Экология/6.Экологический мониторинг

                                                         

Магистр естественных наук, Турсумуратова З.Е.

Костанайский государственный университет, Казахстан

Астана қаласы маңындағы жануарлар  дүниесінің экомониторингі

 

Зерттеу  аймағының фаунасында 73 түрлі сүтқоректілер, олардың ішінде кемірушілерге 35 түрі, жабайылар – 13, қолқанаттылар – 9, шыбын-шіркеймен тамақтанушылар – 7, қос тұяқтылар – 5, қоян тәрізділер -4, 6 түрлі жер мен суда өмір сүрушілер және 14 түрлі рептилиялар анықталды.

Қала аумағын шаруашылық мақсатында игеру жануарлардың географиялық таралуына және олардың сандық, түрлік құрамының өзгеруіне әсер етті. Қаланың белгіленген даму аймағы көліктік жол магистралдарын, саяжайларды, ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жер телімдерін орналастыруға қарқынды игерілген және де бұл аумақтар мәдени ландшафтқа жатады.

Қала маңына іргелес ландшаф үш түрге бөлінеді: жазықтық - көлдік дала, аласа қыратты және төбелі дала және орманды дала. Бұл ландшафттарда жануарлар әлемінің алуандығы байқалады. Қала маңына іргелес аумақтарда әдеттегі далалық жануарлар таралған: қасқыр (Canis lupus), түлкі (Vulpes), сасықкүзен (Mustela eversmanni), қарсақ (Vulpes corsac), орқоян (Lepus europaeus), дала шиқылдағы (Ochotona pusilia). Ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жерлерде тоқалтіс (Microtus arvalis), тышқандар (Miridae) , атжалман (Cricetinae), саршұнақ (Citellus) мекен етеді. Дала жануарлар тұрғындарының негізгі ядросын шалғынды-далалы далалық жасылмен коректенетін құстар құрайды; қанатты шыбын – шіркейлермен (саяқ шегіртке, сегізкөздер және басқалар), кәдімгі және тоқалтіс табыны, суырымен (байбақ) қоректенеді. Дала аймағында 15 түрлі  құстар бар. Оның ішінде 8 отрядтың өкілдері бар, негізінен қаздар, жабайылар, жапалақ тәрізділер, тауық тектілер,  тентекқұс тәрізділер және торғайлар.

Қабан (лат. Sus scrofa) – сүтқоректілер   класының         жұптұяқтылар        отрядына жататын жануарБатпақты жерлерде, өзен аңғарларында көп кездеседі. Денесі ірі, екі бүйірі қысыңқы, мойыны жуан, басы сүйір, тұмсығы конус тәрізді көлденеңнен кесілген болып келеді. Ұшында жұп тұяғы бар, аяғы мықты, екеуі жақсы жетілген төрт саусағы болады. Құлағы үлкен және жалпақ, көзі  кішкентай, танауы таңқы. Денесін қалың қылшық басқан. Аталығының арқасында жалы болады. Жыныстық жағынан 18 – 20 айда жетіледі. Күйлеуге түсуі тамыздың ортасынан желтоқсанға дейін созылады. Аналығы (мегежіні) 4 – 10 торай туады. Тістері көп, бұдырлы. Қарыны жіктелмеген, күйіс қайтармайды. Қорек таңдамайтын жануар, топырақты қазып құрт-құмырсқаөсімдік тамырлары, ұлулар және ұсақ тышқандармен қоректенеді. Қабан – кәсіптік маңызы бар аң, еті, терісі, қылшығы пайдаланылады. Орта есеппен әр қабан  50 кг ет, 10 кг май, 250 дм2 тері және 0,5 кг қылшық береді.

Аталықтарының азу тістері өте ірі және жоғары, сыртқа қарай қайқы. Денесін ірі қылтан қаптаған. Ересек қабан шошқаларынын түсі коңыр, торайларының терісінде ұзынан орналасқан ақ жолақтары бар. Ірі қабандардың ұзындығы 2 м, салмағы 300 кг. Топтасып өмір сүреді. Күйлеу кезінде, жекелей тіршілік етеді. Орташа 4-6 торай табады.

 

Сызба 1. 2005-2014 жылдар аралығындағы қабан санының динамикасы

Елік (лат. Capreolus pygargus) – бұғы тұқымдасына жататын жұптұяқты, сүтқоректі жануар. Еліктің 3 түр тармағы (ЕуропаСібір,Маньчжур) таралған. Қазақстанда Сібір түр тармағы (C.c. pygargus) кездеседі. Дене тұрқы 120 – 160 см, шоқтығына дейінгі биіктігі 75 – 100 см, салмағы 30 – 55 кг. Құйрығы өте қысқа. Ешкісі мүйізсіз, текесінің наурыз – мамырда толық жетіліп, қараша – желтоқсанда түсетін 3 – 5 ашалы мүйізі (25 – 40 см) болады. Аяқтары жіңішке әрі ұзын. Қыста түгінің түсі қоңырқай сұр, жазда жирен, жас лақтарының түгінде ашық түсті теңбіл дақтары болады. Жеміс-жидекмұкқына және шөптесін өсімдіктердің жүзге жуық түрімен қоректенеді. Жазда жеке-жеке, ал басқа кезде топталып жүреді. Бір жарым жасында лақтайды. Шілде – тамыздан бастап 9 ай көтеріп 1 – 2, кейде 3 лақтан туады. Лақтарын 6 – 8 ай сүтімен қоректендіреді. Ешкісі 11 – 12, текесі 16 жылдай тіршілік етеді. Еті мен терісі үшін арнайы рұқсатпен ауланады. Кәсіптік маңызы бар.

Сызба 2. 2005-2014 жылдар аралығындағы Астана қаласы маңындағы елік санының динамикасы

Киік (лат. Saiga tatarica) – жұптұяқтылар отрядының бөкендер туысына жататын, тұлғасы ірі, қойға ұқсас, дөңес тұмсықты, күйіс қайыратын түз жануары. Текелерінің дене тұрқы 126 – 150 см, салмағы37 – 49 кг, ал ешкілері кішірек, дене тұрқы 109 – 127 см, салмағы 22 – 37 кг-дай болады. Үстіңгі ерні салбырап, етті тұмсыққа айналған. Текесінің мүйізі қайқылау келеді, ешкісінде мүйіз болмайды. Жаз айларында арқа түсі сарғыш тартады, қыста түсі ақшылданады. Киіктер шөл, шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Олардың қоныс өзгертуі ауа райына, киіктер жұп тұяқты жануарлардың ішіндегі ең өсімталы, жылына бір рет төлдейді. Жаппай төлдеуі мамырдың 1-жартысында өтеді. Бұл кезде күн салқындап, жауын-шашын көп болады да, оны қазақ халқы «Құралайдың салқыны» деп атайды. Көбіне егізден, кейде 3 лақ та туады. Киік өсімдіктердің 80-нен астам түрімен қоректенеді. Олардың басты жауы – қасқыр, ал жас төлдеріне бүркіт, дала қыраны мен қарақұстар да шабуыл жасайды. Ақбөкен аусыл, пастереллез ауруларымен ауырады. Киік  – дәмді еті, құнды мүйізі мен тұяғы, әдемі терісі үшін ауланатын кәсіптік маңызы бар жануар. Оның мүйізінен пантокрин дәрісі алынады, тұяғын күйдіріп, одан алынған күлді денедегі теміреткіге жағады, сусамыр ауруына шалдыққандарды емдеу үшін пайдаланады.

Сызба 3. 2005-2014 жылдар аралығындағы Астана қаласы маңындағы киік санының динамикасы

Қояндар (лат. Leporidae) – сүтқоректілердің бір тұқымдасы, 8 туысқа бөлінетін 50 түрі бар. Бұлардың ішінде тез жүгіруге, ін қазуға, жүзуге, ағашқа өрмелеуге бейімделген түрлері кездеседі. Салмағы 0,1 – 4,5 кг, дене тұрқы 12 – 75 см. Шөп, ағаш қабығын, бүршігін, бұтағын жейді. Жылына 4 рет 2 – 8 (кейде 15) көжек туады. Тұрақты іні болмайды, көжегі жүндес, бірден жүріп кететіндей жетіліп туылады, бірнеше күннен кейін өзі қоректенеді. Үй қояны ғана ін қазады, топ-топ болып тіршілік етеді. Көжегі көзі ашылмай, өте дәрменсіз, қызылшақа болып туылады. Кәсіптік маңызы бар, әуестік үшін де ауланады. Қоянның кейбір түрлері жайылымға, жеміс бағына, жас орманға үлкен зақым келтіреді. Кейбіреулері індет таратады. Қазақстанда кездесетін 3 түрі (ақ қоян, құм қоян, ор қоян) бар. Ақ қоян, негізінен, қалың қар   түсетін ҚостанайСолтүстікҚазақстанПавлодар және Ақмола облыстарында-

ғы орманды далалардаҚарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарындағы таулы аймақтарда көптеп, ал Батыс ҚазақстанАқтөбе,Алматы облыстарында сирек кездеседі.

Жыл бойы жайылым жағдайына, қардың түсуіне орай, жыртқыштардың азды-көптігіне қарай қоныстарын ауыстырып отырады. Дене тұрқы 68 см, салмағы 5 – 6 кг-дай болады. Жазда түсі сұрғылт қоңыр, қыста түгелдей аппақ болып түлейді. Ақ қоян еті, терісі мен түбіті үшін ауланады.

Сызба 4. 2005- 2014 жылдар аралығындағы Астана қаласы маңындағы қоян саны динамикасы

Суырлар (лат. Marmota) – кемірушілер отряды, тиінтәрізділер тұқымдасына жататын сүтқоректі. Қазақстанның орманды даласында, шөлді жерлері мен таулы аймақтарында кездесетін 4 түрі: дала cуыры (Marmota bobak), сұр cуыр (Marmota baibacina), ұзынқұйрық суыр (Marmota caudata) және Мензбир суыры (Marmota menzbieri) бар. Дене тұрқы 30 – 60 см, құйрығының ұзындығы 10 – 25 см, салмағы 3 – 8 кг. Түсі қызыл қоңыр, сарғыш жирен, кейде қара қоңыр түкті шұнақ құлағы болады. Ашық алқапта тереңдігі 3 м, ін жолдары 8 м-дей, бірнеше (1 – 6) аузы бар, ін қазады. Онда топтанып тіршілік етеді. Жылына 7 айдай ұйқтайды. Шөптесін өсімдіктермен қоректенеді. Жылына бір рет наурыз – сәуір айларында көбейіп, 15 – 20 жыл тіршілік етеді. Дала суыры мен ұзынқұйрық суырдың кәсіптік маңызы бар. Олардың бағалы терісінен бас киім, сырт киім тігіледі. Суыр майы халық медицинасында әр түрлі ауруларға ем ретінде пайдаланылады.

Дала суыры, байбақ (лат. Marmota bobak) - суыр туысының сүтқоректісі. Дене ұзындығы 60 см, құйрық 15 см, салмағы 6,5 кг. КСРО да, Еуропада далалық жерлерінде және Солтүстік Қазақстанда эндемик. Тoп түзіп терең індерде жанұясы мен тіршілік етеді. Ін айналасындағы қазылған жер үлкен аймақта өсімдіктер құрамын өзгерте алады. Белсенділігі таңертен және кешке байқалады. 6 айға ұйқыға кетеді. Жылына бір рет 4-5 ұрпақ табады

 

Сызба 5. 2005-2014 жылдар аралығындағы дала суыры санының динамикасы

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.      Ландшафтное и биологическое разнообразие Республики Казахстан // к десялетию одобрения Республикой Казахстан Конвенции о биологическом разнообразии. -  Алматы, 2005 г.

2.      Окружающая среда и устойчивое развитие в Казахстане // серия публикаций ПРООН Казахстан. - Алматы, 2004 г

3.      "Астана қаласының 2030 жылға дейінгі дамуының Бас жоспары". – Астана, 2011 г.