экологиялық БІЛІМ МЕН тәрбиеНІҢ
МАҢЫЗЫ
Сарбасова Г.А., Касымова
А.Т., Сарбасова Н.А.
М. Х.
Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
Қоршаған ортада келешек
ұрпақтың білімін және тұлғаны дамыту
үшін экологиялық
тәрбие мен білім берусіз мүмкін емес. Жоғарғы оқу
орнында экологиялық білім берудің бағыттары бар. Бірінші
бағытты дүниетаным деп атауға болады. Ол тікелей орта
мектепте қалыптасқан бағытты жалғастырады. Екінші
бағыт – болашақ маманның экологиялық кәсібилігі.
Бұл бағыт болашақ маманның келешектегі әрекет
сипатымен, экологиялық факторларды ескеріп, әкімшілік және
конструктивтік, шаруашылық, аймақтық шешімдерді
қабылдау қабілеттілігімен байланысты. Әртүрлі
профильдегі оқу орындарында мұндай дайындық ерекше болуы
керек.
Келесі бағыт қоршаған орта мен
адамның өзара қатынастары негізінде мәселелерді шеше
алатын мамандар дайындау қажеттілігімен байланысты. Олар экономикалық
құқықтық және басқа да
мәселермен экологиялық білім үйлесімді болуы тиіс.
Экологиялық тәрбие берудің
бірыңғай жүйесінің ең маңызды жетекшісі
жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім мен жан-ұя
тәрбиесі болу керек. Экологиялық тәрбие -
халықтың экологиялық мәдениетін жоғарлату
жолындағы қадам, ол табиғатқа рухани-адамгершілік
қатынастардың қайта жаңғыруымен тығыз
байланысты.
Экологиялық білім –табиғатқа
құнтты қарау, адамдарда экологиялық
мәдениетті тәрбиелеу
мақсатында олардың санасы мен іс- әркетіне жүйелі
әсер ету. Экологиялық тәрбие берудің мақсаты
өзін әлемнің бір құнды құраушысы,
қоршаған табиғаттың элементі ретінде дүниетанымын
қалыптастыру. Қоғам өз мойнына жауапкершілік алуы тиіс,
әрбір елдің азаматы нақты экологиялық білімді игеруі
керек, себебі оның іс-әрекеті экологиялық
тұрғыдан қарастырғанда саналы болу тиіс.
Экологиялық
білім беру бағдарламасы білім беру жүйесін жаңаша
құрудағы алғашқы қажетті қадам,
өзгеріп жатқан ғасыр жағдайларына бейімделуі болып
табылады. Күрделі экологиялық жағдайларда психологиялық
және кәсіби бағдарланған сауатты мамандарды дайындауы
қажет.
Білім жүйесін жаңаша құру кезінде
зерттелетін бағыт – экология, технологиялық даму стратегиясы,
табиғатты пайдаланудың
экономикалық-құқықтық мәселелері,
экологиялық тәрбие және білім беру бойынша жұмыс
жүргізу керек. Жастарға «Экология және тұрақты
даму» пәнін оқыту кезінде экологиялық тәрбие және
білім беруге басымдық беру керек.
Жүргізілген зерттеу мақсаты:
тұрақты даму, яғни экологиялық тепе-теңдікті
қамтамасыз етудің қосымша шарты сияқты қажетті
білім ретінде қарастыру қажет. Жеке тұлғаның
экологиялық білімінің ерен қабілеті тұрақты даму
феномені арасында байланыстың орнығуын көрсету керек.
Экологиялық білім беруді стихиялы түрде жүзеге
асыратын болса, онда стихиялық үрдісті басқару мүмкін
емес. Білім жүйесі адамды жаңа қоғамда тиімді болатын
білім алуға дайындаумен айналысады, экологиялық мәселе
білімде болуы тиіс. Экология саласында білім әрекеті даму үшін,
білім өмірдің барлық ағымында қажет.
Қоршаған орта кешенінде білім жетістігін білім әдістері мен
жүйесін өзгерту болып табылады.
2008 жылы 23-24 маусым айында Алматы қаласында, «Тұрақты даму үшін
Қазақстанның жоғарғы білім жүйесіне білімді
жоғарлату» ОААЭО жобасының екінші кезеңінде
«Дөңгелек үстел» шегінде өткен Білім беру
жүйесінің мемлекеттік стандарттарының (МЖМБС) негізгі
қосымшаларына өзгертулер енгізу бойынша, ұсыныстарды дайындау
негізінде жобаның Жұмысшы тобының мүшелерінің
және сарапшыларының кездесуі болды. Қазақстанның
білім және ғылым министрлігі МЖМБС негізгі қосымшаларына
өзгерістер енгізу үдерісін,
және де 2 кредит көлемінде «Экология және тұрақты
даму» пәнін міндетті түрде оқытылатын пән ретінде
енгізу қарастырылған болатын.
Қазіргі таңда біздің еліміздің
ЖОО «Экология және тұрақты даму» пәні барлық
мамандықтарда жүргізілуде.
Бүгінде жаһанданудың белсене болып
жатқан адамзат өмірінің саяси, экономикалық,
технологиялық жақтарының үдерістері жалпы
мәселелермен және осы ортадағы тәуекелдермен
(күшейіп бара жатқан кедейлік, әлем аймағының
әркелкі экономикалық және әлеуметтік дамуы,
демографиялық мәселелер, халықаралық лаңкестік
және ірі әскери шиелініс қауіп-қатерлері)
қамтамасыз етілген. Бір жағынан жағынан
қарағанда, XX ғасырдың екінші жартысында және
экологиялық мәселелер ғаламдық сипатты иемденіп,
осыған байланысты адамзат алдында бисферада экологиялық тепе-теңдік
өзіміз бұзудың салдарынан Жер планетасында биологиялық
түрдің түрткіленуі туралы, адами өркениетті
сақтау туралы мәселелер нақты тұр.
Мәселенің
ғаламдық сипаттамасын талдай келе, дамудың
алғашқы бағытында тежеусіз өндірістің және
тұтынудың өсуі, экономикалық және
әлеуметтік теңсіздіктің тереңдеуі, жалпы табиғи
қорларды және биосфераны пайдалану, ақыр соңында,
адамзатты өзіндік тіршілік ету және өздігінен жойылу
негіздерінің бұзылуына әкеледі.
Қоршаған
орта бойынша БҰҰ бірінші конференциясы (Стокгольм, 1972 ж.)
мемлекет және үкімет басшыларының, дүниежүзілік
жұртшылықтың назарын одан әрі экологиялық
және әлеуметтік-экономикалық салдарларды ескерусіз
экономикалық өсудің мүмкін еместігіне аударды.
Оның негізінде жер бетінің келешек
ұрпақтары үшін тіршілік жағдайларына шығын
келтірмей қазіргі таңда өмір сүріп жатқан адамзат
ұрпақтарының қажеттіліктерін қанағаттандыру
үшін биосфера және әлеуметтік-экономикалық
дамудың табиғи мүмкіндіктер теңгерімін сақтау
жатыр.
Біздің
елімізде тұрақты даму идеясы кешенді және үздіксіз
экологиялық білім және тәрбие берудің жүйесін
құру ұстанымдарында да көрініс тапты.
Табиғаттың
және қоғамның тұрақты даму идеясын
жүзеге асыруда ең маңызды рөлді,
тұлғаның осындай түрін құруда
жоғарғы мектеп атқарады, онда экологиялық
бағдарланған кәсіби дүниетанымының негіздері қалыптастырылады,
тұлғаның құнды - мағыналық
сферасының құрылуы жүреді, тәжірибеде экологиялық нормалар және
талаптар игеріледі.
Жоғары
оқу орны жағдайында экологиялық білімнің маңызды
мәселелерінің бірі, ол бүгінгі таңда ең көкейкесті, -
экологиялық мақсатты практикалық шешімдерді
қабылдаудың мәдениетін қалыптастыру, қоршаған орта сапасын
жақсарту мақсатында экологиялық мәселелерді шешуде жеке
қатысу тәжірибесі, ал сайып келгенде - тұрақты даму
мәселелерін шешуге дайын
және қабілетті экологиялық бағдарланған маман
тұлғаның қалыптасуы. Бұл ретте экологиялық
біліктілік дамып келе жатқан жеке қасиет ретінде болуы мүмкін
және экологиялық бағдарланған
тұлғаның осындай білімдерінің - экоцентрлі
экологиялық сана (және оның орталық компоненті –
экологиялық бағдарланған дүниетаным) және
экологиялық мәдениеті ретінде қалыптасу
деңгейінің көрсеткіші болу керек.
Соныменен,
осы уақытта жалпы тұрақты даму үшін экологиялық
білімнің концептуалды негіздерін құру мәселелерін шешу
және жоғарғы мектепте оны жүзеге асыру жеке
жағдайда, феноменологиялық талдау, нақты жағдайларды
сипаттау, оларды типтендіру, өзара байланыстарын және
заңдылықтарын анықтау кезеңінде жатыр. Осыған
байланысты ЖОО тұрақты даму үшін экологиялық білім
берудің теориялық-әдістемелік негіздері арнайы зерттеуді және
құруды талап етеді.
Бұл мәселе оқытудың
жаңа концепция мен әдістерін жасауды талап етеді:
биосферадағы бұзылған экологиялық тепе-теңдікті
қайта қалпына келтіру және табиғатты тиімді пайдалану
технологиясы мен әдістерін үйрету.
Айта кету керек, ЖОО тұрақты даму
мүддесінде жүзеге асатын толассыз үдеріс ретінде, әлемдік
әлеуметтік-экономикалық және ұлттық дамудың
экономикалық және гуманитарлық, экологиялық
факторларының өсу тенденциясымен келісіп алынған,
экологиялық және экономикалық білім алуды дамыту болып отыр.