История/Всеобщая история
Қапар Манар
А.Байтұрсынұлы атындағы ҚМУ, «Тарих»мамандығының
4 курс студенті
Ғылыми жетекшісі: Ералина А.Е.,аға оқытушы
А.Байтұрсынұлы атындағы ҚМУ, Қостанай
қ.
Құсмұрын станциясының қалыптасуы және
дамуы
Ақмола-Қарталы Қазақ теміржол
желісінде орналасқан Құсмұрын станциясының
қалыптасуы мен салыну тарихын баяндасақ. Құсмұрын кентінің құрылыс жұмыстары 1939
жылы 7 мамырда басталды. Қостанай Торғай
бұғазының орталығында орналасқан.
Құсмұрын станциясының батысынан тұзды
Обаған өзені ағып
жатыр. Солтүстік шығысында үлкен Құсмұрын
көлі бар, кенттің атауы дәл осы көлге байланысты
қойылған.
Құсмұрын сөзі қазақ тілінде - Құстың
мұрны деген мағынаны
береді. Мекенге жақын орналасқан өзендердің бірі Тобыл өзені,
Құсмұрынның батыс жағынан 150 шақырым жерде
ағып жатыр.
Ауыл орналасқан жерде
бұрын ақселеу, гүлдер, шөптер өскен. Ақселеудің көп
болғаны соншалықты, жердің барлығы аққа
оранып жататын. Кей жерлерде жусанның ұзындығы 1,5 м дейін
жететін. Көп жерлерде тұзды
көлдер болған. Қазіргі таңда олар тартылып
қалған. Мысалы
қазіргі Фин үйлері
орналасқан жерде бұрын
үлкен көл болған. Ол көлдерде қамыс өсіп ,
арасында үйректер көп болған. Далада аш қасқырлар мен түлкілерді, көл
жанындағы қамыстарда жабайы қабандарды кездестіруге болады.
1939 жылы Қарағанды көмірі Магнитогорскке жету
үшін темір жол өткізу ұйғарылды. Бұл құрылыс жұмыстарына жұмыскерлер,
комсомолдар келді. Басында
құрылыста 350 адам, 2 трактор, 300-ден астам жылқы, 8
көлік болды. Осының өзі аз болғандықтан
қолмен істеуге тура келді.
Осынша ауыр жұмысқа
қарамастан, жұмыс уақытында
аяқталды. Жолдың құрылысы бір-біріне
қарама-қарсы жұмыс жасайтын 2 бригададан тұрды.
Олардың біреуі Ақмоладан, ал екіншісі Қарталдан шықты [1]
Жерді орналастыру толығымен мемлекеттік бюджетке көшті. Келесі
колхоздар төлемдерден босатылды: Қызыл Жар,Трудовое поле,
Кіндіксай, Қожай, Менатыс, Қаратұмар, Шилі, Сабанкөл, Қояндыкөл,
Қызыл Таң, Кубетова, Жусулан, Ынталы, Куйбышев ат., Шилі № 16,
Құмжота, Жаркөл, Қанжатқан,
Құсмұрын, Бесағаш, Қоскөл,
Жақсылық, Ноғайкөл, Қожакөл, 13 Октябрь, 1
Май, Жаңаталап, Қосжалтыр, Інқұдық, Ақбас [1].
Жолды салу тарихы оқиғаларға
толы. 1939 жылы 7 мамырда Александр Александровтың құрылыс
бригадасы Украинадан келіп, Кенжатқан колхозының маңында
орналасты. Александр Александровтың бригадасы Құсмұрын
станциясын сала бастады. Осы ұжымдар тез өсе бастады. Алесаксандр Александров басқарған, құрамы 20
адамнан тұратын құрылыс тобы Әулиекөл ауданы
«Кеңжаткан» колхозынан 6 шақырым жерде алғашқы
жұмыстарын бастап кетті. 72 - ші разъездде Обаған көлі
арасында құрылыс қалашығын құрды.
Палаткаларда жұмысшылар тұрды, әкімшілік, асхана,
өндіріс қоймасы орналасты. Караганка көлінде балық аулап,
жақын ауылдардан қарбыз және қауын әкелініп
отырды. Құрылыс комсомолдық болды. Сол себепті де,
құрылыс алаңында көптеген жастар жұмыс
атқарды. Екі жеті өте көп топ толықтырылды: алғашқы
қоныстанушыларға көмекке тағы да 200 адам
қосылды. Олардың құрамында: жұмысшылар,
колхоздықтар, партия және Қостанай облысы кеңес
басқармалары өкілдері болды. Ерекше беделді топ - өзбек Абу
Мирходжаев басқарған жер қазушылар тобы. 25 комсомолшы - өзбек
атқарған талмас талап, еңбек арқасында болашақ
Құсмұрын теміржолы пайда болды. Обаған көлі
арқылы көліктік көпір салынды. Асхана мен наубахана
құрылысы басталды. Теміржол тас жолы салынды. Ал өз кезегінде
құрылыс алаңына жаңа - жаңа
құрылысшылар легінің келуі таусылмады. 1939 жылдың
шілде айында Александров тобында 700 құрылысшы топтастырылды.
Донбасстан Григорий Коваленко басқарған жер қазушылар тобы
келді. Коваленкомен қоса оның төрт ұлы да топ
құрамына қосылды: Яков, Иван, Ефим, Григорий.[1]
Полтава облыстық
комитетінің жолдауымен құрылысқа машинист
көмекшісі Василий Добрица да келіп жетті. Поезд жүргізушісі
Лаврентьевпен қоса ол жаңадан салынған жолдармен
алғашқы паровозды жүргізді.
Бригада күнен күнге өсті.
Азаматтық құрылысқа қыркүйекте кіріссе де,
қысқа қарай 42 барак, 4 үй, 3 асхана, 3 дүкен, 2
нанханасы, 3 монша, 3 көкөніс сақтау құрылысы
салынды. Сонымен қатар 34 жеке үйлер салынды. 1940 жылы 7 ақпанда екі
жақтан келе жатқан жол салушылар кездесу күні
барлығының да естерінде. Теміржол Қарағанды мен
Магнитканы байланыстырды. 8 ақпанда Құсмұрыннан Магнитогорскқа
көмірмен бірінші құрам кетті. 1940 жылдың мамыр айында
Құсмұрынға 17 құрылыс-монтажды поезд келді.
Оны И.Титов басқарды. Депо, үй және басқа да объектілер
салына бастады. Жаз және қыста құрылыс
жалғастырылды. Жер қазушылар бригадасын комсомолец Липунов басқарды. Құрылысшылар
қиындықтарға қарамай күндіз түні
құрылысты тоқтатқан жоқ [1].
Құсмұрын бекінісі
кеңестік заманда жаңа тарихи кезеңін басынан өткізді.
Жаңа мекен қалыптасты, ол 1930 жылдардағы
қоғамдағы оқиғалармен байланысты болды. Құсмұрынның
жаңа тарихы осылай басталған еді.
1939 жылы қарқынды даму кезінде
Ақмола-Қарталы бағытындағы теміржолын салу кезінде
көптеген жас жігіттер мен қыздар комсомолдық жолдамамен келіп
орналаса бастады. Семиозерныйда
орналасқан үшінші прорабтық бекеттен екінші
құрылыс орнына бірнеше машиналар мен екі трактор бөлінді. Жылқы базасында 300-ге
жуық ат пен көптеген темір қиындылары болды. Осы аздаған құралмен
комсомолдықтар темір жолын
салуға кірісіп кетті. Обаған өзенінің бойында палаткалардан құрылған
қалашықтар пайда болды.
Бұнда жұмысшылар,
әкімшілік орталықтары, асхана, азық-түлік
қоймалары орналасты. Комсомолдық
құрылыс
«Құсмұрын кенті» деп аталатын саяси
бөлімшенің партком бөлімінің меңгерушісі
Глазунова Зинаида Феодоровна басқарған. Сырттан, еліміздің
әр жерінен жиналған жастармен қатар жергілікті
қазақ жастары да бірге
қосылып жұмыс істеді. Жастарға қиын жағдайда
жұмыс істеуге тура келді, әсіресе қысқы аяздар мен
борандарда оңай болған жоқ. Кешке ол
қиындықтардың болғанындай сезілетін. Құрылыс кезінде жұмыскерлер
палаткаларда пеш жағып тұрды.
Қыстың суық болғаны сонша, кейде аяз 45-50
градусқа дейін көтерілген, қатты жел болған. Ауа-райының қолайсыздығы
жұмысқа көп әсерін тигізіп , телеграф бағандарын
бұзып жатты. 1941 жылы көктемде қардың көптігінен
су тасып Обаған көпірін шайып кетті. Осындай кездерде тіпті
жұмыскерлерге азық-түлік жетпеген кездер де болды,
бірақ ешкім жұмысты тастаған жоқ.
Құрылыс басында «Құрылысшы» газеті
шығатын. Ол әр түрлі мақалалар жазып,
жұмысшыларды жігерлендіретіндей, жұмыс қарқынын
халыққа жеткізіп отырды. Бұрынғы
палаткалардың орнына барактар мен жер үйлер салына бастады.
Құсмұрындағы алғашқы саманнан салынған ғимарат наубайхана мен асхана болды. Ол
қазіргі уақытты «Прорабский» көшесінде орналасқан.
Бұл жылы ауа-райының қолайсыздығына байланысты
поезд көп өткен жоқ. Суды Семиозерный
(Әулиекөл) ауданынан
тасыды, ал қыста қар ерітті.
Бірінші вагон құрамы 16 тонналы болды [2]. 1939 жылы 7 мамырда «Кен - жатқан»
колхозынан 6 шақырым жерде, Семиозер (Әулиекөл) ауданында,
жайлауда, он бес адамнан құрылған топ құрылды.
Қонысшылар шатырларын құрып, жұмысқа кірісті.
Олар бұл жердегі учаскелерді өлшеп, жоспарлары мен сызбаларын
жасады.
Көп ұзамай жайлауда
балталардың тарсылы, автомашиналардың
гуілі , тележкалардың сықыры естілді, олар құрылыс
материалдарын тасыған болатын. Лагерде тұрғандардың
саны тез өсті. Қазақстанның өзге қалалары
мен ауылдарынан ЦК КП (б) тапсырмасы бойынша
коммунистер мен комсомолдар
келді. Географиялық картада белгіленген аймақ өркендей берді.
Құрылыспен бірге Ақмола-Қарталы теміржол магистралі
құрылды. Болашақ өсіп келе жатқан аймақ « Құсмұрын
станциясы» деп аталды [3].
Сонымен, 1940 жылдың 7 ақпанында екі бағыт - Ақмола
және Қарталы станциясынан түйісті: теміржол
Қарағанды мен Магнитогорскіні байланыстырды. 1940 жылдың 8
ақпанында құсмұрындықтар үшін елеулі
қуанышты күн болды: Магнитогорск бағытымен
қарағанды көмірі тиелген алғашқы сауда тобы жолға шықты. 1940
жылдың жаз айында құрылысшылар Құсмұрын
бекетінде вагондарда, жер үйлерде, палаткаларда тұра бастады. 1940
жылдың мамыр айында Құсмұрын бекетіне Титов
басқарған 17 - ші құрылыс - монтаж поезді келіп жетті.
Сегіз пәтерлі үйлердің құрылысы салына басталды.
1940 жылдың аяғында, қыс мезгілінде боранға
қарамастан, жаңа құрылыс цехтарының жұмысы басталды.
Жоғарыда айтып кеткендей, басқарушысы болып Липунов тағайындалды[1].
Құсмұрын станциясы Қарағанды темір
жолының ең ірі станциясы болды. 1947 жылы ауылда 10 мыңнан
аса адамдар тұрды. Бірінші жылы мұнда 1634 станхановтар, 205
луниндер болды. 15 орденоносецтердің арасында узел жүргізушісі Фадеев
болды. Еңбек Қызыл Туының иегері, кейін Батыр атағына
ие болды. Жүргізуші Скобин (Қызыл Жұлдыз иегері),
кондукторлық резервінің бастығы Блескин (Құрмет
ордені). Соғыс жылдары кезінде 1149 медаль, «Құрметті темір
жолшы» белгісімен - 25 адам, «Сталиндік үндеудің үздігі» - 41
адам, құрмет кітабына 221 теміржолшы мен жолшылар енді [1].
Жол құрылысы аяқталғаннан кейін,
бекеттің құрылысы
басталды. №17 құрылыс - монтажды
поезд келді. Ең алғаш 8
пәтерлі үш ағаш үй салынды. 1940 жылы теміржол құрылыс учаскесінің
клубы салынды.
Ағаш үйлердің біріне мектеп орналастырылды. Ал
жаңа мектептің құрылысы 1940 жылы басталды. Осы мектеп
жөнінде № 200 орта
мектептің қарт мұғалімі Шейбель Ида
Филиповнаның жаңа
мектептің құрылысы жайындағы баяндауын келтірсем: "Ескі мектепте сыныптар кішкентай,
қолайсыз болды, тіпті оқушылар жарықсыз оқыды. Соған қарамастан
халық саны өсе берді, жаңа мектеп салуға тура келді"-
деген болатын.
1941 жылы жаз айы. Жылу орталығының қазандығы
таңдалып, іргетасы қаланды. Құрлысшылар жігерлене
жұмысқа кірісті. Мектептің құрылысын №144
құрылысшылар бастады. Онда мектеп оқушылары,
мұғалімдер, от басындағы әйелдер жұмыс істеді.
1942 жылдың 22 қаңтарынан бастап жаңа мектеп
іске қосылды. Онда біздің мектеп қазіргідей емес еді.
Мектептің айналасы жусан өскен, жалғыз ғана
ағаш болатын. Ал қазір мектептің айналасы өзгеше,
ағаштар, жасыл желек.
Бұл уақыт
аралығында Құсмұрын танымастай өзгерді. Жайлауда
екі қабатты үйлер, наубайхана, асхана, уақытша барактар және алғашқы өндіріс
орындары ашылды. Жегілікті тұрғындар ауылдың тез
көркейгеніне қуанды. Бірнеше жылдың ішінде
Құсмұрын үлкен жұмыс орталығына айналды және Ақмола-Қарталы
жолының маңызды пунктіне айналды. Қазіргі кезде
Құсмұрын тұрғындарының саны 10000 -
ға жетті. Жер үйлердің орнына стандартқа сай көп қабатты және сегіз пәтерлі
үйлер салынды. Ауыл толығымен жарықпен
қамтылды. Жергілікті тұрғындар үшін клуб, монша, дәмхана,
асхана мен дүкендер салынды. Ауылдың шұрайын биік, таза
әрі жарық екі қабатты онжылдық мектеп келтіріп
тұр. Сонымен қатар депо ғимараты, орталық
қазандық, су тасымалдайтын
башня, вагон жөндейтін пункт, механикаландырылған
шеберханалар бар [2].
Ауылдың болашағы жарқын. Төртінші
сталиндік бесжылдықтың өзінде ал абаттандырылған жұмысшылар қалашығына
айналды. Қазірдің өзінде ауылды көркейту жұмысына
арналған құрылыс материалдарына бай болды. Жаңа
құрылыс ғимараттары салынған. Жер қазушылар,
кірпіш қалаушылар, сылақшылар, столяр-плотниктер, 1949 жылғы
құрылыс жұмыстарында әлеуметтік жарыстарға
түсе отырып, жақсы нәтижеге жеткен. Сәуір айында олар
құрылыс жоспарының 144 пайызын, мамыр айында 104 пайызын,
маусым айында жоспардың 120-125 пайызы орындады.
1940 жылы ақпан айында теміржолының
құрылысы аяқталды. Қарағандының көмір
орталығы мен Орал Магниткасын
байланыстырып тұратын
Ақмола мен Қарталы
арасындағы темір жол байланыс жолы осылай пайда болды. Тұрғылықты
құрылысшылар мен вагондар мен жертөлелерде тұра бастады. Маңайдың бәрін жусан басып
жатты. Көлдер де көп
болатын. Әрі қарай шеті жоқ жазық дала. Көктемде
жазық даланы қызғалдақтар түрлі-түсті әсем кілем-дастарханға
айналдырады. Поселок өсе бастады.
Құсмұрын станциясының вокзалы 1949 жылдың
25 қыркүйегінде қолданысқа енді. Вокзал
жұмысшылары үнемі абаттандырылған. Вокзал жолаушыларына
арналған әйелдер мен
ерлерге арналған демалу бөлмесі, шаштараз, анықтама бюросы,
дәріхана, «Союзпечать» киоскісі
бар. Күту залында автоматтандырылған анықтама
құралы, автоматтандырылған
жүк сақтау қоймасы бар. Билет кассасында жолаушыларға арналған хабарласу құрылғысы
орнатылған [2].
Қостанай облыстық КП(б) комитеті көлік
өнеркәсібі бөлімінің менгерушісі К.К. Лузиноның
Қостанай - Құсмұрын темір жол құрылысын
жеделдету жайында коммунистік партияның орталық комитеті ауыр
өнеркәсіп бөлімінің меңгерушісі К.Колимбетовке
1950ж 4 ші наурызында хат жолдайды.
Қостанай оңтүстік - Оралмен Қарағанды
темір жол құрылысын салуға жол трассасы 1948 жылы ізденіп
табылды. Жобалау жоспары КП облыстық комитетінде қарастырылып КП
облыстық комитетінің басшылығы жоспарланған жол
құрылысы бойынша Құсмұрын станциясынан 4
шақырым жердегі Обаған көпірінін төмен Қарталы
бойына дейін жобамен келісті. Осы жобаны пайдалану және
қаржыландыру бойынша тиімді деп есептеген. Сонымен қатар Құсмұрын аумағандағы
КСРО министірлер кенесінің жобаланған шахта құрылысы,
темір жол құрылысы және облыстық ауыл шауашылығын
дамыту бойынша жалпы жоспарды жүзеге асыру жұмысшыларды
жинақтау , жұмыс күшін құрастыру
қиындықтар туғызды.
КП облыстық камитеті облыста тез арада қара,
түрлі-түсті металл, көмір мен химия өндірісін
және темір жол көлігін дамытуды көздеп отыр, сонымен
қатар біріншіден Қостанай-Құсмұрын темір
жолының құрылысын тездету мақсатында 1950 жылы жоба
жоспарын жасап, 1951 жылы қаңтар айынан құрылысты
бастау қажеттілігі айтылған болатын. Сол кезде КП Қостанай облысы көмір
өнеркәсіп бөлімінің меңгерушісі қызметін К.К. Лузинн басқарған еді.
1949 жылдан бастап
өзінің бар өмірін темір жолына арнаған Құсмұрын кенті вокзалының бастығы Трофим
Савельевич Степановты ерекше атап өтуге болады [1].
Сонымен
қорытындыласақ,
Қазақстанның теміржол, оның ішінде
Құсмұрын станциясы қызметі оның Кеңес
Одағының басқа да аймақтарымен байланысының
материалдық тірегі ретіндегі рөлін атқарып қана
қойған жоқ, оның үстіне республиканың
өз ішіндегі облыстар, қалалар мен ауыл-селолар,
өнеркәсіп орталықтары мен
ауыл-село шаруашылықтары арасындағы байланысын
жақсартуға да үлкен көмегін тигізді. Сонымен
қатар көлік қатынасы индустриялық еңбектің
жетекші салаларының бірі бола отырып, сондай-ақ ұлттық
жұмысшы табын және инженерлік-техникалық интелегенцияны
қалыптастырудың ірі экономикалық негізін қалады.
Әдебиеті:
1.Қайнар көзі: История
ст.Кушмурун http://kushmurun.com/kushmurun/istoriya-p-kushmurun
2. Қайнар көзі: Сайт
п.Кушмурун http://kushmurun.com
3. Қайнар көзі.
kushmurun/item/150-pasport-p-kushmurun-na-1-11-2012