Сайлыбаева Қ.Ә.,
Құттыбек А.Қ.
Тараз қ. М.Х.Дулати атындағы Тараз
Мемлекеттік Универсиететі.
АДАМГЕРШІЛІК – ТӘРБИЕНІҢ БАСТАУЫ
Адамгершілік - адам бойындағы
гуманистік құндылық, әдеп ұғымы.
"Кісілік", иізгілік", "имандылық" тәрізді
ұғымдармен мәндес. Халықтық дүниетанымда мінез-кұлықтың
әр түрлі жағымды жақтары осы ұғымнан
таратылады. Мінез-құлық пен іс-әрекеттерде
көзге түсетін төмендегідей адамгершілік белгілерін атап
өтуге болады: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты
сақтау, имандылық пен рахымдылық, ізеттілік пен кішіпейілділік, әділдік, қанағатшылдық, т.б.
Адамгершілік
белгілерінің қалыптасуына ерекше әсер еткен мынадай факторлар
бар: қандастарын өлтіруге тыйым салу, әлсіздерге
қамқорлық ету, еңбектің
қоғамдық жолмен бөлінуі және адамдар
арасындағы ынтымақтастықтың қалыптасуы.
Адамгершілік құндылықтардың қалыптасуы үшін
жүйелік (қоғамдық, мемлекеттік) және
тұлғалық мүшелердің ара салмағын
дұрыс айқындаудың маңызы зор.
БҰҰ қабылдаған "Адам
құқықтарының жалпы декларациясының"
басты баптарын адамдық қарым-қатынас нормаларына айналдыру
адамгершілік құндылықтарын қастерлеу шарттарының
біріне жатады. Оның басты әдептік баптары төмендегідей:
барлық адамдар тең құқықты, ерікті
және қадірлі; азаматтар нәсіліне, ұлтына, жынысына,
тіліне, шыққан тегіне, дініне, сеніміне, мүліктік және
лауазымдық жағдайына қарамай заң алдында бірдей;
өмір сүру күқығы, адамның бас
бостандығы мен жеке өмір сүру еркі қасиетті болып
табылады. Адамгершілік қағидаттарының сақталуы
өтпелі қоғам жағдайында ерекше маңызды
мәнге ие болады. Өркениеттілікке апаратын жол: халықты
адамгершілікке, имандылық пен ізгілікке, салауатты өмір салтына баулу. Адамгершілік
мәселесі — адамзат мәдениетінің, руханиятының
қалыптасуымен етене байланысты дүниелер. Адамгершілік
мінез-құлық адамның өзінің әлеуметтік
қалыптасу тарихымен, мәдениетінің бой көтеру
үдерісімен бірге пайда болған. Ендеше, мораль туралы мәселе
адамзат тарихының қапас түнегінде, тіпті сана сәулесі
жетер-жетпес қадым заманда жатқандығы бәрімізге
түсінікті.
Адамға тән
ең жалпы белгі - оны басқа дүниеден ажыратып тұратын
әлеуметтік іс-әрекет, еңбек. Адам дегеніміз ең алдымен
белсенді түрде әрекет етуші, өзінің өмір
сүру жағдайларын өзгертуші әлеуметтік субъект,
әлеуметтік ақыл-ой және әлеуметтік сезім иесі-
мұның бәрі өзара іштей бірлікте болатын және іске
асатын сапалық белгілер. Адамның бұл сапалары оны
әлеуметтендірудің негізін құрады, ал
әлеуметтендірудің негізінде адам тұлғасы
қалыптасады. Әлеуметтендіру адам қоғамдық
тәжірибені меңгерген сайын, белгілі бір қоғамдық
қатынастарға және іс-әрекеттерге араласқан сайын
тездей түседі. Әлеуметтендіру филогенезде де және онтогенезде
жүзеге асады. Бұл екі процестің екеуіндеде тұлға
жеке адамның әлеуметтенуінің нәтижесі болып табылады
И.П.Павлов қандай
сигнал жүйесінің басым екендігіне орай адамның адамгершілік
сипатына байланысты мінез типтерін 3 түрге бөледі:
1. Ойшыл тип; 2.
Көркем тип; 3. Орташа тип.
Жалпы осы адамгершiлiк мәдениетi
мәселесi төңiрегiнде педагогика классиктерi: Я.А. Каменский,
Ж.Ж. Руссо, К.Д. Ушинский, Л.Н. Толстой, Н.И. Ильминский еңбектерi ерекше
орын алады. Қазақ зиялы қауымынан: А. Құнанбаев,
Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж.
Аймауытов, М. Дулатов, Х. Досмұхамедовтер жалғастырған.
Адамгершілік тәрбиесі
жастардың қоғамға, отбасына еңсе; білімге,
Отанға, жер бетіндегі бейбітшілікке қатынасын қалыптастырады.
Осы заманғы адамгершілік тәрбиесі жекелеген бағыттарға
емес, адамгершілік құндылықтарға негізделеді.Адам -
ең әуелі адамгершілігімен, парасатының биіктігімен
көрікті.Мәдениеті жоғары адам айналасындағылармен
қарапайым қарым-қатынаста болады.Адамгершілік тәрбиесі,
оқушыларды адамгершілік ұғымы, принциптері,
мінез-құлық нормалары жайындағы біліммен
кемелдеңдіреді. Оқушылар оларды оқып үйренумен
шектелмей, оқу, тәрбие, еңбек процесінде іске асырғанда
адамгершілік олардың сеніміне айналады.Адамгершілік қатынастар
моральдық нормалармен өлшенеді.Моральдың негізгі міндеті -
адамның мінез-құлқын тәрбиелеу, осы арқылы
олардың бойында әдеп сақтау қатынастарын
қалыптастыру, адам мен қоғам арасындағы қатынасты
реттеу. Адамгершілік тәрбиесі оқушылардың моральдық
сенімдерін, жағымды мінез-құлық дағдылары мен
әдеттерін қалыптастырады.
Адамгершілік
тәрбиесінің теориялық мәселелері Әл-Фараби,
Ыбырай, Абай, т.б. ғалымдардың еңбектерінде кеңінен
қолданыс тапқан.Әл-Фараби "Адам өз
өмірінің қожасы, сондықтан өз бағытын
өзі жасауы керек. Ол не нерсеге де ұқыптылықпен
қарап, жиған-тергенін орынсыз шашпай, кез келген адамға сырын
ашпай, өзінің мақсат мүдделері жөнінде достарымен
ғана бөлісіп отыруы керек.
Осылайшаөмірсүргенадамныңғана ар-ожданы таза
болады" деген.
Сонымен
қорыта келе, адам мінезінің адамгершілік сапасы ақыл-ойы мен
сезімі және ерік ерекшеліктерінің қасиетін былайша сипаттаса
болады:
1.
Еңбекке байланысты
қасиеттер: еңбексүйгіштік, адалдық, жауапкершілік,
жалқаулық, немқұрайлық;
2.
Адамдарға, өзге
индивидтерге қатысты: қайырымдылық, менсінбеушілік;
3.
Өзіне-өзі
қатысты: менмендік, өзімшілдік, кішіпейілділік,
өркөкіректік;
4.
Заттарға
қатысты: ұқыптылық, салақтық,
ұқыпсыздық.
Ж.П. Сартр пікірінше,
нағыз адамгершілік – бір ғана рет көрінетін, реттестірілмеген,
қандай да қоғамдық мекемелер талаптарының
шеңберімен оқшауланбаған, өздігінен туындайтын,
себепсіз «әлеуметтенуге» қарсылық әрекеті.
Әдебиеттер:
1.
Жантану атауларының
түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь",
2.
Т. Тәжібаев «Жалпы психология» Алматы 1993.
3.
А.Ш.Намазбаева «Психология», «Психология
адамзатақыл-ойының қазынасы» Мәденимұра 2005.
4.
Әбдіразақов Е. Адамгершілік, имандылық тәрбиесі. –
Шымкент 1994.