Педагогические науки
«Арнайы педагогика» кафедрасының оқытушылары ТарМПИ
Архабаева
Б.Д., Боранбаева С. Т.
АҚЫЛ-ЕСІ КЕМ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ
ҮДЕРІСІН ДАМУ ЖОЛЫНДА
БЕЙНЕЛЕУ ІС-ӘРЕКЕТТІ ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ
Ақыл-есі кем балаларды оқыту мен
тәрбиелеу арнайы мекемелердің алдында тұрған
үлкен міндет болып табылады. Сондықтан мемлекет қазіргі
таңда даму мүмкіндігі шектеулі жандарға айрықша назар
аударып, қамқорлық көрсетіп отыр. Бұл
қамқорлықтың бәрі Елбасының халыққа
жолдауында, ҚР Білім туралы заңында, «Кемтар балаларды
әлеуметтік-медициналық-педагогикалық түзеу арқылы
қолдану туралы» т.б. заңдарында айтылып, дамуында кемістігі бар
балаларға көмек көрсетудің тиімді жүйесі, оларды
оқыту, тәрбиелеу, еңбекке баулу және кәсіби
даярлығын шешуде, бала мүгедектігінің алдын алуға
бағытталған көптеген көкейкесті мәселелер
жан-жақты қарастырылған.
Білім туралы
заңының 2-тарау 8-бабасының 6 тармақшасында «Мемлекет
даму мүмкіндігі шектеулі азаматтардың білім алуына, дамуындағы
ауытқуды түзетуіне және әлеуметтік жағдай жасауды
қамтамасыз етеді» делінген.
Л.С.
Выготский, С.Л. Рубинштейн, А.Н. Леонтьевтің және басқа
психологтардың көзқарасымен келісе отырып адам психикасы
әрекет процесінде белсенді өзгеріп отырады. Сурет салу
іс-әрекет түрі ретінде барлық психикалық процестер
компонентін өзіне енгізеді және осымен байланысты оны
тұлғаның қалыптасуына маңызды фактор деп санайды.
Сурет салу ақыл-есі кем балалрды тәрбиелеу мен оқыту туралы
ғылымның құрылуының алғашқы
кезеңінде зерттеле бастады.
Академик
В.М. Бехтерев «Балалар суреті бала психикасының пайда болуымен дамуы
туралы объективті куәгер» деп
жазды. Сонымен қатар бейнелеу әрекеті баланың
қоршаған әлемді танудың маңызды факторы болып
табылады.
Сурет салу
сабағына А.Н. Граборов, Т.Н.
Головина, Г.М. Дульнев, Л.В. Занков, И.М. Соловьев, Н.Ф. Кузьмина, М.М.
Нудельман, Ж.И. Шиф, т.б. үлкен көңіл аударды. Бейнелеу
өнері балалардан әр
түрлі қасиеттер мен іскерліктердің пайда болуын талап етеді.
1914
жылы Г. Кершенштейнер сурет
салуға деген қабілетпен ақыл-ойдың дамуының
арасында белгілі бір тәуелділік байқалады деп көрсетті.
Ақыл-есі кем оқушыларда танымдық әрекетінің
бұзылысы бар, сонымен қатар қабылдау, түйсік және
елестету ерекшелігінің де жетіспеушілігі байқалады.
Мұның бәрі оқушылардың заттарды дұрыс
қабылдауының дамуына бағытталған көмекші мектеп
алдында тұрған міндет болып саналады.
Л.В.
Занков, Н.П. Сакулина, В.Я Василевская, О.В. Правдина, А.А. Венгер, Т.М.
Головина, С.Д. Забрамная т.б. бала
тұлғасын психологиялық-педагогикалық зерттеуге, балалар
суретін жақындастыру маңыздылығын көрсетті. Өз
уақытында сурет салуға Я.А.
Коменский, Д.Локк, Ж.Ж. Руссо, т.б. көп пайда көрсетті.
Неміс
педагогы және қайраткер И. Дистервег «Суретке 9 сағат қарап отырған адамнан 1
сағат бойы сурет салған адам көп мәлімет алады» деп айтты.
Көптеген педагогтар
мен психологтар заттарды бейнелеу процесі оның шығармашылық
орындауына тәуелсіз үлкен
танымдық маңызы зор екенін белгіледі. Ақыл-есі кем оқушылар
іс-әрекеттің әр
түрінің арасынан (оқу, еңбек, ойын) бейнелеу
өнерін бөледі және оған қызығушылық
танытып бәрінен жоғары бағалайды, әсіресе сурет салуды
жақсы көреді.
Сурет салу оқушыларға әр түрлі мектеп пәндерін
жақсы меңгеруге көмектеседі.
Мысалы, әдіскер К.П. Ягодовскийдің көрсетуі бойынша
«Сурет салу, бір жағынан-мұқият
байқағыштыққа үйретеді, ал екінші-жағынан
құбылыстың түсін, көлемін, пішінін берік есте
сақтауға ғана септігін тигізіп қоймай, сонымен
қатар көп жағдайда оқушылардың заттың
маңызды белгілері мен ерекшелігін саналы түрде түсінуге
әсер етеді.»
Қарапайым бейнелеу дағдыларын
қалыптастыру ақыл –есі кем оқушылардың өмірде,
қоршаған ортада кеңістікте бағдарлануына және
ұсақ қол моторикасының дамуына үлкен септігін
тигізеді. Ақыл-есі кем оқушыларының кеңістікте бағдарлануы
және ұсақ қол моторикасының дамымауы
олардың әлеуметтік ортаға бейімделуіне кедергі келтіреді.
Көмекші
мектептегі оқушылар, әсіресе төменгі сынып
оқушылары сурет салуды ұнатады. Балалар сурет салуға деген
ұсынысты қуанышпен қабылдап іске ерекше көңілмен
кіріседі. Кіші мектеп оқушылары үшін сурет салу ойынның бір
түрі сияқты. Сабақтың бұл түрі балаларды
қуантып қызықтырады. Мұндай қызығушылық
сурет салу сабағында да және бейнелеу әрекеті бойынша
сабақтан тыс уақытында да байқалады. Кейбір жағдайда
ғана « Мен не салу керектігін білмеймін » деген сөздерді естуге
болады.
Оқушылардағы ерекше белсенділік еркін тақырыпта,
яғни мұғалім белгілі бір заттың суретін салуға
итермелемеу, арнайы тақырыпта сурет салуды ұсынбаған
жағдайда байқалады.Түрлі-түсті бояулар мен
қарындаштарға қуанып балалар өздеріне
ұнаған заттарды салады.
Егер
оқушыға белгілі бір тақырыпты немесе заттың өзін
салуды ұсынса балаларда аса үлкен құлшыныс және
қызығушылық болмайды. Бұл жерде белгілі бір
тұжырымға келуге болады: оқушылар өздеріне
ұнаған және сала алатын затты ғана ерекше
көңілмен салады. Олардан белгілі бір білімділік пен іскерлікті
талап етсе, балада енжарлық пен жұмысқа деген жағымсыз
қарым-қатынасты байқауға болады.
Бейнелеу әрекетіне деген
қызығушылық пен белсенділіктің төмендеуі кейде
жоғары сынып оқушыларынан да байқауға болады. Оны
бірнеше себептермен түсіндіруге болады.
Біріншіден,
ақыл-есі кем
оқушылар үлкейген сайын өз жұмыстарына сынмен
қарай бастайды, ал белгілі бір заттың графикалық пішінін
дәл келтіре алмағандық әлсіздігінен болады.
Екіншіден,
жоғары сынып
оқушыларында « Интеллектуальды енжарлық » байқалады, (Л.С.
Славина) оның себебі оларда оқу жұмысына деген
қызығушылық өз уақытында
қалыптаспаған, әсіресе сурет салу сабағынан.
Үшіншіден,
жоғары сынып
оқушылары, кіші сынып оқушылары сияқты тапсырманы
орындауға қызығушылық пен сезім болмаса, оған
олар селқос қарайды.
Бейнелеу әрекетіне деген
қызығушылықтың төмендеуі салынған
суреттің тақырыбына ғана емес, оның сапасына да
әсерін тигізеді. Бұл жоғары және кіші сынып
оқушыларына тән нәрсе.
Оқушылардың өз қалауымен
салынған суреттерде олар өздеріне жақын нәрсені
ғана емес, өздерімен жиі кездесетін жағдайды, достарымен
байланысты жағдайды көруге болады.Бұл көбіне жаттап
алынған бейнелер (үй, көлік, кеме, ұшақ,
гүл т.с.с) олар бір суреттен
екінші суретке аз ғана өзгеріспен қайталанады. Сонымен
қатар бір қателер қайталанып отырады, ақиқат
салынған суреттің сәйкессіздігі сақталады. Мысалы,
бірнеше қабаттан тұратын үйді салғанда, оқушы
оның есігін биіктігімен тең өлшемде бейнелейді.
Кейде оқушылар бір қағаз
парағына бір-бірімен байланысы жоқ екі-үш салынған
суретпен толтырып қояды. Балаларды суреттің мағынасы
қызықтырмайды – оларды салып отырған көлем,пішін,сурет
салу процесі қызықтырады.
Кіші сынып жастағы ақыл-есі кем балалар
көшіріп алуды, яғни дайын суретті бастырып алуды ұнатады.
Бірақ мұндай жағдайда суреттің негізі қатты
бұзылады. Кейбір суреттер көрсетілген заттан өте
айрықша, зорға ұқсас келеді. Олардың жеке
бөлшектері мүлдем мағынасыз болады.
Көмекші мектептегі кейбір оқушылар
нағыз суретшілер сияқты көрінеді. Олардың суреттері
нағыз сюжетімен тұтас бір картинаны көрсетеді. Олардың
сурет техникасы жоғары, сурет бояулары әр алуан, сызықтары анық
келеді. Бұл балалардың сурет салу қабілетін бөлшектеп
тексергенде кітаптан, жаттап алған бір-екі суретті салуға шамасы
жететіні анықталған. Олардың өнерге деген
қабілеті байқалмайды.
Жалпы психофизикалық дамымау күші, жүйке
процестерінің инерттілігі және ақыл-есі кем балалар
қажеттілігінің шектеулігі оқу жұмысында және сурет
сабағында арнайы ұйымдастыруды қажетсінеді. Қарама
–қарсы жағдайда оларға мұғалім қанша
тапсырма берсе, сонша тапсырманы орындайды.
Л.И. Божовиҹтың
айтуы бойынша, білімдеі формализм тек оқушы меңгерген материалды
түсінбеген жағдайда ғана туындамайды, сонымен қатар
оқып жатқан материалға деген
қызғушылықтың жоқ болуы кезінде де
байқалады.
Оқушылардың
білім сапасының жоғарлауында қызығушылықтың
мәнін көптеген кеңес психологтары белгілеген. Кемістігі бар
балалардың психикалық дамуында оларға өте үлкен
маңызы бар.
Жалпы даму соның ішінде балалардың ақыл-ой
әрекетінің дамуы үшін қызығушылықтың
мәнін Л.С.Выготский жан-жақты талдады. Оған
іс-әрекеттің қозғалыс мотивтері-қажеттіліктер,қызығушылықтарды
танытқан.
Н.Г. Морозов
көрсеткендей, қызығушылықтың әсерінен
адамның мінез-құлқы бірден өзгереді.
Ақыл-есі кем оқушыларда қызығушылықтың
болуы кезінде мүлдем басқаша жұмыс істейді.Н.Г.Морозов:
олигофрен –балаларда оқуға деген
қызығушылықтың пайда болуымен олардың кейпі
өзгереді, танымдық белсенділігі оянады, шаршағаны басылады,
қуанышты, сергек көңіл-күй пайда болады деп
көрсетті.
Н.Г. Морозовпен
танымдық қызығушылықты қалыптастырудың
тиімді жолдары белгіленген. Автор мынандай қорытындыға келеді,
оқу әрекетіне деген қызығушылықты тәрбиелеу
мен дамыту бойынша жұмыс егер, ол кезең бойынша жүзеге
асырылса интенсивті түрде жүреді.
Қолданған әдебиеттер тізімі
1. Выготский Л.С. Баланың жас
ерекшеліктері және кемтар бала психологиясы туралы таңдамалы
еңбектер. – Алматы, 1999.
2. Грошенков И.А. Изобразительная
деятельность во вспомогательной школы. – М.,1992.
3. Головина Т.Н. Изобразительная деятельность учащихся во вспомогательной
школы. – М., Педагогика, 1994.
4. Грошенков И.А. Коррекционно-развивающая направленность обучения
рисованию во вспомогательной школе. – М., 1990
5. Гаврилушкина О.П. О некоторых
особенностях изобразительной деятельности умственно отсталых школьников.
//Дефектология, 2002 №1.
6. Грошенков И.А. Основные
принципы работы по развитию познавательной деятельности у умственно отсталых
школьников в процессе рисование. //Дефектология, №1, 1990. С 115-125.
7. Грошенков И.А. Изобразительная деятельность как средство воспитания и
развития учащихся вспомогательной школы. – М., Просвещение, 1995.
8. Комарова Т.С. Формирование графических навыков у школьников. – М.,
Педагогика, 2002
9. Щербакова К.В. Формирование графических навыков как средство коррекции
практических трудовых действии учащихся младших классов вспомогательной школы.
– Киев, 2000.