ҮШ  ТІЛДЕ  ОҚЫТУДЫҢ   КЕМШІЛІКТЕРІ  МЕН  ОЛАРДЫ  ЖОЮДЫҢ  АЛҒЫШАРТТАРЫ

 

Ермекова Г.С

М.Х.Дулати  атындағы  Тараз  мемлекеттік  университеті, Тараз  қ.,

 

Қазіргі таңда шетел тілі ретінде ағылшын тіліноқытуды жаңа сатыға көтеру –  жаңа  заманғы  мамандарды  дайындаудың  іргелі міндеттердің бірі. Елбасы  бастауымен  «Үштұғырлы тіл» мәдени жобасын дамыту басымдыққа айналып, соның  ішінде жаңғыру жағдайында әлемдік интеграцияға кірігу тілі ретінде ағылшын  тіліне мән беріліп отыр. Әлемдік білім алу кеңістігінде интеграциялық  үрдістердің тереңдеп кең қанат жайған жағдайында шетел тілін оқыту өзекті болып  отыр. 

 Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазіргі заманғықазақстандық үшін үш тілді білу — әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты.  Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20  пайызды құрауы тиіс» екендігін баса айтып өткен болса, шетел тілін оқып-үйренемін деушілердің саны да күннен күнге көбеюде. Сонымен қатар бұл шетел  тілінің еліміздің оқу жүйесінде айырықша мәртебеге ие болғандығын айқындайды.  Ол   барлық   мекемелер  мен  қызметтердегі  ағылшын  тілінде  қызмет   жүргізу,  халықаралық  байланыс  және  жаңа  заман  талабын  көрсетеді.

 Көптілді меңгеру – мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғаралық  және мәдени қарым- қатынастардың аса маңызды құралы  болып  таблады. Мемлекеттің халықаралық  байланыстарының сапалық өзгерістері адамның тәжірибелік және зияткерлік іс-әрекетінде көптілдік сұранысқа ие болу қажеттілігін туғызып отыр. Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым- қатынасы артып отырған шақта,  көптілді еркін  меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым- қатынас жағдайында пайдалана  алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып шығару – мемлекеттің   міндеті.  Қазақстанның тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі  көптілді жетік меңгеруді талап етеді. Осыған орай, білім беру жүйесінде   оқытушыларға қойылатын талаптардың бірі —  өздерінің  меңгерген  мамандықтарын   ағылшын  тілінде   дұрыс  игеру.

Мысалы:  Қазіргі  таңда  кейбір  университтерде:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Бұл  суреттен   қазіргі  таңдағы  пәндерді   оқыту  бойыша  негізгі    кемшіліктерді  көруге   болады. Яғи егер,  мамандықты  толық  игеруге  осы  бағыттағы  пәдер  қажет болса,  онда   негізгі  пәндер  ағылшы  тілінде  оқытылып,  қалыпты  игерілмеуі  мүмкін. Дегенмен, ортақ  тұжырымды  шығаруға  болады,  яғни  егер,  студенттің  мамандығы  ағылшын  тілімен  тікелей  байланысты  болса,  онда  базалық  және  бейіндік  пндерді   ағылшын  тілінде  игеруге  болатынын    көруге   болады. Мысалы,  «Халықаралық  қатынастар», «Халықаралық  құқық», «Дінтану», «Стандарттау», «Ақпараттық  техологиялар», «Нанотехнология», «Мұнай-газ», «Мемлекетті  басқару», т.б. Онда  мамандықтың   тікелей  халықаралық  ағылышын  тілімен  байланыстылығын  анықтап алу  шарт.  Сонымен  қатар, ЖОО-   дағы  ПОҚ  құрамының   мамандығын  ағылшын  тілінде  игеру  деңгейі  де   тіелей  әсер  етеді. Онда   пәннің  100%  ағылышынша  өтуі  немесе жартылай (түсінбей  қалатын  студенттерге)  өз  тілінде  түсіндіруі   кездеседі. Бірақ  бұл  мәселе   толық  пәнді   ағылшынша  игеруге    көмектеспейді.  Бұл шетел тілі пән мұғалімдеріне үлкен жауапкершілікті де  жүктейді.  Себебі,  бірінші   мамандықты  игерместен  бұрын, ағылшынша  пәнді  жүргізетін    маман  ағылшын  тілін  толық  игеруі  қажет. Оғын   қоса  қазіргі заман талабына сай   оқытушы  үлкен дайындықпен, жаңаша әдіс- тәсілдермен, түрлі тапсырмалармен ізденіс үстінде   пәнді  түрлендіріп отыруы қажет. Болашақ ұрпақтың дамуы   оқытушылардың  белсенділігіне, білім деңгейіне, шығармашылық іс-әрекетіне байланысты болмақ. 

Оқытушы  – психологиялықдаярлықты, педагогикалық сапасы, қоғамдық белсенділікті, өз мамандығына дегенсүйіспеншілікті, жан- жақты алдыңғы қатардағы адам

Шетел тілінде   пәнді  студенттерге  үйретудегі негізгі қағидалар: олардың сөйлеу, оқу, жазу, тыңдау дағдыларын дамыту, қалыптастыру,  студенттердің   белгілі бір дәрежеде шетел тілінде сөйлеуге, өз ойын басқаға  жеткізе алатын, біреудің сөйлеген сөзін, жазғанын түсіне алатын дәрежеге  жеткізу үшін ағылшын тілі  жаңа технологиялардың тиімді тәсілдерін, солардың бірі ақпараттық – коммуникациялық технологиясын, сын тұрғысынан ойлау  стратегияларын және т.б. технологияларды  пайдалануды  қажет етеді. Тілдік емес мамандықтарға ағылшын тілін үйретудің тәжірибелік  құндылығы болашақ маманның кәсіби қызығушылықтарына негіздей отырып, кітап, материал  және сөздіктің көмегімен іске асады. Оған қоса, студенттер оқудың көмегімен шет тілінен  өздерінің танымын  жетілдіреді: таныс материалды бекітеді, жиі кездесетін синтаксистік жүйелер,  тілдік орамдар, шартты белгілер еріксізден меңгеріледі де, әрі қарай мәтіндегі, студент үшін  ерекше қызықты ақпаратты тезірек және сапалы игеруге ықпал етеді. Сонымен қатар  оқудың тәжірибелік құндылығына студенттің арнайы әдебиетпен жұмысын жатқызыды, өйткені  ол ауызша сөйлеу шеберліктерін қалыптастыруға және нығайтуға септігін тигізеді.  Жылдам және  дұрыс оқи білу, бір қарағанда еш қиындықсыз жүзеге асады. Алайда,  оқуға үйрету процесі өте үлкен ынта мен күшті қажет етеді. Себебі,  ол  болашақ  өзінің  саласының  маманы.  

Пайдаланылған әдебиеттер

1.      ПрезиденттіңҚазақстан халқына жолдауы. Астана.28 сәуір, 2010

2.      ХегбольдП.  Изучение иностранных языков. М.: Просвещение, 1963.

3.      Ляховицкий М. В. Методика преподавания иностранных языков.-М.: Высшая школа, 1981.

4.      Пассов С. И.Коммуникативный метод обучения иноязычному говорению: 2-е изд. М.: Просвещение,1991.

5.      Перкас С.В. Подготовка иноязычного текста для аудирования. // Иностр. яз. в шк.-1974. No 8