Сайлыбаева Қ.Ә.,
Әбдібекова Ж.Ә.
Тараз
қ. М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Универсиететі.
ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ
ТАНЫМДЫҚ ӘРЕКЕТТЕРДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Білім
беру мен оқыту теориясының әдістемелік негізі – таным
теориясы және оқушы тұлғасын жан – жақты
үйлесімді қалыптастыру туралы ілімі болып табылады.
Оқушылардың танымдық әрекеттерінің дамуын арнайы
ұйымдастыру оқу үрдісін дамытудың негізгі шарты болып
саналады.
Қазіргі кезеңде психология және педагогика
саласындағы мамандардың назарын аударып отырған
мәселенің бірі – оқушылардың, жастардың жеке
тұлғасының дамуы.
Даму
дегеніміз ең алдымен, адам
организміндегі физиологиялық және психологиялық сапалық
ерекшеліктер. Даму – жеке адамды жетілдірудің ең күрделі
және диалектикалық үрдісі. Ал жеке тұлғаның
дамуына оқушының оқу – танымдық әрекетін арттыру,
қазіргі заман талабына сай оны оқыту үрдісінде жетілдіру
болып есептеледі.
Танымдық белсенділігі – оқушының оқуға,
білімге, ғылымға деген ынта – ықыласы мен
ізденімпаздығының ерекше көрінісі. Танымдық
белсенділіктің ең жоғары көрінісі: оқушының
алған білімін өмірде, күнделікті оқу үрдісінде, тәжірибесінде нәтижелі, ынтамен пайдала білуінде.
Танымдық іс - әрекеттің басқа әрекет
түрлерінен ең басты ерекшелігі – оқушының
үнемі «жаңа дүниені
білуімен», әрбір жаңа әрекеттен екіншісіне ауысып отыруымен
байланысты. Ал терең білімдерге негізделген танымдық
әрекеттердің қалыптасуы оқушылардың алған
білімін теориялық негізде талдай алуға мүмкіндік
береді,интеллектуалдық белсенді ойлауын дамытып,
шығармашылыққа тәрбиелейді.
Танымдық әрекет
- оқушының білімге
деген өте белсенді ақыл – ой әрекеті. Танымдық іс -
әрекет туралы мәселелер ерте замандардан бері дамыған.
Оның көрнекі өкілдеріне ежелгі грек ойшылдары Сократ,Платон,
Аристотель. Олар белсенді және өз бетімен білім алуының
маңыздылығын, жетістіктері мен өзін - өзі
тәрбиелеудің маңызды екендігін түсіндірген. Олардың
пікірінше өзіндік іс - әрекет нәтижесінде балада
қанағаттану, риза болу,қуаныш сезімі оянып, білімді игеруге
белсенділігі артады. Сократ оқыту барысында оқушының
танымдық іс - әрекетін арнайы басқарудың
маңыздылығы деп көрсетсе, Ежелгі Рим философтарын еңбектерінде
білімді игеруде оқушылардың танымдық іс - әрекеті
олардың дамуында ерекше орын алатындығын айтқан.Оқыту
үрдісіндегі баланың танымдық әрекетінің
маңыздылығы Я.Коменский, И. Песталлоции мен А. Дистервег
еңбектерінде қарастырылған. Мысалы Дистервег оқыту
барысында баланың танымдық әрекеті сәбидің
ақыл- ой қабілетін дамытудың аса маңызды
құралдың бірі деп есептейді.
Қазақ мектептерінде оқыту барысын дамытуда Ы.
Алтынсарин үлесі көп болды. Алтынсаринның пікірінше,
педагогикалық жұмыстағы ең шешуші нәрсе: мұғалімнің
ең жақсы оқыту әдістерін таба білуінде, балалармен дұрыс
сөйлесе білуінде. «Үлгілі жолға қойылған
дұрыс тәртібі бар жаңа типті мектеп оқушыларды
қызықтырып, оларды мәдениетке, жұмысқа және
айналасын, өз ортасын тануға, ой еңбегін үйретуге
тиіс», деп көрсетеді. Алтынсарин қазақ мектептеріне
байланысты дидактикалық міндеттерді қоя білу,танымдық іс -
әрекет жолдарын табу, тиімді әдіс – тәсілдерді жетілдіру
саласында Алтынсарин еңбектері маңызды болып
табылады. Ол «Баланың әрбір еңбегі құр
босқа жаттауға жұмсамай, мағыналы және
жүйелі болуы керек» деп жазды. Ы. Алтынсарин шәкірттің
танымдық әрекеттерінде оқыту әдістері мен
тәсілдерінің маңыздылығына ерекше тоқтала келіп,
«...оқыту әдістері-балалардың жүре келе мектепке,сабаққа,кейіннен
ғылымға, өз бетімен білім алуға
құмарландыратын жол» деп атап көрсетті.Әсіресе
танымдық әрекетте мұғалімнің басшылық
рөліне мән берді.
Баланың жас кезінен – ақ танымдық әлемін
кеңейту, сол бағытта әрекет ету маңыздылығын Абай
Құнанбаевтың еңбектерінен оқып білуімізге болады.
Мысалы, Абайдың « Жетінші қара сөзіндегі » ақыл –ой
белсенділігі туралы пікірін айтсақ: «Жас бала анадан туғанда екі
түрлі мінезбен туады. Біреуі ішсем, жесем, ұйықтасам деп
туады. Бұлар тәннің құмары, бұлар болмаса,
тән жанға қонақ үй бола алмайды, һәм
өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі – білсем екен деп, не
көрсе соған талпынып, жалтыр – жұлтыр еткен болса, оған
қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап,
тамағына, бетіне басып қарап,сырнай –керней болса, дауысына
ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да,
біреу күлсе де, біреу жыласа да, тура жүгіріп «ол немене?»,«
бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» «бұл неге бүйтеді?»
деп көз көрген, құлақ естігіннің
бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның
бәрі – жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген ».
Ш.
Құдайбердиев білім беруде оқушының ойлау белсенділігін,
ақыл – парасатын дамытуды басты бағдар деп таныды. Берілетін білім
мен оның тәлімдік – тәрбиелік ғибрат жолын бөлмей
бірлікте қарауға ерекше мән берді. Оқытудың әдіс – тәсілдеріне уақыт
деңгейі тұрғысынан қарап, білім алудың
өнегелі жолын көрсетті.Берілетін білім де,тәрбиелік
тәлім де шәкірттің шамасына қарай үйлесімділігін
ескеру қажеттілік айтқан.
Қазақтың талантты демократ ақыны С.
Торайғыровтың да психологиялық ой – пікірлері психология ғылымында маңызды
орын алды.Мысалы, оның таным жайлы негізгі пікірінің негізгі
түйіні: бізді қоршап тұрған сыртықы
дүниенің ұшы – қиыры жоқ, ол санасыз атомдардан
тұрады,бұлардың бірі тозып,өшіп жатса, екіншілері
жаңадан пайда болып жатады,ал адамның жан дүниесі атомдардан
тұрады,тәннің өзіндік заңдылықтарына орай
жүріп отырады деуі – ғылымилығымен ерекшеленеді.
Пайдаланған
әдебиеттер тізімі:
1. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. – Алматы, 1999.-296б.
2. 2011-2020 жылдары Қазақстан
Республикасының білім беру жүйесін дамытудың Мемлекеттік
бағдарламасы//www.edu.gov.kz
3. Тәжібаев Ә., Сәтбаева Ш. Шәкәрім
Құдайбердиев. Алғы сөз//Құдайбердиев Ш.
Шығармалары. – Алматы, 1988.-14б.
4. Бержанов Қ. Педагогика тарихы. – Алматы, 1989. – 187б.