағын
атақты қолбасшы, бүкіл Шығысты тітіренткен
Ақсақ Темірдің айрықша сыйлап өткені айтылады.
Оның әмірімен Ахмет Ясауи қайтыс болғаннан екі
жүз жыл кейін қирап бітуге таянған кішкене ғана
мазардың орнына, дүние жүзілік сәулет
өнерінің белгілі ескерткіші орнатылды.Ғимараттың кіре
беріс есігінің ішкі маңдайшасында қазірге дейін жақсы
сақталған жазудан мынадай сөздерді оқуға болады:
«Бұл әулие мекен Алла тағаланың рахымы жауған
падиша Әмір-Темір Көрегеннің жарлығы бойынша
орнатылды... Алла тағала оның әмірінің ғасырлар
жасауына нәсіп етсін!»Қожа Ахмет Ясауи кесенесі талай
ғасырдан бері мұсылманшылықтың алтын бесігі болып
келеді. Оны бүкіл қазақ жұрты, түркі әлемі
ерекше қасиет тұтады.Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – түркі
әлемінің рухани орталығы.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде және оның
төңірегінде Жолбарыс хан, Есім хан, Абылай хан, Әмір Темірдің шөбересі Бабыр хан, Қаз дауысты Қазыбек би, Жәнібек батыр, т.б. белгілі адамдар жерленген.
Арыстанбаб кесенесі. Қожа
Ахмет Яссауидің "Диуани Хикмет" еңбегінде Арыстанбаб
оның алғашқы ұстазы ретінде аталған.
Отырар мемлекеттік
археологиялық қорық-мұражайында
бұл шығарманың қолжазбасының жаңа
тарауы табылды.
Мешіт болып табылатын кесененің қазіргі
бөлігін зерттей келе В.В.Константинов: "Намаз оқитын залы
жоспарының кескін үйлесімі әдетт төрт немесе алт
дөңгелек бағаналардан тұратын шаршы тіреп болатын
ежелгі мешіттердің (ІХ-ХІІІ ғғ.) жоспарлауын еске
түсіреді" деп жазады.
Ибраһим Ата күмбезі. Орта
ғасырларда ислам дінін насихаттау орталықтарының
біріне айналған көне Сайрамда көптеген діни
ғұламалар, ұстаздар пайда болған еді. Солардың
бірі - атақты Қожа Ахмет Иассауидің әкесі Ибрахим ата
мыңдаған мүриттерге ұстаздық қылған.
Ол жасаған ХІ ғасыр ислам дінінің құлашын
кең жайып, халықтың жүрегіне жол тауып тұрған
бір дәуір еді. Ибрахим Атаның диқаншылық кәсібі
де болды. Сонымен қатар ел арасында ол кісінің әулиелік,
көріпкелділік кереметтері туралы аңыздар таралған.
Қасиетті бабамыздың шығу, таралу тегі туралы шежіре жазбалары
Сайрам мұражайында сақтаулы.
Айша – бибі кесенесі. Aйша бибі (ХІ - ХІІ
ғғ.) Қараханидтер әулетінің негізін қалаушы
Қараханның қалыңдығы, қазіргі Тараз
қаласының жанындағы, сонау скифтер заманынан бастап ақ
қазақтың қол өнеріне енген, содан бері
қолданылып келе жатқан ою өрнек , әшекей түрлерінің
бәрін қамтитын күрделі арихитектуралық әсем
ескерткіштің иесі. Айша бибінің кім екені жөнінде
атадан балаға қалған аңыз болмаса, тарихи деректер жоқ.
Ал, аңыз оны төрт түліктің бірі сиыр малының
атасы деп есептейтін Зеңгі бабаның қызы еді дейді.
Айша-бибі
кесенесі – бұл жер бала көтере алмайтын және мықты
жанұя сұрайтын әйел адамдар аса киелі тұтатын жер болып
саналады[2].
Маңғыстаудың тарихи зиярат
ету орындарына келетін болсақ, бұл өлке зиярат ету орындарына
бай өлке.Маңғыстауды 362 әулиелі киелі мекен дейді,
бірақ біздегі әулиелер саны одан да көп. Соның ішінде
халық білетін,тіпті шет елдерден зиярат етіп, тілеуін тілеп,адамдар
ағылып келіп жататын киелі орын -Бекет Ата жер асты мешіті.
Бекет Ата
Мырзағұлұлы (1750- 1813) - әулие, халық батыры, абыз
көреген, ағартушы, сәулетші. Туып, өскен жері Жем
өзені бойындағы Ақмешіт Құлжан,
Маңғыстау өңірі. Бекет Атаның білімдарлық,
батырлық, әділдік, еңбексүйгіштік, абыз
көріпкелдік қасиеттері өз дәуірінде ерекше
танылған. Халық оны айрықша қадірлеп, әулие
тұтқан. Адайлар өзінің ұранына айналдырған.
Халық Бекет Атаның өмірін, қысылғанға жар
болған ерекше қасиетін, әулиелігін ықыласпен
әңгімелеп, ұрпақтан ұрпаққа
ұластырған.Бекет Ата төрт мешіті бар. Оның бірі
маңғыстаудан қашық емес, Оғыландыда, екіншісі Бейнеуде, үшіншісі Жем
бойында, төртіншісі Арал жағасындағы Баялыда дейді. Бекет Ата
бүл мешіт-медреселерде құдайға
құлшылық еткен, бала оқытқан. Бекет Ата
ескерткішінің бірі - Жем өзені бойындағы Ақмешітте, Құлсары қаласына
жақын жерде. Әктасты жартасқа қоржын там етіп ойып
жасалған шағын ғимарат. Оның басына кейін қос
кесене тұрғызылған. Екіншісі - Ескі Бейнеуде, ұлутасты
шатқалға қашалған. Бөлмелері құлап,
үгітіліп, байырғы қалпын жоғалта бастаған.
Баялыдағы ескерткіш-ғимараттың жай-күйі мәлім
емес. Бекет Атаның Оғыландыдағы жер асты ғимараты
жақсы сақталған. Оңтүстік Үстірттің
Маңғыстау ойысына тірелген бір тұмсығының
үзіліп қалған шоқысына қашалған.
Үш-төрт қанат киіз үй көлеміндей үш
бөлме. Бекет ата мүрдесі осы бөлмелердің бірінің
іргесіне қашап орналастырылған. Немересі Мұрынньң
мүрдесі де осы бөлмеге қойылған. Кіреберіс
бөлмеден жоғары шығатын есік арқылы жоғары
бөлмеге баруға болады. Онда Бекет Атаның қызы
жерленген.
Сұлтан
епе жер асты мешіті – діни сәулет
өнері ескерткіші. Форт-Шевченко қаласының
солтүстік-шығыс жағынан 57 км жерде, Сарытас
шығанағына таяу, Сұлтан епе сайының Жоғарғы
жағында орналасқан. Сайдың жоғарғы жағынан
ойып жасалған мешіт бір-біріне жалғасқан 11 бөлмеден
тұрады. Мешіттің шығыс беткейіндегі баспалдақ
төбесі тас бағандармен бекітілген орталық бөлмеге
апарады, бөлмелердің төбесінен жарық түсіру
үшін ойықтар жасалған. Сол жердегі қорымда сырық
ағаштары шаншылған екі дөңгелек тас қоршаудың
ортасындағысы Сұлтан епенің зираты болып табылады. Ел аузында сақталған аңыз бойынша Сұлтан
епе кезінде Маңғыстауға келген Қожа
Ахмет Иасауидің шәкірттерінің бірі ретінде аталады; ал
тарихи деректерге жүгінсек, шамамен 12 – 13 ғасырларда өмір
сүрген Құл Сүлейменнің (Хәкім атаның)
баласы делінеді. Оның есімі ел ішінде «Баһрғани»
жазбасының иесі және су апатынан сақтаушы ретінде белгілі
болған. Адамдар «Сұлтан епе сақтай гөр пендеңді
су апатынан» деп сиынған және күн күркірегенде де осы
адамның атын атайтын болған. Мешітке тазалау жұмыстары (1980,
2003) жүргізілген; жер асты мешіті (1982) мен ол орналасқан табиғи
сай (1993) жергілікті дәрежеде мемлекеттік қорғауға
алынған.
Қараман ата жер
асты мешіті – діни ескілікті
сәулет өнері ескерткіші.
Қараман ата қорымы Маңғыстау ауданы Шетпе кентінен 35 км
қашықтықта, Бекі елді мекенінің батыс
жағындағы Қандыбас қырқасына таяу, Қандыбас
қыстағының батысынан 5 км жерде орналасқан. Мешіт тау
шатқалының төменгі қабатынан табиғи
үңгірлерді пайдалана отырып, ойып жасалған. Мешіт
құрылысы үш бөлмеден тұрады: кіреберісінде бір бөлме, оған
жалғас намаз оқитын зал, үлкен бөлменің
төбесі тастан құралған бағандармен бекітіліп
шегенделген. Екі бөлменің төбесінен жарық
түсетін дөңгелек терезелер ойылған. Қорым мен жер
асты мешіті Маңғыстаудағы киелі орындардың бірі болып
саналады.Жер асты мешіті мен қорым 1982 жылы республикалық
дәрежеде мемлекеттік қорғауға алынған[3].
Осы
аталған зиярат ету орындарының жас ұрпақты
тәрбиелеуде де, туризм саласында да алатын орны маңызды.
Бүгінгі күні Қазақстан
бойынша ежелден сақталып, мұра болып келе жатқан, өткен
тарихымызды баяндайтын тарихи ескерткіштер,әулиелі,киелі мекендер саны
өте көп. Біз осы
мүмкіндіктеріміздітуризм саласын да дамытуға қолдана білуіміз
керек. Қазақстанда зиярат ету туризмнің болашағы зор.
Әдебиеттер тізімі:
1.
А. В. Бабкин Специальные виды туризма учебное пособие
Ростов-на-Дону2008
2. «Қазақстан»:
Ұлттық энциклопедия Ә.Нысанбаев Алматы - «Қазақ энциклопедиясы»
1998 ж.
3.
С. Қондыбаев
«Маңғыстау географиясы», 2008 ж.