Сайлыбаева
Қ.Ә., Әлімқожа А.,
Әбдібекова Ж.Ә.
Тараз қ. М.Х.Дулати атындағы Тараз
Мемлекеттік Универсиететі.
КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚЫУШЫЛАРҒА БЕРІЛЕТІН
САБАҚТАН ТЫС ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІ
Шағын мектептер қоғамның
барлық даму кезеңінде және бүгінгі білімді
жаңалау, білім берудің ұлттық үлгісін
жүзеге асыру жағдайында өз үлесін қосары мол.
Мұндай мектептердің жұмысы бүгінгі заманның
сұранысын болашақ талаптарымен ұштастыра отырып, ауыл
жағдайында жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға
бағытталған.
Кіші мектепте сабақтан тыс жұмыстардың
орны ерекше. Сабақтан тыс жұмыстардың
мазмұны-оқушының теориялық білімін кеңейтіп,
толықтыра түседі және оқушылардың жеке
қабілетін дамыта түседі.
Оқушылардың сабақ үстіндегі
және сабақтан тыс әрекеттерінің кірігуі
қоршаған орта туралы біртұтас түсінік
қалыптастыруға, теория мен практика арасында байланысты
қамтамасыз етуге, оқу-тәрбие үрдісін құруда
және оқушы тұлғасын қалыптастыруда
үйлесімдікке жетуге, мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің
педагогикалық шеберліктерін жетілдіруге, мұғалімдер мен
оқушылар арасындағы ынтымақтастықтың дамуына
ықпал етеді. Шағын мектептерде оқу мен тәрбиенің
кіріктірілуі мына төмендегі жұмыстар арқылы жүзеге
асады:
-базалық кәсіпорындарында, табиғат
аясында, мұражайларында, мәдени мекемелерде мектептен тыс
сабақтар ұйымдастыру;
-ауылдық гимназияларда, лицейлерде оқыту
үшін әртүрлі жас тағы дарынды балалар топтарын
құру;
-таңдауы бойынша, еркін сабақтар,оқу
пәндері бойынша олимпиадалар жүргізу;
-кәсіптік бағдар бойынша соған
сәйкес оқу бағдарламаларын оқыту кезінде арнаулы
сабақтар өткізу;
-кіріктірілген және пәнаралық оқу
сабақтарын жүргізу.
Оқушылардың сабақ үстіндегі
және сабақтан тыс әрекеттерін кіріктіру біріңғай
педагогикалық жүйе құруға
бағытталған, онда әрбір құралдар тәрбиелік
және білімдік міндеттер кешенін шешуге көмектеседі.
Кіші мектептің басшыларынан,
мұғалімдерден кәсіби икемділіктері мен
шығармашылық қызметте, басқаруда ақпаратты
қам тамасыз ету, талдау жоспарлау, ұйымдастыру әрекетіне
білікгілікті талап ететеді. Яғни, ауылдық мектеп жағдайында
егер мұғалім дер оқушылардың
қызығушылықтары мен сұраныстарын ескеру ді
көздеген болса, онда атқарылатын жұмыстардың
түрлері оқу пәндері мен сабақтан тыс
жұмыстың мазмұнын, мақсатміндеттерікіріктіре алатын болады.
Бұған мектеп ұжымының және сыныптардың
аздығы, оқу үрдісін икемді құру мүмкіндігі,
қоршаған ортамен неғұрлым терең байланыстар
септік етеді.
Оқушылардың сабақтан тыс
әрекеттеріндегі оқу мен тәрбие үрдістерін кіріктіруді
жүзеге асырудың шарттары:
-ұлттық және жергілікті
дәстүрлерді ескере отырып, мектептің тәрбие
қызметінің ауыл істерімен, ауыл тіршілігімен байланыс тырылуын
(мектеп пен ауылдың мерекелерді бірлесіп өткізуі, қоршаған
ортаны қорғау және оған қамқорлық
жасау) қамтамасыз ету:
-оқушылардың қызығушылығы
мен сұраныстарына қарай шығармашылық бірлестіктер,
үйірмелер, секциялар ұйымдастыру:
оқушылардың мектепте демалыс уақытын (
шығармашылық байқаулар, пікір сайыстар,
тақырыптық кештер, көңілділер мен тапқырлар
клубы, спорттық жарыстар және т.б.) ұйымдастыру;
-оқушылардың клубтық бірлестіктерін, үлкендер мен
балалардың шығармашылық ұжымдарын ұйымдастыру
үшін жергілікті мамандар мен мұғалімдерді тарту;
- оқушыларды саналы түрде кәсіп
таңдауға, экономикалық білімдерді, ауылдағы
өндірістік технологияларды меңгеруге дайындау;
- оқушылар ұжымында өзіндік
басқаруды дамыту: оқушылар арасынан үлкен оқушылар мен
кішкене оқушылардың ынтымақтастық қатынастарына
негізделетін әртүрлі жастағы топтардың әрекетрін
ұйымдастыруға ықпал етуге қабілетті үздіктерді
анықтау - мектептің қоршаған ортамен байланысын
кеңейту, ауыл оқу шыларының қарым-қатынасқа
зәрулігін болдырмау.
Оқушылардың сабақтан тыс
уақыттағы ақыл-ой, танымдық сипаттағы
әрекеттерін күшейту-пәндік үйірмелер, бірлестіктер,
қызығуы бойынша клубтар, оқушылардың ғылыми
қоғамдары желісін құру, ұжымдық
шығармашылық істерді жүргізу арқылы жүзеге асады.
Жалпы алғанда, сабақтан тыс әрекеттер
оқушылардың білімдерін кеңейтіп, жан-жақты ізденулеріне
мүмкіндік жасайды, өзіндік таным іс-әрекеттердің
қортындысы шығады және сабақтан тыс жұмыстар
арқылы балалар тылсрм дүниенің әр түрлі сырларын
ұғыныды.
Пайдаланған
әдебиеттер:
1.
АйтманбетоваБ.Р. «Оқытупроцесіндетәрбиелеу» Алматы 1972ж.
2.
АйтманбетоваБ.Р. «Жанұядабалалардыадамгершіліккетәрбиелеудіңнегізгімәселелері».
3.
Бейсенбаева, Айтманбетова Б.Р. «Тәрбиенің
жалпы әдістері»
4.
Махмудов Н.
«Мектепте проблемалық оқытуды ұйымдастыру» 1981 ж. Алматы.
5.
Махмудов Н.
«мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» 1999жыл Алматы.
6.
Мухина В.С.
Психология дошкольника М, Просвещеие,
1975г.