Гиниятова
Ботагоз Акылбеккызы
КарГУ
им. Е.А.Букетова, студентка ІІ курса, Караганда, Казахстан
Ойын түрлері арқылы оқушылардың
танымын арттыру
Ғылыми жетекші: ф.ғ.к., доцент
М.А.Тұрсынова
Тіл –
қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі
мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы. Тіл
болмаса сөз болмайды. Сөз болмаса адамның тірлігінде
мән-мағына болмайтыны белгілі. Демек, тілдің,
сөздің адам өмірінде алар орны ерекше. Міне, осы орайда
мемлекеттік тіл туралы терең ойлану әрқайсымыз үшін
парыз. Жыл өткен сайын мемлекеттік тіл – қазақ тілінің
мәртебесі өсіп, абыройы арта түсуде. Тіл –
халықтың жаны. Егер тіл құрыса, халық та жер
бетінен жоғалады. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі
өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның
ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуына, даму
бағытына тікелей байланысты. Себебі қазіргі кезде әр
адамның болашағы оның алған білімінің сапасы мен
көлеміне қарай сарапқа салынады. Өмір ағымына тек
білімі мен білігі жоғары адамдар ғана ілесе алады. Сондықтан
сол мемлекеттік стандартқа сай, жан-жақты дамыған,
шығармашылық тұлға қалыптастыруымыз қажет.
Оқыту мен оқу, үйрету мен үйрену үнемі бір-бірімен
астасып жатады. Сондықтан оқу барысында қашанда баланың
пәнге деген қызығушылығын арттыру,
шығармашылық қабілеттерін арттыру қажет [1, 16].
Оқу процесінің
жеделдеуіне байланысты қазақ тілі пәнін заман талабына сай,
әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданып жүргізу
қажеттілігі туып тұр. Қазақ тілін оқытуда ойын
түрлерін пайдалану оқушының білімін тереңдете
түсуге көмектеседі.
Ойын –
оқыту және тәрбиелеудің әдісі ретінде
айрықша орын алады. Ойын таным белсенділігінің дамуына жол ашады.
Ойынның түрлері өте көп,оларды әдіскер-ғалымдар
дидактикалық, грамматикалық, лексикалық, фонетикалық,
рольдік, іскерлік деп бірнеше түрге бөліп қарастырады.
Қай сабақ болмасын оқушыларды ізденіске баулу керек. Оны
жүзеге асырудың бірден-бір жолы – сабақ процесінде ойын
түрлерін тиімді пайдалану.
Сабақта
ойынды тиімді пайдалану оқушылардың сабаққа деген
қызығушылықтарын, танымдық белсенділіктерін арттырып
қана қоймайды, сонымен қатар олардың талабын
ұштастырып, ой-өрістерін кеңейтуге, іздену қабілеттерін
дамытуға әсерін тигізеді. Оқушыларды сабаққа
қызықтыру үшін концерт-сабақтар, практикум-сабақтар,
жарыс сабақтары, той сабақтары сияқты сабақ
түрлері мектептерде өткізіледі. Сабақта өткізілетін
негізгі материалдарды жоғалтып алмай, оқытудың
әртүрлі әдіс-тәсілдерін дұрыс меңгерген
жөн. Қазақ тілі пәні мұғалімінің іс-тәжірибесінің
молдығы, шығармашылықпен жұмыс істеуі келешек
ұрпағымыздың сауатты, білімді, жан-жақты саналы азамат
болып өсуіне ықпалын тигізбек. Яғни, сабақтың
сабақтың білімдік мазмұны мен тәрбиелік мәнін
бірлікте қарау ұстаздың негізгімақсаты.
Ойын
түрлері дұрыс қолданылып өткізілген сабақта
оқушының қазақ тілін үйренуге, жете
меңгеруге деген ықыласын арттырып, пәнді толық
меңгеруге деген қызығушылығы артады. Оқушылар
білімді ойын арқылы да алады. Сабақта ойын арқылы білімін
шыңдап, ой-өрісін кеңейте алады. Оқушының жас
ерекшелігіне, зейініне сай ұйымдастырылған ойындар баланың
ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез-құлқын,
ерік-жігерін қалыптастырады және сабаққа
қызығушылығын арттырады. Оқушылардың
сабаққа қызығушылығы мен белсенділігін
қалыптастырудың жолдары да сан алуан [2, 24].
Оқыту
процесінің әртүрлі сатысында ойын түрлері
танымдық мақсатты көздей отырып әртүрлі формада
қолданылады. Бастауыш сыныпта заттың түріне
қызығушылық басым болады. Сондықтан олардың
өзіндік дара қабілетін дамыту керек. Орта буындағы
оқушыларға өз бетінше іздену мақсатындағы
жұмыстарды беріп, ойын түрлерін шығармашылық
түрінде ұйымдастыру пайдалы. Жоғары сынып оқушыларында
білім алудың белсенді формалары қалыптасып дамиды. Бұл сыныптарда
ойын түрлері шығармашылық мәнде, мақсатты
түрде жүргізіледі. Сабақтағы ойын түрі –
ұжымдық еңбек, сондай-ақ тәрбиелік мәні зор
тәсілдерге жатады. Ойын барысында оқушының қабілеті,
іскерлігі көрінеді. Мұғалім әр оқушының
жұмысын бағалауға мүмкіндік алады. Ойын оқушыны
бірігіп жұмыс істеуге үйретеді, іздендіру, іздену дағдыларын
қалыптастырады.
Ойын
түрлерін қолдану арқылы жаңа тақырыпты
жеңіл де тиянақты, нақты түсіндіруге, меңгеруге
жағдай жасалып, ол оқушының санасында берік сақталады.
Қазақ
тілі сабақтарында ойын түрлерін мынадай мақсаттарда
қолдануға болады:
1.
Тән дыбыстарды дұрыс меңгерту.
2.
Дұрыс оқу дағдысын қалыптастыру.
3.
Лексиканы меңгерту.
4.
Грамматикалық, морфологиялық құрылымдарды
меңгерту.
5.
Оқушының ойын дамыту.
6.
Дұрыс ойлап, дұрыс айта біліге қалыптастыру.
7.
Дұрыс жазу, дұрыс оқи білу дағдыларын
қалыптастыру.
Сондықтан
да қазақ тілі сабағында ойын ойнату оқушының
ең алдымен танымдық білімін кеңейтеді. Шындығында тіл –
танымдық қызмет атқарады. Таным мен тілдің ара
қатынасы, сайып келгенде, дара тұлғаның
тұжырымдамасымен шешіледі. Таным үдерісі адамның ішкі
дүниесінің құрылымдарын тудырады және соған
сәйкес сипаты да өзгеріп отырады. Сайып келгенде, таным –
адамның саналы түрде қоршаған ортасын қабылдауы,
одан түйгендерін жадында сақтауы. Яғни, мұның
бәрі тіл арқылы жүзеге асатын құбылыстар. Біз
оқушыларға сабақ беру барысында түрлі ойындар ойнату
арқылы олардың пәнге деген қызығушылығын
қалыптастырамыз, саналы түрде танымында қалыптасуға
тиісті мағұлматтарды береміз. Ойын жаттығулары арқылы
баланың білімділік дағдыларын күнделікті іс-әрекетте
қолдана білу мүмкіндігін қарастырамыз. Ал психологиялық
ойын-жаттығулар баланың жан-дүниесінің, рухани жай-күйінің
үйлесімді дамуына ықпал етеді. Көбіне оқушының
сезім әрекетін, әсерленушілік деңгейін анықтау
үшін қолданылады. Ойындардың негізгі мақсаты
оқушылардың сабаққа деген ықылас зейінін,
сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтау,
қабылдау дағдыларын қалыптастыру болып табылады [3, 22].
Ұлттық
ойын түрлері мен ауыз әдебиеті үлгілерін оқуда
пайдаланудың арқасында оқушылардың салт-дәстүрге
деген саналы көзқарасы кеңейіп, ана тіліне қызығушылығы
мен ықылас-ынтасы артады. Мысалы «Көкпар», «Алтын сақа»,
«Бәйге», «Тапқыр болсаң, талас жоқ», «Кім жылдам»,
«Сиқырлы қоржын», «Сөз жарысы» т.б. ойындар. Сабақ
барысында ойын ойнату арқылы оқушының танымдық
белсенділігі, сонымен қатар білімге деген жан-жақты терең
қызығушылығы арта түседі. Сол себепті ойын технологиясын қолдану оқыту
және тәрбиелеудің айрықша әдісі ретінде қолданылады.
Пайдаланған
әдебиеттер тізімі:
1.
Артықова Т., Қыстаубаева Ж. Қазақ тілі. Оқыту
әдістемесі. Алматы, 2005 жыл.
2.
Сұңғатова Г.Ж. Тілдерді оқыту ойын әдісі.
Қазақ тілі әдістемесі, 2009
ж, №3.
3.
Құдайбергенова А.М. Ойындар – коммуникативтік компетециясын
қалыптастыру құралы. Қазақ тілі әдістемесі,
2009ж, №8.
Сведения об
авторе
Гиниятова Ботагоз Акылбеккызы
студентка филологического факультета Карагандинского
государственного университета им. Е.А.Букетова (Республика Казахстан).
Адрес: 100022
г. Караганда, ул. Волочаевская д. 55, кв. 24
Тел: 72-27-07 (дом.т.), 8-701-356-44-86 (моб.тел.)
E-mail: t_marhaba@mail.ru