Байгалиева А.О.

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті

Ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етудегі мемлекеттік саясат

 

Қазіргі таңда біздің мемлекетіміздің қоғамдық дамудың демократиялық формасына өтуі, мемлекеттік билік пен басқарудың жаңа халықаралық-құқықтық негіздерін іздеуі біздің мемлекетіміздің дамуы процестерін ғылыми-теориялық ұғыну қажеттілігін анықтады.

Мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтары «Қазақстан - 2030» Стратегиясында көрсетілген болатын. Аталған бағдарламаның жүзеге асырылуы қоғамның экономикалық, саяси, әлеуметтік жаңартылуына әрекет ететін болады. Президент жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында саяси нарықтың заманауи конъюнктурасының векторларын есепке ала отырып азаматтық қоғам институттары дамуының негізгі бағыттарын айқындайды. 

Қазақстанның саяси жүйесі өз дамуының жаңа кезеңіне жақындады. Оның барлық элементтерінің өзара әрекетін модернизациялау осы кезеңнің мазмұны мен мәні болуы тиіс.

Мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру үшін саяси диалог институттарының әлеуетін белсенді қатыстыру және пайдалану, қоғамның барлық топтарының мүдделерін үйлестіру қажет. Шағын және орта бизнесті, саяси партияларды, қоғамдық қозғалыстарды заңнамалық және атқарушылық билік аймағында шешімдерді қабылдауға тарту әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың сапасын, қайтарымдылығын және тиімділігін арттыруға, сондай-ақ тәжірибеде жүзеге асуына мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта мемлекеттік биліктің қоғаммен және оның негізгі институттарымен толыққанды диалог жүргізуі өзекті болып табылады. Мұны сәйкесінше саяси партиялармен және қозғалыстармен ұсынылған оппозицияға, сонымен қатар коммерциялық емес үкіметтік емес ұйымдардан тұратын азаматтық қоғам институттарына да жатқызуға болады.

Алдын-ала қабылданған ережелер бойынша және халықаралық қадағалаушылар бақылауында билік пен азаматтық қоғам институттары диалогы қарама-қайшылықтарды жою қбілеттілігі мен олардың алдын-алудыі тиімді әдісі болып табылады.

Бұл, ақырғы нәтижесінде қоғамның барлық топтарын демократиялық және құқықтық мемлекет идеясы айналасында шоғырлауға, мемлекеттің тұрақты қызмет істеуі мәселесін шешуге көмектеседі.

Бүгінгі күнге біздің елімізде көп паритялылықтың және саяси плюрализмнің дамуы жеткілікті қарама-қайшылықты сипатқа ие, содан отандық партиялар өзінің орындайтын функциялары бойынша азаматтық қоғамның институты статусын ала алмай отыр. Біздің мемлекетіміздің бүгінгі партиялық жүйесі қызмет етуінде бірқатар нәрселерді айта кетуге болады.

Халық арасында көптеген партиялардың халық арасында танымалдылығы деңгейі өте төмен. Бұл партиялардың төмен белсенділігін көрсетеді, оларда елдегі әлеуметтік-саяси жағдайына әсер етудің нақты механизмдері жоқ. Сонымен бірге көмескі әлеуметтік базасы байқалады. Олар өздерінің тұрақты жақтаушыларын таппаған.

«Нұр-Отан» ХДП-нан басқа барлық партиялар халықпен тек қана сайлау кезеңде ғана жұмыс жасайды және тұрақсыз сипатта.

Көптеген партиялардың бағдарламаларының бір-бірінен айырмашылығы жоқ.

Қазақстандағы дамыған азаматтық қоғам институттарының бірі үкіметтік емес ұйымдар. Олар қандай да бір шамада мемлекет пен азаматтар арасындағы дәнекерші рөлін атқарады, өздеріне әлеуметтік қайта құрулардың және қоғамдағы жұмыстардың ке»бір функцияларын алады, әлеуметтік сфераның әртүрлі мәселелерін шешуге белгілі бір үлесін қосады. Бұл жоспарда БҰҰ Даму Бағдарламасымен үлкен жұмыстар жүргізіледі. Жұмысының маңызды бағыттарының бірі болып мемлекеттік басқару әлеуетін дамытумен жетілдіру болып табылады. Мұнда, олар мемлекеттік басқаруды барлық деңгейлерде елелдің істерін тұтастай басқару мақсатында экономикалық, саяси, әкімшілік билікті түсінеді. Мемлекеттік басқарудың ашықтығы және есеп беруге міндеттілігінің көптеген қырлары мен өлшемдері бар және ол арнайы институттар мен процедуралардың тұтастай жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі.

Қазақстанда азаматтық қоғамның құрылуы мен толыққанды қызмет етуі біздің мемлекетіміздің дамуының маңызды құраушысы болып табылады. Осыған байланысты толыққанды азаматтық қоғам жалпы қабылданған көрсеткіштермен анықталады.

Азаматтық қоғамның саяси-құқықтық параметрлері:

·       Билік өкілеттіктерінің орталықсыздандырылуы, билікті бөлу, азаматтардың мемлекеттік және қоғамдық істерге араласуына қолжетімділік, саяси плюрализм, мемлекеттік емес БАҚ, өмірдің барлық аймағында адам құқығын қамтамасыз ету.

·       Экономикалық параметрлер: дамыған көп құрылысты экономика, жеке меншік формаларының әр түрлілігі, нарықтық қатынастар.

·       Рухани және мәдени-өнегелі параметрлер: либералды құндылықтар мен идеалдар, идеология плюрализмі, ар-ұят пен адамгершілік еркіндігі.

·       Мемлекет пен азаматтық қоғам институттары арасындағы өзара байланыстың құрылуы мен дамуы бірнеше түрде жүргізілуі керек: бәсекелестік, серіктестік және ынтымақтастық түрлерінде.

Қазақстандағы ішкі саяси жағдайда билік пен әртүрлі саяси күштердің арасындағы компромисс қана емес, сондай-ақ азаматтық қоғамның әр түрлі сегменттері арасындағы келісім де өзекті болып табылады. Ымыраға келу қазақстандық дамудың маңызды сұрақтары бойынша қоғамдық консенсуске жету жолында аралық кезең болып табылады.

Мемлекет пен азаматтық қоғам институттары өзара әрекеті қазақстандық қоғамның ішкі саяси тұрақтылығы мен әрі қарайғы демократияландыруды нығайтудың маңызды факторы болып табылады.

Еркін баспасөз, радио, телевизия, Интернет Қазақстан Республикасы ұмтылатын азаматтық қоғамның тірегі болып табылады. Яғни бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігі аясы тар мақсат емес, демократиялық мемлекеттік құрылымды құрудың амалы болып саналады. Осыған байланысты баспа еркіндігі мен электронды БАҚ-ына жәрдемдесу азаматтық құқығы мен еркіндігін бекітуге жәрдемдесу дегенді білдіреді. Сондықтан да бұқаралық ақпарат құралдарына қолдау көрсету, айталық, Францияда кез келген демократиялық мемлекеттің ішкі саясатының маңызды компоненті болып табылады. Қазақстанда ҚР Конституциясында саяси партияларды қаржыландыруды қарастыратын түзетулер енгізілген. Ал бұл биліктің елдің Негізгі Заңында айтылғандай демократиялық республика құрудағы стратгиялық бағыттарынан шығатын саяси плюрализмге қолдау көрсетуге ұмтылатынын білдіреді. Ал бұқаралық медиа ақпараттық, сәйкесінше саяси плюрализмді құрайды. Еркін БАҚ азаматтық қоғамның барлық топтарының пікірін білдіреді және үкіметтің еркін азаматтарының мүдделерін көрсететін жағдайларын қамтамасыз етеді, ал азматтар өз үкіметін бақылауда ұстайды.  

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.   Масанов Н. Национальный политический диалог. — Алматы, 2003.

2.   Дьяченко С.А. Власть и НПО в Казахстане: стратегия, формы и механизмы сотрудничества: уч. пособие. — Астана, 2006.