ӘОЖ 37.01:37.036.5:373.3
Кіші мектеп
жасындағы оқушылардың сыныптан тыс кезде
шығармашылық қабілеттерін дамытуда педагогикалық ерекшеліктері
Қазақстан
Республикасы, Шымкент қаласы, Қазақстан
инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университеті,
п.ғ.к., профессор Елтаев Ә.Ж., магистрант Қанжігіт Д.Е.
ТҮЙІНДЕМЕ
Бұл мақалада бастауыш сынып оқушылардың
шығармашылық қабілеттерін дамытудың
педагогикалықмәселелер қарастырылады
РЕЗЮМЕ
В данной статье раасматриваются педагогические вопросы
формирования творческих способностей учащихся начальных классов
Білім беру ұйымдары мен балалардың
қоғамдық ұйымдарының тәрбие беру
әлеуетінің тиімділігі төмен болып отыр, мектептерде
еңбекпен тәрбиелеу және кәсіптік бағдарлау
жүйесі жойылған, мектептердегі және мектептен тыс
ұйымдардағы көркем-шығармашылық үйірмелерінің,
балалар мен мектептің қоғамдық ұйымдарының
қызметі дұрыс жолға қойылмаған деген, «Қазақстан
Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары
туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің жоспарында
жарияланған мәселелері біздің
мақаламыздың көкейкестігін анықтады.[1]
Қазіргі қоғамымыздың
қойып отырған талабына сәйкес балалардың өмірден
өз орнын таңдай алатын, экономикалық тұрғыдан
іскерлігі мен ойлау қабілеті дамыған, тығырықтан жол
таба алатын, істің нәтижесін болжай алатын, іскер, тапқыр,
адамгершілігі қасиеті мол білгір азаматтарды қалыптастыру,
тәрбиелеуге айрықша көңіл аударылып отыр.
Сыныптан тыс бастауыш сынып
оқушылардың шығармашылық қабілеттерін
қалыптастыру процесін ұйымдастырушы және жүзеге асырушы
тұлға - мұғалім. Мұғалім арнайы
дайындықтың өткен және кәсіби деңгейде
педагогикалық қызметпен айналысатын, яғни педагогикалық
заңдылықтар негізінде әрекет ететін, белгіленген тәртіп
бойынша өзінің кәсіби заңдылығын саналы
жоғары дәрежеде орындайтын тұлға болып табылады.
Мұғалімнің басты
педагогикалық функциясына (құзіреті) оқыту,
тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру процестерін басқару жатады.
Мұғалімнің кәсіби
және қоғамдық функциясының аса
маңыздылығы, мұғалімнің
тұлғалық және шығармашылық қалыптасуы
мен оның даярлығына ерекше талап қойылады. Ең басты
талап ретінде мұғалімнің педагогикалық
қызметінің табыстылығын анықтайтын кәсіби сапалар
жүйесі алынады.
Сыныптан тыс бастауыш сынып
оқушылардың шығармашылық қабілеттерін
қалыптастыру процесін ұйымдастыру негізгі педагогикалық
функция ретінде нақты тәрбиелілік әрекеттерін қамтиды.
Кез келген педагогикалық әрекетті жүзеге асырудың
нәтижелілігі – мұғалімнің кәсіби дайындығы
мен шеберлігіне тікелей тәуелді құбылыс. Мұғалімнің
кәсіби шеберлігі оның шығармашылығын меңгеру
дәрежесіне қатысты, сол арқылы саналы білім беру
қамтамасыз етілетіні белгілі.
Бастауыш мектепте білім беру мұғалім
қызметінің сапалылығына сынып мұғалімі
оқушының сауатын ашу, тілін, ойын дамыту,
шығармашылығын қалыптастыру секілді басты дидактикалық
міндеттерді шеше білу жатады. Аталған дидактикалық міндеттерді
жүзеге асыруда мұғалімнің педагогикалық
шеберлігін жеткілікті қалыптасуы оқушының
шығармашылығын қалыптастырудың негізгі
педагогикалық шарты болып табылады.
Алайда оқушының шығармашылығын
қалыптастыруда қажетті педагогикалық принциптері мен
формалары зерттеу жұмысымыздың өте маңызды мәселе
ретінде қаралуы проблеманың көкейкестілігін көрсетеді.
Шығармашылық іс-әрекетінің түрлі аспектілерін, білім
берудегі мазмұнын, оны оқу үрдісінде пайдалану
мәселелерін педагог ғалымдар зерттеген. Осы ғалымдардың
пікірінше, шығармашылық тәрбие жұмыстары арқылы
мұғалім оқушының сыныптан тыс оқу-тәрбие
үрдісіндегі білімін, бағыты мен дағдысын, сенімін
қалыптастырады.[2]
Қазақтан Республикасы Білім және
Ғылым Министрлігінің жастар арасындағы
тәлім-тәрбие тұжырымдамасында: «Ұлттық
мәдениет пен өнер және қолөнер негізінде
жастарға жан-жақты эстетикалық тәрбие берудің
бірі бөлігі – эстетикалық мәдениетті қалыптастыру,
сұлулыққа, тазалыққа үйрету, мәдениеттілікке
баулу, адамзат қоғамын бұрын-сонды жасалған
мәдени мұраны жүйелі меңгеруге, жалпы әлемдік
рухани игілктерді бағалай білуге тәрбиелеу» қажеттігіне баса
көңіл бөлу керектігіне мән берілген. Осыған орай,
қоғамдағы ұлт саясатын жүзеге асыру және
қазіргі жаңаша ойлау мен әлеуметтік-саяси өзгерістерге
байланысты жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру,
олардың бойларына ұлтымыздың мәдени мұрасына
деген құрмет сезімін сіңіре отырып, оны эстетикалық
мәдениетпен ұштастыру ісі бүгінгі өзекті, алғы
шарттарының біріне айналып отыр. Бұл тұрғыда
елбасының өзі, халықтың тәжірибесін зерттеу
уақыт күттірмейтін мәселе деп пайымдаған.
Қазіргі кезде елімізде ұлттық
құндылықтардың қайта өркендеуіне жол
ашылды. Оған Н.Ә. Назарбаевтың
«Қазақстанның болашағы қоғамның
идеялық бірлігінде» атты еңбегіндегі: «Мәдени
дәстүрлер қашанда әлеуметтік қайта тілеудің
қайнар көзі болып келді. ... Қазақстанда
ұлттық өнерді, мәдениетті дамытуға барынша
қолдау жасалып отыр» деген сөзі айғақ бола алады.[3]
Ғылыми жұмыс барысында біз ең
алдымен тақырыпқа байланысты ұғымдық
сөздерге қасқаша тоқталуды жөн көрдік.
Яғни, мәдениетті қалыптастыру ұғымының
мәнін аша кетелік.
Тұлға мәдениетінің негізгі
және қажетті құрамды буыны – оның
эстетикалық мәдениетінің болуы.
Елімізде білім беру, жас ұрпақты
тәрбиелеу мәселелері саласында түбегейлі, шұғыл
бетбұрыстар жасалып жатқаны белгілі. Тәуелсіздік туын тіккен жас мемлекетіміздің
болашағына тұтқа болар білімді де білгір, шығармашыл
азаматтар даярлау – бүгінгі күннің келелі
мақсаттарының бірі. Сондықтан да мектептердегі оқу- тәрбие жұмыстары мен
педагогикалық ғылым жүйесінде бұрыннан
жинақталған мол тәжірибелердің тиімді жақтарын
сұрыптай пайдалана отырып, қазіргі қоғамдық -
әлеуметтік үрдістерге сай, жаңаша түсінік - таныммен
жан-жақты білім беру, келешектің әмбебап маман
мұрагерлерін дайындау міндеті қойылып отыр.
Осындай мақсаттағы кең
көлемді бағдарламалық жоспарлар өз кезегінде
оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізуге де үлкен
өзгерістер енгізіп, мектеп мұғалімдері қызметінің
ауқымын арттырып, олардың ұстаздық шеберлік
деңгейінің аса жоғары болуын талап етуде. Соған
байланысты әр салада жеке пәндер бойынша жаңа
бағдарламалар енгізіліп, оқу құралдарын жаңаша
бағытта қайта түзу қажеттігінің
туғандығы да заңды құбылыс.
Бастауыш сынып оқушыларының дамуын бағыттап,
бағдарламаса, онда жоғары сыныпқа келгенде,
көбінің шығармышық мүмкіндігі шектеліп,
тоқырап қалады.
Сонымен бастауыш сыныпта оқушыларды шағармашылыққа
баулып, үйрету үшін қажетті жағдайлардың
мазмұнына тоқталсақ:
-
мұғалім
ең алдымен, сыныпта шығармашылық көңіл-күй
тудыру үшін баланың назарын бір нәрсеге бағыттауы
керек. Яғни оқушылардың назарын шығармашылық
арнаға бұру үшін үнемі шағармашалық
тапсырма – міндеттер, жаттығу, ойын түрлерін ұсынңан
жөн;
-
әрбір
шығармашылық тапсырманы оқушыға ұсынудың
жолын, әдіс-тәсілін білу керек;
-
шығармашылық
жаттығу ойын тапсырмалардың мазмұны оқушылардың
жас ерекшелігіне, қызығушылығына үйлесуі керек;
-
тапсырма –
міндетпен танысқаннан кейін бала жұмысқа кіріседі.
Мұғалімнің ең үлкен міндеті: бала белгілі бір
көркемдік шешім тауып, өз туындысын ұтымды аяқтап
шыққанға дейін оны назарынан тыс қалдырмау,
шығармашылық бағыт-бағдар беріп отыруы:
-
шығармашылықпен
жеке дара оқушы емес, сыныптың, мектептің бүкіл
балалары творестволық ойлауы үшін жағдай, мүмкіндік
туғызу керек. Сыныпта, ұжымда өзара шығармашылық
қарым-қатынас, шығармышылық ахуал орнату;
-
мұғалім
– оқушы үшін қарапайым ғана жан. Ал егер ол
оқиға, сюжет құруға, образ жасауда
жазушылық шеберлік танытса, оқушылар ерекше естиді.
Өздерінің күшіне деген сенімі қалыптасады.
Сондықтан мұғалімнің шығармашылықпен
айналысуы және өзінің жазған дүниелері
жөнінде балалармен пікір алмасуы заңды;
-
шығармашылық
үшін психологиялық қауіпсіздік, еркіндік,
ашықтық, бостандықты қамтамасыз ету;
-
шығармашылықты
тежейтін үш нәрсе бар: біреуі – сәтсіздікке ұшыраймын,
қолымнан еш нәрсе келмейді деген тыс қорқыныш сезімі,
екінші - өзіне-өзі тым риза болмаушылық сезімі (не жазса да
өзі ұнатпайды, кейде өзін-өзі жек көріп кетеді),
үшіншісі – жалқаулық. Ондай жағдайда баланы
құтқарудың жолдарын табу;
-
оқушының
шығармашылықпен айналысуына мектепте, сабақ үстінде,
үйде қолайлы жағдай туғызу;
-
шығармашылық
бағытқа баланы жүйелі, саналы түрде қалыптастырып
отыру;
- мұғалім көркем шығармашылық түрлеріне үйретіп, баулу үшін көркемдік өлшемдермен өзі де қарулануы керек. Көркем шығарманың, әдеби процестің механизмін түсінбейтін мұғалім оқушыны әдеби шығармышылыққа үйретіп баулымақ түгілі, оқушы жасаған дүниеге нақты, әділ бағасын беріп, көркемдік дәрежесін тани да алмайды.
Мұғалім оқушы шығармашылығын дамыту, бағыт-бағдар беру ісінде мыналарды ескеруі керек:
- шығармашылық тапсырмалырдың мазмұн-түрін ойлап табу;
- шығармашылық міндеттерді оқушыға ұсынудың әдіс-тәсілін меңгеру;
- көркем шешім табу, оқиға құру, образ жасау үшін кілт боларлық жағдайларды тудыра білу;
- шығармашылық процесті фактілер мен мәліметтерге педагогикалық, әдістемелік тұрғыдан баға, қоытынды бере білу, теориялық, практикалық тұжырымдар жасау.
Бұның өзі шығармашылық сағаттарды жетілдіре түсуге мүмкіндік береді.
Қасиеттің тиімділігін дамыту тәрбие жұмысына және жас ерекшелігінің өзгеруіне де байланысты.
Шығармашылық деген не?
Біріншіден,
шығармашылық сөздің синонимі ретінде мәдениетті
айтуымыз қажет - адамдардың рухани мүдделерін
қанағаттандыруға бағытталған
құндылықтар жиынтығы, оларды қолдануы,
сақтауы және келесі ұрпақтарға жеткізуі.[1,4]
Шығармашылық - қоғамның материалдық
және рухани өмірін жетілдіруде бұрын болмаған
жаңа, соны заттар, шығармалар және т.б. өндіретін,
адамның танымға және шындықты түрлендіруге
бағытталған саналы, мақсатты белсенді іс-әрекеті.
Әр түрлі іс-әрекетте (ғылымда, техникада, өнерде
қоғамдық қатынастарда, қоғамдық сана
түрлерінде, өндірісте, тұрмыста) адамдардың
бардық жасағандары – шығамашылық күш
–жігерінің нәтижесі.
Шығармашылық барысы негізгі белгілері тұрғысынан
адамдардың кез-келген әрекеті үшін біртұтас болады. Ол
өмірді мағыналық ұғынуды, жаңа
шығармашылық жинақтау жасауды, жаңа идеялар
көтерудегі зиялылық іс-әрекеті және оларды өмірге
ендірудеге дене еңбегі іс-әрекетін біріктіреді. Әртүрлі
іс-әрекеттің өзіне тән ерекшеліктеріне сай,
шығармашылық барасы да сан-қилы болады.
Мұғалімнің
оқушылардың дүниеге көзқарасы,
өмірге және еңбекке
ұлықтық-талғамдық қатынасы сияқты
күрделі тәрбиелік міндеттерін шешуде
шығармашылықтың ерекше мәні бар. Мұғалім
шығармашылығы теорияны терең білу, осы заманғы келелі
мәселелерді мағыалы ұғыну болып табыдалды. Ол
оқу-тәрбие міндеттерін жоғары тиімділікпен шешілуден,
ойлаудың томаға-тұйық еместігін, өз ойын сауатты
баяндау беруінен, зор сенімнен көрінеді, осылайша оқушы
бойындағы қоғамдық белсенділікті оятады.
Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық
адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе,
қазіргі ғылым жетістіктері қабілеттің мұндай
дәрежесіне белгілі бір шарттар орындалған жағдайда кез-келген
баланы көтеруге болатындығы жайлы көп айтуда.
Шығармашылыққа деген қажеттілік күрделі
рухани қажеттілік. Әзірге ол барлық адамдарда бірдей деуге
болмайды. Ал қоғамда болып жатқан жаңару процестері
әр адамнан күнделікті шығармашылық қайтарымды
талап теіп отыр.
Шығармашылық - бүкіл болмыстың,
қозғалыстың, дамудың, бір сөзбен айтқанда
тіршіліктің көзі, табиғат, қоғам
құбылыстарында жеке адамның ақыл санысында,
іс-әрекетінде, ішкі жан дүниесінде шығармашылықтың
табиғи процестері үздіксіз жүріп жатады. Бұл процесс
белгілі бір жүйемен дамиды. Ішкі шығармашылық процестері
табиғат өзі басқарады. Ал сыртқы факторларды
басқару, реттеу жеке адамның ой –санасына, айналысатын ісіне
байланысты.
Қазіргі заманғы мектептерде
сыныптан тыс кезде өтілетін түрлі творчестволық (музыка, би
билеу, еңбекке баулу, сурет салу ж.т.б.) сабақтары балаларды
жан-жақты дамыту барысында алдына көптеген мақсаттар
қояды. Мысалы, балаларды музыканы тыңдай білуге үйрету, оны
тұтастай қабылдау, сезіну, музыкалық мəнерлікке баулу,
дыбыстардың типін түсіну жəне музыкаға
қызығушылығын арттыру. Жан-жақты шығармашылық
әрекеттер баланың ішкі дүниесін байытады, сонымен қатар
өнерді терең жəне толық қабылдатып,
айналадағы дүниеге, өмірге, адамдарға деген
көзқарасын өзгертеді.
Балаларды өнерге тəрбиелеудегі
сан сұрақтардың бірі - шығармашылық өнер болып
табылады, осы жерден келіп екі түрлі көзқарас
қалыптасады: 1. Дарыны бар балалар ғана шығармашылықпен
айналыса алады, олардың əрі қарай шығармашылық
қабілетін дамыту керек; 2. Əрбір баланы
шығармашылыққа баулу - əрбір баланың дамуында зор
рөл атқарады.
Өнерлі шығармашылық тапсырмаларды
орындау педагогикалық процестермен байланыста болса ғана,
шығармашылық белсенділік нəтижелі болады. Сонымен қатар,
жоғары сапалы маманданған педагог баланың жас,
психологиялық ерекшеліктерін ескеруге міндетті [5].
Бала бойындағы көркемдік
талғам мен шығармашылық ізденіс дағдыларын дамытуда, дарынын
ұштауда жалпыға бірдей білім беретін мектептердегі
көркемөнерпаздар үйірмесі мен творчестволық, өнер
көпшілік жұмыстардың тəлім-тəрбиелік маңызы
ерекше. Үйірмелерде оқушылар түрлі творчестволық
сабағында алған білімін кеңейтіп, орындау дағдыларын
тереңірек меңгеруге мүмкіндік алады. Бірақ, шығармашылық
тəрбиенің сыныптан тыс түрі жалпыға бірдей міндетті
емес. Бұл жұмыстарға оқушылар өз тілегі бойынша
қатыстырылады жəне олардың бейімділігі ескеріледі. Мектептегі
бір сағаттық өнер сабағы оқушылардың творчестволық
бейімділігін жете дамыта алмайды. Сондықтан сыныптан тыс
жүргізілетін шығармашылық, өнер саладағы
жұмыстарға қатысуы арқылы олардың қабілетін
дамытуға мүмкіндік туады. Бұл жұмыстардың
қай түрі болсын, оқушының өнер сабағынан
алған білімін толықтыруы тиіс. Шығармашылық, өнер
(сурет салу, поэзиялық, музыкалық...) сабағында
уақыттың тығыздығынан қол жете бермейтін, орындау
дағдыларын терең меңгертуге, яғни көркем-шығармашылық
әрекеттің көркемдік құралдарының
шығарма мазмұнын жасаудағы рөлін өз орындаулары
арқылы түсінуге мүмкіндік жасалады [6]. Сыныптан тыс
жүргізілетін жұмыстардың бірнеше түрі бар. Олар
ортақ белгілеріне қарай екі топқа: көпшілік жəне
үйірмелік болып бөлінеді. Енді осының ішінде сыныптан тыс
жүргізілетін коллективтік-көпшілік жұмыстардың
түріне тоқталамыз. Бастауыш сыныптарда жүргізілетін
жұмыстар нәтижелі болу үшін оның талаптары мына
мақсаттармен байланысты болуы қажет:
1.
Бастауыш
сыныптарда жүргізілетін жұмыстарды нақты уақытпен
шектеуге болмайды. Ол өтілетін тақырып, жұмыс ерекшелігі,
балалар жас шамасына байланысты болуы керек. Яғни, балалардың жас
ерекшелігі, өнерді қабылдауы, өткізуінің шеберлігі,
тақырыптың танымдылығына байланысты. Мысалы, бір
тақырыпты немесе бір әнді жеке баламен, сынып ұжымымен де
өткізуге, үйретуге болады. Дегенмен де, бастауыш сыныптарда
жүргізілетін шығармашылық жұмыстардың уақыт
мөлшерін тым көбейтуге болмайды. Бұл жүйе өнерді
меңгеру мәдениеті қалыптаспаған балаларға
қатысты пікір. Сондықтан да, уақыт ұзақтығы
оқушылардың өтілетін тақырыпқа деген ынта-жігерін
әлсіретуі мүмкін;
2.
Шығармашылық-танымдық
жұмыстарды, түрлі көрмелерді, творчестволық
фестивальдарды, үйірмелер жұмыстары басқа да ойын-сауық
іс-шараларын өнерден беретін мұғалімімен қатар,
бастауыш сынып мұғалімі де өткізеді;
3.
Жұмыстарда аракідік
болса да балалардың алған білімін қорытындылап, тексеріп
отырудың өзге жүйелерін іске қосуға
мүмкіндік туады (сұрақтарға жауап беру, тапсырмалар беру
арқылы түрлі-түсті карточкаларды, дидактикалық ойындар
пайдалану, ашық сабақтарға даярлау барысында т.б.).
Сыныптан тыс жүргізілетін ұжымдық-көпшілік
жұмыстар оқушыларды барынша көбірек қамтуды,
олардың танымын кеңейтіп, өнерге деген көзқарасын
қалыптастыруды мақсат етеді. Осы мақсатқа жету
үшін, мұғалім баланың жас ерекшелігін ескере отырып,
оны қызықтыратындай тақырып пен дидактикалық материал
таңдап алғаны жөн. Ұйымдастыру алдында біршама
дайындық əңгіме жүргізіледі.
Әдебиеттер
1.
Хайдарова
С. Оқушының шығармашылығын дамыту. //Бастауыш мектеп. –
1997. - №4. – 15-16 бб.
2.
«Қазақстан
Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары
туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы
1 ақпандағы № 922.
3.
Қазақтан
Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің жастар
арасындағы тәлім-тәрбие тұжырымдамасы.
4. Ө. Төкенов. Мәдениеттану негіздері. Алматы, 2001
5. Мектептегі тəрбие жұмысы. Мектеп баспасы. Алматы, 1978
6. О.С. Богданова, В.И.Петрова. Бастауыш кластардағы тəрбие жұмысының методикасы. Алматы. Мектеп, 1980