Байгалиева А.О., Кармысова А.Н.

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті, Қазақстан

Толеранттық, бірлік пен келісім құндылықтары

 

Тәуелсіз Қазақстанда қазіргі кезде этносаяси, этномәдени процестер өзекті болып табылады. Қазақстанда елдің этномәдени көптүрлілігін қоғамдық дамудың позитивті факторына айналдыру үшін барлық алғышарттар бар, өйткені барлық ұлттың өкілдері өздерін жаңа мәдени қауымдастық - қазақстандық халықтың құрушысы ретінде санайды. Қазақстан - әлеуметтік әртараптандырылған көп этникалық қауымдастық, мұнда субъектілер мәдени және саяси белсенділіктің әртүрлі деңгейі мен әртүрлі сипатына ие. Саяси және мемлекеттік құрылымның қазақстандық моделі өзіне жалпы танылған демократиялық даму заңдылықтарын біріктіреді. Тәуелсіздік жылдарында елде қоғамдық тұрақтылықты, этника аралық келісімді қамтамасыз етудің, жалпы қазақстандық патриотизм мен қазақстандық ұқсастықты құрудың өзіндік моделі жүзеге асырылды.

Айта кету керек, Қазақстан Республикасында Қазақстан халықтарының ана тілін еркін қолдануына жағдайлар жасалған. Бұл мақсатта бірқатар арнайы мектептер құрылды, мұндағы оқыту Қазақстандағы кейбір халықтың өз ана тілінде жүргізіледі. Бұдан басқа, Қазақсатн Республикасы аймағындағы телевизия мен радиода Қазақстанның көптеген басқа халықтары үшін бірнеше бағдарламалар пайда болды. Өкінішке орай, бұқаралық ақпарат құралдарында тіпті этника аралық емес, қайта көршілер арасындағы әлеуметтік-экономикалық, тұрмыстық сипаттағы  дау-жанжалдар таратылып, жандандырыла айтылып қалып жатады. Кез-келген әлеуметтік құбылыстың барлығын ұлттық бояумен әсірелеуге болмайды.

Ұлт аралық қатынастар мен ұлт аралық келісімнің мәдениетін жасақтау біздің мемлекетіміздің басты мақсаты. Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 маусымдағы бұйрығымен «2006-2011 жылдарға азаматтық қоғам дамуының негізгі концепциялары» және 28 маусымда Үкіметпен қабылданған «2006-2008 жылдарға этника аралық және конфессиялады келісімнің Қазақстандық моделі дамуы бағдарламасы» анықталған болатын. Бұл құжаттар мемлекеттік, ұлттық саясатпен айналысатын барлық органдардың жұмысының негізі болып табылды.

Президентіміз Н.Ә. Назарбаев «Біз еркін адамдардың ашық демократиялық, өркендеуші қоғамды құрамыз, онда біздің көп ұлтты қоғамымыздың дамыған демократиясы мен ең жақсы дәстүрлері үйлесімділік табады» деп атап өткен болатын [1]. Бір этностың басқа этноспен және мемлекеттік билікпен саяси өзара байланысы стратегиясыөз мүдделерін қамтамасыз ету және жүзеге асыру мақсатында этностың этносаяси стратегиясын білдіреді. Сондықтан этностың этносаяси стратегиясы - бұл белгілі бір аумақта және белгілі бір сферада өз орнын тауып, өзінің мәдениетін, тілін, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін сақтауы. 

Қазақстанда жүзден аса ұлт өкілдері тұрады, мемлекеттің бейбітшіл саясаты әр түрлі ұлттардың миллиондаған адамдарына бейбітшілік пен келісімде өмір сүруіне мүмкіндік береді. Соңғы Ұлттық халық санағы 2009 жылы жүргізілген болатын. Соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда он жеті миллионнан аса адам өмір сүреді. Санақ мәліметтері бойынша Қазақстан халқының пайыздық үлесі келесілерді құрайды: қазақстар - 63,1 пайыз, орыстар - 23,7 пайыз, басқа ұлттар - 13,2 пайызды құрайды.   

Тарихтан білетініміздей славяндарды, неміс, татарлар мен шешендер және басқа да ұлт өкілдері 19-20 ғасырдың әртүрлі кезеңдерінде қоныс аударып келген. КСРО тарқауы кезеңінде халықтың бірталай бөлігі үдере көшкендігі байқалды, олардың негізгі көпшілігі өздерінің тарихи отандарына қайта оралғысы келген орыстар, немістер мен еврейлер. Халық ұлттық құрамы бойынша Қазақстан Республикасы аумағында біркелкі орналаспаған. Айталық, халық арасында Қазақстанның оңтүстігінде қазақтар басымдықта, ал солтүстігінде орыстар көбірек қоныстанған.

Халықтың саяси құрамы қазіргі әлем халықтарының көпшілігіне тән сипат. Дәл осы себеп те этника аралық тұрақтылықты қамтамасыз ету сұрағы мемлекет үшін алдыңғы міндет болып саналады. Этника аралық тұрақтылық, ұлт аралық қатынас мәдениетін жасау туралы сөз қозғағанда оны ұлттық қауіпсіздіктің жалпы концепциясы құраушысы ретінде қарастырған жөн. 

Қазақстан әр түрлі этно мәдени құрылымдардың өкілдері өмір сүретін  көп этникалы қауымдастық болып табылады. Осыған байланысты профессор Л.А. Байдельдинов «Қазақстанда көптеген ұлттардың өкілдері өмір сүргенімен, бұл республикада көп ұлттар бар дегенді білдірмейді. Қазақстанда қазақтың жері ежелден тарихы отаны болып табылатын бір ғана ұлт бар. Бұл қазақ ұлты. Қазақстан Республикасының басқа азаматтары жекелеген азғантай этикалық топ немесе диаспор түрінде әрекет етуші этно мәдени құрылымдардың өкілдері болып табылады» дейді [2].

Қазақстанның тәуелсіз дамуы жылдары мемлекеттік құрылыс, мәдени саясат, этникалық сана өсуі секілді қоғам өмірінің барлық бағыттарында этникалық идеяның туындауы заңдары бойынша жүріп келуде.Және бұл процесс барлық этникалық қауымдастыққа тән. Ұлт аралық қатынастардың сипатына әсер ететін өзіндік факторлар әр түрлі мәдениетпен қарым-қатынасты шарттайтын саяси және әлеуметтік жағдайлар, сондай-ақ жеке тұлғалық бағдарлар болып табылады. 

Қазақстан ұлт аралық қатынастардың моделі ретінде БҰҰ және бірқатар беделді халықаралық ұйымдардың ең жоғары бағасына ие болды.

Біздің көп ұлтты еліміздің барлық халқының мүдделерін ұсына отырып Ассамблея депутаттары Қазақстандағы этника аралық бейбітшілік пен келісімді нығайту процесінде үлкен рөл ойнайды. Бұл ерекше қазақстандық институттың рөлін жан-жақты нығайту процесі жалғасуда. Ұлттық саясаттың негізгі элементтерінің бірі басқа этностар үшін игілікті жағдайларды жасай отырып қазақ мәдени ядросын мақсатты дамыту болып табылады.

Қазақстанда ұлттық саясаттың, этника аралық және аймақ аралық диалогты жүзеге асырудың ерекше тиімді механизмі ретінде құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы ұлт аралық қатынастарды үйлестірудің орталық звеносы болып табылады және саяси тұрақтылықты қолдауда айтарлықтай рөлі бар. Ұлт аралық қатынастың мәдениетін нығайтуда Қазақстанның әрбір аймағында қызмет ететін көптеген ұлттық-мәдени ұйымдар мен бірлестіктердің де атқаратын конструктивті рөлі зор.

Тұтастай алғанда елімізде көп этносты қоғамы бар қазақстандық халықтың саяси бірлігін нығайтуда және сақтауда ерекше тәжірибе жинақталды. Кешенді түрде мұның барлығы көп ұлтты қазақстандық халықтың бірлігі моделін құрайды. Елдің әр түрлі этникалық топтары мәдениетінің біріктіруші, жинақтаушы негізі Қазақстандағы барлық этникалық топтардың тілі, мәдениеті мен дәстүрлерін дамыту үшін жағдайлармен қамтамасыз ете отырып мемлекетті жасақтаушы қазақ халқының тілін, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін зерттеу және игеру болуы қажет.

Осылайша, этно саясаттың қазақстандық моделі патриоттық, толеранттық пен келісімділікті нығайта отырып этникалық көптүрлілікке, Қазақстандағы барлық этностардың өзіндік ерекшелігіне негізделеді. Қазақстанның ішкі мәселелерін шешуі және онымен құрылған көп этносты қоғамның моделі халықаралық қауымдастық үшін және басқа елдердің келісімділік пен өзара әрекетіне үлгі бола алады деп айтуға болады.

 

Пайдаланылған әдебиет:

1.    Новый этап демократизации Казахстана ускоренное развитие демократического общества. Выступление президента РК Н.А.Назарбаева на совместном заседании Палат Парламента РК 16 мая 2007 года// Университет 25.05.07

2.    Байдельдинов Л.А. Некоторые внутренние внешнеполитические факторы этнокультурной интеграции казахстанского общества // Матер. межд.науч.-практ. конф. «Центральная Азия и Казахстан в системе современных международных отношений в условиях глобализации» Алматы: КазНУ, 2004. - С. 11-15.