Сайлыбаева Қ.Ә. Сайлыбаева Г.С.
Әбдібекова Ж.Ә.
Тараз қ. М.Х.Дулати атындағы Тараз
Мемлекеттік Универсиететі.
ШӘКӘРІМ
ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
ОЙ-ПІКІРЛЕРІНІҢ ДАМУ АРНАЛАРЫ
Шәкәрім
Құдайбердиев мұрасы – халқымыздың ғасырлар
бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын,
маңызын жоймайтын зерттеудің қайнар көзі.
Шәкәрім қазақ халқының өткен
заманындағы зиялылығы мен кемеңгерлігінің асқар
шыңы.
Ш.Құдайбердиев
ХІХ ғасырдың аяғы және ХХ ғасырдың бас
кезінде өмір сүріп, қазақтың
қоғамдық, әлеуметтік, рухани, мәдение,
әдеби өміріне белсене араласып, ізгіліктік, адамгершілік,
демократтық, педагогикалық идеяларды уағыздады.
Шәкәрім
шығармашылығы – ХІХ ғасырдың екінші жартысы және
ХХ ғасырдың басындағы тарихи-қоғамдық
өзгерістермен, қазақ өнерінің мәдение
серпіліс кезеңімен, халықтың тарихи-мәдени
өмірімен тығыз байланысты.
Шәкәрімнің
шығармалары – ұлттық және әлемдік сөз
өнерінің жетістіктерін өз бойына жинақтаған
әрі оларды бойына сіңіріп, ақынның даралық стилін
айқын танытқан туындылар. Шығыс пен Батыс мәдениетін
терең меңгеруі, ұлттық танымы мен көркемлік
қуаты оның шығармашылығының
маңыздылығын көрсетеді.
Халықтың
ұлттық мақтанышына айналған
Шәкәрімнің педагогикалық көзқарастарына
тоқталсақ. Біріншіден, ол қазақ еліндегі ағартушылық
кемелденген дәуірінің жемісі болатын, екіншіден, оның негізгі
ой-арманы елін, халқын жетілдіру, сауаттарын ашу, басқа
халықтармен терезесін тең ету еді.
Көрнекті
ақын, көсемсөзші, ағартушы, қажы –
Шәкәрім Құдайбердіұлы есімі 1989 жылы толық
ақталғандығы белгілі. Осы кезден бастап ақынның
шежіресі мен оның «Үш анығы», ал 1993 жылы
«Мұсылмандық шарты» жарық көріп, халыққа
жетті. Ол ХІХ ғасырдың басында қазақ
өлкесінің рухани орталығына айналған қазіргі
Семей өңірінің Шыңғыстау бөктерінде,
Құнанбай әулетінің жерінде дүниеге келді.
Бойында табиғи
таланты, ақындық дарыны бар Шәкәрімнің
өмірдегі ұстазы, мектебі, университеті – Абай болды.
Ұстазының «Ғылым таппай мақтанба, пайда ойлама, ар
ойла, талап қыл артық білуге, артық ғылым кітапта,
ерінбей оқып көруге» – деген өсиетін бойына сіңіріп,
санасына тоқып өскен Шәкәрім ғылым-білім жолында
бар өмірін сарп етті. Жеті жасынан өлең шығара
бастаған дарынды бала жасы он бестен асқанда, ақылы
кемелденіп, ой өрісі тереңдеп өсе бастайды, ғылым
жолына қарай ойысып, ақындық өнерін де
жарыққа шығара бастайды. Түрік, араб, парсы,
шағатай және орыс тілдерін жетік меңгерген
ақынның бойынан әлем мәдениетінің озық
үлгілерінің көбін оқығанын байқауға
болады.
«Шәкәрімнің
өмірі - өлеңінде» деп ғалым абайтанушы,
шәкәрімтанушы, мұхтартанушы Қайым
Мұхамедханұлы айтқандай, «Мұтылғанның
өмірі» деген ғұмырбаяндық дастанына шолу жасасақ,
оның бар-өмірін танып білеміз. Ақын: «Он жасыма келген
соң, домбыра, гармонь білген соң, мылтық атып жүрген
соң, аңшы боп түстім азапқа» дейді. Жасы он бестен
асқанда, ақылы кемелденіп, ой өрісі тереңдеп өсе
бастаған Шәкәрім ғылым жолына ойысып,
ақындық өнерін де жарыққа шығара бастайды.
Ақындық
өнер жолына түскенде он тоғыз жасында жазған
өлеңі көбінесе жастарға арналған. «Кел жастар,
біз бір түрлі жол табалық, Арам айда, зорлықсыз мал
табалық, Өтпес өмір, таусылмас мал берелік, Бір білімді
данышпан жан табалық…» деп, жастарды Абайдан үлгі-өнеге алып,
тәлім алуға шақырады.
Шәкәрімнің
өмірі мен шығармашылығы - өте күрделі
құбылыс. Шәкәрім еңбектері - өмір мен
қоғамның қыр-сырын сала-сала етіп мазмұндық
баяндауда да, сол мазмұнға философиялық, ғылыми
мән беруде де, мазмұн мен бірлігін көркемдік
тұрғыда өрнектеуде де көп жүйелі, терең
мағыналы туындылар, өлеңдерді де көптеп жазды. Оларда
азаматтық сарын басым болып келеді. «Қазағым»,
«Қазақ», «Тағы сорлы қазақ», «Партия адамдары»,
«Бостандық туы жарқырап», «Бостандық таңы атты»
өлеңдерінде ой тереңдігі арқылы замана шындығын
ашудағы ізденістері байқалады. Ғылымның түпкі
атасы – Таза ақыл мен
Шәкәрімнің
«Анадан алғаш туғанда» әнінде филососфиялық
толғамға толы адам өмірінің бар болмысын
айқындап, толғамға толы әні адам өмірінің
бар болмысын айқындап, қысқа ғұмырдағы
пендешіліктің бет-болмысын әшкерелей отырып, кісілікке,
парасаттылыққа шақырады.
«Кәрілік
туралы», «Жапанда жалғыз жаттым елден безіп», «Сұраған
жанға сәлім айт» атты әндері адам өміріндегі мың
алуан құбылыстарын, мінез-құлықтарын, кісілікке
үндейтін жастық, махаббат сезімдерін дәріптейді.
Пайдаланған әдебиеттертізімі:
1. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. – Алматы, 1999.-296б.
2. 2011-2020 жылдары Қазақстан
Республикасының білім беру жүйесін дамытудың Мемлекеттік
бағдарламасы//www.edu.gov.kz
3. Тәжібаев Ә., Сәтбаева Ш. Шәкәрім
Құдайбердиев. Алғы сөз//Құдайбердиев Ш.
Шығармалары. – Алматы, 1988.-14б.
4. Бержанов Қ. Педагогика тарихы. – Алматы, 1989. – 187б.