Сайлыбаева
Қ.Ә., Әлімқожа А.,
Әбдібекова Ж.Ә.
Тараз қ. М.Х.Дулати атындағы Тараз
Мемлекеттік Универсиететі.
ОҚУШЫЛАРДЫҢ САБАҚТАН ТЫС УАҚЫТТАРЫ ТАНЫМДЫҚ
СИПАТЫН КҮШЕЙТУ
Білімдендіру қызметін іске асыруға бағытталған
дәстүрлі педагогикада білім мазмұны оқушылар игеруі
тиіс педагогикалық икем мен сәйкестікке келтірілген ғылыми
ақпарат және оған байланысты тәжірибелік ептіліктер мен
дағдылар жүйесі ретінде қабылданған Білім
мазмұнының мәнін ашуда бұл бағыт білімдік
бағдарлы оқу атамасын алған. Мұндай оқу
жүйесінде азаматтың тарихи дамуы барысында жинақталған
білімдер ғана әлеуметтік құндылық ретінде
танылады.
Бұл көзқарастан демократиялық
қоғамның басты міндеті -шығармашыл, дербес ой
жүргізе алатынадам қалыптастыру - жалаң білім жинақтау
талаптарының көлеңкесінде қалып келді.
Соңғы кездерде білімді адамиластыру
идеясының арқасында білім мазмұнының мәнін
айқындауда тұлғаның бағдарлы оқу
бағыты кең назарға алынуда.Осы бағытқа орай
оқушылар белгілі оқу мазмұнын ғана меңгерумен
шектелмеуі тиіс.
Білім
мазмұны тарихи сипатқа ие. Ол қоғам дамуының
белгілі кезеңдерінде алға тартылатын білім міндеттері мен
мақсаттарына орай анықталады. Әрқилы әлеуметтік жүйедегі білім
мазмұны біркелкі емес. Ол өмір, өндіріс және
ғылыми білімдердің даму деңгейіне сәйкес
өзгермелі.
Білім
мазмұнының материалдық теориясын қолданушылар білімнің негізгі
мақсаты-оқушыларға ғылымның әрқилы салаларынын мейілінше
ауқымды білім игерту деп білді. Мұндай пікірді өткен
дәуірлердегі көптеген танымал педагогтар қолдап,
қуаттады. Аталған теория бүгінгі күнде де өз
жүгінушілеріне ие.
Білім
мазмұнының формалардың теориясын қалаушылар оқуды шәкірттердің қабілеттері мен
танымдық қызығуларын, олардың зейінін, есін, ұғымын және ойлау
мүмкіндіктерін дамытудың құралы ретінде пайдаланады.
Олар түсінімінде, білімкөзі-ақыл. Сондықтан да,
ең алдымен адамның ақыл-есін және қабілетін
дамыту қажеттігіне ден қойды. Білім мазмұнын іріктеуде
дидактикалық формализм тараптарлары математика және
классикалық көне тілдер сынды дамытушылық сипатымен құнды пәндерді басшылыққа алды.
Қазіргі
дәуір педагогикасында бұл екі теория да сынға ұшырауда. Таза, жалаң күйінде
аталған бағыттардағы педагогикалық жүйе
оқу-тәрбие міндеттерін ойдағыдай орындай алмайды.
Мектептің басты мақсаты-адамның ақыл-ес күштерін
дамытып, сол арқылы білім игеруге, оны қолдана білуге үйрету.
Осыдан, бүгінгі педагогика дидактикалық материализм мен
дидактикалық формализм бағыттарындағы оқу-тәрбие
істерін бірлікте жүзеге асыруды қолдайды.
Білім мазмұны оқу жоспарларында,
бағдарламаларында, оқулықтар мен оқу
құралдарында айқындалады. Оқу жоспары-оқу орнында
игерілетін оқу пәндерінің құрамын, олардың
меңгеру бірізділігі мен кезек тәртібін, әр пән бойынша
жылдық, апталық бөлінген сағат санын, оқу
жылының бас-аяқ мерзімі және апта, айларын анықтап
беретін құжат.Оқу жоспарлы түбір және нақты
оқу мекемесі тарапынан жасалған оқу жоспары болып
бөлінеді. Түбірлі оқу жоспарында мектеп қабырғасына
оқу жылдарына орай жүргізілетін барша оқу
пәндерінің тізімі беріледі. Игерілуі қажет пәндер
оқу жоспарында үш топқа бөлінеді: 1) міндетті , 2)
оқушылар қалауы бойынша және 3) мектеп кеңесі бекімімен
өтілетін пәндер. Түбір оқу жоспарында
әрқилы білім салаларына, оқушылар таңдауымен енген
курстерге арналған сағаттар бөлігі өрнектеледі.
Түбір жоспар
негізінде жеке ерекшеліктерін ескерумен мектеп өз оқу жоспарларын
жасайды. Оқу формаларына қарай күндізігі, ауысымды, сырттай,
қашытықтан оқыту жоспарлары да әр қилы келеді.
Оқу жоспарлары негізінде оқу бағдарламалары түзіледі.
Оқу бағдарламалары өз ішіне: 1) нақты пәнді оку жөніндегі
түсініктемені;2) оқушылардың біліміне қойылатын
талаптарды; 3) әр сыныпта пән бойынша өтілетін материалдардың
тақырыптық жоспарларын; 4) пән курсы бойынша білімдер мен тақырыптар тізімін; 6)
қажетті әдебиеттер
ауқымын; 7) бақылау сұрақтарын; 8) курстық, дипломдық жұмыстар
тақырыбын қамтиды.
Оқу
бағдарламаларының түбілі, оқу-жұмыс және
авторлық түрлері ажыралады. Түбір бағдарламалары
Мемлекеттік білімстандарты негізінде нақты пән бойынша құрастырылады.
Оларды ұсыныс сипатында қабылдауға болады.
Пайдаланған
әдебиеттер:
1.
АйтманбетоваБ.Р.
«Оқытупроцесіндетәрбиелеу» Алматы 1972ж.
2.
Бейсенбаева, Айтманбетова Б.Р. «Тәрбиенің
жалпы әдістері»
3.
Махмудов Н.
«Мектепте проблемалық оқытуды ұйымдастыру» 1981 ж. Алматы.
4.
Махмудов Н.
«мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» 1999жыл Алматы.
5.
Мухина В.С.
Психология дошкольника М, Просвещеие,
1975г.