Бектибаева
М.Қ. – Абай атындағы ҚазҰПУ-нің 2курс
магистранты (Қазақстан Республикасы, Алматы)
Бөріқарақат және оның алкалоидтары
Біздің еліміздің флорасында
бөріқарақаттардың (Berberidaceae L.) 14 түрі
кездеседі, олардың флористикалық әртүрлілігі Орта
Азияда (10 түрі), Кавказда (3 түрі табылды) топталған, ал Berberis vulgaris
Кеңес Одағының барлық территориясында таралған.
Украинада 25-тен астам түрі, бірнеше гибридтер мен
бөріқарақаттың бақшасын түрлері
(кәдімгі бөріқарақат, амур
бөріқарақаты, бақша түрі, күрең түрлі) жерсіндірілген.
[1].
Бөріқарақат (Berberidaceae L.) тұқымдасының
зерттелген түрлерінен
қазіргі уақытта 20 алкалоидтар анықталды: берберин, берберубин, берлам-бин, пальмитин, дегидрокоридамин, колумбин, ламбертин, эпиберберин,
ятроррицин, гидрастин, бербамунин, изотетрандрин, обаберин, обамегин,
оксиакантин, бербамин, химатин, бервульцин, вульцарин және магнофлорин,
сондай-ақ қант, илік заттектер және аскорбин қышқылы
анықталды. Бөріқарақат (Berberidaceae) тұқымдасының өсімдіктерін
қолдану және игеру олардың тамырында, сабақтары мен
жапырақтарының
құрамындағы берберин алкалоидтарының болуымен байланысты.
Бөріқарақаттың
(Berberidaceae)
әртүрлі түрлеріндегі берберин құрамы 1,5-нан 9%-ға дейін ауытқиды. Оның
негізгі көзі кәдімгі бөріқарақат (B. vulgaris L.) болып табылады,
онда 1,3-2% жуық алкалоидтар анықталған. Амур барқыты (Rutaceaе) бербериндерге бай, бірақ бұл ағаш
өнеркәсіптік қажеттілікке қолданылатындықтан оны
берберин алуға пайдаланбайды.[2].
Ерте заманда вавилондар мен
үндістер бөріқарақатты медицинада
қолданған, ал қазіргі уақытта әлемдік практикада
дәрілік өсімдік ретінде кеңінен қолданады. КСРО-да
кәдімгі бөріқарақат (B.
vulgaris L.) пен амур
(B.amurensisR.) бөріқарақатын қолданады. 1952 ж. КСРО Денсаулық сақтау министрлігінің фармакологиялық
комитеті амур бөріқарақаты (B.amurensis R.) жапырағынан жасалған 20%
тұнбаны, ал 1955 ж. – кәдімгі бөріқарақат (B. vulgaris L.) жапырақтарынан
жасалған су тұнбасын суық тию процесімен байланысты
аналық қан кетулерде дәрі ретінде қолдануды
ұсынды. 1957 ж. кәдімгі бөріқарақат (B. vulgaris L.) жапырақтарының тұнбасын
бауыр ауруларында, сондай-ақ «холелитин» препаратын өт тасы
ауруларын, холецистит және қайталанған сары ауруларды емдеуде
қолдануға рұқсат етті. Бұл препарат
құрамында кәдімгі бөріқарақат тамыры мен
қабығынан алынған тұнба бар. [3].
Көне уақыттан
көп елдердің халықтық және ресми медицинасында
бауыр аурулары, халецистит, бүйрек, зәр қабы ісігі, радикулит,
құяң және т.б. ауруларда
бөріқарақаттың (Berberidaceae) тұнбасы
қолданылады. Бөріқарақаттың (Berberidaceae) қабығы мен тамырынан
жасалған тұнба
әрекеті дубильдік заттармен, берберин алкалоидының қатысуымен байланысты.
Бөріқарақат
сығындысы асқазан сөлі секрециясын қоздырады.
Асқазан ішек жолдарындағы бактерияларды толық жояды
немесе оның көбеюін
тоқтатады, осыған
байланысты ас қорытуды реттейді, сілекей
қабықшаларының суықтығын азайтады және
ұсақ тамырлардан аққан аз қандарды тоқтатады.[4,5]
1962 жылдан бастап
медициналық практикада кәдімгі бөріқарақаттан
(B. vulgaris L.) бөлінген
берберин сульфаты қоланылып келе жатыр. Бұдан басқа,
бөріқарақаттың көптеген түрлері емдік–су,
кондитерлік және текстильдік өнеркәсіптерінде қолданылады. Егер берберинді бентонитте адсорбциялай-тын
болса, онда одан дәрілік түрде қолданылатын дәмі
жоқ алкалоидтарды алуға болады.
Кәдімгі
бөріқарақаттың (B.
vulgaris L.) бірнеше
халықтық атаулары бар: бөріқарақат-қышқылы,
бөріқарақатша, бөріқарақат, таулы,
қышқыл ағаш,
квастық, кисельдік, құмытылы, свайбарись.
Кәдімгі
бөріқарақаты (B.
vulgaris L.) балды өсімдік
ретінде белгілі бір қызығушылыққа ие және
сәнді бұта ретінде кеңінен қолданылады. Балды жинау 2-3
ц/га жетеді. Бір уақыттары бөріқарақатты зиян деп
есептеді, себебі оның сұлбасы жемір (Puccinia graminis Pers)
саңырауқұлақтың көктемдік немесе ацидиалды
жеміс беруіне ықпал етеді,
оның споралары қарабидайға, бидайға және
басқа да дақылдарға таралады. Содан кейініректе,
бөріқарақатқа еш қатысы жоқ Puccinia
glumarum Pers нанның сары жемірі зияндырақ екені
анықталды. Кәдімгі
бөріқарақат (B.
vulgaris L.) Кеңес
Одағының территориясында кеңінен таралған қол
жетімді байлық болып табылады, ал оны халық шаруашылығында қолданады. [6].
Бөріқарақат
(Berberidaceae) сығындысы асқазан сөлі
секрециясын қоздырады. Асқазан ішек жолдарындағы
бактерияларды толық жояды немесе
оның көбеюін тоқтатады, осыған байланысты ас қорытуды реттейді,
сілекей қабықшаларының суықтығын азайтады
және ұсақ тамырлардан аққан аз
қандарды тоқтатады. [7].
Сараптамалық зерттеулер
бербериннің түйілу әрекетіне
ие болатынын, сөйтіп ауру белгілерін азайтатынын, өт
бөлінуін күшейтетінін, органикалық емес құрамды
бөліктерді азайту есебінен өтті сұйылтатынын, сондай-ақ
тыныштандыру қасиетіне ие екендігін көрсетті. Оның
құрамында антибактериялық безгекке қарсы, трипаноциттік
лейшманиозға қарсы және
саңырауқұлаққа қарсы
қасиеттерінің бары туралы мәліметтер бар.
Берберин лейшманиозды амебиялық дизентерияны,
трихомонозды емдеу үшін микробқа қарсы құрал
ретінде ұсынылады. Ол ішек жүйелерінің электролиттерін
және судың улы тырысқақ секрециясын тудыруын тежейді,
уыттылығын тудыратын сілекейлі ішек жүйесінің
гистологиялық өзгеруін жоя алады. Бұдан басқа ол
пеницилин, лейвомицетин сияқты антибиотиктер әрекетіне
микробтардың сезімталдығын арттыруға жағдай жасайды.
Осыған байланысты жұқпалы ауруларды емдеуде қосымша
құрал болып табылады. Берберин баяу уыттылыққа ие
болады, уыттылық баяу дамиды (3-5 күн барысында) және
жүрек қызметінің жалпы жайсыздықта, әлсіздікте,
ентігуде байқалады. Бұл алкалоид тиімді өт айдаушы құрал
болып табылады.
Сондай-ақ берберин хлориді туберкулез статикалық белсенділікке (in vitro) ие болады. Ішкі тамырға
енгізгенде қояндарда көзішілік қысымын
төмендетеді.
Егеуқұйрықтарға тамыр ішілік енгізуде
гипотензиттік әрекетке және мысықтарға қарын ішіне енгізгенде седактивті
тиімділікке ие болады.
Қорыта келе алкалоидтарға
бай Бөріқарақаттар тұқымдасының
медицинада және тұрақты экологиялық мониторингтегі маңызы зор.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Потапальский А.И. «Барбарис и его препараты в биологии
и медицине». Киев:Науков думка, 1989г.
2. Вартазарян Б.А. О желчегонном дейтсвии
берберина // Лекарственные средства из растений
/Под ред. А.Д. Туровой. – М.: Медгиз, 1962. – С. 307-310.
3. Васильева В.Д., Шретер А.И. Современное состояние и перспективы химического
изучения и медицинского использования барбарисов флоры СССР // Поиски новых
источников биологически активных веществ.–М.,1970.–Вып.1.-С.17-21.
4. Горяев М.И., Сдобникова Л.А. Алкалоиды барибариса илийского // Тр. Алма-Ат.
Медю ин-та. – Алма-Ата,1969.-25.-С.447-450.
5.Бегалиев Г. Казахско-русскийсловарь. Алма-ата.
6.Іскендіров Ә. «Қазақстанның дәрілік
өсімдіктері», Алматы «Қазақстан» 1982 ж. 55 бет.
7. Байтұрсынұлы А. атындағы Тіл білімі институты.
Орысша-қазақша сөздік, 70000сөз, Алматы «Дайк-Пресс», 2005 ж.
8.Потапальский А.И. «Барбарис и его препараты в биологии и медицине».
Киев:Науков думка, 1989г.
9. 26. Вартазарян Б.А. О желчегонном дейтсвии
берберина // Лекарственные средства из растений
/ Под ред. А.Д. Туровой.–М.: Медгиз, 1962. – С. 307-310.
10. Васильева В.Д., Шретер А.И. Современное состояние и перспективы химического
изучения и медицинского использования барбарисов флоры СССР // Поиски новых
источников биологически
активных веществ. – М., 1970. – Вып. 1.- С. 17-21.
11. Горяев М.И., Сдобникова Л.А. Алкалоиды барибариса илийского // Тр. Алма-Ат.
Мед. ин-та. –Алма-Ата,1969.-25.-С.447-450.