Маңғыстау
облысының шағын және орта бизнес
даму жолдары
Абдиева Саясат Рахметовна
Ш.Есенов атындағы Каспий
Мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті, «Менеджмент»
кафедрасының аға оқытушысы, Ақтау қаласы
Қарақойшев Абзал Бақытжанұлы
Ш.Есенов атындағы Каспий
Мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті, ГМУ-13-1
тобының студенті
Ақтау қаласы
Кәсіпкерлік
адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің
басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған
кезінде атақты неміс экономистісі, Гарворд профессоры Иозиф Шумпетер
(1883-1950жж) мән берді. Оның айтқан мынадай сөзі
эпиграф болып саналады «Кәсіпкер болу – басқаның істегенін
істемеу».
Екінші
жағынан алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар.
Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сей (1767-1832жж) былай деген
«Кәсіпкер — адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында
ұйымдастыратын адам».
Кәсіпкерлік
терминін алғашқы рет ағылшын экономисі – Ричард Контильон
(1650-1758жж) енгізді. Бұл ұғымға ол
нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу
мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін
жатқызады.
Экономикалық
әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама
түрінде қарастыру жиі кездеседі. Бизнес пен кәсіпкерлік
жақын ұғым болғанмен, оларды бір-бірімен баламалап, теңестіріп
қарауға болмайды. Бизнес – табыс әкелетін кез келген
қызметтің түрі. Рас, бизнес кәсіпкерлік қызметпен
тығыз байланысты. Кәсіпкерлік – новаторлық іс. Нағыз
кәсіпкер – ол өнертапқыш. Сондықтанда бизнеспен
айналысатын адамдар, осы көзқарас тұрғысынан
ешуақытта кәсіпкер бола алмайды. Нарық жағдайында
кәсіпкерлік қызмет көп нышанда болады. Оларды мына
түрге бөлуге болады:
1.
Масштабы бойынша: шағын, орта, ірі кәсіпкерлік.
2.
Кәсіпкерліктің субъектілері бойынша: кәсіпкерліктің
субъектілері экономикалық қызметтің әр түрлі
қатысушылары – жеке тұлғалар, келісімшарт міндеттемелерімен,
ортақ экономикалық мүдделерімен, біріккен адамдар тобы,
яғни ұжымдық кәсіпкерлік, серіктестік, кооперативтер,
акционерлік қоғам, холдингтер және осыған
тәріздес мемлекеттік кәсіпкерлер бола алады [1].
Кәсіпкерлік
– бұл шаруашылық жүргізудің әдісі және
өз бетімен жұмыс істеуге негізделген экономикалық
ойлаудың ерекше типі. Кәсіпкерлікті дамытудың басты
сәті нарық экономикасында бәсекелестік отанын
құру үшін ғана емес, сонымен қатар еркін
кәсіпкерлік үшін жол ашатын мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік
меншікті жекешелендіру болып табылады. Әр бір заттың немесе
құбылыстың өзіне тән даму және
қалыптасу тарихы бар. Сол тәрізді кәсіпкерліктің даму
тарихы талай ғасырларды қамтиды. Дегенмен қазіргі
түсініктің орын алуы капитализмнің қалыптасу және
даму кезеңіне сай келеді. Буржуазиялық саяси экономияда
кәсіпкерлік түсінігі XVIII ғасырда пайда болды, сонымен
қатар «меншік иесі» деген түсінік алды.
Облыста
облыстық маңызы бар 2 қала (Ақтау қаласы,
Жаңаөзен қаласы), 5 ауылдық аудан (Форт-Шевченко
шағын қаласын қоса алғанда), 1 кент, 27 ауылдық
округ (59 ауыл) орналасқан.
Облыс
Каспий өңірінің мультиұлттық жүйесіне
шығатын Қазақстан Республикасының шекара
бойындағы облысы ретінде қуатты транзиттік,
көлік-логистикалық және халықаралық маңызы
бар инфрақұрылымдық-сервистік әлеуетке ие.
Облыс
аумағы арқылы Шығыс Еуропаны Орталық Азиямен және
Солтүстік Еуропаны Парсы шығанағының елдерімен
қосатын ТРАСЕКА және «Солтүстік- Оңтүстік» екі
халықаралық көлік дәлізі өтеді.
Халықаралық
сарапшылардың бағалауынша, Қазақстанның туристік
көзге көрінерлік орындарының үштен бір бөлігі
Маңғыстау облысында орналасқан. Облыстың Каспий
теңізінің жағасында географиялық ыңғайлы
орналасуы негізгі туристік ағындарды шығаратын елдерге
жақындауын қамтамасыз етеді.
Көлік
логистикасы және туризм облыстың маңызды бәсекеге
қабілетті басымдықтарымен анықталған, олар экономиканы
әртараптандыруға және жаңа жұмыс орындарын
құруға ықпал етпек [2].
Қазақстан
Республикасы Статистика Агенттігінің деректері бойынша 2014 жылғы 1
қаңтардағы жағдай бойынша облыстағы шағын
және орта кәсіпкерліктің белсенді жұмыс істейтін
субъектілерінің саны өткен жылдың тиісті кезеңімен
салыстырғанда 9,8%-ға артып, 31500 бірлікті құрады.
Шағын
және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың
саны өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 6,4%-ға
артып, 85 824 адамды құрады.
Шағын
және орта кәсіпкерлікте жұмыспен
қамтылғандардың облыс халқының экономикалық
белсенді халықының жалпы санындағы үлесі 31,9%
құрады (01.01.2014 жылғы жағдай бойынша), бұл
өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2,5
пайызды орынға жоғары.
Шағын
және орта кәсіпкерлік субъектілері 344,9 млрд. теңге сомасына
өнім (жұмыстар, тауарлар және қызметтер) шығарды,
бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда
1,9%-ға артық [3].
«Бизнестің
жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша
Маңғыстау облысы үшін 2013 жылға 1 457,9 млн.
теңге бөлінді. Маңғыстау облысын индустриялық
дамыту жөніндегі өңірлік Үйлестіру
кеңестерінің отырыстарында 3196 млн. теңге жалпы сомасына 41
жоба, оның ішінде:
- «Бизнес
жобаларды қлдау» атты бірінші бағыттың пайыздық
мөлшерлемені субсидиялауға – 3 154,2 млн. теңге жалпы
сомасына 33 жоба;
-
кредиттерді кепілдендіруге – 30,3 млн. теңге жалпы сомасына 4 жоба
(оның ішінде мемлекеттік қолдау сомасы 6,0 млн. теңгені
құрайды);
- мемлекеттік
гранттар беруге – 12,0 млн. теңге сомасына 4 жоба мақұлданды.
Моноқалаларды
дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған
бағдарламасының» аясында кәсіпкерлікті дамыту үшін
облыс үшін 2013 жылға 213 млн. теңге бөлінді. 8 жоба,
оның ішінде пайыздық мөлшерлеені субсидиялау бойынша – 3 жоба
мақұлданды; мемлекеттік грант тар беру бойынша – 5 жоба
кепілдендірілді [3].
«Жаңаөзен
қаласында кәсіпкерлікті дамытудың 2012-2014 жылдарға
арналған арнайы жоспары» бағдарламасының аясында 2013
жылға 135,0 млн. теңге бөлінді. 24 жоба, оның ішінде –
пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға – 22, кредиттерді
кепілдендіруге – 2 жоба мақұлданды.
Қазақстан
Республикасының рұқсат беру жүйесін одан әрі
реформалаудың 2012-2015 жылдарға арналған
тұжырымдамасын іске асыру мақсатында, облыс әкімі
жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама
кеңесі 2013 жылы Маңғыстау облысы бойынша рұқсат
беру рәсімдері (құжаттары) мен мәлімдемелерді
түгендеу бойынша жұмыс жүргізді.
Маңғыстау
облысында 24 мемлекеттік органда, оның ішінде 7 қала мен аудан
әкімдіктерінде; 9 облыстық басқармада; 8 аумақтық
басқармада бекітілген ережелеріне сәйкес рұқсат беру
құжаттары беріледі.
Көрсетілген
жұмыс үдерісінде «А» бөлігіндегі рұқсат беру
құжаттары (рәсімдері) паспорттарының 17 түрі,
рұқсат беру құжаттарынның талаптары мен оларды
беру шарттары, оның ішінде:
1)
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен
бекітілген рұқсат беру құжаттарының 151
түрі;
2)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен
бекітілген рұқсат беру құжаттарының 115
түрі;
3)
Маңғыстау облысы әкімдігінің және қалалар
мен аудандар әкімдіктерінің қаулыларымен бекітілген
рұқсат беру құжаттамаларының 8 түрі
қаралды.
Жоғарыда
санамаланған «А» бөлігіндегі рұқсат беру
құжаттарының (рәсімдерінің) толтырылған
паспорттары, рұқсат беру құжаттарынның талаптары
мен оларды беру шарттары, Қазақстан Республикасы
Үкіметінің жанындағы Рұқсат беру жүйесін
жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның
қарауына жолданды [4].
Тұтастай
алғанда, облыстағы шағын және орта
кәсіпкерліктің дамуы халықтың жұмыспен
қамтамасыз етілуінің жоғарылауын және кедейлік
деңгейінің төмендеуіне мүмкіндік береді. Алайда,
облыстың шағын кәсіпкерлігі әлі де әлсіз әртараптандырылғанын,
инновациялық белсенділігі төмен инертті болып табылатынын мойындау
керек. Бұл экономика құрылымында мұнай секторының
басым болуына байланысты (90%-дан астам).
Күшті
жақтары:
шағын
және орта бизнеспен айналысатын кәсіпкерлік субъектілер
санының, шағын және орташа бизнес өндірісі
көлемінің көбеюі;
шағын кәсіпкерлікті дамытатын нарықтық
инфрақұрылымның болуы: «Даму» кәсіпкерлікті дамыту
қоры» АҚ, ШКҰ, кәсіпкерлер бірлестігі және т.б.
Әлсіз жақтары:
қаржы
проблемалары: кепілдік қамтамасыз етудің болмауына,
сыйақының пайыздық мөлшерлемесі жоғары
болғандығына, несие беру мекемелерінде құжаттарды
ұзақ мерзім қарастыратынына, салық салу саласында
жеңілдіктердің жоқтығына, несиелік қатынастар
саласында жеңілдіктердің жоқтығына байланысты несиелік
қорларға қол жетімділіктің шектеулі;
кадрлық
проблемалар: меншік иесі мен қызметкерлерде тәжірибенің
жеткіліксіздігі, білікті кадрлардың тапшылығы;
шағын
және орташа бизнеске қатысты НҚА жетілмеуіне қатысты
проблемалар; заңды көмектің болмауы немесе жеткіліксіздігі,
кәсіпкерлердің өз ісін жете білмеушілігі;
салалық
теңгерілмеу және шағын және орташа бизнес
диверсификациясының төмен деңгейі.
Мүмкіндіктері:
шағын және
орта кәсіпкерлікті кластерді қалыптастыру мен дамытуға тарту;
ірі және орташа
кәсіпорындармен өзара пайдалы кооперативтік байланыстарды
франчайзинг және аутсорсинг принциптеріне негіздеп нығайту;
шағын
кәсіпкерліктің өндірістік инфрақұрылымын дамыту
үшін әлеуеттің болуы;
нарықтағы
сұраныс пен ұсыныстар, бәсекелестер, шикізат берушілер, дайын
өнімді сату мүмкіндіктері және тендерлерге қатысу
мүмкіндіктері туралы ақпарат банкін қалыптастыру;
шағын
кәсіпкерліктің тиімді қызмет етуін қамтамасыз ететін
нарықтық инфрақұрылымды дамыту.
Қауіптері:
бірқатар
шағын және орташа кәсіпорындардың банкрот болуына
байланысты жұмыссыздықтың жоғарылауы, қылмыс
туғызар жағдаяттың, әлеуметтік шиеленісудің жоғарылауы;
ішкі нарықтың
импортқа тәуелді болуының жоғарылауы.
Әдебиеттер тізім
1. http://bigox.kz/
2. сайт www.mangystau.kz;
3.
cайт
www.stat.mangystau.kz;
4. Маңғыстау
облысының 2011-2015 жылдарға даму Бағдарламасы.