ӘОЖ
372.65 943 271
КӘСІБИ БІЛІКТІЛІКТІ
ЖЕТІЛДІРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
З.Н.Утегулова – Абай атындағы ҚазҰПУ-нің аға оқытушысы,
магистр
Ж.А.Жанбаева – Абай
атындағы ҚазҰПУ- нің гуманитарлық ғылымдарының
магистрі
Мақалада
болашақ кәсіптік білім беру педагогтарының бойында
кәсіби біліктіліктерін қалыптастыруда педагогикалық
тәжірибенің алатын орны анықталған. Кәсіби
біліктілік ұғымының мағынасы ашылған. Жаңа
формациядағы оқытушы бейнесіне қойылатын талаптарға және
мұғалім бойында кездесуі тиіс қасиеттерге түсінік берілген.
Түйін
сөздер: біліктілік, икемділік, шеберлік, өзін-өзі
басқару, өзін-өзі ұйымдастыру,
ұтқырлық, қызығушылық.
В данной статье
определенно место педагогической практики в формировании профессиональных
умений у будущих педагогов профессионального обучения. Даны определения видам
умений. Требования, предъявляемые к образу педагогов новой формации. Определены
качества, которые необходимо сформировать у педагогов профессионального
обучения.
Ключевые слова: мастерство, гибкость, навыки, самоуправление, самоорганизация,
мобильность, интерес.
In this article is
defined the place of teaching practice in the formation of professional skills
of future teachers of vocational training. The definition of types of skills
are given. Qualities which are necessary to form of the teachers of vocational
training are defined.
Keywords: mastery, flexibility, skills,
self-management, self-organization, mobility, interest.
Өмірдегі
көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті,
икемділікті, шеберлікті, үнемі дамушылықты қажет ететін
мамандықтың бірі – ұстаздық мамандық. Олай
дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат
қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен
білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі кәсіби біліктіліктерін
арттырып, шәкірттеріне заманға сай деңгейде
бағыт-бағдар беріп, бәсекелестікке қабілетті
шәкірт қалыптастыруға тиіс. Ол нағыз
ұстаздың ғана қолынан келеді. Ұлы ағылшын
ағартушысы Уильям Уорд: Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы
мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім
көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады, дейді. Білім
беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен
ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық
қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі
ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді.
Педагогтік шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің
нәтижесі.
Демек,
жаңаша білім беру – жаңа білім мен дағдыны меңгерген,
шығармашылық қабілеті жоғары, дербес ізденіс
нәтижесінде елеулі мәселелердің шешіміне қол жеткізетін,
ойлау қабілетімен ерекшеленетін тұлғаны қалыптастыруды
көздейді.
Білім
– адам сапаларының өзгеруін басқаратын үрдіс
болғандықтан, ол педагогикалық мамандықтың
кәсіби біліктілік қабілеттерін дамытуға бағытталады.
Сондықтан «адамды» өмір сүру барысында өзгеруге
әлеуеті жететін ашық жүйе деп қарастырғанымыз
жөн. Ол белгілі бір саладағы маман болғандықтан,
«адамды» — маман тұрғысынан қарау «біліктілік»
ұғымына шығарады. Біліктілік – бұл білімді
меңгерудегі, тәжірбиедегі білімділікті,
құндылықты бейнелейтін жалпы қабілеттілік.
Бүгінгі
күн мұғалімнің біліктілігін арттыруды
жалпықоғамдық мәселе ретінде қарастыру
қажеттігі туған кезең. Себебі білімді тереңдету,
молайту, жетілдіру, арттыру жеке басы үшін ғана емес, қазіргі
қоғамға қажет әрекет деп қабылдауымыз
керек. Бұл мұғалімнің өз қызметінде
табысқа жетуін ғана көздемейді, оның аясын одан
әлдеқайда кеңірек қарастырған жөн.
Біліктілікті
арттыру курстары арқылы мұғалімдерді жетекшілік, бағыт
берушілік, ұйымдастырушылық, түзетушілік әрекеттерді
атқаруды үйретеді. Оқытушының осындай әрекетіне
білім алушы да бойындағы бар білімін көрсете байланыс
жасағанда ғана сапалы нәтижеге жетуге болады.
Мұғалімдердің
өз білімдерін жүйелі көтеріп отырулары – олардың
шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ететін негізгі
фактор. Еліміздің білім беру саясатындағы көкейтесті
мәселелердің бірі де осы мұғалімдердің
біліктіліктерін жүйелі арттыру болып табылады. Оның
мұғалімнің кәсіби біліктілігін қалыптастыруда
алатын орны ерекше. «Біліктілік» деп қандай да бір еңбектің
түріне дайындалудың, дайындық дәрежесінің
деңгейін айтады. Кез-келген қызметкер біліктілігін ұдайы
жетілдіріп отыруы қажет.
Ал,
Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің
біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасының
негізінде әзірленген курстан кейінгі өзгерген кәсіби
шеберлігім туралы айтар болсам, аталған курс нәтижесінде
деңгейлі бағдарламаның жеті модулін өз
тәжірибемде қолданып, бұл бағдарламаның
әсіресе шетел тілін жетік меңгертуде аса тиімді екенін айтқым
келеді. Әсіресе тәжірибелік сабақта смарт мақсат
қоюдың, яғни әр сабақтың мақсаты
нақты әрі қолжетімді болуына үлкен көңіл
бөлу керектігін жетік түсіндім. Шетел тілін үйретуде
әсіресе сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда
диалогтық оқыту, топтық жұмыс т.с.с. модулдері
қазіргі заманға сай, жаңа инновациялық технологияларды
кеңінен қолдануға мүмкіндік беретінін дәлелдеді.
Студенттер өте жоғары қызығушылықпен
сабаққа кірісіп кетті. Бұл жұмыстың түрі ағылшын
тілі сабақтарында өте тиімді, себебі студенттер өз
ойларын жеткізе біледі. Топтық жұмыс өткізген барысымда
мынадай өте қызықты сабақ өтетінін
білген жоқпын. Сабақ барысында бәрі қызу жұмыс
жасады, біреуі сурет салса, біреуі өз ойын салумен болды. Әдеттегі
сабақтарыммен салыстырғанда, студенттер жалығып отырушы еді.
Ал топтық жұмыста жалығып отырған студенттердің
қызығушылығы артып, жұмыла жұмыс жасай
білді. Бұл тәжірибелік сабағымда топтаса жұмыс істеу
сыни тұрғыдан ойлауға, білім беру мен білім алудағы жаңа
тәсілдер,білім беру үшін бағалау және оқуды
бағалау, білім берудегі басқару және көшбасшылық
және талантты мен дарынды балаларды оқыту модульдері араласып
өтілді.
Қорыта келе,
білім беруде кәсіби, құзырлы маман иесіне жеткен,
мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін,
тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары,
педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын
жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың
жаңа технологияларын толық меңгерген, отандық, шетелдік
тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін
кәсіби маман педагогті дайындап шығару мақсатында осындай
педагогикалық шеберлік орталықтары көбейе берсе екен деген
тілекпен өз ойымды аяқтағым келеді.
Әдебиеттер:
1.
Абдыкаримов Б.А., Мамерханова Ж.М., Соколова М.Г.
Педагогика
профессионального обучения.- Қарағанды, 2007. – 245 б.
2.
Абдулина О.А. Общепедагогическая подготовка учителя в
системе высшего педагогического образования. – М., 1991.
3.
Сластенин В.А. О
современных подходах к подготовке учителя к воспитательной деятельности. –
Барнаул, 1996.