Мейірбекова Н.
№49 орта мектеп, Тараз
қаласы, Қазақстан
Момынова С.Н., Алпысбай
Л.А., Аутен Н. Қ.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік
университеті, Қазақстан
ЖАНҰЯНЫҢ ҚЫЗМЕТІ МЕН
МАҚСАТ- МІНДЕТТЕРІ
Жанұя – некеге немесе қандас
туыстыққа негізделген қоғамдық шағын топ,
адам тұрмысын ұйымдастырудың бастапқы нысаны,
яғни тұрмысының ортақтығымен және
өзара моральдық жауапкершілік, көмекпен
байланысқан адамдардың бірлесуі.
Жанұя
қоғамның дамуында маңызды рөл атқарады.
Онда адам дүниеге келіп, ұрпақ жалғасады. Жанұяда
бастапқы әлеуметтену үрдісі жүзеге асады, балалар
азаматтық кәмелетке толғанша тәрбиеленеді. Жанұя
сондай-ақ тұрмысты ұйымдастырудың ұйытқысы,
ошағы және маңызды тұтынушылық бірлік әрі
негізгі әлеуметтік саясат объектілерінің бірі болып табылады.
Жанұя негізін еркек пен әйел арасындағы некелік одақ
құрайды. Алайда, жанұя тек еркек пен әйел
арасындағы қатынастардан ғана емес, сонымен қатар
адамдардың ұрпақтарын байланыстыратын ата-ана мен
балалардың қатынастарынан да тұрады. Мұның
өзі жанұяға аса маңызды әлеуметтік сипат береді.
Жанұяның мәні оның міндеті мен құрылымы
мүшелерінің атқаратын рөлі деген ұғымдар
арқылы көрініс табады, жанұяның міндеттері, бір
жағынан жанұямен қоғамның, екінші
жағынан жанұямен жеке адамның өзара іс-қимылын
көрсетеді.
Жанұяның аса маңызды міндеттері – артына
ұрпақ қалдыру және оны тәрбиелеу мен асырау, жеке
меншікті мұраға қалдыру.
Жанұяның құрылымы дегеніміз туыстық
қатынастамен қатар, рухани, адамгершілік қатынастар,
яғни оның мүшелері арасындағы бүкіл
қатынастың жиынтығы.
Дәстүрлі
қатынастарғы сәйкес әйел үй шаруасын
қамдады, бала туып, тәрбиеледі, ал еркек қожайын болды,
көбінесе жер мен мүлік иесі рөлін атқарады,
жанұяның экономикалық дербестігін қамтамасыз етті.
Келе-келе жанұядағы әйелдерде өндірістік
қызметтерге араласып, жанұялық ортақ міндеттерді шешуге
тең дәрежеде қатыса бастады. Мұның өзі
некелік жанұялық қатынастардың ерекшеліктеріне, бала
туу деңгейінің өсуіне әкеліп соқты.
Жанұя
аса маңызды әлеуметтік құрылым ретінде көптеген
қоғамдық ғылымдардың зерттеу объектісі болып
отыр. Ағылшын этнографы Л.Морган «Көне қоғам» (1884)
атты еңбегінде жанұя тарихын дұрыс бағытта талдады.
Жанұяның
негізі – еркек пен әйел арасындағы қарым-қатынас нысаны
болып табылатын неке. Өйткені қоғам өмірінде
жүріп жататын аса күрделі үдерістердің бір парасы –
халықтың өсіп-өнуі мен табиғи
тығыздығының артуы, өмірге келіп жатқан
жаңа ұрпақтың рухани және материалдық
жағынан қамтамасыз етілуі, балалардың ата-ана
тәрбиесінде және қамқорлығында болуы осы қатынастық
қалыпты жағдайы мен сипатына, мазмұндылығы мен
баяндылығына байланысты. Жанұяның неғұрлым
кең тараған тұрпаты – нуклеарлық,
ол балалы және баласыз бір жұптық жұбайлардан
құралады. Нуклеарлық жанұя толымды және балалы ерлі зайыптылардың біреуінен
ғана құралатын толымсыз
жанұя да болуы мүмкін. Толымсыз жанұя не ерлі - зайыптылардың ажырасуынан, не
ерлі – зайыптылардың бірінің қайтыс болып, жесір
қалуынан, не некеге тұрмаған ананың некесіз бала
табуынан болады. Қолайсыз экологиялық және психологиялық
жағдайлар да, отбасындағы қатыгездік ықтимал
әлеуметтік қатерге айналып отыр. Жанұялық
тұрмыстың тұрақсыздығы, дағдарысты
құбылыстардың белең алуы, өтпелі кезеңде ел
басынан кешіріп отырған әлеуметтік - экономикалық
қиындықтарға ғана ішінара байланысты болып
отырған жоқ, сонымен бірге ең алдымен ажырасушылық
санының көбеюінен де көрініс тапқан. Әрбір
жанұяның жұпқа шаққанда бала саны
ұдайы қысқарып келеді.
Өткен
замандарда жастар ата - ананың құда түсіп, қыз
айттыруы жолымен некелескен болса, қазіргі заманда жастардың
көбі некеге тұру туралы шешімді өздері қабылдап,
некелесетін жұбайларды өздері таңдайтын үрдіс
қалыптаса бастады. Осыған орай ерлі-зайыптылар арасындағы,
әке-шеше мен балалар арасындағы қарым-қатынас та,
жанұядағы жетекшілік құрылым да өзгеріске
ұшырап келеді. Ал дәстүрлі жанұяда ұсталатын
дәстүрлі салт-ғұрыптар мен
құндылықтардың мәні төмендеп, жекелеген
жанұядағы жеке басылық қарым-қатынас барысында
үрдіске айналып келе жатқан әбес
мінез-құлық нормалары мен үлгілері етек ала бастады.
Сонымен,
жанұяның негізгі
атқаратын қызметтерін айтатын болсақ:
- қайта өндіру (репродуктивті) – ұрпақ келтіру (тек
жалғастыру тума әрекеті, перзентті болу, оларды өсіру
және тәрбиелеу қажеттіг
- шаруашылық – экономикалық,
(орта шаруашылық және қаржы пайдалану, еңбекке
жарамсыздарға қамқорлық және оларды материалды
қамсыздандыру);
- тәрбиелеу (отбасы, оның әрбір мүшесінің
тұлғалық қалыптасуына жағдайлар жасау; отбасы
ұжымының өз мүшелеріне жек дар ықпал жасап баруы;
өмірлік тәжірибе, инабаттылық тәртіптерімен
адамгершілік құндылықтарға баулу);
- қарым-қатынас құру (коммуникативті - отбасы
ішіндегі қатынас түзу, отбасының басқа адамдармен,
жанұялармен әлеуметтік топтармен байланысын ұйымдастыру);
- қайта қалыпқа келу (рекреативті – бос
уақыттарындағы демалыс іс-әрекеттерін ұйымдастыру;
отбасы мүшелерінің күш-қуатын, денсаулығын
қайта тіктеу шараларын қамтамасыз ету).
Отбасы
тәрбиелік қызметтерінің іске асуы оның
ұлттық ерекшеліктеріне, әлеуметтік - мәдени
салт-дәстүрлеріне және ол енген
қауымдастыққа тән талап-тәртіп
ұстанымдарына байланысты.
Отбасылардың
өздеріне тән ерекшеліктеріне орай топтасуы төмендегідей:
Құрылымы
бойынша (мүшелер саны, жас деңгейлері): үш әлеуметті
отбасылар – ата-аналар, балалар, немерелер; екі әлеуметті отбасы –
ата-аналар және балалар; бір балалы; көп балалы (үш одан да
көп балалы) отбасылар; толық болмаған, яғни
ата-анасының біреуі жоқ; перзентсіз және т.б. отбасылар;
отбасы тұрмысы және даму жағдайларына байланысты (жарасымды
және қисыны кеткен жанұялар); отбасылық тәрбие
стиліне орай (әкімшіл, адамгершілікті, либералды).
Әкімшіл (авторитарлы) отбасы - бала
қарсылығын не күйзелісі мен селқозтығын туындатын
қаталдығы шектен тыс талаптарымен сипатталады. Сырттай бұл
дөрекі қылық пен тұрпайы, жалған сөзден,
екі жүзділіктен көрініп, балада қорқыныш пен
қорғансыздық сезімін пайда етеді.
Адамгершілікті қатынас түрі (стилі)
ата-аналардың бала тұлғасына болған
сыйластық, құрметімен, оның көзқарас,
ой-пікірлерін қабылдаумен, өзіндік дербестігін шектемейтіндігімен
елінеді. Мұндай отбасылар балалар датына құлақ
түре алады, өз шешімдерімен баланы тұсауламайды, оның
шығармашыл ынтасының дамуына көиектеседі. Бұл отбасы
жағдайында бала өзін жайлы сезінеді, әрдайым табысты
әрекет қуанышына бөленіп, оны ата-анасымен бөліседі,
олардан қорықпайды, керісінше, ішкі нәзік сырларын
ортаға салып проблемаларымен бөліседі, кеңестерін
тыңдауға асығады, өз қадір мәртебесін
сезінеді.
Балаларды
тәрбиелеудегі тиісті міндеттердің бұзылуы, ата-аналар
жанұялық – құқықтық жауапкершілікке
тартылады. Бұндай жауапкешіліктің шаралары ата-ана
құқығынан айырылу, ата-анасынан баланы алып,
басқа адамдарға беру. ҚР «Отбасы
құқығы» 11-тарау, 67 бап, 68-69 бап.
Жанұялық-құқықтық
жауапкершіліктің негізгі мақсаты - ата-аналарының
жағымсыз әсерінен баланы изоляция жолымен зардаптарды
тоқтату. Жалпы, жанұяны сақтандырудағы
қиындықтардың бірі бұл криминогенді
проблемалық және жағымсыз жанұяларда
көрінеді. Егер криминогенді және аморальды жанұяларда
ата-аналардың балаларға деген жағымсыз әсерінен көрінетін
болса, онда проблеманы және жағымсыз жанұяларда бұндай
негативті әсерлер жасырын болып келеді. Алғашқыда,
бұнда жанұяларға балаларды тәрбиелеуде дұрыс емес
әдістерді қолдану тән болған. Сонымен қатар
балаларымен қарым-қатынасты орната алмаушылыққа,
олардың мінез-құлқын бақылай
алмаушылыққа әкеп соқты. Ең соңында
бұл балалардың ата-анасынан жатырқаушылық
туындады. Сонымен бұндай жанұялар өзінің педагогикалық
сауатсыздығымен және ата-ананың
жауапсыздығымен ерекшеленеді. Педагогикалық
сауатсыздықтың кең тараған формасы – тәрбие
тәжірибесіндегі денеге күш салу, жазалау, қорлау,
зорлықты қолдану болып табылады. Бұндай жазалаудан кейін
балаларда негативті зардаптар байқалады – балалар мейірімсіз,
ашуланшақ, қайырымсыз, қорқақ және екі
жүзді, көнгіш және қорғалақ болыд табылады.
Әдебиет:
1. М.В.Коляева Отбасын қолдау орталығы
қызметкерлерінің әдістемелік құралы.. – Шымкент, 2007.
2. М.Боуэн Теория семейных систем. М., 2005
3. Н.И.Олифович., Т.А Зинкевич-Куземкина., Т.Ф Велента. Психология семейных кризисов. – СПб.: Речь,
2006.
4. Э.Г.Эйдемиллер., И.В Добряков.,
И.М. Никольская Семейный диагноз и семейная психотерапия: Учебное пособие для
врачей и психологов.СПб., 2003.
5. А.В.Черников. Системная семейная терапия: Интегративная модель
диагностики. М., 2001.