Маханова А.Ж., Жакияева А.Ж.
Республика Казахстан, ТИГУ
Ауылшаруашылығы кәсіпорындарындағы өндіріс
тиімділігін арттыруды экономикалық ынталандыру
Нарықтық
қатынастар тауар өндірушілер, сатып алушылар, қызмет көрсетушілер
арасындағы байланыстардың негізгі формасын білдіреді, яғни
олардың әрекеттердің бір біріне сәйкестілігінің
механизмі. Осы қатынастар процесінде әрбір кәсіпорынның
экономикасының барлық сфераларының өндіріс тиімділігі анықталады.
Өндіріс
тиімділігі - экономикалық категория. Ол - өндіргіш күштер мен
өндірістік қарым - қатынастың кең көлемді
кешенді шарттарының қалыптасуы. Соның нәтижесінде
кеңейтілген ұдайы өндірістік үдеріс қамтамасыз
етіледі.
Тиімділіктің
басты мәселесі - нарықтық экономика жағдайында тауар
өндірушілердің мүддесі үшін тұтыну кұнын
өндіру кезінде ресурстарды мейлінше үнемдеу. Осы жағдайда
кәсіпкерлік қызмет өзінің тәуекелділігіне мүліктік жауапкершілігі шегінде
ұйымдастырушылық, құқыктық нормативті
актілермен анықталып, өндіріс табыстылығының есебінде
жүргізіледі.
Тиімділік
- ұлғаймалы ұдайы өндірісті ұтымды
жүргізудің алғы шарты. Ресурстарды таңдау кезінде
баламалы нұсқаларды анықтау үшін пайдаланылатын сапалы
бағалау көрсеткіші болумен бірге, ол өндіріс резервтерін
анықтау, өндіріс құрылымының қалыптасуын
жалпы да тікелей бағалау кезінде қолданылады. Тауар - ақша
қатынасы жағдайында өндіріс тиімділігі ұтымды
экономикалық тиімділікті сипаттайды. Мұндай жағдай жалпы
өндірістік шығындардан қол жеткен нәтиже шамасы
абсолюттік мөлшерде артық болып тұрғанда ғана
орын алады. Осындай ұтымды тиімділік кез келген ұйымдық -
құқықтық шаруашылықтың оңтайлы
жұмыс істеуінің, кеңейтілген өндірісті
жүргізудің ең бір қажетті шарты болып есептеледі.
Сондай - ақ ол материалдық өндірістің барлық
буынында ғылыми - техникалық прогрестің дамуы үшін зор
экономикалық қозғаушы күшке айналып, тұтыну
құнының сапасын жақсартады. Бәсекенің
салыстырмалы еркін іс - әрекет жасаған кезінде өндірісті
тиімді жүргізудін басты міндеттерін бір уақытта шешуге жол ашатын нарықтық
тетік « механизм », біріншіден, тауар өндірудің дәл сол
мезгілде қоғамдық сұранымға сәйкестігін
бағаласа «сандық және сапалық жағынан»,
екіншіден, қойылған міндеттерді тиімді жолмен шешу үшін
өндіріске жаңа тәсілдерді енгізуді ынталандырумен бірге,
бағаның өзгеруі мен ауытқуы, пайда, тағы
басқадай құнды категориялар арқылы халық
шаруашылығында өндірістік ресурстар мен тауарларды ағымды
нарықтың сұранымына сәйкес бөлуге,
экономиканың оңтайлы дамуына оң ықпал ете отырып, экономиканың тиімділігін арттырады.
Агроөнеркәсіп
кешенінің тиімділігін анықтау үшін, оның
мақсатын, қоғамның материалдық
жағдайының оңтайлануының және әлеуметтік факторларды камтамасыз етуді ескеру керек.
Нарықтық экономика
жағдайында ауыл шаруашылығы өндірісінің
экономикалық тиімділігінің
мәселелері - бұл ең қажетті ауыл
шаруашылығы тауарын өндірушілердің мәселесі. Бұл орайда өндірістің
экономикалық тиімділігін арттыру мәселесін нарықтық
экономика жағдайында маңызды әлеуметтік-экономикалық
факторларды ескермей, қарастыру мүмкін емес. Бұған
өндіріс құралдарына меншік түрлерінің
өзгеруі де жатады.
Аграрлық
саясаттың қазығы болып есептелінген ірі
кәсіпорындарға иек арту негізінде дұрыс болатын. Мұндай
өндіріс әсіресе өнеркәсіп технологияларды
қолданып жұмыс істейтін мамандаңдырылған
кәсіпорын еңбек өнімділігін арттыру мен табиғи,
материалдық - техникалық еңбек ресурстарын тиімді
пайдаланудың үлкен мүмкіндіктеріне ие болады. Бірақта
ірі өндірісті абсолюттеу, шағын және орта өндірісті,
оның ішінде шаруа қожалықтары мен жеке қосалқы шаруашылықтарды
елемеу республиканың ауыл шаруашылығына нұқсан
келтірері хақ .
Қазіргі
кезде экономикалық қатынастар мен өндіріс
жағдайының өзгеруіне байланысты нарықтық
қатынастарға көшу кезіндегі ауыл шаруашылығы
өңдірісінің экономикалық тиімділігін анықтау
қажетті деңгейде дей алмаймыз. Бұл жағдай ең
алдымен бағалаудың теориялық және әдістемелік
аспектілерін нақтылауды кажет етеді.
Республикамыздың
Президенті Н.Ә.Назарбаев еліміздің
әлеуметтік-экономикалық жағдайлары мен реформаның іске
асуын бағалай келе былай деген: «..жүргізіліп отырған саясат
пен мемлекеттің нарықтық экономикаға көшу
тәжірибесіндегі нақтылы қызметті тиімділігінің
төмен болуы объективті түрдегі кедергі факторлардан басқа
кейбір жағдайларда ойланбай қабылданған шаралар мен
шешімдердің әсер етуінен, тактикалық қателерден
болды». Сондықтан
ауылшаруашылығындағы экономикалық ахуалды жан-жақты
талдау қажет. Қазір реформалау үдерісіндегі ауыл шаруашылығы
жағдайы мәнді деңгейде өзгерді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.
Назарбаев Н.Ә. Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа кезеңі //Егемен
Қазақстан, 2005, 1 ақпан.
2.
Г.У.Акимбекова
Проблемы эффективного взаимодействия предприятий системы производства,
переработки и сбыта сельскохозяйственной продукции (на материалах АПК
Казахстана). – Алматы, 2006.- С. 48-52.
3.
К.П.Оболенский, Экономическая
эффективность сельскохозяйственного производства, Теория и практика. М.:
Экономика 2010, 192с