Сугирова Жанганым Кубаевна,
Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Жыңғылды селосы
Есір Айшуақұлы атындағы орта
мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Дүниетану сабағында диалогтік
оқытуды қолдану
Білім саласындағы жаңа дәуір
өзімен бірге жаңа ойлар мен заманауи мектеп үлгісін,
жаңашыл ұстаз бейнесін ала келді. Елбасы Н.Ә.Назарбаев
өз жолдауында «Еркін елдің болашағы – іргелі білім мен
озық ғылымда» деп тегін айтқан жоқ. Қазіргі кезде
әр сәт сайын жаңа идеялар, жаңа технологиялар пайда
болуда. Қоғамдағы жаңа өзгерістер
ұстаздардың кәсіби біліміндегі жаңашылдықты талап
етеді. Инновациялық технологиялар білім беру саласына да келді. Жас
ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беруде әр
түрлі әдістерді қолданудың маңызы зор. Бұл
- сыни тұрғыдан ойлау, модульдік технология және
жобалық оқыту.
Мұғалім нені, қалай
оқытатынын біліп қана қоймай, оқу үрдісін шебер
ұйымдастыра білуі керек. Соның нәтижесінде балаларда «Нені
үйренуім керек?», «Қалай үйренуім керек?» деген
сұрақтар туындауы керек. Оқушы енжар тыңдаушыдан сыни
тұрғыдан ойлай білетін дербес тұлғаға айналуы
тиіс.
Бастауыш мектептегі білім беру жалпы білім
берудің іргетасы болып саналады.
Жұмыс барысында
мен диалогтік оқытуды қолданамын. Диалог түрінде оқыту
оқушылардың ынталандыру және дамыту үшін
әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді деп
санаймын. Оқушылардың дамып келе жатқан идеяларымен
жұмыс жасауларына және түсінбеушілікті жеңе білулеріне
көмектесе алады. Оқушыларға сыныпта әр түрлі
тәсілдер арқылы жүргізілген және кеңейтілген
диалогтерге қатысуға мүмкіндік берілгенде, олар өзіндік
жеке түсініктерінің өрісін зерттей алады. Диалогтік
оқыту арқылы өз ойын еркін білдіретін тұлға –
толыққанды, өмір сүруге бейім, өмірлік
тәжірибелерді ұстана білетін білім иесі. Сондықтан,
сабақтарды диалогтік оқытудың белсенді әдістерін
біріншіден, оқушылардың қызығушылығын арттыру,
екіншіден, оқушылардың белсенділігін арттыра отырып, білім сапасын
көтеру, үшіншіден, оқушылардың көшбасшылық
қасиеттерін өздеріне сенімділігін арттыра отырып дамыту,
төртіншіден, оқушылардың диалогтік оқыту арқылы
сөйлеу тілін дамыту дер едім.
Диалогтік
оқыту технологиясы оқушыны ізденіске жетелейді. Бұл
технологияның басты ерекшелігі жаңа білім дайын күйінде
берілмейді. Жаңа тақырыпты меңгертуде және талдауда оқыту
мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер мен сыни тұрғысынан
ойлауға үйрету модульдерін қолдану арқылы
оқушылардың өзіндік «Менін» қалыптастыруға, сыни
тұрғыдан ойлануға, яғни, бақылау жасауға
бағыттадым. Мерсер мен Литлон (2007) сабақта
оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар,
олардың білім деңгейінің өсуіне үлес
қосатын белсенді оқыту әдісі – диалогтік оқыту
екендігін өз еңбектерінде баса көрсеткен. Сыныптағы
әңгіме мұғалімнің қалауымен
жүргізілетіндіктен, оқушы еркін дами алмайды екен. Сондықтан
өз тәжірибеме оқытудағы әңгіме
түрлерін соның ішінде зерттеушілік әңгімеге баса назар
аудардым.
Мен сабақ
барысында әр оқушы диалогке қатыса алатындай сабақты
жоспарлауға тырысамын. Ол үшін сабақта жұптық
және топтық диалог ұйымдастырамын.
Топтық
жұмысты әр сабақта қолданамын. Топтық
жұмыстың түрлері сан алуан : постер құрау,
сөзжұмбақ құрастыру мен шешу, кестені толтыру,
Қызыл кітап бетін рәсімдеу, кластер құрастыру, жоспар
құру, сахналандыру, шығарма.
«Пайдалы
қазбалар дегеніміз не?» тақырыбын өту барысында
оқушылардан берілген тақырып туралы не білетінін
сұрадым, постерге пайдалы
қазбалар тақырыбы бойынша бейнелеуін ұсындым. «Оқушы-оқушы» диалогі
оқушылардың бірлесіп шешім табуына жол ашады. Диалог кезінде
оқушылар аз сөйлеп, көп ойланады, оқушылар өз
идеяларын дәлелдей алады. Нәтижесінде
балалар жаңа білмді меңгере алады, практикалық
тұрғыда қолдана алады.
Мысалы,
«Көмір. Мұнай. Газ» тақырыбын оқу кезінде
оқулықты зерттеуді бердім. Әр топ бір пайдалы қазбаны мысал ретінде алып,
оқулықтың материалы – атауы, қасиеті, қолдануы,
қалай өңделгені бойынша кесте құрастырды. Кесте
ақпаратты жүйелеуге және негізгі сұрақтарды
анықтап береді. Мен оқу үдерісі кезінде
оқушылардың сабақ барысында қалай жұмыла
жұмыс істегенін байқадым. Оқушылардың бір-бірімен еркін
жұмыс істегенін атап өткен дұрыс.
Сабақ
барысында «Сен маған, мен -саған» әдісін жиі
қолданамын, оқушылар сұрақ құрастырып,
бір-біріне қоя біледі. Оқушыларға мұғалімнің
рөлінде болу ұнайды, сондықтан оқу үлгерімі
төмен оқушылардың өзі жоғары
қызығушылықпен сұрақтар дайындайды.
Сондай-ақ,
сабақта проблемалық жағдаятты жиі қолданамын, бұл
оқушыларға сабақ тақырыбын анықтауға,
диалогті еркін түрде жүруіне әсер етеді.
Дүниетану
сабағынан «Пайдалы кен қазбаларын» сабақта өту кезінде мынадай жағдаяттық
сұрақ қойылды:
- белгілі бір жерде ұшқан кезінде
ұшқыш компастың тілі қатты айнала бастағанын
байқайды. Бұл неліктен болды?
Талқылау кезінде
оқушылар сабақтың тақырыбын анықтады. Диалог
кезінде Жером Брунердің «Көпіршелер тұрғызу» қызметін
пайдалануға жағдай жасау керектігін ескеріп отырамын.
Ойымды қорытындылай келе өзім
қолданған тәжірибемде оқушыларымның сөздік
қорлары молайып, өз ойларын еркін түрде жеткізе алатын,
бір-бірлеріне сұрақ қойған кезде, жоғары
деңгейлі сұрақтардың маңыздылығын
түсініп, бір-бірімен пікір таластыра алатын, айтқан сөздерін
дәлелдей білетін шығармашылыққа бейім,
шәкірттерім өсіп келе жатқанын мақтан тұтамын.
Диалогтік
оқытудың арқасында серіктестік қалыптасады.
Сабақтағы енжар оқушылардың саны азая түседі,
өйткені әрқайсысы өз ойын айтқысы келеді, сауатты
сөйлеуге тырысады. Диалогтік оқыту тек білім беру мәселелерін
ғана шешіп қоймайды, бір-біріне қызығушылығын
тудырып, сыни тұрғыдан ойлауды және өз-өзіне
баға бере білуді дамытады.
Диалогтік оқыту
негізінде өзара сыйластық, сенім, шынайылық,
ашықтық жатыр, оның басты құралы - өзара
байланыс – диалогтік өзара түсінісу, өзара ашу, өзара
нақтылау, өзара даму.
«Диалогтік оқытуды»
енгізу керек әрі әр сабақта жақсы нәтижеге жету
үшін бақылап отыру керек. Сабақта диалогтік оқыту
әдісі арқылы жұмыс істей жүріп, мен нәтижеге
қол жеткіздім, балалар өз бетінше жұмыс істейді, топпен
нақтылай біледі, өз идеяларын ұсына алады, өз
пікірлерін қорғайды. Жаңа әдістеменің тиімділігі
оқушылар өз ойларымен бөліседі, білімдерін салыстырады, еркін
қарым-қатынас жасай алады.
Конфуций айтқандай,
«Үш жол білімге әкеледі: ойлау жолы – ең құрметті
жол, еліктеу жолы – ең жеңіл жол, тәжірибе жолы – ең
ащы жол».
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Д., Первин И. Б.
Коллективная познавательная деятельность и воспитание школьников. М.:
Просвещение, 1977. 159 с. Ивин А. А., Никифоров А. Л.
.