Технические
науки/6.Электротехника и радиоэлектроника
Т.ғ.к.,
профессор Джунисбеков М.Ш.
М.Х.Дулати Тараз
Мемлекеттік Университеті, Тараз
қ., Қазақстан
Радиожиіліктік
электромагниттік сәулеленуді пайдаланатын технология
Радиожиіліктік
идентификация – белгі деп аталатын құрылғыға
ақпаратты оқу/жазу үшін радиожиіліктік электромагниттік
сәулеленуді пайдаланатын технология [2].
1.1-суретте
радиожиіліктік идентификациялық (РЖИД) белгінің типтік
конструкциясы көрсетілген.
251658240
Сурет 1.1 Контактісіз радиожиіліктік идентификация үшін картаның типтік конструкциясы
Радиожиіліктік
идентификациямен жұмыс кезінде кейбір шектеулерді ескеру керек.
Оларға жатқызылады: салыстырмалы түрдегі жоғары
құны; металл және экрандалатын беттер астында орналастыру
мүмкіндігі жоқ; өзара коллизиялар; электромагниттік
өрістер түріндегі зақымдылық. Осы кемшіліктердің
әрқайсысын жеке қарастырайық.
Пассивті
РЖИД-белгілердің құны шртихтық коды бар этикеткалардан
асады. Яғни, радиожиіліктік белгілерді кепілді қызмет
көрсетуге жіберілетін бұйымдарды сақтауды қамтамасыз
ету немесе қымбат тауарларды ұрлаудан қорғау үшін
пайдалану тиімді. Логистика мен жүктерді тасымалдау саласында
радиожиіліктік құны контейнер ішіндегі заттармен
салыстырғанда ешнарсе тұрмайды. Сондықтан радиожиіліктік
белгіні пайдалану орамдық қораптарда, паллетер мен контейнерлерде
пайдалану ақталады.
Радиожиіліктік
белгілер металл әсеріне ұшырайды (бұл белгілі түрлі
орамдарға қатысты – металлдық контейнер, кейде фольгамен
жабылған сұйық тағам өнімдерінің орам
типтері). Бұл РЖИД қолданылуын жоймайды, бірақ металл
беттеріне немесе объектілерде белгілерді бекітудің стандартты емес
әдістерін орнатуға жасалынған қымбат белгілердің
пайдалану қажеттілігіне алып келеді.
РЖИД-жүйесімен
жұмыс үшін пайдаланылатын жиіліктер диапазонында
радиобөгеуілдерді шығаратын жұмыс істеп тұрған
жабдықтан келетін электромагниттік өріс түріндегі
бөгеуілдерге радиожиіліктік идентификация жүйелерінің
зақымдылығы. РЖИД жүйесі эксплуатацияланатын
жағдайларды мұқият талдау қажет. 868-869 МГц диапазонды
UHF жүйелері үшін бұл маңызды емес (бұл
диапазонда ешқандай аспап жұмыс істемейді), бірақ 125 КГц жиілікте
жұмыс істейтін төмен жиілікті белгілер мұндай
зақымдарға ұшырамайды.
Белгілерді
қолдану саласы алуан түрлі болғандықтан олардың
сипаттамаларына орындау, өлшемдері мен құны бойынша шектеулер
қойылады. Бұл сипаттамалармен РЖИД-белгілердің әр
түрлі классификациялары байланысқан [5].
Радиожиіліктік
идентификациялық белгілерді «чиптік» және «чиптік емес» деп ажырату
қажет. Чиптік идентификациялық белгілердің интегралдық
схемасы бар – чип, ал чиптік емес идентификациялық белгілерде ол
жоқ. Чиптік идентификациялық белгілер, өз кезегінде,
пассивтік болуы мүмкін, жартылай активті және активті. Пассивтік
белгілердің қоректендіру элементі және активті
таратқышы болмайды; жартылай активті белгілердің қоректендіру
элементі бар, бірақ активтік таратқышы болмайды; активті белгілерде
екеуі де болады.
Тағы
бір классификация белгілерді оқылатын және оқылатын/жазылатын
белгілерге бөледі. Тек оқылатын белгілердің оқылатын
жадысы немесе бір рет қана бағдарланатын және көп рет
жазылатын жадысы болады. Оқылатын/жазылатын белгілер ақпаратты бір
рет және көп рет қайта жазуға мүмкіндік береді.
Белгі мен сигналды оқу
құрылғысы екеуін байланыспен қамтамасыз ететін элемент
ретінде антенна қызмет атқарады. Белгі мен ақпаратты
оқу құрылғысында өз антенналары болады. RFID жүйесінің
маңызды атрибуттарының бірі болып ақпаратты оқу
құрылғысы мен белгінің жұмыс жиілігі табылады.
Нақты жиілікті таңдау жылдамдық, дәлдік, орта
жағдайлары, сондай-ақ стандарттар мен нормативтер сияқты
параметрлерге байланысты (сурет 1.2).
251658240
Сурет 1.2 Радиожиіліктік идентификация RFID жүйесінің жұмысын сипаттау
Коммуникацияның таралған
нұсқаларының бірінде белгі мен сигналды оқу
құрылғысының
негізгісінде кері шағылысуы бар модуляция ретінде танылған физикалық
принцип жатыр. Байланыс сеансы кезінде RFID
оқу құрылғысы белгіге сигналды (энергия бөлігін)
жібереді. Белгі осы энергияның бөлігін шағылыстырып,
қайтадан ақпаратты оқу құрылғысына жауап
береді. Мұндай шағылысуға қолжеткізуге белгі
ішіндегі конденсатор немесе басқа құрылғы – заряд
жинақтаушы көмектеседі. Конденсатор өз бойында ақпаратты
оқу құрылғысы жіберген энергияны сақтап,
зарядталады. Белгі жауап қайтарған кезде бұл энергия сигналды
кері қайтару кезінде пайдаланылады, конденсатор бұл процесте
разрядталады.
Идентификация
мен деректерді жинау аппараттық компоненттерге жүктелген болса да,
«белгі - ақпаратты оқу құрылғысы» және
«ақпаратты оқу құрылғысы - компьютер» арналары
бойынша деректерді басқаруға және манипуляциялауға RFID бағдарламалық
қамтамасыздандыру жауап береді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1.
Багдасарян
А.С., Карапетьян Г.Я. Импедансные ПАВ фильтры для сотовых систем связи. Системы
и средства связи, телевидения и радиовещания, М. Вып.1, 2008.
2.
Багдасарян
А.С., Карапетьян Г.Я., Катаев В.Ф., Катаева О.В. - Акустические датчики для
дистанционного контроля давления// Журнал Технология и конструирование
электронной аппаратуры, 2008. №2(74), 31-33 с.
3.
Багдасарян
А.С. Устройства на поверхностных акустических волнах в системах и средствах
связи. Инженерная микроэлектроника, 8(71), 2002, 33-39 с.
Багдасарян
А.С., Багдасарян С.А., Синицына Т.В., Машинин О.В. Модульные канальные
эквалайзеры на ПАВ-фильтрах.// Журнал Электроника. НТБ, 2008.- №2 68-81 с.