Жүрсіналина Гүлжанат Құрмашқызы
А.Байтұрсынов
атындағы ҚМУ, филология
ғылымдарының
кандидаты,
Ысқақова Шырай
Қабдрахманқызы
Қостанай
мемлекеттік педагогикалық институтының аға
оқытушысы,
гуманитарлық
ғылымдар магистрі.
Қазақстан Республикасы
ОЙТАЛҚЫ
ТҮРЛЕРІНІҢ
ТІЛДІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ ТУРАЛЫ
А. Байтұрсыновтан бастау алған
ғалымдарымыздың біраз зерттеулерін топтастыра келе
ойталқыға сипат беретін
болсақ: мысалы, Р. Сыздықова «- күрделі синтаксистік
тұтастық» - десе, С.Аманжолов «
Сөйлемнен де күрделі ірі түзілістің бір
түрі бар» , Б. Шалабай:
«Ойдағы сөзді сыртқа шығарудың яғни, жазба
тілді ұтымды қолданудың жемісі» десе, Д.
Әлкебаева: «Тіл – қару, ой – осы әрекеттің субстракты»
деп беретін синтаксис – (тілдің синтаксистік құрылысы) ойлау
жұмысын білдіру амалы, формасы деп
таниды. Ал Р. Әмір: «Ойлау рухани ізденістің нәтижесі»
деп есептейді. Айтылған тұжырымдардың бәрі де
ойталқыға да таптырмас тірек сөздер деп ойлауға болады.
Сондықтан да ойталқы дегеніміз –
- көркем шығармадағы
мәтіннің ажырамас негізгі бөлшегі.
- композицияның ең сөйлеу
формасының бір түрі
- әңгімелік форма.
- мәтінге қатысты
оқиғаның (кеңістік пен уақытқа,
адамзатқа қатысты ой тізбегінің) жалпы мәтін
мазмұнына қатысты тірек сөйлемдер логикасын бойына
жинаған.
- мәтінге арқау бола алатын
- өзіне
тән информациялар сигналдары жиынтығынан тұрады.
- мәтін ішіндегі орны да әртүрлі.
- ол басқа да композициялық
құрылымдармен, сөйлем формасымен араласа келеді, орын
талғамайды.
Ойталқы мәтініне тән белгілер:
- ол мәтін түрінде бір
сөзбен немесе бірнеше сөйлемдерден тұрады.
- ойталқы
мәтіні бір тақырыптағы логикалық ой дамуын
құрайды.
- ол
тұтас шығарманың келбетін айқындамайды, эпизодтық
сипатта болады (оқиғаны
өрбітіп, дамытып отырады).
- онда
мезгілдік план болмайды, сөйлемдер іліктесіп құрылады,
себеп-салдар
- ойталқы
мәтін арасында орны үнемі өзгеріп отырады (алғы шепте,
орта, соңғы шепте).
- тезис +
аргумент + қорытынды үлгісінде болып келеді (негізгі ) мысалы:
|
-
|
Өзін таныстырушы топ (ақпарат береді) Тезис |
Аргументтік тип
(түсіндіреді, ширатады,
өрбітеді) -
аргумент |
Активтендірілген тип істің ниетін
жүзеге асырады (қорытындыдан тұрады) -
|
Тәжиірбелік мәтіндерге жүргізілген
өзіндік зерттеу бойынша,
жүргізілген статистикалық
мәліметке арқа тұтып жүгінсек (бұл
мәліметтер белгілі бір
үзінділермен жұмыс
нәтижесінде ғана
алынды) ең негізгі көбіне,
жиі қолданыстағы ойталқылар түрлері мынадай:
-
есім негізді, есім түріндегі ойталқылар,
- тұрақтылық күй мағынасындағы ойталқылар,
-нақты немесе жорамал іс-әрекетті негіздеу
мағынасындағы
ойталқылар,
- кейбір іс- әрекеттің қажеттігін, мүмкіндігін білдіретін немесе қалау не тілеу
мағанасындағы
ойталқылар,
- алдын-ала келісілген
іс-әрекет
мағанасындағы
ойталқылар,
- келісімді түрдегі терістеу
не тұжырымдау мағанасындағы ойталқылар.
Бұған қоса мынадай функционалды -
мағыналық түрлері ажыратылады.
- хабарлау мәнді
- сұрақ мәнді
- әсер ету (лепті, көңіл күй, мағыналы)
- ниет, ойды білдіру
- пікір тудыру
- аралас мәнді
-
күмән мәнді
деп
топтауға
болатындығын, мәніне қарай тағы да негіздеулер
(бұл шартты түрде) деп айтуға болады [1, 7 б.].
Коммуникативтік тәсілдердің тілдік
маркерлері бір фрагмент
құрылымында
шоғырлануға бейім
екендігі де байқалады: Мысалы:
…Қиылып шыққан ай ағарып
толады. Қызарып шыққан күн жарқырап жанады. Ай
жеміріліп тозады, күн шеңбері бітіп
батады. Тағы да ай туады, тағы да күн шығады. Сол
ай ма, сол күн бе? Қалың елге бәрібір. Жас —
өседі, кәрі өледі, адам орнын адам, ұрпақ орнын
ұрпақ басады. Жұрт жаңаланады, ел өзгереді. Сол
орта ма, сол халық
па? Қара жерге бәрібір. Жан иесі жағаласып күн кешеді.
Бұғыны бөрі жейді. Бөріні аю жалмайды. Аюды айдаһар жұтады. Адам
ұлы тайталаспен қан кешеді. Тайпа мен тайпа шабысады. Жұрт
пен жұрт алысады. Ақыры, әлдісі алып жейді. Ошағына от
жағып, отауына түтін түтетеді. Барын иеленіп,
барақатқа жетеді. Бірақ ақыр соңы ол емес —
оған да құрылған тез бар. Кесімді күні кезеулі
оққа жолығады. Бір адамның тағдыры — бар
ғаламның тағдыры. Хақ тағалаға
бәрібір... (М.М.449 б )
Шылаулар қыстырма,
одағай, қаратпа, сөздер экспрессивті -
эмоционалды мақсаттар үшін
лайықты қолданыла
алған (сол деген сілтеу
есімдігінің бірнеше құбылып логикалық мән беруге қатысқанын байқауға болады).
Ойталқы түрлерінің тілдік ұйымдастырылуын қысқаша түрде
мынадай кескіндеме
арқылы көрсете отырып
танытуға болады.
1.
Авторлық
және кейіпкерлік микроойталқылар жетекші қызмет
атқаратын, әр түрлі адресанттық тәуелділіктегі
микроойталқыларды талдау, олардың синтаксистік
ұйымдастырылуының он типін анықтауға мүмкіндік
береді:
1) салалас, сабақтас немесе жалғаулықсыз
құрмалас сөйлемнің бөлігі: ...Енді Ақбілек табылып, үйіне келген соң, оның
сорлы болған түрін
көрген соң, оның масқаралығын
ойлаған соң, ақсақалдың намысы қайта
қозғалды...(Ж.А.). Мұнда ол толық емес
құрылымды болуы мүмкін... . Бәрі де: «Мамырбайдың орыс бүлдірген қызын
қара!» деп ақсақалды көзге
шұқыған
тәрізденеді.
2) мына типтегі жай сөйлем: «Пәленшенің қызы сондай болыпты...» деген атақ
мәңгі жойылар ма? Әкесін бүйтіп қор қып
кеткенше, алланың ақ өлімінен кетсе не арманы бар еді?...(Ж.А.).
3) толымсыз
бағыныңқылы сөйлем: (жалған
бағыныңқылы деуге болады) «...Жыламайтын теңі ғой» деп бәйбіше ұнатқан
соң, Ақбілегін Бекболатқа тәуелді қылып еді?... (Ж.А.).
4) бір мүшелі лепті
сөйлем: ...Ойбай-ай! Енді
қайтейін!... О не дегенің,
Қалқам?.. Үлкен кісілердің не ойлайтынын кім біледі?... Саған айта алмай жүрген бір сөзім бар екені
шын, оны жасырмаймын.
Қалқам, ия-ау!?... (Ж.А.).
5) Диалог түріндегі лепті және сұраулы
сөйлемдер: «-Жалғызым!
Сенен басқа сүйінерім бар ма?! -Неге кешіктің? Мені неге
қинадың?...» (М.Ә.).
6) мынадай типтегі идиомалық модельдер: ...Е-е, бір-екі рет еңбегін еш
қылса, «итше жер тырмалап, жаман ырым бастама» десе өзі де
көшеді, – деп Әзімбай атынан түсіп, жайланып бел шешіп жатыр.
Өзгелері де осының ісін істей бастады. Аттарын тізгіннен
ақтарып қойып, шылбырларын жастанып, тегіс жата бастады (М.Ә.).
7) сентенциялар мен жалпылаулар: ...Үнемі кірген, шыққан кісі күңгірлеген
біркелкі «құлқуалла», «күледіқұлла»,
«оллаһу ядғу...»
жаттап алған «шұбар»,
«тұмар», «есіктің алды»
дауыс қылған сайын Ұмсынайдың қашанғы өлген Әбділдасын жоқтауы,
өзі кім болса соған
көріскені, қатындардың айырғаны
бәрі де жапырақтың сыбдыры, судың ағыны,
түйенің боздағаны сияқты Ақбілекті тербетіп,
әлдилеп, қалғытып, перде үстіне жапқандай,
қайғысын бүркей берді ... (Ж.А.).
8) себеп-салдар, шартты, салыстырмалы,
бағыныңқы құрмалас сабақтас
сөйлемдер:...Бірақ Раушан
барамын деп кесіп айтқан соң, Бәкен сөзсіз көнді
(Б.М.). ...Бұлар зораймайынша,
ғылым да зораймайды (Абай). Түсіндірмелі салалас сөйлем: ...Енді Ақбілекке шешесінің
өлімінен де мынау жаман батты: «Жан дегенде жалғыз әкем мені жек көрсе, енді мен
қайда, кімге сыямын?» деп қайғырды... (Ж.А.).
9) кішірейтілген типтегі логикалық
құрылымға сәйкес салалас немесе сабақтас, жалғаулықты
және жалғаулықсыз көпсатылы құрмалас сөйлем:
«...Сөйлесуім, сыр алысуым аз, әйткенмен оның жүрегін
мен сезем: ол –
адалдықты сүйетін жігіт» (Б.М.). «...Көңілі
жадырағандай болған Наталя қалғиын деп еді, –
қалғи алмады: оның көз
алдына өз
өмірінде
көргендерінің
бәрі елестей қалды» (С.М.).
10) екіншісі біріншісінің ерекшеленген
бөлшегі болып немесе онымен себеп-салдарлық имплицитті
байланысқан, немесе бірінші сөйлемді нақтылайтын екі жай
немесе құрмалас сөйлем: ... «Мені екі баламнан, малымнан, неше
жылдай үйренген, бауыр басқан жерімнен айырып неге сатып
алдың? Сондағы түрің мына буырыл сақалың
ба?» дегендей, Өрік оқты көзімен ақсақалға
бір-екі
қарап қойды... (Ж.А.).
...«Үшқоңырдың жайлауында өсетін гүлдер,
барқыт гүл ғой мынау, осының бәрін, шамасы
тұқымын сол жақтан әкелген-ау. Көп бояулы
шұғынық мына райхан гүлі. Жасыл көлдің
жағасында өседі. Ол таңдана қалды...» (Л.Қ.). Сөз қайталау тәсілі
де, сөйлем мүшелері орын ауыстырып
қолданылуы да кездеседі: Мысалы:..«...Көрдің бе?
Көрдің. Алдың ба? Алдың. Айтқаным-айтқан,
дегенім-деген. Сұрағаным- сұраған...(Л.Қ.).
«...Отыр
орныңа!...» (орныңа отыр). Микроойталқыларды
талдау нәтижесінде олардың логикалық
құрылымының сызықтық ұзындығымен
және синтаксистік ұйымдастырылуымен өзара тығыз байланыста
екені анықталды: әдетте микроойталқылар сызықтық
ұзындығы сөйлем бөлшегінен екі сөйлемге дейін
қамтитын, күрделі емес синтаксистік құрылым болып
табылады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Шалабай Б. Қазақ көркем прозасының тілін зерттеудің ғылыми – теориялық негіздері. А.,
Ғылым, 1997.
2. Аймауытов.Ж. Шығармалары (Романдар, повесть,
әңгімелер, пьесалар). А.,
«Жазушы»1989.
3. Серғалиев
М. Көркем әдебиет тілі. А., 1995.
4. Шалабаев Б. Көркем
проза тілі. А, 1994.
5. Кәрімов Х. Көркем
әдебиет тілін зерттеудің мәселелері. А.,1986.
6. Ахметова К. Мәтін
лингвистикасы. Орал, 2008.